Шал ақын — Тілеуке Құлекеұлы
Другие рефераты
ӘЗIЛ СӨЗДIҢ АТАСЫ
Көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгiлi Шал ақынның туғанына биыл 250 жыл толып отыр. Кейбiр газеттерде анда-санда шын жанашырлықпен жарқ еткен қызғылықты мақалалар, арнаулар болмаса бабаның тойы деп, бауыр тартып, дананың тойы деп дабыл салушылық бұл жолы бұйырмай тұр. Неге екенiн бiлмеймiн, шiлде айында өткен “Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих” жылына арналған Қазақстан Республикасы Ғылым Министiрлiгi — Ғылым Академиясының жалпы жиналысында елiмiздiң Мемлекеттiк Хатшысы, атақты жазушы Әбiш Кекiлбаев мырза ұлттық тарихымызға дәнекер болған ұлы бабаларымыздың қатарында атаса да мерей тойлы жылына қазақтың ақындық әлемiнде ешкiмге ұқсамас кесек тұлға, үздiк дарын иесi — Шал ақын Құлекеұлы туралы той қызуының дүбiрi мен от шарпуы бiлiнбейдi. Өкiнiшке малтықпай әлi де уақыт бар ғой, жыл аяғы ардақты бабамызға салмақты естелiк жасатар деген үмiттен де құралақан емеспiн.
Шал ақын жайлы сөз көтерсек, отаршылдықтың орынан шошып, құрығынан құтылуға кiрiсiп, арыстандай айқасқан, жолбарыстай шайқасқан, ХУШ- ғасырдың басында алты Алашқа аты шығып, Абылай ханның ең жақын серiгi болған Құлеке батырды еске алмай өте алмаймыз. Оның себебi: шын аты Тiлеуке — Шал ақын сол Құлекенiң бел баласы. Осы жағдайдың өзi Шал ақынның ұлт тiлегiн ұран еткен ұлы әулеттен абзалдығы, күшiне адуындылығы, талабына тапқырлығы сай өнер иесi екенiн көрсетедi.
Әкесi Құлеке өлгенде:
“Құлеке жиырмада арқар едi,
Отызда би, қырқында-дарқан едi,
Кешегi дулап өткен Құлекенiң,
Алдынан орыс, қазақ тарқап едi”, -деп тегiн айтылмаған.
Құлеке жаудан жаны шайлықпас батыр да, дауда орыс, қазақты таңдантқан орақ тiлдi шешен, байыпты туған саясаткер де болып өткен дарабоз. Ол Абылай ханның жалаңтөс батыры ғана емес, ең сенiмдi елшiсi болып қызмет еткен, өз заманының сауатты да, салауатты озық туған шын мәнiндегi зор қайрат-керi.
Атаға тартып туған ұл — Шал ақынның қолда бар шығарма-ларына үңiлсек, арқа сүйер негiзi берiк, топқа түссе тайсалмас, айтысқа кiрсе жан салмас, ән шырқаса ерен, сөз сөйлесе әрi терең, әрi шалқар шабытымен “мен мұнда” -лап тұр. Арқалы ақынды оқығанда, әрине, ең алдымен оның өмiр сырына жаны қанық, даналық салауаты көз тартады.
“ Жақсының жүрген жерi той болады,
Ақыл жоқ кей адамда бой болады.
Көрмеге қандай жаман болсадағы,
Парасат кей шаһбазда ой болады”-
- дегенiн оқығанда мал баласының пiрi Құлагердi көрген аталарымыздың айтқаны еске түседi. Үкiлi Ыбырай ауылының бiлiктi ақсақалы, менiң екiншi шешемнiң әкесi атақты аңшы, құсбегi, әйгiлi балуан Қожағали Бекiбайұлы: “Құлагер жәй тұрғанда ерекше тұрпатымен көрмеге көз тартпайтын, тек қос құлағы мен төрт тұяғына таңданушы едiм, ал бәйге өрiнде шаба жөнелгенде iле алға түсiп, өзге мал баласын iлестiрмей кететiн. Әне, сонда есiң шығып таң қаласың”, — деушi едi. Шал ақын-ның қай өлеңiн алсаң да адамға үлкен ой салады, салыстырмалықтың шеберi адамға заман әлпетiн таныстыра бiлiп, қыр-сырын айдай айқын ашады. Өлеңiн, не айтысын, не әзiлiн оқысаңыз екi жүз елу жыл уақыт өткендей емес, екi елi қалыспай қасыңда жүргендей сезiнесiң. Шал ақынның ұрпаққа дарығыш жыр қуатының шын құдiретi де осында — деп бiлемiн.
Әйгiлi жазушымыз, Шалақынтанудың ерен майталманы, үздiк бiлгiрi Мұхтар Мағауиннiң деректерiнде Шал ақынның айтыс өнерiнiң де үздiгi болғандығы айтылады. Оған“Өске мен Шал ақын”, “Шал мен кемпiрi”, “Бәйбiше мен Шал ақын”, “Шал ақын мен қыз” атты айтыстары куә болмақ. Ал, қақтықпалы, соқтықпалы шағын қақпақылдар, қамшы қағыстар өрiс алған Шалдай жүйрiк ақындар кем де кем. Айтыстарының бәрi де өмiрдiң шын көрiнiсiн ашық айтып, адамның құмарын қандыра бiлетiн озық ойлы, алмас кездiктей өткiр тiлдi әзiлге бай келедi. Өлеңдерi де көтерем ұйқас емес, буыны берiк төрткүл дүниенiң тұтқасындай төрт буынды ұйқаспен шұбыртпалы әрi құтыртпалы сомдалады. Шал ақын ғылым, бiлiмдi уағыздап, өзi ұстанған фәлсә-фасын алға тарта бiлдi. “Кедейлiк ер жiгiтке намыс емес”, “Жоқ болсаң қызыл бүйi үйiң болар”, “Шешен сол — сөйлер сөзден қамалмаса”, “Ашу — дұшпан болғанда, нәпсi — жауың” десе ұлағатты ұлылыққа бой ұрған дана дер едiк.
“ Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құ р жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл”-
- десе, ақынның үлкен парасат иесi болғанын айқындай түседi.
Шал ақынды тек қана ауыз әдебиетiнiң өкiлi деушiлер бар. Менiңше, сегiз қырлы, бiр сырлы ақында бәрi бар, ол — айтыскер, суырып салма импровизатор, қолы тиген жердi жұлып алар, көзi түскен жердi үзiп алар өткiр экспромт иесi, тапқыр сөздiң үздiк шеберi, ауыз әдебиетiнен жазба әдебиетке көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кемеңгер.
“ Мен өзiм талай сөздi хатпен жазғам,
Әзiлден мерт болады артық қазған,
Өткен iске өкiнсем өмiрiм зая,
Тұяққа iлiнгендi қайта жазбан”-
десе “хатпен жазғандығын”әдейiлеп кейiнгi ұрпаққа паш етiп отыр. Ол өлең сөздiң сан саласын, талай түрiн игерген өз заманындағы нағыз реформатор ақын.
“ Келiн жақсы болса
Үйiңе көп кiсi келедi.
Келiн жаман болса
Келген кiсi кеткiсi келедi.
Ас құй десең төккiсi келедi,
Төкпей құй десең сөккiсi келедi”- десе бұл нағыз экспромт.
“Кәрiлiк — күлге аунаған қотыр бура” , “Кемшiлiк бердiң алла, бiр қуатқа” — деген сияқты өлеңдер жазба әдебиетiнiң өкiлi екенiн көрсетiп тұр.
“Тау толағай көрiнер тасы кетсе,
Әр ел жесiр қалады басы кетсе,
Кәрi күш не болады, уа дариға,
Асырайтын қолынан жасы кетсе”-
дегенi шыншылдыққа сайыған тамаша өлең үлгiсi. Абылай хан өлгеннен кейiн жазылуға ықтимал, “Әр ел жесiр қалады басы кетсе”, — деп тұр ғой.
Ақынның жарық көрмеген дүниесi әлi көп. Мен Шал ақын-ға ешқашан терең зерттеу жүргiзген емеспiн, бiрақ, бала жасымнан Ақан Серi, Бiржан Сал, Балуан Шолақпен пара-пар көрiнiп ерте естiген өлеңдерi есiмде қалды. Ол кезде Шал ақынды арамызда қос ғасыр жатқан бабамыз деген ой келмейтiн, аталарымызбен шамалас ақын деп ойлаушы едiк. Көкшедегi Жалғызтаудың етегiндегi бiздiң ауылда Шал ақынның өлеңдерiн естiмеген, бiлмеген қарттар түгiл жастар болмайтын. Негiзiнде хатқа түспей, ел ауызына жатқа түскен өлеңдерi арқылы Шал ақынның талай шығармалары берiк сақ-талды. Сондағы естiп, бiлгенiмдi қорытқандай ойлансам, әзiл сөз алымды да, қарымды ойнақылығымен ел iшiн ерекше сүйсiн-дiретiн…
Жамбыл атамызды айтыс өлеңiнiң ақиығы десек, оның пiрi Сүйiнбайды сықақ пен мысқылдың атасы дер едiм. Абай, Мағ-жан, Мұхтарлардың орындары ерекше, ал “Жұмбақ жалауымен” Сәбит Мұқанов өлеңшiл қазаққа роман оқытты. Бұл кiтапты бала кезiмiзде кемпiр, шалдарға оқи, оқи жаттап алғандай дәрежеге жетiп едiм. Әбден көз майы таусылғанда оқыған болып, өзiмiзше зуылдата беретiнмiн. Ал, Шал ақынға келсек, әзiл сөзi ел арасында кең тарады, әнiмен айтылып жүрдi. Ақан серi бабамыздың орысша, қазақшасы аралас күлдiргi өлеңдерi секiлдi Шал ақын атамыздың әзiлқой әндерi жиi айтылатын. Алдымыздағы өнерлi ағаларымыз жұрт көзiнше айтса да, оңашада шырқаса да тап осы тектес өлеңдерге бала күнде құмар едiк, жаттап кеттiк, жиын-тойда орындап жүрдiк. Шал ақының кiм десе, ол — әзiл сөздiң атасы дер едiм.
Шал ақынның өлеңдерiн тапжылмай iздеп, тырнақтап тауып, түбегейлi талдау мен зерттеуден өткiзген атақты жазушымыз, бiлiктi ғалым, зиялы азаматымыз Мұхтар Мағауин-ның атқарған еңбегi орасан зор. 1998 жылғы “Жүлдыз” журналының сегiзiншi санында, ол жайлы әдемi айтылыпты. Мұхтар мырзаның кездесiп, көптеген iлтифатпен ардақтап, жерiне жеткiзе жетi атасын да, өз тұлға-тұрпатын да тамаша сипаттаған ақсақалымыз Шал ақынға төрт атадан қосылатын Жантiлеудiң Қошаны. Әрине, тiкелей осы ұрпақтың өкiлiне дәл түскен соң зерттеушiлер дөп басқан, көптеген мағлұматтар жинап уақытында шыққан “Алдаспанға” Шал ақынның өлеңдерiн кiргiзген, одан соң жарық көрген көне сөздiң асыл жинақтарында Шал атамыз лайықты орын алған.
Қошан ата мен әкемiз Айтақмет те, оның ақын ағасы, халық ақыны Молдақмет Тырбиев те ерекше сыйлас, құрметтес болып өттi. Қощекең Молдекеңнен кiшi, Айтекеңнен жасы үлкен кiсi едi. Тұлғасында Құлеке батыр бабасының тұрпаты, миығында Шал ақын атасының байқампаз күлкiсiнiң үзiгi, тұрғысында өз әкесi Жантiлеудiң кербездiгi, бет әлпетiнде тек қана өзiне бiткен ерекше паң-сырбаз сымбаттылығы адам жанын баурап алатын. Оның ес бiлгелi араласа жүрiп Қожағали атаммен аңшылығы, Молдақмет атаммен сөз сарасын сүйгiштiгi, Айтақмет әкеммен саясаттан қалмас сарапшы болғандығы ерекше таңдантатын. Қошан ақсақалдың баласы академик Қошанов Аманжол Ғылымдар академиясының вице-президентi болса, оның түбiнде де осы берiк тұғыр, асыл негiз жатыр. Қорытып айтсам, зерттеушiлердiң Қошекеңе тап болуы үлкен олжа, айшықты сәт.
Кейде ойға оралар бiр нүкте секем салады. Зерттеушiлер қайсыбiр жанашыр ақсақалдарға, ақындарға жолықса да елде бар Қошан ақсақалға пара-пар адамдарға, толығынан кездесе алмады. Қошан-атамен ұшырасу зор ғанибет, мол табыс, ол да құдайдың төге салып бергенi. Ал, сол төңiректi ән мен күйге орап дүркiретiп өткен, өзiнен бұрынғы сал, серi ақын ағаларының, аталарының өнерiн жалғастырып өткен ғажайып ақын Молдақмет Тырбиев сияқты дүлдүлдерге кездеспеулерi өкiнтедi. Бұл кiсi халық ақыны атанып қана қоймай кезiнде болыс болып, ел басқарған, һәм мұсылман дiнiнiң бiлгiрi болған жанжақты оқу, тоқуы бар асқақ әншi, майталмен ақын, сұңғыла жыршы, ақтангер шежiрешi, айтыстар мен дастандардың телегей теңiзi, Ақан Серi, Үкiлi Ыбырайлардың төл шәкiртi едi. Мұса А
| | скачать работу |
Другие рефераты
|