Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына



 Другие рефераты
Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат Наурыз — бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ ӨЗ ОТАНЫН ШЕКСІЗ СҮЮІ КЕРЕК Ел мен Ер

Он жыл бұрын, 2001 жылдың көктемінде басылым бетінде «Тәуелсіздік толғауы» атты айдар ашылып, оның аясында тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, артар жауапкершілігі, қояр тала­бы, берер мүмкіндігі туралы мақалалар жариялана бастаған болатын. Сол айдардың ая­сында кезінде жүзеге асқан жобаның бірі – тәуелсіздік белестерін жыл-жылымен әңгімелеп шығу еді. «1991», «1992», «1993»… «2001» деген тақырып­тар ғана қойылған ол мақалалар ав­тор­ларының арасында Зейнолла Қабдолов, Камал Смайылов, Манаш Қозыбаев, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Қуаныш Сұлтанов сияқты ай­тулы қаламгер-қайраткерлер болып еді.

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына «Егемен Қазақстан» осы дәстүрді жалғастырып, 2002-2011 жылдар аралығындағы  белесті кезеңдерді қамтитын мақалалар циклын жария­лауды бас­та­ғалы отыр. Ол мақалалар жұртшылық кү­тіп жү­ре­тін «етжеңді» нөмірлерде жария­лан­бақ. Ал­ғаш­қы мақаланы оқырман назарына ұсынамыз.

2002 жыл, соған дейінгі және осы кездегі іс-әрекеттерімізді, жоспарлар мен нәтижелерімізді са­рап­қа салсақ, сол амалды тапқан елдің өмірді тү­бегейлі өзгертуге батыл бет бұрған жылы бо­лыпты. Қазақстан дербес ту көтеріп шыққан сонау тоқсаныншы жылдарда есімдері жаһанға мәш­һүр кейбір қайраткерлер экономикасы құл­дыраған (1990 жылы инфляция 3000 пайыздан асып түсті) көп ұлтты елдің саяси ғұмыры ұзақ бол­майды деген болжамынан бас тартып, рес­пуб­ликамызда жүргізілген реформаларды ТМД мемлекеттеріне үлгі етуге көшіпті. Бізде жүзеге асырылған, жедел әрі нәтижелі жүзеге асырыл­ған шараларға әлемнің дамыған елдері назар ауда­ра бастаған. Кешегі Одақтың тұсында өнер­кәсібі айтарлықтай дамыған Ресей, Украина, Беларусь секілді елдерді бар-жоғы он жылда артта қалдырған Қазақстанның әр жылы зерттеу ны­са­ны­на айналды. Алыс та, жақын да ұшқыр за­ман­ға тез бейімделген елді сенімді әріптес деп таны­ды. Соның көп айғағының бірі – Америка Құра­ма Штаттары Конгресінің жиырма бір мүшесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа осы елге ресми сапарынан соң жазған хат.

Аталған хат «Егемен Қазақстан» газетінің 2002 жылғы 1 ақпан күнгі санында жария­ланды. «Құрметті Президент мырза! – делінген онда. – Бізге Сізді халықты тәуелсіздіктің алғашқы он жыл­дығымен және басқа көптеген ұлы жетіс­тік­тер­­мен құттықтау бір ғанибет. Біз орта­лықтан­ды­рыл­ған жоспарлы экономикаға негізделген тота­ли­тарлық коммунистік қоғамнан күн сайынғы өсімді көрсетіп отырған қауырт даму үстіндегі эко­номикасы бар шынайы ашық және демо­кра­тия­лық қоғамға көшу барысында Қазақстан қол жеткізген таңданарлық табыстар­мен құттық­тай­мыз… Біз Құрама Штаттар Қаза­стан арқылы шы­найы дос тапты деп білеміз. Біз Қазақстанда және оның төңірегінде бейбітшілікті, демо­кра­тия­ны және тұрақтылықты орнық­тыру­дағы Сіз­дің көш­бас­шылығыңызды жоғары бағалаймыз. Біз Сізге және Қазақстан халқына алдағы барлық онжыл­дық­тарда көптеген табыс­тарға жетуді тілейміз».

Қазақстан 2002 жылды әлемнің ең әлді мем­ле­кетінің алдындағы осындай зор беделмен бас­та­ды. Экономикалық көрсеткіштер бойынша Шы­ғыс Еуропа елдерімен үзеңгі қағыстырды. Ішкі жалпы өнімнің осы тұстағы нақты өсімі Польша мен Венгрияда 25 пайыз болса, Қазақ­стан­да 26 пайызға жетті. Батыс сарапшылары бізде қалыптасқан қаржы жүйесін ТМД-дағы үз­дік жүйе деп бағалады және әлемдік стан­дартқа сай келетіндігін атап көрсетті. Эконо­ми­каның тұрақты өсуіне барлық негіз қаланды.

Президент «Независимая газетаға» берген сұхбатында елдегі осы оңтайлы ахуалды сипаттай келіп: «Нобайлап айтқанда, бұл дамудың «экстре­мал­дық», «дағдарыстық» моделінен жұрт «тірлік ету» емес, қалыпты өмір сүріп, еңбек ететін үйле­сімді адами қоғам құруға біртіндеп өту»,  деген еді.

Сол тұста «Қазақстан» телерадиокор­пора­ция­сында жұмыс істеген біздер, журналистер, осы игі өзгерістер елдің көңіл-күйін көтере баста­ға­нын аңғарып жүрдік. Студияға әр өңір­ден әлеу­мет­тік-тұрмыстық қиындықтар тура­лы ағылып келіп жататын шағым-талаптар күрт азайды. Оның орнына жер үлесін пайдалану, несие алу, өндірілген өнімді өткізудің жол­дарын сұрастыр­ған хаттар көбейді. Бір сөзбен айт­қан­да, ел өзінің шаруасын дөңгелете бастаған еді. Нарық санаға да, тұрмысқа да бойлап еніп келе жатты.

Мемлекет жаңа даму кезеңіне қадам басты. Енді бұрын мүмкін болмаған міндеттерді шешуге кірісу керек еді. Президент ол міндеттерді жыл­дың басында, қаңтар айында Үкімет мүше­лері, барлық деңгейдегі әкімдер бас қосқан ке­ңес­те айқындап берді. Олар: республикалық бюд­жет­тің әлеуметтік бағытталуы, терең эко­номикалық талдау мен жоспарлау, концепциялар мен бағ­дарламалардың орын-орнына қойыл­ған жүйесі, өндірістік емес саланы және әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау.

Осы орайда айта кетейік, мемлекет 2002 жылы халыққа әлеуметтік қарыздарды алғаш рет толығымен өтеді. Бірінші қаңтардан бастап ай­лық пен зейнетақы өсірілді. Мұнымен қатар ел­дің алтын-валюта қоры артты. Республика енді қар­жыны экономикаға бөлумен бірге білім, ден­саулық сақтау, мәдениет салаларына мақ­сатты түрде бағыттай бастады. 2002 жыл Президент Жарлығымен Денсаулық жылы деп жа­рияланды. Үш негізгі міндет таңдалып алынды: халықтың денсаулық жағдайын жақ­сарту, ден­сау­лық сақтау жүйесіне мемлекеттік қолдау көр­сету, саламатты өмір салтын насихаттау.

Көптеген өмірлік маңызы бар шараларды қиын-қыстау жылдардың өтінде жүріп жүзеге асырған Қазақстан сол күндерде соншалықты биік болмаса да ең ауыр, ең тайғақ асудан асып, қарсы алдындағы Алатаудай асқарға жігерлі көз салып отырған жолаушыны елестетіп еді. Ат-тұрманы сай, тек желдіретін жерде желіп, аяң­дай­тын жерде тізгін тартып отыру керек. Елба­сы­ның сөзімен айтсақ: «Жай жүрсең – қасірет қуып жетеді, қатты жүрсең – қасіретті қуып жетуің мүмкін». Әр істің, ол кезеңдік пе, әлде ұзақ мерзімді ме, өз кезегі бар. 2002 жылы мемлекеттің назары ауылға ауды. Мұның да себептері мен дәйекті негіздері бар еді.

Аграрлық секторда 1998-2001 жылдар ара­лы­ғын­да жүргізілген реформа барысында 2284 ша­руа­шылық тоқырауға ұшырады, яғни банкрот деп жарияланды. 2002 жылдың қар­саңында 1981 ша­руа­шылық таратылды. Соның нәти­же­сінде, ауыл ал­ғашқы дағдарыс кезеңінде белшеден батқан қа­рыз­дан құтқарылды. 35 мың жеке шаруа қожа­лық­тары құрылды. Олар ойдағыдай нығаюы үшін несиемен тиімді жұмыс істеуі керек еді. Алайда, ипо­текалық несие алу үшін жерді кепілге салудың нормативтік-құқықтық ба­з­асы реттелмеген. Жерге жеке меншік заңд­ас­тырыл­маса, оны жасау да мүм­кін емес-ті. Осы­ған сәй­кес Президент 2002 жылы сәуір айында жария­ланған Қазақстан халқына Жол­дауында Үкіметке «Жерге жеке меншік тура­лы» заң жо­ба­сын жасап, Парламентке ұсынуды тапсырды.

Бұл жылды еске алғанда осыған арнайы тоқталуымыздың себебі бар еді. Заң жобасы Пар­ламентте барынша қызу талқыланды. Жерге мемлекеттік меншікті жақтаушылар халықтың едәуір бөлігінің қолдауына ие болды. Ұлттық мүд­деге жүрекпен қарайтын шығармашылық элита жер сату отанды сату деп дабыл қақты. Қайсыбір топтар оған саяси астар беріп, қазақ халқының тарихи құқына қол сұғу түрінде айыптады. Ал Парламенттегі пікірталас негізінен жер телімдерін оларды шартты иеленушілерге тегін бөліп беру, жеке меншікке сатылатын жердің көлемі, оны анықтап бөлудегі жергілікті биліктің құқы секілді өткір мәселелер төңірегінде өрбіді. Жерді сатудан түсетін қаржы туралы да дау туды. Осы және басқа ой мен мүдде қайшылықтары шиеленісе келіп, жыл өткеннен кейін Үкімет отставкаға кетті. Соңы осылай аяқталған жер заңы 2002 жылдың елеулі оқиғасы болды десек қателеспейміз. Бұл тәуел­­сіз­­дік­тің ел ұғымындағы кейбір құнды­лық­тары нарық атты экономикалық жүйенің қағида­лары­мен бірден қабыса қоймайтынын көрсетті. Ұлттық сезім мен сана нарықтануы үшін уақыт керек еді.

* * *

Еңсесін тіктеп, қазақ есімді байырғы халықты жаһанға жария еткен, Президент сөзімен айтсақ: «Ұлттың беделін қайтарып берген» жас мемлекет өткен он жылда игерген жетістіктерін одан әрі баян­ды ету үшін ғаламмен қанаттаса өркендеуге тиіс­ті. Сондықтан да 2002 жыл Қазақстанның әлем­мен тығыз қарым-қатынас орнатуға арналған іс-шараларына толы болды. Елбасының ақпан айын­да қауырт дамып келе жатқан Үндістанға са­пары Еуропа мен Қытайда жалғасты. Осы ал­ғаш­қы сапарда Президент Үндістан – Қазақстан бірлескен декларациясына қол қоюмен бірге 15 миллион халқы бар Дели қаласындағы бір көшеге қа­зақтың ұлы ақыны Абай есімінің берілу сал­та­натына қатысты. Миллиардтан астам үнді халқы қазақтың ұлттық рухына осылай құрмет көрсетті. Бұл Алаш жұртының жаһанға экономи­калық әл-қуатымен, саяси парасатымен танылу­мен бірге рухани жақындасуының жарқын көрінісі еді.

Халықаралық қатынаста осылай жемісті бас­тал­ған жыл Қазақстанның, оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық қана емес, әлемдік мәнге ие болған аса маңызды идея­ларының салтанат құрған жылына айналды. 2002 жылдың 7 маусымында Шанхай ынты­мақтастық ұйы­мының саммиті өтті. 1996 жылы Елбасы тікелей ұйытқы болып, Ресей, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Қытай мен Тәжікстан мемлекеттері

123
скачать работу


 Другие рефераты
Методы и средства контактных электроизмерений температуры
Развитие творческих способностей ребенка
Российский Федерализм: проблемы формирования отношений нового типа
Культура эпохи Античности


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ