Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шығыс немесе Мұсылман ренессансы

ын болсақ, оның шыңы түркілер салған қалалар, мазарлар мен сарайлар болып саналады.Бұлар түркілердің сәулет өнеріндегі тамаша жетістіктері. Демек, батыстың кейбір тарихшыларының “түркілер көшпенді болып қалалар салмады” деуі ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген теріс ұғым, оның үстіне жалған сөз екен. Керісінше, түркі елі әлемдегі ең сұлу сәулетті  тудырумен қатар, батыстың сәулет өнерінің классикалық үлгісі – “Готика өнерінің” тарихи отаны болып саналады6

Орта ғасырда түркі халқының батырлық эпостарымен қатар тарихи, ғылыми еңбектер мен түркі тілінің байлығын шебер пайдаланып жазған көптеген көркем туындылар пайда болды. Алтын Орда дәуіріндегі түркі тіліндегі ұлы шығармаларға әлем әдебиетінде теңдесі жоқ дүние - Хорезмидің “Мұхаббат-намесі”,  Сайф Сараидың “Гүлістан бит-түркиі”, Құтбтың “Хұсрау-шырын”, Мысыр (Египет) мемлекетінде өмір сүрген қыпшақ ақыны Дүрбектің “Жүсіп пен Зылиха” дастаны жатады. Бұл сол заманнан бізге жеткен ұлы түркі әдебиетінің шағын ғана бөлігі. Немістің ұлы ақыны И.В.Гете өзінің “Поэзия және шындық” деген кітабында Жүсіп пен Зылиха хикаясының мөлдір тазалығына сүйсіне келіп: “Мұндай аңызды қандай құдіретті күш-қуат жаратты десеңізші! Адам жаны жақсылық үшін жаратылған ғой!” дейді.

Осы кезеңде қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жамиғ-ат-тауарих” ”Шежірелер жинағы”, Захариддин Бабырдың “Бабыр-наме” атты шығармалары мен атақты тарихшы Әбілғазы Бахадүрханның “Шежіре-и түрк” ”Түрік шежіресі” және “Шежіре-и терекіме” ”Түркімен шежіресі”  сияқты тарихи шығармалары дүниеге келді.

Академик Х.Френ “Түрік шежіресін” аса жоғары ғылыми еңбек ретінде бағалай келіп, бұл шежіре “ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймай, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс” деп жазды18.

Дүниенің қай түкпірінде жүрсе де туған жерден қол үзбей, жолында кездескен барлық халықты түркі тілінде сөйлетіп, өнердегі мол мұрасынан өздеріне ескерткіш орнатып кеткен рухы биік Ұлы моғолдар мен қыпшақ-мәмлүк бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпаққа үлгі және бүгінгі Түркістанның немесе түркі халықтарының болашағын анықтайтын сара жол болмақ. 

Орта ғасырдағы Еуразия тарихында түрік-селжүктер құрған Осман империясының орыны ерекше. Орта Азиядан шыққан Санжар сұлтан бастаған түркілердің селжүк тайпасы XI ғасырда алдымен Иранның, одан кейін қазіргі Түркияның жерін басып алып өздерінің жеке мемлекетін құрды. Осман түріктері XV ғасырдың ортасында Византия астанасы Константинопольді басып алғаннан кейін Еуропаның тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіріп, Бұлғария, Молдавия, Венгрия, Албания жерлерін ғасырлар бойы бодандықта ұстады, Қара және Азов теңіздерінің солтүстігіндегі қамалдарды өздеріне қаратып, Италия мен Австрияның біраз бөлігіне билік жүргізді. Таяу Шығыстағы елдерді империяның құрамына күшпен кіргізіп, соғыста Египетті жеңгеннен кейін солтүстік Африканы биледі. Осман империясы Азия, Еуропа және Африкаға ғасырлар бойы үстемдік еткен бірден-бір мемлекет.

Осы ұлы мемлекеттен 1282 жылы оның негізін салған сұлтан Осман Ер Тоғрұл-оғлы, одан кейін Сүлеймен, Баязит, Мехмед сияқты ұлы қолбасшылар мен мемлекет қайраткерлері шықты. Осман империясы Шығыс пен Батысты құрлық арқылы байланыстырып тұрған “Жібек жолын” және Қара теңіз арқылы жүретін тауар жолдарын өз қолына алған соң еуропалықтар Үндістан мен Қытайға шығатын су жолдарын іздестіре бастады. Христофор Колумбтың мұхитта адасып жүріп Америка құрылығына тап болуы соның бір мысалы. Одан басқа саяхатшылардың да жаңа жерлерді табу тарихы дәл осыған ұқсас.

Х.Колумбтан 35,0-36,0 мың жыл бұрын Америка құрлығына Азиядан алғаш бара бастаған көне түркі тайпалары екені тарихтан белгілі180. Сондықтан Батыс үшін көне құрлық болып саналатын Еуропа, Азия үшін қай жағынан да жас құрлық екенін осыдан-ақ біле беріңіз.

Жаңа су жолдарының табылып, географиялық жаңалықтардың ашылуы, соған байланысты жаңа елдерді отарлау Батыс елдерінде тауар айналымын күшейтіп, өнеркәсібін дамытты. Феодалдық қатынастардың орнына капиталистік қатынастар қалыптасты. Ол кейін қоғамның барлық салаларын дамытқан ғылыми-техникалық төңкеріске ұласты. Сонымен қатар, Осман мемлекетінен төнген қауіп Еуропадағы бір-бірімен қырғиқабақ боп, басы қосылмай жатқан князьдықтардың бірігіп, осы құрлықтағы мемлекеттердің одақ құруына себеп болды.  

Осман түріктерінің осыдан үш ғасырдан астам уақыт бұрын Суэц каналымен қатар Еділ мен Донды қосатын каналды салуды бастағаны, олардың инженерлік білім жағынан заманынан үш ғасырға озық тұрғанын және Еуразияның болашақ геосаясатын дұрыс болжаған көрегендігін көрсетеді.

Түркі халықтарының тарихында X-XVІІI ғасырлар, ғылым мен мәдениеттің шарықтап, адамзат өркениетінің дамуында зор үлес қосқан кезеңі болды.

Адамзаттың бай қазынасы “Оғыз наме”, “Гесер”, “Манас”, “Алпамыс” және осы сияқты ондаған мың, жүздеген мың жолдан тұратын әлемдегі ең көлемді эпикалық дастандарды тудырып, оны түгелдей жатқа айту тек түркі шайырларының ғана қолынан келеді. Жиырма екі мың жолдан тұратын “Манас” дастанын бізге жеткізген сондай ұлы шайырдың бірі - қытайда тұрып жатқан жырау Жүсіп Мамай. Кезінде Янушкевич “даланың Цицерондары мен Демосфендері” деп атаған Ұлы даланың Көроғұлы, Марабай сияқты т.б. ұлы ақын-жыраулар түркі халықтарының, қала берді адамзаттың асыл қазынасы. Олар көшпенділер өркениетінің мұрасы – ондаған батырлық эпостармен қатар “Қырық қыз”, “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”    сияқты т.б. махаббат дастандарын жеткізді. 

Соңғы жылдары Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбаларда “Алтын адам” көптеп табылуда. Оған Есік қорғанынан табылған әлемге әйгілі “Алтын адамнан” басқа, 1999 жылы Алтайдағы Берел қорымынан табылған киімдері мен сауыт-сайманы түгелдей алтындалған б.д.д. VI-IV ғасырларда өмір сүрген батырдың, Жайықтың оң жағынан табылған Алтын Орда дәуіріндегі сауыты түгелдей алтындалған жауынгердің және Жайықтың сол бетіндегі орта ғасырдағы қаладан табылған алтындалған бекзаданың табылуы біздің бабаларымыз өздерінің құнын біліп, мәңгілікке “Алтын адам” болып кеткенін көреміз. Қазақ жерінен болашақта алтын адамдар әлі көптеп табылады. Себебі, Алтайдан алғаш алтынды тауып, басқаларға таныстырған және одан жасаған бұйымдарын өнердің шыңына шығарып, інжу - маржанына айналдырған басқа емес, тұрандықтар болатын.

Түркі халықтарының біртұтас ұлт ретінде қалыптасып дамуы Алтын Орда мен Ақсақ Темір империясының ыдырауынан кейін аяқталып, олардың әрқайсысы жеке мемлекеттер құрып өз беттерімен дами бастады.

          Әлемнің қай түкпірінде жүрсе де Ер түркінің ұл-қыздары атамекені - Тұран немесе Түркістанды ұмытпай, Ана тілдерін ардақтап жүрген.  Қасиетті Түркістан туралы ақын Мағжан Жұмабаев былай деп жырлайды:

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

          Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

         ………………………………………

         Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,

         Шалқыған шегі-шетсіз Теңіз, Арал.

         Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің,

         Бауырында дүние көрген түрік көкжал.

Ертеде Оқыс, Яқсарт –Жейхун,Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында,

Табасың қасиетті бабаң бейітін.

         Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,

         Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!

         Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,

         Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.

Балқашта бауырына алған Тарбағатай,

Жоталы, жер кіндігі – Памир, Алтай.

Қазықұрт қасиетті тау болмаса,

Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?

         Тұранның жері де жат, елі де жат,

         Құйындай бастан кешкен күні де жат!

Тұранды түгелімен билеп тұрған

         Ертеде ертегі хан Афрасияб.

Ежелден жер емес ол қарапайым,

Білесің тарихты ашсаң Тұран жайын.

Тұранға қасиетті құмар болған,

Ертеде Қысырау мен Зұлқарнайын.

         Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

         Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

       &nbs

12345
скачать работу

Шығыс немесе Мұсылман ренессансы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ