Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

з мол. Ауданға Шал ақын есiмiн беру жөнiнде елдi мекендерде жиналыстар өткiзiп, олардан қолдау тапқан соң аудандық ономастика комиссиясында қаралып, одан өткеннен кейiн, аудандық маслихат сессиясында шешiмiн тапты. Осыдан кейiн облыстық ономастикада қаралып, онда шешушi сөз айтқан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жақсылық Ысқақовтың қолдауымен комиссия ұсынысты қабылдаған едi.
Уақыт өте келе ой жаңарды, жаңа түзетулер туындайтыны да шындық. Осы кезде “Қазақ әдебиетiнде”, өзiмiздiң “Солтүстiк Қазақстанда” — “үлкен тұлғаға — үлкен құрмет лайық” деген тақырыппен елiмiздiң бiр топ әдебиет, мәдениет және ғылым қайраткерлерiнiң, ауыз әдебиетiнiң даңқты өкiлдерiнiң бiрi Шал ақынды мәңгi есте қалдыру жөнiнде Президентiмiз Н.Назарбаевқа, Мемлекеттiк қатшы Ә.Кекiлбаевқа, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Д.Ахметовке ашық хат жарияланды. Онда Республикамыздың сүт бетiне шыққан қаймағы, белгiлi ақын жазушыларымыз, академиктерiмiз, ғалымдарымыз — Шал ақынның туғанына 250 жыл толуына байланысты оның есiмiн туған, өскен жерi Сергеев ауданына беру жөнiнде ұсыныс айтылды. Осы сәттерде “Солтүстiк Қазақстан” газетiнде журналист Бiржанов Хамиттiң, Баязиев Құрмаштың, Төлеген Қажыбаевтың, университет мұғалiмi Құлыбекованың, менiң де т.б. мақалалар жарық көрдi. Ауданның орыс тiлдi жұртшылығына Шал ақын туралы орысша газетке бiрнеше мақала берiлiп жарияланды.
1998-жылдың 25 қарашасында Алматыда ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен “Шал Құлекеұлы және ақын-дық өнер” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өттi, оған менi де шақырды. Конференцияға Қырғызстаннан, Түркиядан оқымысты ғалымдар қатысып сөйледi. Өзiмiздiң Қазақстандық академиктер, ғылым докторлары, тiл мамандары, ақын жазушылар Шал ақын туындыларының тiлдiк, стильдiк, психологиялық шеберлiк қырлары хақында, әйелдер тақырыбы мен әзiл-сатирасы жөнiнде ғылыми тұрғыдан ой толғады. Әдейi шақырумен барған маған “Шал ақын өлеңдерiнiң ел арасында таралуы” деген тақырыпта сөйлеуге тура келдi.
Конференциядан кейiн де бiраз жұмыстар атқарылып жатты. 1999-жылдың мамыр айында облыстық маслихаттың сессиясында осы мәселе қаралатын болған соң орыс тiлдi депутаттарын Шал ақын шығармалары мен оның қазақ поэзиясында алатын орны жөнiнде Солтүстiк Қазақстан университетiнде жиын болып, жиналысқа қатысқан депутаттар-ды Шал өнерiне бас игiздi. Осындай өте бiр шешушi кезеңде жанашырлық жасап белсене ат салысқан университет ректоры Ғалым Мүтановқа да алғысымызды айтамыз. Осы сәттерде облыстық маслихат депутаттарының атына Алматыдан Бәйкен Әшiмов бастаған мемлекет қайраткерлерiмен бiрге оқымысты, ақын-жазушы жерлестерiмiзден жедел хат келiп түскенi, оның сессия отырысында оқылуы, iстiң абройлы болып аяқталуына себеп болды. Мiне, осындай жолдардан өтiп, басталуы мен аяқталу мерзiмi бiраз созылып кеткенiмен 14 желтоқсан 1999-жылы республика президентiнiң жарлығымен ауданымызға Шал ақын аты берiлдi.
Осылай, бiрнеше жылғы созылған жанкештi еңбегiмiз жанып, ауданымыз ардақты атамыз, қазақ жерiне аты түгел тараған Шал ақын есiмiмен аталып, Солтүстiк облыстардың iшiнде бiрегейi ретiнде ата-бабаларымыз мекен еткен жерiне өздерiнiң ие екенiн көрсеттi.
Қазақстан Ғылым Академиясының мүше-корреспондентi Р.Бердiбай айтқандай — “Поэзия тұғырын биiкке көтерген ақындар атасы Шал Құлекеұлының мұрасы болашақта да қадiр қасиетiн сақтай беретiнi кәмiл” — деген аталы сөзiмен аяқтауды жөн көрдiм.

УӘП ЛАТАНОВ

ӘЙГIЛI АҚЫН БАБАМЫЗ

Шыңнан шыққан бұлақтай өзiнiң мөлдiр таза үнiмен, асқақ өлеңiмен ақын бабамыз арамызға екi жарым ғасырдан соң қайта оралып, қайта түлеп, жаңаша жаңғырығып жетiп отыр. “Таза мiнсiз асыл тас су түбiнде жатады, таза мiнсiз асыл сөз ой түбiнде жатады” деп Асан Қайғы айтқандай асыл сөздiң атасы, шақпақ сөздiң шеберi Шал ақынды қайта еске аламыз. Еске алған сайын жаңа бiр қыры көрiнедi. Иә, Шал ақын десе бәрiмiз де елең ете түсемiз. Оның себебi, бала кезiмде әкем өзi ақын болмаса да, Шал ақынның өлеңдерiн жатқа айтып отырушы едi. Сол кездегi көкiрегi ашық ауыл қариялары Ерғали, Серәлi, Құлмырза, Бопат, Зiкiрия т.б. бас қоса қалса “Шал ақын айтқан екен” деп оның өлеңдерiн тақпақтап, жарыса айтып, бiрден-бiрге iлiп әкетушi едi. Әрине, кезiнде оған аса мән бермедiк, көңiлге тоқымадық. Ақынның асыл қасиетiн, өлеңдерiнiң құдiретiн кейiн түсiндiк.
Ақынның арғы атасы Қалқаш батыр. Одан тараған Құдайбердi мен Бәйiмбет Есiл өңiрiн жайлаған ел. Бәйiмбеттен Жоламан, одан Дәулетей туады. Дәулетейден жетi бала тарайды. Сол жетеудiң бiрi Тәйiрбердiден Құлеке батыр (Шал ақынның әкесi), екiншiсi Қабайдан менiң аталарым тарайды екен. Соған қарағанда бiз ақынмен бiр бұтақтың екi жапырағы сияқты екенбiз. Сайып келгенде, Шал ақынның әкесi де, арғы атасы да батыр болған. Ақындық пен батырлықтың ұштасуы да табиғи заңдылық сияқты.
Шал ақынның әкесi Құлеке батыр, ру басы, қолына қару алып елiн, жерiн қорғаған iрi тұлғалардың бiрi. Ол Ресей мен Қытай арасында хан тапсырмасымен елшiлiкте жүрген, атақты Абылайдың сенiмдi серiгi болған, қоластында қызмет атқарған. Бұл тарихи шындық, жазба деректерiнде сақталған. Құлекенiң шешесi Үйсiн атақты Төле бидiң қызы екен. Құлекенiң өзiнен алты ұл туады, Шардақтан ұрпақ қалмайды. Ал, Құлекенiң басқа Бәбеке, Мәңке балаларынан қалған ұрпақ бүгiнгi Шал ақын ауданында көбейiп тұрып жатыр. Сайып келгенде, Құлекенiң батырлығы мен ақылдылығы тең болған. Ол жөнiнде мына жәйттердi айта кетуге болады. Орта жүз рулары XVIIIғ. орта кезiнде Түркстаннан солтүстiкке қарай ауысады. Бүгiнгi Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл өзенi аймағын ол кезде естектер (башқұрттар) мекендеген едi. Атығай рулары мен естектер арасында iрi қақтығыс, кескiлескен ұрыс басталады. Сол ұрыста елдiң Жантелi, Меңдеке, Тiлеке батырлары қазаға ұшырайды. Олардың кегiн кейiн Құлеке (Тiлекенiң iнiсi) алады. Ол кездегi Орта жүздiң ханы Әбiлмәмбет Түркiстанда тұрды. Абылай сұлтан Атығай елiн басқарды және ол түстiктегi (Ресеймен шекаралас) елдi мекендердiң мәселесiн шешуде үлкен роль атқарды. Мәселен, Абылай сұлтан өзiнiң сенiмдi серiктерi Құлсары, Құлеке батырлармен орыстың Троицк қорғанына елшiлiкке барады. Онда өзара қарым-қатынас, келiсiм мәселелерiн талқылайды. Орынбор қаласында өткен Ресеймен ерiктi қосылу жөнiндегi “ант беру” рәсiмiнде де болады. Хан алдағы аталған үшеуiне темiр сауыт сыйлайды. Бұл деректер жазба түрiнде сақталған (Казахско-русские отношения в 16-18 веках. Алматы, 1961г.,Ч.Валиханов собр.соч. т.1, “Қобыз сыры” М.Мағауин. Алматы, 1968г.). Құлеке батырдың елi Есiл бойындағы Борлық өзенiнiң маңын мекендеген, Абылай сұлтан Атбасар өзенi мен Жыланды тауын жайлайды, ал Құлсары батыр Қызылжар маңында қоныс тебедi. Құлеке батыр шамамен 1765 жылдары қайтыс болады. Ол Есiл өзенiнiң жағасындағы Аютас деген жерге жерленедi. Бұл бүгiнгi Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласының маңы. Бiрақ батырдың өзiнiң өсиетi бойынша, ол өлген соң 40 жылдан кейiн зиратын қопарып, сүйегiн былғары қапқа орап, Шал Түркiстанға апарып жерлейдi. Бұл арада мына деректердi де айта кеткен жөн.
Түркiстанның 1500 жылдық тойына қарсы Жолтай Жұматпен Есберген Алаухан деген азаматтардың ресми деректерге сүйенiп жазған “Қасиеттi мекендегi қала” атты кiтабы жарық көрдi (Астана, 2000 жылы). Сол кiтапта “бабалар рухы тiл қатса” деген тақырыпта Қожа Ахмет Иассауи кесенесiнде елiмiз бен жерiмiздi қорғаған атышулы аталарымыз бен бабаларымыздың сүйегi жерленген делiнген. Олардың көпшiлiгi ақтық сапарға аттанар алдында өсиет, аманат айтып кеткен. Бүгiнгi таңда табылған зираттың (кесенеде жатқан) құлпытасында жазылғандар саны 121. Соның iшiнде (төре тұқымдарымен қатар) Қойлы Атығай Аңдықожа батыр мен Бәйiмбет Құлеке батыр Тәйiрбердiұлы да бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Құлеке батырдың болған кезеңi, ортасы, халыққа сiңiрген еңбегi жорамал емес, айдан анық. Соған қарап Шал ақынның да өмiрiн, кезеңiн дұрыс болжап айтып отыр.
Шал ақын өзiнiң өлеңдерiнде Атығай руының бес батырын атап кетедi. Олар: Жантелi, Жәпек, Меңдеке, Тiлеке, Құлеке батырлар. Жантелi мен Жәпек батырлар, Құдайбердi ұрпағынан, ал, Құлеке, Тiлеке, Меңдеке Бәйiмбеттен тарайды. Жәпек батыр да Абылаймен бiрiгiп қалмақтармен соғысады, тұтқынға да түседi, кейiн Уәли ханға да қызмет етедi. Ал Жантелi, Меңдеке, Тiлеке батырлар естектермен (башқұрттар) соғыста қаза табады дедiк жоғарыда.
Шалдан бiр ұл -Мәлiбай және қыз — Мәлике туады дейдi. Мәлiбайдан — Сәкiбай, ал одан Төлеген туады. Төлегенннiң артында Жәмила деген бiр қыз қалады. Ол бұрынғы Рузаев (Бүгiнгi Целинный) ауданында тұрып (Қара-Ағаш ауылында), бертiн 71 жасында қайтыс болады (1944жылы). Ал қызы Мәликеден Айтпай, одан Наушабай, одан Нүржан туады. Соңғысы Шал ақынның жиеншары. Яғни, Нүржан Наушабаев нағашысына тартып белгiлi ақын атанады (Қостанай облысында). Жас Тiлеуке батыр әкесiмен ерiп жүргенде хан алдына кез болады деген сөз бар. Сонда баланың талабына риза болған хан “Шал болсын” деп батасын берген екен. Одан соң ерте есейген Тiлеукенi жеңгелерi де, замандастары да “Шал” деп атап кеткен. Сөйтiп, ол жас кезiнен бастап “Шал ақын” атанады деген аңыз бар. Шал ақынның өмiрдеректерi қай жерде болсын қысқа берiледi. Бiрақ оның өлеңдерiн оқи келе қандай адам болғанын байқау қиын емес. Адамның бесiктегi кезiнен бастап, шау тартып шал болғанға дейiнгi жағдайын ол өлеңмен суреттейдi. “Бiр жаста, екi жаста бесiктемiн, Бес жаста тәңiрi берген несiптемiн, Он жаста сүт емген қозыдаймын — деп келiп, Жиырмадағы жасым-ай , Көлге бiткен құрақтай, Отыздағы жасым-ай таудан аққан бұлақтай, немесе Отызында ор қояндай, Қырқында қынаптан шыққан қылыштай” деп армандайды. Ол қартайған шағында: Елу-ердiң жасы, Жетпiс — оттың басы, Сексен- шоқтың қасы — деп өкiнiш сезiмiн бiлдiредi. Шал ақын шығармашылығының тақырыбы әр қилы: Қазақтың салт — дәстүрi, әдет — ғ

12345След.
скачать работу

Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ