Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас )
bsp; жасады . Ауыз әдебиетінің жанрларын саралып , батырлар жырының туу , өркендеу барысын халық тарихымен сабақтастыра зерттеді . Бұл туынды – күні бүгінге дейін өзінің ғылыми да практикалық мәнін жоймаған , қазақ фольклористикасының негізіне қаланған шығарма және қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу процесіне Сәкеннің қосқан үлесінің зор екендігін танытатын зерттеу еңбек . Қазақ кеңес публицистикасын өркендетуге де Сәкен белсене қатысты .
Қазақ кеңес әдебиетінің туын көтеріп , негізін салған , идеялық жағынан берік қалыптасуына еңбек сіңірген қайреткер , ақын , жазушы , сыншы , ғалым Сәкен « қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің көш бастары » ( Сәбит Мұқанов ) болды . Қазіргі уақытта оның кейбір шығармалары Кеңес Одағы халықтарының бірқатар тілдеріне аударылып басылды . 1974 жылы Қазақстанда , одан тыс жерлерде Сәкеннің туғанына 80 жыл толған мерей тойы кеңінен аталып өтті . Қазақ ақын-жазушылары Сәкеннің өмірі мен шығармашылық жолын суреттейтін көркем шығармалар ( Сәбит Мұқановтың « Сәкен Сейфуллин » пьесасы , Ғабит Мүсіреповтың « Кездеспей кеткен бір бейне » повесі , Ә . Тәжібаевтың « Монологтар » поэмасы тағы басқалар ) жазды .
| | скачать работу |
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) |