Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шығыс немесе Мұсылман ренессансы

і кітабы латыншаға “Aigorithmi de numero Indorum” деп аударылғандықтан, “алгоритм” сөзі де терминге айналды. Бұл жерде Бертран Рассел және т.б. философтар мен ғалымдардың “орта ғасырлардағы мұсылман реннесансы ертедегі Греция мен орта ғасырлардағы Еуропаны қосқан көпір қызметін атқарды” деген пікірлерінің толық зерттеліп дәлелденбеген теріс тұжырым екенін айту керек. Себебі, мұсылман философтары көптеген ойша құрылған тұжырымдарын қорғайтын дәлелдер ұсынғандықтан, ислам философиясын мойындамау Батыстың өз дәстүріне сенімсіздік тудырады48a

Батыс ойшылдары мен ғалымдарының арасында кең тараған ондай атүсті пікірлердің Шығысты зерттеуде пайдасынан көрі зияны көп. Олардан гөрі жалпы ғылым мен философия үшін Шығысты зерттеп түсінуге талпынған Г.В.Ф.Гегель, А.Шопенгауер, Т. де Шарден, Р.Генон және т.б. еңбектері құнды.

Ұлықбек Шаhрұхұлы Самарқандағы әйгілі расатханасындағы (обсерватория) зерттеулерінде сол күнге дейін қолданылып келген Птоломей есебіндегі қателіктерді анықтады және ол жасаған ғарыш кестесі Шығыс пен Батыста бірнеше ғасыр пайдаланылды.   

         Махмуд Қашқари “Түркі тілдерінің лұғатын” (“Диуану луғат ит-турк”) жазуды былай деп негіздейді: “Мен Тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында жаратқанын, өмір біліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Тәңір оларды түркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды. Дәуіріміздің хақандарын солардан таңдап, замана құбылысының еркін тізгінін қолдарына ұстатты. Сан мыңдаған адамды басқартып, адалдық істерін қолдады. Олармен бір сапта күрескендерді бек құрметтеді.

Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаhарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты. Қасірет-мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден басқа жол жоқ. Өзінің ортасындағы жауларынан жерініп, сыйынып келгендерді түркілер әрқашан қамқор қанатының астына алып, төнген қауіп-қатерден құтқарды. Олармен бірге басқалар да пана тапты. Сол себепті түркі тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді85. Ұлы бабамыздың осыдан мың жыл бұрын жазған бұл мұрасы қазіргі түркі халықтары, оның ішінде қазақтар үшін де маңызын жоймаған дүние. Академик А.Н.Кононовтың дәлелдеуі бойынша, “оны жазудағы Махмудтың негізгі мақсаты түркі тілінің мәртебесін жоғары көтеріп, оның араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ екендігін дәлелдеу болған”.

“7500 сөзден тұратын “Диуан...” жай сөздіктің шеңберінен шыққан туынды. Оның салыстырмалы - тарихи әдіс ретіндегі қолданылуының қарапайым формасының өзі үндіеуропалықтардың тілтануынан бірнеше ғасырға озып кетті”дейді белгілі тіл маманы А.Д.Демирчизаде.

 

Бір ғажабы ұлы данышпанның “Диуанға” енген 875 сөзі мен 60 мақал-мәтелі қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылып келеді.

 

Түркі халықтарының бірлігі мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуде, ел басқару мен мемлекет жүйесін қалыптастыруда және түркі тілінің мол мүмкіндіктерін ашуда орта ғасырлардағы ұлы философиялық шығарма - Ж.Баласағұнның “Құтты білігінің” маңызы зор.

...Бұл кітапты қабыл алып, қарарсың,

                   Түркі тілі ғажабына қанарсың.

...Байқап көрсем, жеңілдеді жүгім де,

                   Айтсам дедім сөзімді ана тілімде,

деп аяқталатын осы дастанның маңызы А.Дантенің “Құдайдың комедиясы” мен Н.Макиавеллидің “Государларымен” қатар тұрған дүние.

Түркі тілінің байлығын көрсетіп, оның поэзиясының дамуында Әлішер Науаи шығармаларының маңызы ерекше. Оқып көрейік: 

............................................................................

Бірақ, бірақ қалың ру, қалың қауым түркілер,

Менің ғана сөзімді естіп іркілер.

 

...Шираз бенен түркіменнің даласы,

Хорасан мен Қытай шебі арасы.

 

Қайда жүрсін, түркі сөзін ту етіп,

Сап түзеуге түркілерде бар ерік.

 

Бұл қиссаны шетсіз, шексіз мұң толы,

Жан азабы, биік сезім, сыр толы.

 

Жаздым үлкен шабытпенен күніге,

Жанға жылы түркі ана тілімде,

деп “Фархад пен Шырын” поэмасында  жазғандай, сол кездегі түркілердің ана тілін ардақтайтын, іргесі бұзылмаған біртұтас ел екенін аңғарамыз. Ал, ұлы ақынның тілдер туралы трактатындағы: “Қалыптасқан ...дәстүр бойынша мен парсы тіліне назар аудардым. Бірақ, есейіп ақыл-есім толысқанда және жаратқан маған табиғи бейімділігімді ерекше дүниелерге талпыну мен күрделі және нәзік құбылыстарды түсіну қабілетін берген кезде түркі тілінде ойлау қажеттілігі пайда болды. Сол кезде менің алдымда он сегіз мың ғаламнан да көп әлем ашылды. ...Сонда мен інжу маржаны жұлдыздардың бриллиантынан да жарқын, асқар да мол байлыққа тап болдым” деген тұжырымынан түркі тілінің дүниедегі ең бай тілдердің бірі екенін көреміз.

Бұны батыс мәдениетінің рухы – “Фаустың” авторы И.В.Гетенің, “Рудаки, Фирдоуси, Низами, Саади, Хафиз, Хайям, Руми, Физули, Науаи, содан кейін мен” деп түркі мен парсы әдебиетінің ғұламаларын өзіне ұстаз санап, оларға бас игені де дәлелдейді76.

Батыстағы ренессанстың алғышарты және ұстазы болған  “араб тілі басты тіл, парсы тілі тәтті тіл, түркі тілі өнерлі тіл” еді десе, М.Барманқұлов “Түркілер арабтардан Исламды, ирандықтардан көркем әдебиетті ала тұра, өздері мемлекеттің іргетасы бола білді” деп толықтырады24.

Орта ғасырдағы түркі мен қазақ әдебиетіне қысқаша тоқталғанда А.С.Пушкиннің Орал қаласында болған кезінде “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” эпосын жазып алып, оның сюжетін У.Шекспир шығармаларынан жоғары бағалағанын ұмытпағанымыз дұрыс.

Мұсылман ренессансының дәуірі адам табиғатына сай, жан-жақты мәдениеттің немесе адамзат өркениетінің шарықтау кезеңі болып табылады232.

Батыстың көптеген ойшылдары (Хартман т.б.) құдайдың жалғыз екені сенімді түрде исламда ғана іске асқанын дәлелдесе, неміс ғалымы Карл Беккер, “біздің орта ғасыр дегеніміз, Батыстың Шығысқа еліктеуі” десе194, оны Осфальд Шпенглер осыдан сегіз ғасыр бұрын “араб өркениеті шығыс қалаларынан күн сияқты шығып батыс елдерінің үстінен өтті” дейді227. Академик Н.И.Конрадтың пайымдауынша, “Қайта өрлеу (ренессанс) дегеніміз әлемдік гуманизмнің дәуірі. Ол VIII-XII ғасырларда Қытайда басталып, IX-XV ғасырларда Орта Азия мен Иран және оған іргелес жатқан Үндістан жерінде жалғасып, XIV-XVI ғасырларда Еуропада аяқталды”93.

Шығыс ренессансының Атланттары болған түркі халықтары данышпандарының есімдері адамзат өркениеті тарихында мәңгі ескерткіш болып қалды.

Дешті Қыпшақта негізі қаланған Түркі мемлекеті - Алтын Орда мен мәмлүктік Египет мемлекеті XIII-XV ғасырларда өзара тығыз байланыста болған. Кезінде Египетке кеткен қыпшақ жасақтары - мәмлүктер өздерінің ежелгі отаны Дешті Қыпшақпен туыстық байланыстарын үзбей Мысыр әмірлері Алтын Ордамен қарым-қатынас жасап, құда-жекжат болып жүрген. Мәселен, өзі Еділ бойында туып, кейінірек Мысыр елінің әмірі болған сұлтан әл-Мәлік әз-Захар Бейбарыс (1217-1277) Алтын Орданың ханы Беркенің қызына үйленеді. Ол екі ел арасындағы түрлі байланыстарды жақсарта түсуге зор ықпал етті226. Каир мен Алтын Орда екі ғасырда елу рет өзара елшілермен алмасты.

 Ол кезде Алтын Орда мен Египеттегі негізгі қолданылатын тіл – қыпшақ тілі болды.

Сұлтан Бейбарыстың ықпалымен Алтын Ордада мұсылман дінін қабылдау Беркенің кезінде басталып Өзбектің хандық құрған кезінде аяқталды.

 

Араб тарихшысы ибн-Тагри-барди өзінің “Мысыр елі мен Каир үстіндегі жарқыраған жұлдыздар” атты кітабында: “Египетті мәмлүктер билеп тұрған кезде біздің елде қыпшақ тілі басым болды. Ел билеген әмірлер, әскери адамдар, елшілер, әкімдер, өнер және әдебиет қайраткерлері негізінен қыпшақ тілінде сөйледі. Мәмлүктерге жағыну үшін тіпті қарапайым арабтар да қыпшақ тілінде сөйлейтін еді. Ал, Египет пен Сирияны билеген кейбір мәмлүк сұлтандары араб тілін білмейтін. Мәселен, Сұлтан Бейбарыс, атақты Хаджіб Алмас айналасындағы арабтармен тәржімән-тілмәш арқылы сөйлесетін” деп жазды71.

Сол кезде мәмлүктік Египетте қыпшақ тілінде тамаша туындылар қалдырған шайырлар туралы белгілі араб ақыны:

                   Көзі менен кірпігіне түркілердің қарашы;

                  Таңдандырған, тамсандырған сиқыршыға санашы.

12345
скачать работу

Шығыс немесе Мұсылман ренессансы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ