Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәсеені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді.
Барлық инженерлік қызметтің негізгі мазмұны жобалық-конструкторлық және жобалық-технологиялық құралымнан тұратыны мәлім. Курстық жоба, дипломдық жоба сияқты жобалық-конструкторлық және оқу ісінің синтезін құрайтындықтан, болашақ маман үшін, әсіресе инженерлік мамандар үшін өте қажет курстық жобаны ерекше атап өткен жөн тәрізді. Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады.
Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді. Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру – оқушының қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады.
Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Әрбір студенттің өсуі мен жетілуі оқыту барысында табысты болуы үшін, оқытушы олардың әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген және ерекшеліктеріне сай болуға тиісті, яғни бұл жерде жеке студентке тең құқықты серіктес ретінде сыймен қараудың да маңызы зор. Қайталап айтатын болсақ, жоғары мүддеде үлкен қарқынмен оқыту талабына сай студенттердің өздік жұмыстарына көбірек уақыт беру арқылы оқушының өздігінен ойлау қабілетін кеңейтіп, ізденісін арттыратын деп сөз жүзінде айтып қана қоймай, сонымен қатар, білім беру ісінің сапасын арттыру үшін оқыту үстінде оң қабақ танытып, ұнамды көңіл қоюдың да мәні зор.
Білім беру барысында мұғалім пәнге деген қызығушылықты тудырып, оқушы содан қанағат алатындай жағдай жасауы керек. Өйткені оқу материалын саналы түрде меңгеру, оның қажеттілігін түсініп, мәнін ұғынуға көп байланысты.
Сабақ өткізу кезінде іскер ойын ұйымдастыру да үлкен жетістікке жеткізетіндігі жаңалық емес. Ойынның мақсаты оқу жоспарының мағынасына, студент-ойыншылардың құрамына, олардың дайындығына, ойынға кететін уақытқа және сабақтың тақырыбы мен мәніне байланысты шешіледі. Ойын пікірталасқа негізделген мағыналы, ақпаратты және берілген сабақтың тақырыбын ашатын нақтылы болуға тиісті. Ойынға қатысушы студенттер нақтылы жағдайды өз беттерімен қарастырып, ойынның мақсатына өз жетістіктерімен жетулері тиіс. Ең бастысы – оқытушы ойынды ойыншы қауымның өздері ұйымдастыруына ерік беріп, оларды қанағаттандырып отыруы керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатын тиімді шешудің және бір түрі – үйренген оқыту әдісінен алшақ, қазіргі кезге сай ғылыми дәйектелген және жете зерттелген оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарын оқыту үрдісіне енгізу. Студент оқулықты жете түсініп, жеңіл қабылдауы үшін, сабаққа өздігінен дайындалу барысында қолданатын әр пәннің лекциялық курстары, оқулықтары және оқу құралдары міндетті түрде оқу жоспарына сәйкес болғаны жөн. Сонымен қатар барлық қажетті оқу-әдістемелік және анықтама материалдары баспа түрінде де, электронды түрде де жеткілікті және қол жеткізерліктей болуы міндетті.
Дербес танымдық қызметте оқытушы және студент жүйесінің іс-әрекетіндегі жетістікті анықтайтын маңызды факторлардың бірі педагогикалық қарым-қатынас болып табылады. Ол мұндай жағдайда хабар алмасу ретінде емес, адамның басқа адамдармен өзара байланысының тұрмыстық тәсілі ретінде қарастырылады.
Егер студенттерге білім беру және іскерлік пен дағдыны сіңдіру процесі педагогикалық қарым-қатынастың қандай ынталандырушы түрінде берілгендігі және ұйымдастырушылығы ескерілмесе, онда сабақтың сәтті болуын мәтіндердің мазмұны да, тиімді жаттығуларды да, әдіс-тәмсілдер мен құралдарды іріктеп алу да қамтамасыз ете алмайды. Сабақта қарым-қатынас кезінде сезімталдық пен тілектестік, табиғилық пен еркіндік, адамгершілік жағдайын жасау студенттің тілдік қызметін және белсенділігін жандандырады. Әдеттегідей, оқытушы сабақтарда студенттермен іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға тырысады, онда шет тілінде сөйлеу қолдайтындығын, ынталандыратындығын, қуаттайтындығын және тағы басқа танысу үшін қолданылады.
Өкінішке қарай, іс жүзінде оқутышалардың студенттермен қарым-қатынасының мынадай түрлері таралған: педагог талап етеді – студенттер оны бұлжытпай орындайды, педагог сұрақ қояды – студенттер оған жауап қайтарады және тағы басқалары.
Мұндай жағдайда ынтымақтастық жайында, адамгершілік қарым-қатынасын тәрбиелеу туралы, әрқайсысын белсенді іс-әрекетке тарту жөнінде сөз қозғау бекер. Тек адамгершілік, тілектестік өзара көмек пен ынталандырушылық жағдайында студенттер өздерін іштей еркін сезінеді, педагогикалық ықпалына қарай белсенділік танытады, батылырақ сөйлейді. Студенттер бәрінен бұрын талап қойғыш және әділетті педагогтарды ұнатады және бағалайды. Алайда бәрін бірдей емес, өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін адамгершілік, жаны ашығандық, жігерлендіргіштік және көмек берушілік жағдайында танытатын ұстаздарды сыйлайды.
Осындай жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі – оқыту процесі кезіндегі педагогикалық қарым-қатынастардың сыпайылық және әдептілік қағидасы. Адамдар қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебінің нормасы сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерде көрініс тапқан едәуір ұлттық ерекшеліктермен және өзіндік өзгешелігімен сипатталады. Бірақта жалпыға бірдей қағидалар да бар. Егер адамдар өзара түсіністікке қол жеткізгісі келсе, онда олар сол жолға бірдей қағидаларды басшылыққа алады. Бұл қағидалар қарым-қатынас жасаудың, тіл табысудың анық та айқын түрін қолдану қажеттігіне басымдық береді.

1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері

Қазіргі таңда еліміздегі барлық жоғары оқу орындары білім берудің кредиттік жүйесіне көшуде. Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі — әлемдегі білім берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып елімізге қажетті мамандарды сапалы дайындап шығару. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерімен қатар, студенттің ізденуіне, жаңаша көзқарас тұрғысынан келіп, сапалы білім алуына жағдай туғызу. Кредит сөзінің мағынасы – сенім, яғни студентке сенім білдіру арқылы оның білімін көтеруіне, өзіндік ізденісіне, әрбір өтілген тақырыпты шығармашылықпен меңгеруіне жол ашу. Оқытушы әрбір өтілетін тақырыпты жіктеп, жіліктеп түсіндіріп, студенттен сол материалдарды қалай меңгергенін сұрау арқылы оның білімін бағалауды мақсат етпейді. Әрбір өтетін тақырып төңірегінде сол тақырыптың ерекшелігі жайлы, студент аталған тақырыптан қандай мәселелерді меңгеруі керектігі жөнінде бағыт-бағдар береді. Ал студент сол ұсынылған бағыт, түсінік негізінде қажетті, білуге тиісті материалдарды өзі ізденіп, алынатын білімді толық меңгеруі қажет. Оқытушы өзі дайындаған силлабуста студентке берілетін білім мазмұнын, әрбір модульдік бақылау барысында студенттің нені білу қажеттілігін және көрсетілген тақырыптар бойынша пайдаланылатын әдебиеттің тізімдерін жан-жақты көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда,студент үшін силлабус білім алудың, ізденіс жұмыстарын жүргізудің басты бағдарламасы болмақ.
Білім беру жүйесінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері өзіне тән қиыншылықтары болады. Студенттің сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін, әр пән оқытушысы сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн. Оқу орыс тілінде жүретін топтарда қазақ тілін оқитын студент өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жүргізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Тыңдаушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін, оқытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары, жолдары бар. Басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тілін оқитын адамның ана тілінің ерекшелігін ескере отырып, оны үйретудің тиімді жолдарын көрсетудің маңызы зор. Бұл ана тілді оқыту әдістемесінен екінші тілді оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшеліктері болатынын дәлелдейді. Алайда орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту әдістемесімен, орыс тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесімен шет тілдерін оқыту әдістемесімен тығыз байланысты жақтары да күшті. Сондықтан олар бір-бірінен нәр алып, толығып отырады. Тілдерді оқыту әдістемесінің байланыстылығы, жалпы ортақ мәселелердің көптігі соңғы кезде лингводидактика ғылымын туғызды. Қазақ тілін орыс аудиториясына оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу тарихы ұзақ емес. Сондықтан оқыту әдістемесі бұрыннан қалыптасқан шет тілдерді оқыту, орыс тілін оқыту әдістемелерінен оқып, үйренеріміз көп.
Қазақ тілін басқа тілді аудиторияларда оқыту барысында қазақ тілінің өзіндік басты ерекшеліктерін назарда ұстауымыз қажет. Қазақ тілі сөз жасау жағынан жалғанбалы (агглюнативті)

12345След.
скачать работу

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ