Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас )
еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді .
Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын . Оның поэзиясы – Абай мен С . Торайғыров шығармашылығының заңды жалғасы бола тұрса да , идеялық-шығармашылық принціпі жағынан айрықша ерекшелігі бар соны дүние . Сәкен шығармаларының идеялық нысанасы жаңа дәуірдің , кеңестік заманнын көкейтесті мәселелерімен тығыз ұштасып жатады . Мұның өзі – социалистік реализм әдебиетінің негізі , ең басты бағыты , айрықша қадір-қасиеті . Қазақ даласында осы әдебиеттің туын бірінші көтерген Сәкен туындылары – бүгінгі жаңа өмірдің жалынды жаршысы болған тарихи мәңгі құбылыс . Ленин партиясының ұлы идеяларынан таусылмас нәр алған Сәкен өзінің бар өнерін халық мақсатына , туған елінің жарқын болашағына арнап , жаңа заманның дауылпазы болды . Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек . Қазақ өленінің өрнегіне өзгеріс енгізу , өлеңнің ішкі ырғағын күшейту , ұйқасты дауыс екпініне бейімдеу , буын жүйесін айтар ойға бағындыру – Сәкен поэзиясының жаңашылдық сипатын танытатын белгілер
Поэзия саласындағы алғашқы қадамын 1914 жылы шыққан « Өткен күндер » атты өлеңдер жинағынан бастаған Сәкен Қазан революциясының дауылды күндерінде жаңа идеялық негізде түр мен мазмұнның ажырамас бірлігін сақтай білді . « Кел , жігіттер » , « Жас қазақ марсельезасы » , « Жұмыскерлерге » , « Жолдастар » , тағы басқа саяси лирикаларын « Асау тұлпар » мен « Экспресс » жинақтарына ұластырып , атақты « Советстан » поэмасымен өз поэзиясының жаңашыл сырын әбден айқындады . Қазақ кеңес әдебиетінің идеялық шығармашылығының қалыптасуының жарқын бір белгісі – « Көкщетау » поэмасы . Бұл поэма Сәкеннің әдебиетке қосқан зор үлесін еселей түсті . Данышпан В . И . Лениннің ұлы бейнесін жасауды көздеген « Альбатрос » ( 1932 жылы ) пен жаңа заманды бейнелеген « Социалистан » ( 1935 жылы ) поэмалары , азамат ақынның әлеуметтік күрделі мәселелерді жасқанбай жырлап , кезеңнің қайшылық-қиындықтарын батыл айтып берген « Қызыл ат » ( 1934 жылы ) поэмасы қазақ поэзиясының 30 жылдардағы үлкен табысы болды .
Сәкен поэзиясын сөз еткенде , ерекше назар аударатын мәселе – оның замана бейнесін жасауы . Бұл ұлы образдың алғашқы нақыштары Сәкеннің 1917 жылғы өлеңдерінен басталған . Қазан револьюциясын зор қуанышпен қарсы алған ақын : « Кел жігіттер , болыңдар ер , жүйткіт , орғыт тұлпарды » деп асау тұлпардың жанды бейнесін жаңа заман образына балайды . Сәкен тұлпар образынан кейін отарба мен экспресті шабытпен жырлауға көшеді . Мұны « Советстан » атты поэма тарауларының тақырыптары « Отарбада » , « Біздің тұрмыс – отарбада » , « Советстан – отарба » , « Экспресс » деп аталуынан да , соны леп , тың образ жасау жолындағы ізденістерінен де , жаңа мазмұнға сәйкес жаңа өлеңдік түр , нақыштарынан да байқауға болады . Сәкеннің « Көкшетау » поэмасы халық өмірін философиялық терең толғауымен , қазіргідей құдыретті Отаны бар бүгінгі ұрпақтың алдағы ұлы мұратын айқын бейнелеуімен заман бейнесін жетілдіре суреттеген . Кеңес елінде социализмнің негізі берік қаланған шақта ұлылықтың , өрен ерліктің символы – альбатрос арқылы кемеңгер В . И . Ленин образын Отан бейнесіне айналдыра жырлауы Сәкеннің жаңашылдығын , замана бейнесін жасау жолындағы ақындық алғырлығын танытады . Оның кеңестік заманмен үндес жаңалығы мол тамаша поэзиясы – қазақ кеңес әдебиетінің үлкен олжасы .
Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен , оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы « Жұбату » атты тұңғыш көркем әңгімесін жазды , « Тар жол , тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922 жылы « Қызыл Қазақстан » журналында жарияланды . Бұл – Сәкеннің прозамен ерте шұғылданғанын көрсетеді . Кейіннен повеске айналған « Айша » әңгімесі де ( 1922 ) осы журналда басылды . Екі тарауы жарияланып , аяқталмай қалған « Қыр балалары» атты көлемді повесі де сол кезде туды . Сәкен әңгіме , очерктерді былай қойғанда , бес повесть ( « Жер қазғандар» , 1927 ; &nbs
| | скачать работу |
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) |