Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс



 Другие рефераты
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Межличностное общение Акционерлік қоғам аудиттің жүргізілуі Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………...............4

1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік...............................................................6 
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі........................................................7 
1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі..............9 
2. Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу.............................................................................................................................25
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі..................................................................27 
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі.........................................................30 
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...............36 
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау...........................41

Қорытынды......................................................................................................48

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................50

Қосымшалар.....................................................................................................51

Кіріспе

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді. 
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. 
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді. 
Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады. 
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. 
Негізгі құралдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады: 
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілген сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар; 
Бірақ та біз ұмытпауға тиіспіз әр бір затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз – жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың естен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз.

1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік 
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі

Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады. 
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер. 
Оған мыналар жатады: 
- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер); 
- көлік құралдары; 
- жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қор,мұражай құндылықтары,жануар әлемінің экспорттары автомобиль жолдары) және т.б. 
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. 
Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес. 
Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыфналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді. 
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт) 
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған. 
Меншікті – бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. 
Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі құралдар. 
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы. 
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар. 
Қолданылмаған (тоқталған) - консерватцияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі құралдар. 
Запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар. 
Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді: 
1. Жер; 
2. Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет құралдар; 
3. Ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысты жоқ қандай бір функцияналды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инжинерлік құрлыс объектілері (платина құбырлы өткізгіштер және т.б.); 
4. Беріліс құрылғылар –э лектронды жылулық және механикалық қуат беруге арналған құрылған (электор тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б; 
5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек-жарақтарды аспаптарды басқа инвентардың бөлігі болмаса инвентарлық объект болып табылатын инвентор дегеніміз - түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады: 
а ) Күш беретін машиналар мен жабдықмашиналар жылу және электро қуатын өндіретін электрометорлар және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т.с.с; 
б) Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және т.б; 
в) Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т.б; 
г) Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары); 
д) Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт машиналары т.б.) 
6. Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т.б. 
7. Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар (балға, тесетін,тұратын және с.с. құралдар); 
8. Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі және т.б.);&nbs

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Экологические проблемы в лесной и деревообрабатывающей промышленности
Этические проблемы глобализма
Жиренше шешен (XV ғ.)
Свобода человека и экзистенциализм Сартра


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ