Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары

олардың шығындануы туралы ешбір куәлігі болмай-ақ келе алады. Соған қарамастан, тасымал құрамына ұшақ бортында ұсынылатын тағам және ішімдіктер, билет түбіртегі мен журналдар сияқты сезілетін өнімдер жатқызылады. Соңғысы, тасымал бойынша қызмет көрсетуде ұшақ сияқты капитал сыйымды тауар қажет, бірақ ұсыныстың негізгі бөлігін қанша дегенмен қызмет көрсету құрайды.
4. Таза қызмет көрсету (a pure service). Мұнда ұсыныс бірінші кезекте қызмет көрсетуден тұрады. Таза қызмет көрсетудің мысалы ретінде психотерапия және массажды алып қарауға болады. Психоаналитик бірден-бір сезілетін тауар оның кеңсесі болып табылатын таза қызмет көрсетеді.
Котлердің пайымдауынша, қызметтер сонымен қатар олардың персоналды қажеттіліктерді (personal needs) – персоналды қызмет көрсету (personal services) немесе кәсіпорын қажеттіліктерін (business needs) қанағаттандыруға бағытталғандығына байланысты жіктеледі. Дәрігер оның пациентінің жеке тұлға немесе медициналық қызметке (an employee on a retainer) шарт жасаған компания қызметкері болып саналатындығына байланысты түрлі ақы алады. Қызмет көрсетушілер көбіне жеке қызмет көрсету немесе кәсіпорындарға қызмет көрсету нарығы үшін түрлі маркетинг бағдарламаларын әзірлейді.
Сонымен, қызмет көрсетушілер пайда алуға (profit) бағытталған өздерінің түрлі мақсаттары бойынша (objectives) немесе коммерциялық емес (пайдасыз — nonprofit) қызмет бойынша, сондай-ақ меншік сипатына қарай — жекеменшік (private) немесе қоғамдық (public) болып бөлінеді. Бұл сипаттамаларды қиыстыру нәтижесінде сервистік ұйымдардың төрт түрлі типі қалыптасады. Жекеменшік капиталы бар аурухананың маркетингтік бағдарламасы қайырымдылық қорымен құрылған ұқсас мекеме бағдарламасынан қатаң түрде өзгешеленетіндігі айтпаса да түсінікті.
Қазіргі кезде маркетингте қызметтерді жіктеудің негізін әзірлеу жеткілікті түрде болғандығынан қарамастан, бұл процесті толығымен аяқталды деп есептеуге болмайды. Керісінше, көптеген мамандардың пікірінше, революциялық өзгерулер кезеңіне өтуде, қызмет көрсету саласы жаңа-жаңа маркетингтік идеяларды талап етіп отыр. Соның ішінде, мұндағы күрделі катализатор болып ақпараттық және биотехнологиялар, сондай-ақ телекоммуникация құралдары шығып отыр.
Біздің ойымызша, сервис әлемі жаңа өлшемге қадам жасап та үлгерді, онда басқарушы компаниялар жауап беруге мәжбүр болатын классикалық сұрақтармен қатар – біз қандай бизнеспен айналысып отырмыз? алғашқы сұрақтардың бірі болып – біз қандай нарықтық кеңесте қызмет етпекшіміз? сұрағы туындайды.
Бұрынғы дәстүрлі бірыңғай нарықтық кеңістік қазір екі құрамдас бөліктен тұрады:
• нақты өмірде бар – нақты нарықтық кеңістік (ННК) және
• виртуалды шындықта бар – виртуалды нарықтық кеңістік (ВНК).
Қызметтердің коммерциялық жіктеуіне осы жаңа белгіні енгізе отырып, біз сонымен қатар нақты бар шындықты да көрсетеміз.
Батыс мамандарының пікірінше, жақын болашақта банктік мекемелерді революциялық түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Телекоммуникациялар мен есептеу техникасы құралдары миллиондаған қызметкерлерге үйде жұмыс істеуге мүмкіндік тудырады. Әкімшілік ғимараттар мен қызметтік үй-жайлар қажеттілігі төмендейді. Қызметкер үшін үй ақпараттар өңделетін жұмыс орнына айналады.
Бұл жолда алғашқы қадам жасалып та қойды. 1995 ж. қазанда АҚШ әлемдегі алғашқы виртуальды банк ашылды (Security First Network Bank). Ол өз клиенттеріне төлемдер жүргізуді және өз баланстарын тексеруді World Wide Web арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірақ клиенттер банктің жергілікті бөлімшесіне бара алмайды, себебі ол Internet желісі бойынша жұмыс істейді. Бұл банктің мекен-жайы: http:// www. sfnd.com. Банк клиенттері АҚШ-тың 45 штатында орналасқан. Олар чектер мен депозиттік шоттар бойынша операциялар жүргізеді, электрондық бюджетті жүзеге асырады. Банк жоспарында – құнды қағаздардың виртуальды саудасы, несиелік карточкалармен операциялар жасау, ипотекалық несиелеу және тұтынушылық қарыздар беру. Ал оның ғаламдық мақсаты – нақты уақыт режимінде тәулік бойы интерактивтік банктік қызмет көрсету. Виртуалдау келешекте банктің қызметкерлерге және күрделі құрылысқа жұмсайтын шығындарын азайтады. Security First Network Bank 1 жыл мерзімдегі және 1500 доллар ең төменгі мөлшердегі депозиттік сертификаттарға жылдық 6% төлейді – бұл басқа банктерге қарағанда аса көп.
Мұндай өзгерістерді ынталандыратын факторлардың бірі болып клиент уақытын үнемдеу мүмкіндігін кеңейту саналады, бұл олардың аса жылдам әрі қолайлы қызмет алуына талпыну мүмкіндігін туғызады. Бұл әдеттен тыс, бірақ электрондық байланыстар өндірушілер мен қызмет тұтынушылар арасын жақындастыруға ықпалын тигізеді. Сервистік ұйымдар қызмет көрсетуді қазіргі технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру мүмкіндігін күннен-күнге терең түсініп келеді.

1234
скачать работу

Тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен жалпы сипаттамалары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ