Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

емес. Әр модульдің материалы алдыңғы модульге негізделеді, оны жүйелейді және бекітеді.
Дәріс кезіндегі СӨЖ-ң тиімділігі бірнеше факторға тәуелді болатыны мәлім: уәждер жүйесі, әр студенттің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі, оқытушының кәсіби біліктілігі және тағы басқалары. Дегенмен бірінші орынға ұтымды ұйымдастыру факторы қойылады. Басқаша айтқанда дәріс оқыту процесі барлық кезеңде студенттердің жаңа білімге қызығушылығын оятатын танымдық тапсырмаларға (міндеттерге), проблемаларға бай болуы керек.
Осы міндеттерді шешу мақсатында біз инновациялық будандастырылған дәрістер топтамасын пайдалануды ұсынамыз:
- проблемалық дәріс. Оның барысында оқытушы СТҚ-ін белсендіретін проблемалық ахуалдар қояды;
- визуалдық дәріс. СТҚ-ін графиктер, схемалар, суреттер, т.б. арқылы белсендіру;
- жұптық дәріс – екі оқытушы бір дәрісханада, бір тақырыпқа бірлесе оқитын дәріс;
- дәріс-конференция – дәрісханада бірнеше оқытушы студенттер сұрақтарына жауап береді,
- ақыл-кеңес түріндегі дәріс оқытушы студенттерді консультация кезінде белсендіруге мүмкіндік туғызады;
- арандатушы дәріс алынған білімді таңдай алу біліктілігін қалыптастыруға, жаңа материалға бағдарлануға, алдын-ала жопарланған қателіктерді бағалауға мүмкіндік туғызады.
- ауызекі дәріс оның барысында сұрақтар қойылып тыңдаушының белсенділігін арттыра отырып жауап беруі тиіс;
- имитациялық дәріс (іскер ойындар) барысында оқытушы нақты шындықты имитациялайтын ахуал туғызады, миға шабуылдау тәсілімен студенттердің қойылған тапсырманы (міндетті) шешуіне қол жеткізеді.
Жан-жақты дамытылған маманды даярлау мақсатында дәрісханадағы сабақтарда проблемалықты қолдану (оқытудың репродуктивтік әдісімен қатар) қажет. Оған жартылай ізденіс, эвристикалық және зерттеушілік сабақтары жатқызылады. Біз психология курсын оқып үйрету процесінде осы әдістерге басымдылық береміз.
Дәрісханалық сабақтарда СӨТҚ-ін ұйымдастыру процесіндегі оқытушының алдына қойылатын негізгі міндеттерді анықтайық:
- оқу тәрбие жұмысының бүкіл жүйесін тиянақты ойластыру қажет;
- студенттердің ӨТҚ-не басшылық ету процесіне білімді сапалы және толыққанды игерудің ішкі шарты болып табылатын студенттердің ойлау қызметін дамыту қажет;
- болашақ педагогтарды өздік шығармашыл қызметке, рухани және материалдық құндылықтарды тануға (тұлғаға бағдарланған оқыту) белсенді атсалысуға даярлау қажет;
- СӨТҚ-ін педагогикалық басқаруды олардың жаңашылдық және белсенділігін дамытумен үйлестіре білу; дәрісханалық сабақтарда даралап оқытудың да, топпен оқытудың да формаларын қолдану.
Дәстүрлі емес дәрістердің имитациялық моделі (іскерлік ойындар) дәстүрлі дәрістерге бәсекелестік туғызатындығын айта кету керек (соңғысы оқытудың белсенді формасына жол береді). Оқыту формасының қайсысының болмасын өзіндік ерекшелігі бар екендігі мәлім (2 — кесте).

2 — кесте

Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістердің басты ерекшеліктері

Дәстүрлі Дәстүрлі емес
Оқу материалы дайын күйде беріледі, оны оқытушы жүйелейді.
Оқып үйрену жүйесіне қарағанда оқытудың басым болуы.
Тыңдаушылармен кері байланыстың болмауы.
Ойлау қызметінің әлсіз болуы немесе тіптен болмауы.
Оқытушының СТҚ-не жартылай бақылау жасауы.
Жай-күй формальді, академиялық түрде. Материалды әрі қарай тыңдаушы жүйелейтіндей түрде беру.
Оқыту жүйесіне қарағанда оқып үйренудің басым болуы.
Кәсіби ойлаудың, практикалық іс-әрекет дағдыларының дамуы.
Тыңдаушылармен тығыз байланыс орнатылған іс-әрекет.
Кезеңмен бағалау және оқу материалын игеруді толық бақылау.
Жай-күй формальді емес, студентердің ойлау қызметіне ықпал жасайды.

СӨТҚ-н белсендіру бойынша жұмыс процесінде оқытудың бірізділігі мен жүйелілігі ескерілуі тиіс, яғни дәрістік сабақтарда алынған деректер кәсіптік біліктің дамуына ықпал етуі қажет. Оларды қалыптастыру міндеті практикалық және зертханалық сабақтарда, топтық және дербес ӨЖ-р процесінде ерекше орын алуы керек.

2.2 Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері
Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.
Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады.
3 — кесте
Оқу процесін ұйымдастыру түрлері

Теориялық дайындыққа бағытталған Практикалық жұмыстарға бағытталған
лекция,
семинар,
өз бетінше жұмыс,
конференция,
кеңес беру практикалық оқулар,
курстық жобалау,
дипломдық жобалау,
практика,
іскерлік ойындар

Лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған.
Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек.
Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы.
Студенттерге жалпы әсер етудің арқасында оқу материалын жеткізудің лекциялық тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің ықпалы мен дәрісханамен байланысы арқасында ешқандай басқа әдістермен ауыстырылмайды. Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші түрінің барлық әлуеттік мүмкіндіктерін лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану, оларды ғылыми ойлау жүйесіне және дәріскердің ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты.
Лекция төмендегі дидактикалық міндеттерді орындайтын сабақтың негізгі формасы:
- оқытудың міндеттерін белгілеу және негіздеу;
- жаңа білімді игеру үшін ақпарат алу;
- санаткерлік білігі мен дағдысын қалыптастыру;
- теориялық талдауға қызығушылығын қалыптастыру,
- оқытылатын пәнді басқа пәндермен үйлестіру.
Лекцияны даярлау және оқу: әдістемелік аспект. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында лекция қанағаттандыруға тиісті жалпы талаптар қалыптасқан: сабақ берудің идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету; ғылымилық және ақпараттық, яғни студенттерге қазіргі ғылыми деңгейде ашылатын белгілі бір ғылыми ақпаратты жеткізу; дәлелділік және қисындылық, құжаттар мен ғылыми дәлелдемелердің айқын бұлтартпас мысалдарының, фактілерінің және негіздемелерінің болуы; мазмұндау түрінің эмоциональдығы; тыңдаушылардың ойлау белсенділігін арттыру; ретімен қаралатын мәселелердің нақты құрылымы мен шешу логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен жағдайларды әр түрлі әдіспен қайталау; түсінікті тілмен оны мазмұндау, жаңадан енгізілген барлық терминдер мен атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше дидактикалық есіту-көру материалдарын пайдалану.
Лекциялар бір-бірінен баяндалатын материалдың мазмұны мен сипатына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен, әрқашан да кейбір жалпы әдістемелік жағдайларды ұстану пайдалы болады. Ең алдымен, бұл – тыңдаушыларға лекцияның жоспарын хабарлау, кейіннен мұны міндетті түрде қатаң қадағалап отыру. Жоспарға, негізінен, лекцияның негізгі түйінді мәселелерінің атаулары енгізіледі, бұл кейіннен емтихан билеттерін жасауда пайдалануы мүмкін.
Лекциялардың негізгі міндеттеріне қарай төмендегі түрлерге бөлуге болады:
Кіріспе, мотивациялық, даярланған, кіріктірілген, бағдар беру, шолу.
Лекцияның дидактикалық элементтерін бөліп көрсетейік: 1) лекция материалдарын баяндау әдістері;
2) студенттердің бұрынғы білімдерінің жиынтығы;
3) лекция материалдарының мазмұны мен құрылымы;
4) студенттердің жаңадан алған білімдерін бақылау;
5) оқу әдебиеттері және оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).
Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кіріспе лекциялар студенттерді курстың мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен және орнымен таныстыру сипатында, курсқа қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер ондай лекцияларда оқылатын ғылымның мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды, болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын және практикаға қолданылуын көрсетеді. Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың қоғамдық практикамен,

12345След.
скачать работу

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ