Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына

02 жылы қазақ тіліндегі ха­бар­лардың үлесі барлық бағдарламалардың елу пайызын құрауы жөнінде талап қойылуы және оған ұлттық мән берілуі рухани өмірі­міз­дегі елеулі жеңіс еді. Елбасы осы конгресте қазақ тілді басылым­дардың беделі биіктеп келе жатқанын атап айтты. «Мемлекет тара­пынан қабылданған ша­ра­лардың еш­қай­сысы да журна­лис­тер­дің өзінің ынтасы мен іскерлігінсіз пәрменді болмайды. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газеті бір жылдың өзінде таралымын 27 мың данаға арттыра алды. Міне, осындай БАҚ-тарға қолдау көрсету керек», деді Президент (2002. Один год Президента. А., 2003., 235-бет).

2002 жылы Қазақстанда БАҚ-қа осынша мән берілуі республиканың саяси-экономикалық қуа­ты руха­ни-әлеуметтік өзекті міндеттермен нақты айна­лы­суға толық мүмкіндік туғызғанын көрсе­теді. Осы жылы қазақ журналистикасы жаһанға құлаш ұрып, әлемдік ақпараттық кеңістікке сәтті кіріге бастағанын дәлелдеді.

* * *

Тәуелсіз елдің жүріп өткен жолын көз алдың­нан өткізсең, уақыт жағынан алғанда сон­ша­лық­ты қысқа, атқарылған істер тұрғысынан қара­ған­да соншалықты ұзақ екенін аңғарасың. 2002 жыл­да тындырылған әлемдік, елдік, аймақтық ау­қым­дағы шаралар, бейнелеп айтқанда, ғасырға жүк болғандай. Олардың қай-қайсы да маңызды, шұғыл әрі өміршең. Қазақстан Президентінің ақыл-парасатымен және табандылығымен жү­зеге асырылған қыруар жұмыс бүгінгі күннің мұра­тын қамти отырып, болашаққа құлаш ұрады. Өз ішіндегі арман-мұраттарды тиянақ­та­ған ел енді алыстағы ағайынға жүрек жылуы­мен қарап, ға­сырлардың қолдан шығарып алға­нын түген­деуге кіріскен. Ертеңгі күнге әлемдегі бауырлармен бірге аттануды көксеген.

23 қазанда екі дүниенің есігі, ер түріктің бесігі – Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құ­рыл­тайы басталды. Еуропадан, Азия мен Ресейден, қиырдағы Қытайдан қандастарымыздың ыстық сә­ле­мін үкілеп жүздеген еншілесіміз жетті. Атажұрт­ты бір көру арман болған аға-қа­рын­дасқа қазақ да­ла­сы қуанышпен құшақ жай­ды. Атамекеннің ай­бын­ды да абыройлы екенін паш еткенше асықты. Құ­рыл­тайда сөз сөйлеген Президент Қазақстанның сырт жерлерде тұратын отан­дастарға соңғы он жыл бойы ұдайы қамқорлық көрсетіп келе жатқанын, бұл тарихи парыз, ата-бабаларымыздың өсиет-мұраты екенін ерекше ілтипатпен мәлімдеді. Алыстағы аға­йын­ға сонау аласапыранданған 90-шы жылдарда қолұшын созған, бүгінде ұшақпен көшіріп алып жат­­қан жалғыз ел – қазақ елі. Бұл байланыс әр­да­йым нығая түседі, шет жерлердегі бауырлар Қазақ­стан­мен бірге өсіп-өркендейді. Қай қиянда жүрсе де, азат елімен бірге тәуелсіз. «Шетелдердегі отандас­тар­ды қолдау­дың мемлекеттік бағдарламасы» бойын­ша сырт­тағы әр қазақ туған елінің қорғауына алынған. Осы құрылтайда оның жаңа нұсқасы қабылданды.

Қазанда Жер-Ана жемісін ел дастарқанына шашу ғып шашқанда, Түркістанда алты Алаш­тың ғаламға қанат қағып кеткен ұл-қызы рухани түледі, қазақтың заманы туғанына қайта-қайта сенді, ту ұстап тізе қосты. 2002 жыл осылай кіндігі – Алтайдағы, жамағаты – жаһандағы ұлттың әлемі­не бауырмал жыл болып елжіреді. Осы жаз ди­дар­лы күндері Қазақстан Ыстамбұлда түрік аға­йындармен де қауышып жатқан болатын. Онда Ал­ма­тының мәдени күндері өткен-ді. Түбі бір жұрт қазақ өнеріне шөлін қандырды. Ұлы дала әуенінен ортақ тарихтың сарынын тауып, көне ғасырларға үңілді. Атажұрт сіздер болсаңыздар, анажұрт біз едік, алдағы заман танысу мен табысу заманы болсын десті. Түркиядағы 20 мың қазақ Ертіс ағып келгендей, Есіл шалқып жеткендей шаттанды.

2002 жылы халық болып рухани түледік. Тәуелсіздікті тарихи құштарлықпен, сезім тұнған жүрекпен құлай сүю аздық ететінін пайымдадық. Азаттықтың алдында баршамыз қаншалықты тең болсақ, соншалықты жауапты екенімізді аң­ғар­дық. Жол бастар тұлға шықпай, бауырдағы перзент азамат ұлға айналмайтынын түсіндік. Ел­ба­сы көкейге қайта-қайта құйғанындай: «Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шаша­ты­нын, халқына жаны шындап ашитын қайраткер орға жығатын емес, өрге шығатын жол сілтейтінін, ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керектігін, рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алатынын, мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы екенін, ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында бола­тынын, бізге енді үлкен ұлтқа тән төзім мен са­быр­лы мінез қажеттігін ұқтық. Басқаға жал­тақ­тайтын күннен кеттік, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік». Жыл ел санасындағы осындай жаңғырумен шұрайлы еді.

Рухани қуаттанудың отандық төлтума үлгі­лері­нің бірі және бірегейі Қазақстан халқы Ас­самблея­сы болса, 2002 жылы оның тоғызыншы сессия­сын­да жаңа даму стратегиясы қабыл­дан­ды. Ол негізінен үш мақсатқа арналды: ұлттық келісімнің негізі ретінде конфессиялық үн қаты­су; елдің қауіпсіз­дігін азаматтардың қауіпсіз­дігі­мен айқындау; ұлт­аралық қатынастарды Қазақ­станның ерекшелігін ескере отырып құру.

Ассамблея сессиясында Президент шарта­рап­ты толғандырған сауал салды: «Жаһандық ко­н­фес­сияаралық қақтығыстың қатері қандай? Өр­ке­ниеттердің бетпе-бет келуін болдырмай кететіндей басқа жол бар ма?». Әлемнің мазасын ала бас­таған осы сұғанақ сұрақтың жауабын да өзі берді.

Ашық ақпараттық қоғам кез келген конфес­сия­ның көзқарасын таратуға мүмкіндік жасады. ХХІ ғасырды дінінің ғана емес, діннің атын жа­мылған өзінің идеологиясын «экспортқа» шыға­ратын ға­сыр­ға айналдырды. Осындай жағдайда діни фак­тор­дың саясаттануына жол беруге бол­май­ды. Қа­зақ­станда дін өзін этностық немесе саяси қауым­дас­тықтарға қарсы қоятын, райынан қайт­пайтын бәсекелестік бейнесінде емес, ұлт өкілдері мәде­ниетіне сан түрлілік беретін қосым­ша сипат ретінде көрініс табуға тиіс. Бізде мұндай тәжірибе бар.

Ел қауіпсіздігіне келсек, ол – әрбір азаматтың конституциялық құқықтарын толық іске асыру деген сөз. Бір адамның еркіндігі келесі адамның еркін­дігіне нұқсан келтірмеуі керек. Заңға құлық­тылық елдегі саяси тұрақтылықтың басты шарты. Ел қауіпсіздігі, сондай-ақ, Қазақстандағы әрбір этностың қауіпсіздігі. Бұл мақсаттар әлеу­меттік-рухани өмірді одан әрі демократия­ландыруды қажет етеді. Осыған орай сессияда азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру мен дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін республикалық тұрақты кеңес құру жөнінде шешім қабылданды.

Ассамблея делегаттары осымен бірге ұлттық саясатта Қазақстанның өз мүддесі бола алаты­нын мәлімдеді. Ұлтаралық қатынастарды айқын­дау­дың мүлдем даусыз, барлық елдер үшін бірдей қолайлы үлгісі де, тәжірибесі де жоқ. Сон­дықтан бүгінде ешкім де басқа елдерге ұлттық саясаттың өзі таңдаған мүддесін ұсына алмайды. Әр мемлекеттің тарихи-мәдени қалыптасу жолына үйлесімді ұлтаралық дара көзқарасы болуға тиіс.

2002 жылы ізденіске, саяси да, экономи­ка­лық та, рухани да жаңғыруға бағытталған жігерлі ұмтылысқа толы жылы қазақ елінің қай жағынан да кемелдене түскенін көресің. Осы кезеңде жауапсыз қалған сауал жоқ, осыдан екі-үш жыл бұрын мүмкін емес болып көрінген мұраттар нақты қолға алынған, ұлттық иннова­ция­лық даму жолдарына дейін ойластырылған. Ғылым мен экономиканың үндесуіне қол жеткізуге кірісіппіз. Ғалымдардың алдына күрделі міндеттер қойылды. Енді іргелі зерттеулермен айналысып, инновация­лық өркендеу бағдарла­ма­сын дәйекті жүзеге асыру жүктелді. Ұлттық инновациялық жүйе, инновация­лық белдеу, нарықтық-интеллектуалдық меншік секілді тың ұғымдар ғылыми айналымға енді.

Түйіп айтсақ, Қазақстан 2002 жылы нарық деп аталатын жарысу, жағаласу, бәсекелесу, таласу мен тартысу жолына түсіп қана қоймай, осы жойдасыз аламанда қамшы салдырмайтын шағына жетті. Бір сәтке де аялдай алмайтын тағатсыз уақыт «таңғы нәсіп – тәңірден» дейтін қазаққа «осынау аламанда төгіл­ген тердің дәмі ащы, жемісі тәтті» дегізді. Жыл­дан жылдың мойыны озық болуы дәстүрге айналды.

ХХІ ғасырдың қазақтың жұлдызы жанатын ғасыры болатындығына халық кәміл сенді.

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

«Егемен Қазақстан», 19 наурыз

123
скачать работу

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ