Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шығыс немесе Мұсылман ренессансы

                   Түркілердің бар сиқыры - көзінде емес сөзінде,

                   Намаз оқып тұрғандай ғой жыр жазатын кезінде, - дейді71.

“Сол кездегі Мысырдағы түркілерден шыққан дарынды ақындар Ат-Танбага әл-Жавали мен Әмір ақын Ала ал-Дин ибн Абдаллах. Олармен қатар Каир қаласында Шәхаб ад-Дин Сараи, Махмұд ибн Фаттаһ ас-Сараи, Абдуллах әбу т-Тина ас-Сараи сияқты Алтын Орда астанасы Еділдің бойындағы Сарай қаласынан шыққан (сондықтан лақап аттары “Сараи” болып келетін) ақындар, философтар, тарихшылар, дін қайраткерлері және т.б. еңбек етсе, Сарай қаласында Аргун наиб, Халиль ибн Никлади аль-Алаи, Махмұд ибн Ахмед ибн Мұса, Мұхтар ибн Махмұд әз-Зәкиди сияқты арабтың ғалымдары өздерінің мәңгі өлмес шығармаларын жазды” дейді профессор Н.Келімбетов86.

         Сол замандағы Каир мен Сарай қалаларының арасы бір айлық жер болғанымен ағайындардың арасындағы саяси, әлеуметтік, рухани байланыстар интернет заманындағы іргелес отырған Қазақстан және Орта Азиядағы республикалар арасындағы байланыстардан гөрі жақын және тұрақты болғанын көреміз. “Бармасаң, келмесең жат боласың” дейді қазақ мақалы.

Орта ғасырдағы Таяу Шығыс пен Египеттің дамуына египеттегі қыпшақ-мәмлүктердің маңызы зор болды. Олардың орта ғасырдағы мұсылман әлеміндегі рөлі туралы Ибн Халдун: “күрес пен ерлікке жігерсіз, қайғы – қамсыз жатқан мұсылмандарға қарсы крест жорығы мен монғол-татарлардың шапқыншылығы басталған кезде Алла көптеген түркі тайпаларынан тұратын күшті мәмүліктер басқарған Египетті кәпірлерден қорғайтын бастионға айналдырды. Мұсылмандар арасында енжарлық пен бейғам өмір әдетке айналып кетпес үшін Алла өзінің құдіретімен түркінің ұрпақтарын бірінен кейін бірі, лек-легімен мұсылман әлеміне келетін қылды”29.

Әлемді осы уақытқа дейін таңқалдырып келе жатқан Египеттегі мұсылманның сәулет өнері осы елді қыпшақ-мәмлүктер билеген кезде салынды. Cол кезде Египет пен Сирияда салынған Ибн Тұлұн, Қайтбай және Қалаун мешіттері, Ихуан Жүсіп мазары және т.б. ерекше атауға болады. Сол кезде салынған мұсылманның тамаша мешіттері мен сарайларын Виктор Гюго “сазды әуенге толы алтын түс” деп бағалаған216. Қыпшақ-мәмлүктер билеген екі ғасырдан астам уақытта Египет мемлекеті  жан-жақты дамып осы ел тарихында фараондар дәуірінен бергі кезеңдегі екінші өрлеуді басынан кешірді.

Алтын Орда мен мамлүктік Египет мемлекеттерінің арақатынасы түркі халықтарында және халықаралық саясатта сирек кездесетін ынтымақтастықтың классикалық үлгісі. Оны қазіргі кездегі АҚШ пен Британия арасындағы байланыспен салыстыруға болады.

XIV ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс пен Мауранахрдің билеушісі Ақсақ Темір және Осман мемлекетінің сұлтаны Баязид, осы үшеуі Қытай мен Византияның айдап салғанына ермей, түркі халықтарын біріктіре білгенде бүгінгі Еуразияның демографиялық жағдайы мен саяси картасы басқаша болар еді – ау. Түркі тайпалары мен олардың басшылары арасында бірлік анау айтқандай бола қойған жоқ. Көп жағдайларда олар бастары бірікпей, өзара жиі соғысып, басқаларға жем болып отырған. Адамзат тарихында белгілі із қалдырған ел бастайтын қаған-хандарға, қол бастайтын қолбасшылар мен батырларға, сөз бастайтын ұлы ойшылдар мен ақын-шешендерге кенде болмағанымен, түркілердің ұлттық идеясы мен біртұтас мемлекеттік институтының қалыптаспауы, бір ұлттан тұратын әртүрлі тайпалар арасында бірлікті қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да олар “ағайын алтау болса, ауыздағы кетер” деген жайды ұдайы бастан кешіре берді.

Орта ғасырдағы түркі сәулет өнерінің тамаша үлгілері Агр, Самарқан, Бұхара, Түркістан, Каир, Стамбул сықылды ежелгі мәдениет орталықтарында салынған мешіттер, мазарлар, медресселер, сарайлар, кітапханалар және расатханалар еді.

Мазар салу идеясы дәстүрлі исламда болмаған. Мазардың кірпіштен қаланып, күмбезбен аяқталатын порталды-күмбездік типінің архитектуралық пішіні түркілердің әуелі өлген адамды жерлейтін қорғанынан, одан соң киіз үйдің құрылымынан ауысып мазар-мавзолейлерде пайдаланғанын көрсетеді. 

Киіз үйдің цилиндрлік негізі мен сфералық күмбезі (ол Үндістандағы будданың Мирандағы әйгілі Санчи келісінде ступа және басқа келілерде қолданылған) 122  және Қарахан дәуірінде Орта Азия мен Жетісудағы түркі тайпаларында пайда болып “түркі рухы” аталған портал-күмбез қыш кірпіштегі ою-өрнек, орнаментальдық кірпіш қалау, жонылған тас, құйылған көк кірпіш т.б.  алдымен Жетісудағы соғдылықтарға, сосын Мауранахрға, одан кейін Орта және Таяу Шығысқа тарап дамыды34. Портал-күмбезді архитектура, көшпенділердің тұрағы – киіз үйдің “тасқа айналған нұсқасы” болып тарихқа енді.

Түркілер батысқа өздерімен бірге “жануарлар стилін” таратса115, арабтар қыпшақ-мәмлүктерді “күмбез салушылар”163 деп атады.

Белгілі тарихшы В.Н.Татищев Владимирдегі және Юрьев-Польскийдегі православ храмдарын бұлғарлар түркілер Еділ Бұлгариясынан әкелінген тасты пайдаланып салғанын жазса, ғалым М.Худяков Қызыл алаңдағы Василий Блаженный соборының храмындағы сегіз мұнара Қазанның Құл-Шариф мешіті минареттерінің бейнесін қайталайтынын айтады145. Сол ғалым татар архитектурасының басқа халықтардың сәулетін дамытудағы маңызын: “Отголоски татарской архитектурной традиции, нашедшие выражение в декоративных формах и стилевых чертах так называемого восточного барокко, видны в пестрой раскраске русских церквей и теремов, росписях, изразцах и надписяхна фасадах в сталактитах, подковообразных формах, килевидных и стрельчатых арках. Строительно-конструктивные традиции татар были заимствованы в ярусных сооружениях с шатровыми завершениями” деп пайымдалды145.

Дәстүрлі орыс архитектурасына тән “романдық стильде” кездесетін күмбез-кресті византия типтес храм жобасын византиялықтар Шығыстан алған. Ол Орта Азиядағы түркі халықтарының бізге жеткен көне архитектураларында кездеседі.

Түркілердің Үндістандағы Ұлы Моғол мемлекетін құрған Барлас руынан шыққан Захириддин Бабыр мен оның ұрпақтары сол елді түркі тілінде сөйлетіп, оларды мұсылман дініне енгізді. Бабырдың әулеті Ұлы моғол мемлекетін үш ғасырдан астам (1526-1858 жж.) уақыт билеп тұрды. Сонда үнділермен қатар ағылшындар да Бабыр әулетін “Ұлы моғолдар” деп олардың ұлы істерін мойындап, салық төлеп тұрған. Шет жерде жүрген Бабыр өзінің туған жерге деген сезімін бір өлеңінде былайша жеткізіпті.

                   Бөтен елде, жат жерде қаңғып жүрміз,

                   Жемтік іздеп, қасқырдай аңдып жүрміз.

                   Төбемізден сары алтын құйса дағы,

                   Туған жерді сағынып, мәңгіп жүрміз.

Ол одан әрі:

                   Аллаға жүз мәрте “тәуба” дегін,

                   Құдай саған сыйлады Үнді жерін.

                   Ыстыққа шыдай алмай қиналғанда,

                   Күтемін туған жердің салқын желін, 

деп туған жердің қасиетті әрі қадірлі екенін аңғартады.

Орта ғасырдағы түркі және адамзат өнерінің шыңы - әлемдегі неше кереметтің бірі Агр қаласындағы “Таж-Махал” мазарынБабырдың шөбересі, Ақбар сұлтанның немересі Жақан шах салды. Үндістандағы бір мұсылман ханымының өмірі мен өлімі және оған деген махаббаттан пайда болған, ақ мәрмәрдан салынған осы ескерткіш жөнінде белгілі өнертанушысы Дюрант Вилдің: “Егер уақыттың ақыл-есі болса, ол басқаның барлығын қиратып, мүмкін Таж-Махалды, адамзат рухының ұлылығын көрсететін осы баға жетпес ескерткішті адамдардың қайғысы үшін сақтар еді” деген сөзі еріксіз көп ойға көз жеткізеді62.

Ұлы Моғол патшалығы кезінде Үндістанның астанасы Агрде “Таж-Mахалдан” басқа “Інжу Мешіт”, Хайдарабадтағы минарет, Делиде “Жамиғ Месжид”, “Диуан-и ғам” және “Диуан-и Хас” деген қайталанбас сәулет туындылары жасалды.

Бабыр негізін қалаған мемлекет - Үндістанның қоғамдық-саяси және экономикалық мәдениетінің дамып, өркендеп өсуіне айтарлықтай ықпал етті. Үнді елінде бір орталыққа бағынатын мемлекет құрылған соң ғана жергілікті феодалдардың ғасырлар бойы жалғасқан өзара бақталас соғыстары тоқтатылды. Халық бейбіт еңбекке көшіп, жаңадан арықтар қазды. Егіншілік дамыды. Бабырдың әмірімен жаңа қалалар, ғылым және мәдениет орталықтары салынды. Джавахарлал Неру Бабыр билеген дәуір жөнінде айта келіп, “бұл кезде Үндістанда игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мұның өзі өнер, архитектура, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып жіберген еді” деп жазды121.

Біздің дәуірдегі барлық өркениеттердің сәулет өнеріне қосқан үлесін айтат

12345
скачать работу

Шығыс немесе Мұсылман ренессансы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ