Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

ұрпы, дiн, оқу, тұрмыс, адам өмiрiнiң кезеңдерi, жанұя, әйел т.б.. Әйел жөнiндегi өлеңдерi көбiне қалжың, сықақпен берiледi. Ата — тегiнiң шежiресi, қоңторғай кедейлiк кезеңдерi де өлеңдерiне арқау болады.
Шал ақынның өлең жырларының қаймағы бұзылмай, iркiлмей ел арасында сақталуы ақынның дарындылығынан, адалдығынан, сезiмталдығынан, ұшқыр — әзiлқойлығынан деп бiлемiз. Зерттеушiлер ақынды суырыпсалма, төкпе ақын деп тегiн айтпаған. Сондықтан да мұндай ақын халық жүрегiнен мықтап орын алып, сүйiктi ақынға айналуы заңды құбылыс. Ол өзiнен бұрынғы ақын — жыраулардың дәстүрiн жалғастырып, айтыс өнерiнiң негiзiн салушылардың бiрi болып отыр және қазақ поэзиясын тақырыптық жағынан байыта түскен ақын. Шал ақынның бiлiмдар,дiндар болғанын оның өлеңдерiнiң мына жолдарынан байқаймыз: “Мен өзiм талай сөздi хатпен жаздым”. “Молдадан сабақ алсаңыз алуа, шекер балмен тең”.“Дария — сия болса, қамыс — қалам, жер жүзi қағаз болса рахаттанам”┘ Ол бiлiмдi, сауатты, пенделiгiн мойындап, дiнге сенген адам. Бiрақ дiндi аса уағыздап, үлкен саясатпен айналысқан адам сияқты емес.
Екi ғасыр бұрын өмiр сүрген Шал ақын бiзге қалай жеттi? — деген ой туындайтыны сөзсiз. Шал ақын жөнiндегi деректер де бүгiнгi таңда аз емес. Мұның сыры неде? — деген екiншi сұрақ туындайды. Ұрпақтан ұрпаққа жетiп, ауыздан ауызға жатталып келген Шал ақын өлеңдерi өзiнiң құндылығымен, қасиеттiлiгiмен сыпатталады. Өткен ғасырдың екiншi жартысында Шал ақын туралы деректер жинастырылып, баспа беттерiнде жариялана бастады. Табылған дүниелердiң бәрi де Қазақстан Ғылым Академиясының Орталық кiтапханасындағы сирек қолжазбалар қорында және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының Қолжазба орталығында сақталуда.

Шал ақын шығармашылығы және ол жөнiндегi зерттеулер жеке кiтап болып шықпағанмен көптеген жинақтарда басылды. Атап айтсақ алғашқы жинақ “18-19 ғ. қазақ ақындарының шығармалары” деген кiтапта Шал ақынның 14 өлеңi берiлдi (1962ж.). Одан соңғы жинақтар “Үш ғасыр жырлайды” (1967ж.), “Алдаспан”құрастырушы М.Мағауин (1971 ж.), ақынның мұнда 80 өлеңi басылған. Тағы да “15 — 18 ғ. қазақ поэзиясы” (1982ж.), “Бес ғасыр жырлайды” (1989ж.), “Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет” (1993ж.) жинақтары баспадан шықты. Онда Шал ақынның 90-нан аса өлеңдерi басылған. Сөйтiп, келесi басылымдарда ақынның өлеңдерiнiң саны көбее түскен.
1999 жылы Шал ақын шығармашылығын кеңiнен жариялаған, ол жөнiнде жеке кiтап болып шыққан “Шал ақын Құлекеұлы” атты еңбек. Бұл кiтапта ақынның жүзден аса өлеңдерi және ол жөнiндегi көптеген зерттеулер берiлген. Бұл үлкен қажырлы еңбектiң, iзденiстiң, әдеби,ғылыми зерттеулердiң нәтижесi деп бiлемiз. Сөз жоқ, бұл iспен айналысқандар зерттеушi-ғалымдар, аспирант-жастар екенi белгiлi. Оларға жағдай жасап, қол үшiн бергендер Шал ақынның жанашырлары, жерлестерi, туыс — ұрпақтары болды. Шал ақын туралы алғашқы сөздi Шоқан Уалиханов айтқан едi. Ол өзiнiң шығармаларында Шал ақынды жоғары бағалап, құрметтеп жазып кеткен. Шоқан шығыс елдерiне тән ақындық дәстүрдi айта келе, қазақ халқының шежiресiн эпос етiп жырлаған ақындық өнердiң бiрден-бiр атақты өкiлi Шал ақын едi дейдi. Яғни, ақынның ата-тегiн жазады, оны “Шал жырау” деп атаған. Ендеше Шал ақынның дәрежесi Шоқан кезiнде де жоғарыдан байқалады.
Өткен ғасырдың (20ғ.) бiрiншi жартысында Шал ақын аз айтылады, аз зерттеледi. Тек 1929 жылы “Жаңа әдебиет” журналына ақынның бiр-ақ өлеңi басылады. Содан кейiн 1937 жылы белгiлi фольклорист, түркi тiлдес халықтардың ауыз әдебиетiн зерттеушi Хасан Шаяхметұлы Шал ақынның 125 жол өлеңiн Ғылым Академиясына табыс еткен. Бұл өлеңдер Қазан университетiнiң кiтапханасындағы шығыс қолжазбалары қорынан табылған. 1958 жылы “Қазақ әдебиетiнiң” бетiнде жерлес жазушы Ғалым Малдыбаевтың “Шал ақын кiм?”- деген тамаша мақаласы және ақынның сегiз өлеңi жарық көрдi. Шал ақын шығармашылығына алғаш қозғау салған Ғалым Малдыбаевтың еңбегiн ерекше атаған жөн. Одан соңғы iстi жалғастырған, ақын мұрасын тырнақтап жинаған Мұхтар Мағауин. Ол белгiлi зерттеушi, әдебиетшi — ғалым.
Шал ақынға деп әдейi арналып шыққан алғашқы кiтаптың алғы сөзiн жазған белгiлi азамат Жұмат Тiлепов (ф.ғ.д. қолжазба және текстология бағытындағы iрi ғалым) Шал ақын жөнiнде әдемi пiкiрiн жазыпты. Онда былай делiнген: “Екi жарым ғасырға жуық уақыт бойы шығармалары ел жадында осыншама көлемде сақталған Шал Құлекеұлы — тек бiздiң ұлттық әдебиетiмiзде ғана емес, жалпы дүние жүзi халықтарының әдебиетiнде өте сирек кездесетiн феномендiк құбылыс. Ол қазақ әдебиетiнiң айтыс өнерiнде шағын да болса шығармасы сақталған бiрiншi ақын”. Бұл, әрине, ақынға берiлген үлкен баға. Елiшi алтын қазына, рухани байлықтың көзi, әсiресе, ауыз әдебиетiнен қалған көне поэзияны сақтаушы. Шал ақын жөнiндегi көптеген деректердiң ел аузынан алынғандығы осының дәлелi болмақ. Әрине ақындық та, ақын өлеңiн жадында сақтау да кез-келген кiсiнiң қолынан келе бермейдi. Ауызы дуалы, белгiлi дарыны бар адамдар ғана ескi, көне мұраларды бiзге жеткiздi. Мәселен белгiлi ақын Ғалым Молдыбаев, ағаш шаруашылығы (Шал ақын ауданы) орталығында тұрған, Шал ақынның ұрпағы Қошан Жантiлеуов, Жаңажол ауылында тұрған Ғаббас Елеусiзов (кейiн Алматыда аудармашы болып iстеген) ақынның ондаған өлеңдерiн қолжазбалар қорына табыс еткен. Осы аталған ауданның Приишим кеңшарында тұрған Жанақым Әлiбаев, Мырзахмет Өзбеков, Балуан ауылынан Қазақстан республикасына еңбек сiңiрген мұғалiм, жазушы Сейтен Сауытбеков, Баян ауылынан Шадат Есмағанбетов, Самарқан Жұмадiлов, Көктерек ауылынан облыстың халық ақыны Ахметжан Нұртазин, Еңбек ауылынан, халық ақыны Молдахмет Тырбиевтер Шал ақынды келесi ұрпаққа жеткiзуге атсалысты, ақынды танытты. Шал ақын шығармашылығын қайта түлеткен Қазақстанның әдебиетшi, тарихшы ғалымдарына, ақын-жазушыларына, одан соң бүгiнгi атақты жерлесiмiз Аманжол Қошановқа, Кәкiмбек Салықовқа, Шота Уалихановқа, Герольд Бельгерге, Еслам Зiкiбаевқа т.б. мұндағы жұртшылық атынан үлкен алғысымызды бiлдiремiз. Шал ақынға арналған кiтаптың шығуы алдағы аталған азаматтардың арқасы деп бiлемiз. Ақынның есiмiн мәңгi сақтау жөнiндегi iс-шаралар да осы азаматтардың әсерi деп түсiнген жөн.
Сонғы жылдардың iшiнде Шал ақынға деген үлкен бетбұрыс, игiлiкi iстер атқарылып жатыр. Атап айтқанда, Алматыда республикалық (халықаралық) деңгейде, облыстық көлемде ақынға арналған ғылыми-теориялық конференциялар өткiзiлдi. Сергеев ауданына Шал ақын аты берiлдi. Айта кетсек, 1993 жылы облыс әкiмшiлiгiнде бұл ауданға “Аю тас” атын беру жөнiнде мәселе қаралған едi. Сол мәжiлiсте Қабдырақым Жақыпов бұл ұсынысқа қарсы шығып, “бұл iске бiз асықпайық” деп көрегендiк көрсеткен едi. Соның нәтижесiнде кейiн ауданға “Аю тас” емес, “Шал ақын” аты берiлдi. Қабдырақым Жақыпов мырзаға үлкен ризашылығымызды бiлдiремiз. Сонымен қатар Шал ақын жөнiндегi бастамалардың басы — қасында болып, терiн төккен Сергеев қаласының тұрғындарына, аудан басшыларына, ақсақалдар алқасына, әсiресе, ақын ұрпағы Уап Латановқа шын жүректен алғыс сезiмiмiздi бiлдiремiз.
Атқарар iстер алда көп. Шынын айтсақ, қазақ әдебиетiнiң алыптары Қожаберген жырау, Сегiз Серi, Шал ақын, Үкiлi Ыбырай сияқты жерлестерiмiздiң асыл мұралары мектеп және басқа оқу орындарының оқу бағдарламасынан тыс қалған. Бүгiнгi жастар түгiлi, бүгiнгi ақсақалдар да бұларды бiлмейдi. Олардың шығармалары жетiспейдi, жарыққа шыққан дүниелерi жергiлiктi жерге жетпейдi. Оқулық пен хрестоматиялар жоқ. Әрине, бұл оқу жүйесiнiң жұмысы, келешектiң iсi. Шал ақынның есiмiн мәңгi сақтау үшiн жасалып жатқан жұмыстар ендi ғана басталды деуге болады. Шал ақын ауданының орталығы Сергеев қаласында ақынның ескерткiш-мүсiнiн орнату iсi қолға алынуда. Келешекте Қызылжар қаласында бiр көшенiң аты ақынға арналуы тиiс. Шал ақын атындағы айтыстар, жарыстар, кездесулер, естелiктер, зерттеулер өз жалғасын табары сөзсiз. Сөйтiп, бiрте-бiрте әйгiлi ақын бабамыз ұлт тарихынан, халық жүрегiнен лайықты орынын алады деп сенемiз.

ҒАЛЫМ ҚАДIРӘЛIҰЛЫ: ШАЛ АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ТӘРБИЕЛIК ОЙ-ПIКIРЛЕР

1998 жылы XVIII ғасырдың екiншi жартысында өзiнiң тамаша шығармаларымен қалың елге танылған жырау-ақын жерлесiмiз Шал (Тiлеуке) Құлекеұлының туғанына 250 жыл толуы бүкiл республикада аталып өттi.
Кезiнде Шал жырларының халық арасына кең тарауы, оның есiмiнiң жұрт аузында зор сүйiспеншiлiкпен аталуы жыраудың ардагер ақын, қоғамдық мәселелердi келелi сөз еткен азамат болғанын байқатады. Оның шығармаларында қоғамдағы әлеуметтiк теңсiздiк, заманның өзгерiсi, әйел тендiгi, адамгершiлiк мәселелерi, табиғат, тiршiлiк тынысы жан-жақты сөз болады.
Ақынның өмiрi мен шығармашылығы туралы облыстық газетте бiрнеше мақала шықты. Мен оның поэзиясындағы педагогикалық тәрбиелiк ой-пiкiрлерi туралы айтпақпын. Өйткенi, ақынның педагогикалық ой-пiкiрлерiнiң бiздiң қазiргi жастарымыз үшiн де тәрбиелiк мәнi зор.
Шалдың дүниеге көзқарасында дiншiлдiк сарын сезiлiп отырады. Өйткенi ақын өз заманының перзентi ғой. Бiрақ ақын әрбiр сөзiн құдай, пайғамбар атымен байланыстыра бермейдi. Оның өлеңдерiнiң басым көпшiлiгiнде адамгершiлiк мораль мәселесi сөз болғандықтан, не жақсы, не жаман деген дидактикалық ой-пiкiр көбiрек айтылып, өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның мүшелерiне ақыл, насихат айтуды басты мақсат еткен. Ақын өз өлеңдерiнде жақсылық қайдан шығады, жамандық неден туады, жақсы мен жаманның айырмашылығы неде деген мәселенiң төңiрегiнде сөз қозғайды.Бiр өлеңiнде ақын:

Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң, бiреудiң қақын жеме.
Жақсымын деп бiреудiң қақын жесең,
Жаман адам сол болар, мақұл деме,-

дейдi. Бұл пiкiр халық педагогикасында айтылатын “Тура биде туған жоқ”. “Жақсы — көпке ортақ” деген ой-пiкiрмен ұштасып жатыр.

Пред.67
скачать работу

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ