Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына

арасын­да шекаралық қауіп­сіздік пен сенімді нығайту және әскери күш­тер­ді өзара қысқарту жөніндегі келісім түрінде дүниеге келген ұйым жаңа сапа­лық дең­гей­ге көтерілді. Шан­хай ынтымақтастық ұйымы хар­тиясына, Ай­мақтық терроризмге қарсы құры­лым жөніндегі келісімге және Шанхай ынты­мақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер бас­шы­ларының Деклара­ция­сына қол қойылды. Бар­лық тараптар бұл құжат­тар­ды жоғары бағалап, әлемдік саясатта нақты­лыққа айналған ірі тарихи оқиға деп мәлімдеді.

Осы 2002 жылы Қазақстан үшін де, Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне мүше болған басқа да мемлекеттер үшін де саяси-стратегиялық мәні ерекше тағы бір шешім қабылданды. Каспий жағалауында бас қосқан Армения, Беларусь, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Ресей мен Тәжікстан республикаларының президенттері Орталық Азиядағы ұжымдық жедел әрекет күштерінің тұрақты оперативтік тобын қар­жы­ландыру, бірлескен әскери штаб құру, әс­кери-тех­никалық саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін тиянақтады. Енді Орталық Азия мем­лекеттерінің оңтүстік шебіне сыртқы күштердің қаупі төнген кезде барлық мүше мемлекеттер бірігіп тойтарыс бере алатын еді. Мұны Қазақстан Президенті «қамсыздандыру полисі» деп атады.

2002 жылдың Қазақстанда туған ой-ұсы­ныс­тар­дың түпкі мәнін жаһан да, ғаламның бір бөл­шегі – ТМД елдері де бұрынғыдан да терең ұғын­ған, ынтымақтастықта ұйытқан жайдары жүзді жыл болғанына айғақ көп. Еуразиялық экономи­калық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесі­нің ке­зекті мәжілісі соның бірі ғана. Осы қауым­дас­тық­тың құрылуына Қазақстан Президенті ұйытқы болғаны белгілі. Әлемде жаһандану үрдісі белең алған кезде ұлан-ғайыр кеңістіктің эконо­ми­калық мүмкіндіктерін үйлестіре даму мақсатынан туған Еуразия идеясы уақыт өткен сайын өмір­шеңдігін дәлелдей түскен еді. Осы мәжілісте қауым­дастық та­мырын тереңге жая алатынын көрсетті. Нұр­сұл­тан Әбішұлы төрағалық еткен басқосуда әлемдік қаржы-экономикалық өзгерістер кезінде қауым­дас­тық­тың ішкі рыногын қорғауы, өзара саудада демпингке қар­сы және өтемдік шара­ларды қолданбау, терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күрес, басқа да өзекті мә­селелер дәйек­телді. Эко­но­ми­калық қауым­дас­тық­тың болашақта эконо­ми­ка­лық одаққа айналуын мүше елдер басшылары қол­дай­ты­н­­дық­тарын білдірді.

2002 жыл осылайша ай­мақтық саяси-әлеумет­тік, эко­­­номикалық тағдырлы ше­­­шім­дерге толы жыл бол­ды. Еуразия құрлығы Қа­зақстанды өзара ық­пал­даса өркен­деу­дің ұлағатты ша­ңы­рағына ай­нал­дырғандай еді. Ала­таудың бау­райын­дағы Ал­ма­ты мен Сарыарқаның төсіндегі Ас­танадан шар­та­рап­қа жаңа ғасырдың тың ой-байламдары тарап жатты. Қазақстан және оның Президенті, әсіресе, Азия құрлығы үшін барынша тиімді өмірлік шешімдерге ғұмыр берді. Ал­маты­да Азиядағы өз­ара іс-қимыл және сенім шара­лары жө­нін­дегі ке­ңес­тің бірінші саммиті табысты өтіп, «Ал­маты актісі» қабыл­данды. «Он жыл бұ­рын, БҰҰ Бас Ас­самблея­сы­ның 47-ші сессия­сына қатысушылар, – деді саммитті ашу кезіндегі сө­зінде Нұрсұлтан Назарбаев, – осы заманғы өзекті проблемаларды тал­қы­­лау, ХХІ ғасыр сынақтарына барабар шараларды талдап жасау үшін Азия мемлекеттері басшы­лары­ның тұрақты әрекет ететін кеңесін шақыру туралы менің ұсынысыма түсіністік танытып, қолдау білдірген бола­тын… Мен жоғары деңгейде Кеңес ша­қыруды бү­кіл Азия аумағының 90 пайызын алып жатқан мемлекеттер қолдағанын қанағатпен атап айтқым келеді. Оларда үш миллиардқа жуық халық, яғни Жер шары халқының жартысы тұрады. Азия мемлекеттерінің жиын­тық эко­номикалық әлеуеті таң­да­нарлық және жа­һан­дық экон­оми­ка­ның сүбелі факторы болып та­бы­л­ады. Азия елдеріндегі жалпы ішкі өнім долларлық ба­ла­мада 13 триллионға жуықтайды».

Қазақстан Президенті осынша қуатты, өзара ық­палдасу бағытында жаңа келісімдерге келу ар­қылы одан да қуаттана алатын Азияны ауқымды қақты­ғыс­тарға ұрынбауға, жағдайды ушықтырмау үшін бір-бірімен өзара қарым-қатынаста ұстамды­лық пен жауаптылық танытуға шақырды. Алматы актісіне бірқатар ТМД мемлекеттерімен бірге Египет, Үн­ді­стан, Иран, Израиль, Қытай, Пәкстан, Ре­сей, Түркия, Моңғолия президенттері қол қойды.

Қазақ елі осылай әлем төріне өрледі. Халық­ара­лық саяси кеңістікте жаңа кемелді мемлекет пай­да болды. 2002 жыл әлемнің күнтізбесіне құр­лық­тар мен елдер тағдырлары тоғысқан сәтті кезең ретінде жарқын жүзбен енді.

* * *

Республикамыздың осы жылдағы әр қадамына сыртқы елдердің бұқаралық ақпарат құралдары тұрақты назар аударып келіпті. Солардың ішінде Ресейдің «РИА Новости» ақпараттық агенттігінің тыңғылықтылығы еріксіз назар аудартады. Агенттік 2002 жылғы 26 ақпанда Нұрсұлтан Назар­баев­қа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық сыйлық тапсырылғанын хабарлаған. Қазақ-түрік универ­си­тетінің осы сыйлығына бұдан бұрын Түркия президенті Сүлейман Демирель ие болған еді.

Елбасы осы жылдың 7 сәуірінде Дүниежүзілік банктің президенті Джеймс Вулфенсонмен кездескен. Екі жақ құны 700 миллион доллар біріккен бағ­дар­лама әзірлеу үстінде екенін мәлімдеген. Ал 29 сәуір­де Президент өлім жазасына мораторий жария­лау­ды ұсынады. 9 қыркүйекте Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Астанада екі елдің шек­ара­ларын реттеу жөніндегі келіссөз ой­да­ғы­дай аяқтал­ғанын мәлімдейді. Бұрын даулы болып келген үш бөлік туралы ортақ шешім қа­был­­данған. 17 қазанда Қазақстанның елорда­сында Нұр­сұлтан Назарбаев пен ЕурАзЭҚ-тың бас хат­шы­сы Григорий Рапота қауым­дас­тық шеңберінде бірыңғай энерге­ти­калық кеңістік құру мүмкін­дік­терін талқылады. 24 желтоқсанда ел Президентінің Қытай Халық Респуб­ликасына сапа­рын Ху Цзиньтао жоғары бағалайды. Пекин университетінде сөз сөйлеген Қазақстан басшысына Құрметті доктор атағы беріледі.

2002 жылы жарық көрген түрлі ақпарат құ­рал­дарын парақтасаңыз журналистерге Прези­денттің есігі ашық болғанын көресіз. Жиі сұхбат берген, «төртінші билік» өкілдерінің Қазақстанда өткен фо­румдары мен жиындарына түгел қатысып, жур­налистиканың халық, мемлекет өміріндегі ықпалы туралы ой бөліскен.

Жалпы алғанда, осы жылды – журналистер жы­лы болды десек те артық емес. 26 сәуірде Ал­ма­т­ыда Бірінші Еуразиялық медиа-форум жұмысын баста­ды. 13 наурызда Астанада Қазақстан жур­на­лис­тері­нің бірінші конгресі өтті. Маусымның соң­ғы күн­дерінде Лениногорда басталған «Еуразия шеңбері» жас журналистер форумы кенді Алтайдағы Риддерде аяқталды.

Бұлардың қай-қайсысы да әлемдік ақпараттық кеңістікке талпынған Қазақстан үшін қаншал­ық­ты маңызды болса, өзара ықпалдаса өркендеуге, орын алып келген және көрініс тауып отырған кереғар­лық­тарды пәтуамен реттеуге пейілді жаһан үшін де мәнді еді. Соған орай Бірінші Еуразиялық ме­диа-форумға алыс-жақын елдердің ықыласы ерекше болды. Оның жұмысына ғаламның 63 мемлекетінен 400-ден астам делегат қатысты. Олардың ара­сында аузы дуалы, құрлықтар түгел таныған көр­некті мемлекет қайраткерлері, өткір ойлы та­ны­мал журналистер, төрткүл дүниеге жағалай хабар тарататын, мемлекетаралық саясатта ықпалды те­лерадио агент­тіктерінің басшылары, шығарма­шы­лық дарынын шартарап құрметтеген қаламгерлер бар еді.

Медиа-форумның жұмысына Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың қатысып, сөз сөйлеуі оның маңызын арттыра түсті. Елбасы әлемдік тұрақтылықта Еуразия құр­лы­ғының, оның ішінде орналасуы жағынан геосаяси ықпалы айтарлықтай Қазақстанның жаһан­дағы жаңа рөліне жан-жақты тоқталды. «Каспий ХХІ ғасырдағы дамудың аса маңызды энерге­ти­калық базасына айналуда, – деді Президент. – Атлант және Еуразия саясаты нақ осында қиы­лы­сады деп белгіленуде. Сондықтан да, біз мұнда мүдделердің ымыраласпас тайталасына жол бермеуге тиіспіз. Бүкіл әлем үшін мұнда тұрақтылық пен ынты­мақтастық аймағының болуы өте маңызды».

2002 жылдың айтулы саяси-рухани оқиға­ларының біріне айналған осы медиа-форум де­мо­кратиялық ұстанымдардың негізгі көрсет­кіш­тері­нің бірі болып табылатын сөз бостандығы Қазақ­станда әлемдік талапқа сай екендігін көр­сет­ті. Республика бұл салада да ТМД елдерінен оқ бойы озық еді. 13 наурызда Астанада өткен Қазақстан журналистерінің бірінші конгресінде осы алғы қадамға лайықты баға берілді, ақпарат құ­рал­дары еркін бола отырып, халық пен мем­лекеттің мүдд­е­сі­нен тыс қала алмайтындығына назар аударылды. Конгрестің шақырылуын әуел­ден қолдаған Президент онда да бағдарламалық сөз сөйледі. Осы конгресте Елбасы БАҚ-тағы мемлекеттік тіл туралы тұғырлы ой қозғады. Телеарналарда отандық кинофильмдер, мультфильмдер, архив материал­дарын көрсетудің есебінен мемлекеттік тілдегі хабар тарату ауқымын толтыра алуы керек. Қазақ тіліне аударылған әлем киносы алтын қоры­ның екі мыңнан астам фильмдері сүрленіп жатыр. Ана тіліміздегі радио-теле бағдарлама­лар­ды да­йын­дау үшін мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін мақсатты түрде арнайы бөлу керек. Нақ осы нұсқау, Президенттің ақпараттағы тілді мемлекеттік тұрғыдан қолдау жөнін­дегі тап­сырмасы тарихи мәнге ие болды десек, орын­ды айтқанымыз. 20

123
скачать работу

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ