Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас )
p; « Айша » , 1922-35 ; « Біздің тұрмыс » 1932-34 ; « Сол жылдарда » , « Жемістер » , 1935 ) , бір мемуарлық роман ( « Тар жол , тайғақ кешу ») жазды . Осы шығармалардың ішінде « Тар жол , тайғақ кешу » мен « Жер қазғандардың » орны ерекше . Өйткені , бұл туындылар — өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен ғана емес , қазақ кеңес әдебиетінің өмірімен өзектес туғандығын , бүгінгі шындықтың ұрпақ үшін мәнді екендігін дәлелдеген шығармалар . Қазақ кеңес әдебиеті тарихында « Тар жол , тайғақ кешу » романының атқарған ролі зор . Бұл тарихи – мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны , оның жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені , бақытты өмір орнатудың қандай қиын өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған . Сондықтан да бұл роман – революциялық күрестің көркем шежіресі . Ал осы халықтық шығарма , екінші жағынан , саяси сауат ашу құралы болды . Мұнда екі таптық идеологияның күресі айқын бейнеленді . Сәкен шығармасында нақты деректерге сүйнен отырып , бай мен феодалдардың , қазақ буржуазиясының сойылын соққан ұлтшыл – алашордашылардың теріс пиғылы мен қастандығын әшкереледі , маркстік – лениндік идеологияның негізгі қағидаларының терең сырларын халықтың ерлік істері арқылы танытып , жеңімпаз идеяның өміршең екендігін дәлелдеді .
Сәкен драматургия саласында да бір қыдыру еңбек етті . « Бақыт жолына » атты пьесасында ( 1917 ) жарқын болашақты аңсаған қазақ жастарының ой-арманын , тілек-мақсатын бейнкеледі . Бұл пьесаның 1918 жылы мамырда Ақмола қаласында үш рет қойылуы – қазақ драматургиясының туу дәуіріндегі атап айтарлық елеулі әдеби құбылыс . Қазақ кеңес драматургиясының алғашқы туындыларының бірі – Сәкеннің 1920 жылы жазған « Қызыл сұңқарлар » атты революцияшыл драмасы . Мұнда Еркебұлан сияқты революционердің жарқын да жағымды образы жасалып , ол жұрт үлгі алатын өнегелі бейнеге айналды . Ұлы өзгеріс дәуірінің өзінде сол кезеңнің қаһармандарын шығарма кейіпкерлеріне айналдыру , шынай шындықты даму барысында көрсету , жаңа кеңес адамның қалыптасып келе жатқан бейнесін жасау қазақ кеңес драматургиясындағы алғашқы соны сүрлеу болды . Сәкен дарамалары қазақ кеңес әдебиеті тарихында өзінің осы ерекшеліктерімен бағалы .
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салып , өлшеусіз еңбек еткен Сәкен әдебиеттің басқа жанрларында да қалам тербеп , өзінше үлес қосты . Сәкен 1914 жылы « Айқап » журналында « Манап драмасы туралы » сын мақала жазып , қазақ әдебиет сынының туып , даму процесіне белсене ат салыса бастады . « Әдебиет һәм оның бағыттары » ( 1922 жылы ) , « Асау тұлпар туралы » ( 1923 жылы ) , « Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы » ( 1924 жылы ) , « Ұлт театры туралы » « Әдебиет майданында » ( 1928 жылы ) , « Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен » ( 1929 жылы ) « Өрлеу үстінде » ( 1934 жылы ) тағы басқа әдеби-сын мақалалары , жазушылардың съездерінде , пленумдарында жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері Сәкеннің сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігінің танытады .
Әдебиеттің өткендегісі мен келешегін ойлау , бүгінгісін жат ықпалдан қорғау – жауынгер жазушыға тән сипат . Жаңа әдебиеттің туып , өркендеу процесіне жетекші бола білген революционер ақын Сәкен өзінің құнарлы сын ой-пікірлерін ең қажетті , беленді кезеңдерге түйіндей , қорытындылай айтып , жауынгер жанрдың қалыптасып , өркен жаюына үлкен көмек көрсетті . Сонымен қатар , ол әдебиет тарихын зерттеу , оның таңдаулы үлгілерін жариялау ісімен де көп шұғылданды . « Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларын » ( 1931 ) , « Батырлар жырын » ( 1933 жылы ) , Ыбырай Алтынсарин , Ақан Сері , Ақмолла тағы басқа шығармаларын жинап ( 1935 жылы ) , бастырып шығарды . Қазақ әдебиеттану ғылымында Сәкен жазған « Қазақ әдебиеті » атты зерттеу еңбектің мәні зор . Бұл кітап – жоғары оқу орнына арналған оқу құралы болуының үстіне дәуір таңбасын берік сақтаған , қазақ кеңес әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының өркендеу процесінің көптеген шындығын айқын көрсететін туынды . Маркстік-лениндік методологияға сүйіне отырып , Сәкен осы еңбегінде қазақтың ауыз әдебиетін ғылыми жүйемен талдады , дұрыс қорытындылар &n
| | скачать работу |
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) |