Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері



 Другие рефераты
Сецерненттер класс тармағы Сезім мүшелерінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері Салауатты өмір салтын ынталандыру Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жалпы түсініктеме

Салауатты өмір сүрудің негізгі принципі — еш ауруға шалдықпай, адам өзін дертке жеткізбейақ, алдын ала мол денсаулық көзін ашу. Баяғыда Лұқпан Хакімнен: «өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Ол біраз ойланып тұрып «байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал, бақыт дегеніміз не? Әрбір адамзат өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтін, өмірдегі мақсатына жетеді. Сондықтан, әрбір адамның денсаулығының мықты болуы да өз қолында. Міне, денсаулықтың принципі де осында. Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын деген капиталистік принцип те жалаң ұрандау болып табылады.

Салауатты өмір сүру үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның биологиялық өзгерістері ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Бұл күрес адам баласына туған күнінен бастап өмір бойы тоқтамай, оның тіршілік қабілетін жоғалтпай, жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді. Бұл құбылыстың барлығын ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі — тіршіліктің негізгі көзі.

Ми — жүйке жүйесіндегі ең негізгі орталық. Ми ағзаның барлық жүйке талшықтарымен екіжақты байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз. Біріншіден — байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын хабарласа, екінші байланыс сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін хабарлайды. Осы процесс арқылы ағзаның дұрыс та бір қалыпты болуын әркім бақылап отырады. Демек, ағзаның іштегі немесе сырттағы бір мүшесі зақымдалса, осы байланыстың арқасында ғана ауру, я сау екенін біліп отырады.

Мидың екінші бір негізгі міндеті — ағзаның жұмыс жүйесін, демалысын реттеп отырады. Міне, салауатты өмір сүрудің негізгі бір принципі осы екі жүйе дұрыс қалыптасып, тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі ұзаққа созылады. Ал, бұл жүйе бұзылған жағдайда, орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті төмендейді. Бұл не? Бұл жүйкенің тоза бастағаны: ұйқы бұзылады, бұл негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы, артық сөз айтып, қызбалыққа ұрынады. Осыдан барып, адам азып-тозып, әр түрлі ауруларға шалдығады. Бұл жағдай, ең алдымен жүректің, қан қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Міне, адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі, жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн. Сондықтан, баланы жастан дегендей, жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкені тоздырмауды әрбір ата-ананың білуі міндетті.

XVIII ғасырдың оңымыстысы, испандық дәрігер -Христофор Гуфеленд: «Бала туғаннан кейінгі алғашқы жылдан бастап сыртқы құбылыстарға бейімделіп, әсеріне реакция беретіндей дәрежеге жеткен кезден бастап-ақ жүйке талшықтары тоза бастайды», — деп ескертеді. Тәжірибелі дәрігер айтқандай, ата-ана жөнсіз еркелетіп, тіршіліктің қиыншылығына бейімдемей, еңбекке араластырмай, дұрыс тәрбие бермесе, ондай баланың денсаулығы дұрыс қалыптаспайды.

Орталық жүйке жүйелерінің ауруға шалдығуының негізгі бір себебі — қоршаған ортаның аса зиянды әрекеті. Бұл тіпті, өмірдің қысқаруына әкеліп соқтырады. Жүйке тамырларының ауруға шалдығуы, біріншіден — ағзаның дұрыс демалмауы, яғни, ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдік жүйесі бұзылуы салдарынан жүрек, қан айналысы қызметінің бұзылуынан басталады.

Орыс ғалымы И.П. Павлов айтқандай, ұйқы тек ми қабыршақтарының жұмысын ғана тежеп қоймай, оның ішкі құрылыстарын да осы жүйеге жетелейді. Бұл жүйе, яғни, ми құрылысы, тек ұйқы қанып, дұрыс дем алғанда ғана адам денесі сергіп, ертеңгі тіршілікке деген қабілет арта түседі. Бұл жайында немістің атақты философы Бэкон «Әрбір ұйқысыз түн  соншалықты күнге өміріңді қысқартады » деген. Бұл сөзді әр адам өз өмірінің өлшемі деп қараса, салауатты өмір сүрудің негізгі қағидаттарының бірі осы болар еді.

Сөз соңы

Бүгінгі таңда, әсіресе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайында әркім өз басының денсаулығын ойлайтын болса, ең алдымен осы ұсынып отырған қағидаға үңілуіне болады.

Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр!

Пайдаланылған әдебиеттер

С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.

Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.

Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.

Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.

Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.

Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.

Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991.  ,

Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000

Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. — Москва: Военное издательство, 1987.

Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. — Москва, 2000

скачать работу


 Другие рефераты
Гидрозоа класы
Социально-экономические взгляды Адама Смита
Волны в упругой среде. Волновое уравнение
Орталық нерв жүйесі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ