ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН САБАҒЫН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Другие рефераты
Қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп жаңаруда. «Білім беру саласын модернизациялау, білімнің базалық құрамдылығын ақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады», — деп елбасы Н.Ә. Назарбаев көрсеткендей, білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту, білім беру мазмұнын жаңарту қажеттілігі болып отыр.
Ерте кезде қолөнер кәсіпшілігінде шеберлік өнері шеберден оқушыға, көбінемсе күнделікті тіршіліктегі іс-әрекеттер арқылы әкеден балаға тікелей ауысып отырған. Ал, қазіргі заманда керісінше – адамға жаңа өндіріс сипатын тез бағытталып, жаңа біліктіліктер мен дағдыларды жылдам үйретіп, әрдайым жаңа технологияны меңгеріп жаңа ақпараттық заман көшіне ілесу қажет. Сондықтан адам баласының «көзі, миы, қолы» міндетте түрде үйлесімді дамуы қажет. Оқушының қандай кәсіпті меңгеруі алдын-ала мәлім емес, бірақ оны ерте кезден, яғни мектепке дейінгі жастан бастап шығармашылық әрекеттерге дайындау қажет, өйтпеген жағдайда көздің көруі мен саусақтар қимылының даму қабілеті төмендейді., өйткені бала қанша жерден зерделі де ынталы болғанымен, кез-келген істе практиканың жоқтығынан өз мүмкіндігін толық игере алмайды. Өйткені тәжірибесі жоқ.
Қазақстандық білім берудің ұлттық моделі әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, көп деңгейлі әрі үздіксіз білім беру сипаттарымен ерекшеленбек. Қазіргі заман талабы өнерде мектепте оқыту немесе оқытпау қажеттілігін дәлелдеу емес, адамзаттың мәдени өркениетті дамуындағы жеке тұлғаның жалпы міндетті көркемдік шығармашылық қабілеттері дамыған белсенді субъект дайындау қажеттілігін берік бекітіп отыр.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнері, қазақ жерінде тұратын өзге халықтар өнері мен мәдениетінің бірлігі ұлттық өзіндік сананың дұрыс қалыптасуының маңызды факторы. Қазақ халқы өзіне жақсысын, әлемдік көркем мәдениеттің озығын, өскелең ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіндегі әлемдік тәжірибелердегі жетістіктерді өзіне алуы тиіс. Ежелден бері келе жатқан Қытай Халық Республикасының бастауыш мектептегі бейнелеу өнерді оқулықтарындағы ерекшеліктерін алып айтсақ. Бұл оқулықтар «оқу ағарту реформасын тереңдетіп, сапа ағартуын жалпы білім беруді өрмелету жөніндегі қаулысын» басшылыққа алған.
9 жылдық міндетті ағарту түзішіндегі бейнелеу өнері оқулығын мемлекеттік өлшемі «негізінде орта бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері» жөніндегі жалпы бетті ағартудағы білім беру бойынша құрастырылған оқулықтар, бұл оқулықтар адамдық қасиетке баулиды, шығармашылыққа, сабырлыққа бір істің нәтижесін шығаруға көмектеседі және де осы өнер арқылы рухани жігерлендіреді.
Бастауыш сынып оқушысы сурет салу үрдісінде заттың формасын, тепе-теңдігін, перспективалық қысқаруын заттың түсін көру арқылы қабылдай отырып заттың қабылданатын ерекшеліктерін сараптайды, салыстырады, қорытындылайды. Кез келген бейнелеу әрекеті ойдың жұмыс жасауынан, яғни анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау абстракция және нақтылау арқылы іске асады. Анализ дегеніміз тұтас нәрсені ойша бөліктерге бөлу, яғни бөлшектеу, құбылысты және қырлары арқылы белгілеріне, қасиетіне бөлу. Синтез – керісінше жеке бөліктерді ойша біріктіру. Анализ бен синтез шындықты тануда ғана емес, сезіну мен қабылдау үрдісінде де қатысып отырады.
Бейнелеу өнерін қазақтың сәндік қолданбалы шығармашылығы арқылы оңтайландыру оқытуға мүмкіндік береді.
Қытай Халық Республикасының кітаптарындағы ерекшеліктеріне тоқталсақ, оқушылар өжеттілік пен жаңалық жасауға батылдықпен елестетуге белсене ой жүгіртуге талпынады. Мысалға тербелмелі ойыншықты айтсақ оқушылар көптеген материалдарды пайдалана отырып, өздері ойлана отырып, тербелмелі ойыншық жасайды. Оған қажетті материалдардың бәрін оқушылар өздері үйлерінен әкеледі. Мысалы, серіппе, іші бос жұмыртқа қабығы қағаз, стақан, сурет қағазы, көне суреттегі қағаз, қағаз цлиндр, бояу, қайшы, желім сияқтыларды дайындайды. Бұл жұмысты оқушылар өз бетімен істеу арқылы шығармашылық ойлары дамып, қолдары жетіліп келесі бір жұмысқа деген қызығушылығы оянады.
Тағы бір мысал келтірсек, «Алқа жасау» туралы. Алдымен оқушыларға үйден өздеріне керекті материалдарды жинап әкелуді тапсырамыз. Мысалға осындай материалдар керек: түрлі түсті қағаз, жемістердің сүйегі, ағаштың жапырақтары, далада өскен гүл, ұсақ маржандар, ине жіп және скотч сияқты материалдарды жинайды. Оқушынгың көрсеткен алқа суреттеріне қарап оқушыларды алқа жасауға деген қызығушылығын, яғни шабытын оятамыз. Үйден әкелінген құралдарды қолдана отырып, өздеріне ұнайтын әшекей бұйым жасауға үйретеміз. Бұнда белгілі бір қатып қалған заңдылық жоқ, бұл шығармашылық болғандықтан, оқушыларды еркін қозғалуға, қолындағы әшекейді еркін жасауға мүмкіндік бере отырып, оқушының қолын дамытамыз.
Мен осылай оқушыларды еркін шығармашылыққа үйреткім келеді. Мысалға, мен қазір студентпін, бірақ мен Жамбыл атындағы №4 мектепте практика өту барысында қолданып көрдім. Мен оқушыларды өнерге қызықтыру үшін, бейнелеу өнері сабағында ермек саздан қоян жасаттым. Оқушылардың барлығы қызығушылықпен іске кірісті. Мен алдымен өзім үйлен жасап әкеліп қалай жасайтынымды көрсеттім. Әр бір бала өз бетінше жұмыс жасайды. Кейіннен сол жасаған жұмыстарымызды салыстырдық. Оқушылардың бәрі де қабілетті, зерек екені көрініп тұр. Барлығының жұмыстары өте тамаша.
Әрбір ұстаз осылай өз шәкіртіне өз білген білімін көрсетсе екен. Ол үшін ұстаздың білімділігі мен біліктілігі мықты болу керек. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген ғой қазақ атамыз. Ендеше біз, студенттер ертеңгі өз шәкіртіміз үшін аянбай еңбектенуіміз керек.
Сымағұл Гүлжа
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. С.Ә. Аманжолов
| | скачать работу |
Другие рефераты
|