Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Терең тамырлар



 Другие рефераты
Социокультурный компонент содержания обучения как средство повышения мотивации изучения иностранных языков на среднем этапе общеобразовательной школы Соционика как инструмент управления потребительскими предпочтениями Қазақстан Республикасының халқы Ұлттың ортақ ұраны: отан, тәуелсіздік, тұрақты даму

Өзбекстан. Бұл ел күн қызуы мен шуақты, жазық алқаптары мен құнарлы шұраттары көп, диқаншылық һәм бағбандық кәсіппен айналысатын, сауда-саттық өріс алған байтақ өлке, жасыл мекен. Ұлттық бағыттары мен құрамы да айқын. Қышлақтары тығыз орналасқан. Адамдары еңбекқор. Аздан көп жасайды. Табысты халық. Қуаты мен күшін өзде­ріне, елдің мұрат-мүддесіне арнайды. Мем­лекет рәміздеріне адал. Ұлттық та­рих пен тілге, дәстүр өнегелеріне берік. Мәдени-рухани құндылықтарға көздің қарашығындай қарайды. Оларды қорғап, дамытуға бейіл. Қолда барды бей-берекет етпейді. Керісінше көбейтіп, қор жасауға, өзіндік өнімді, ішкі мүмкіндікті молайтуға әр кез дайын тұрады.

Өзбекстанда Бұхара, Ташкент, Са­марқанд, Хиуа секілді көне қалалар, ел астанасында Ұлттық ғылым академиясы, мемлекеттік драма театры, ұлттық кі­тапха­на мен әдебиет мұражайы тәрізді мә­дени-рухани орындар көптеп кезде­седі. Олар көбіне ұлттық өрнек нақыш­тарымен көңілді баурап, назар аудартады және тарихилық сипаты арқылы кешегі-бүгінгі байланысты айқын аңғартады.

Халықаралық ислам ұйымы — ІSESCO Ташкентті “Ислам мәдениетінің астанасы” деп мәртебе беруі бұл қала­ның ислам ілімін дамытудағы үлес, ор­нын көрсетсе керек. Шаһарда қазіргі кезде 115 мешіттің жұмыс істеп тұруы (Кеңес өкіметі тұсында 14 мешіт болған – Р.Т.) ізгілік пен иман­дылыққа, мейі­рім мен қайырымдылыққа, жасампаз­дық­қа ашылған кең жол, жаңа өріс десе де болады.

 “Шаттық палас” қонақ үйінен “Төле би” кесенесі көп алыс емес екен. Оның “таяу тұсында Ә.Науаи атындағы ки­нотеатр мен “Пахтакор” стадионы мен­мұндалайды. Баба кесенесіне бардық. Көрдік. XV ғасырдағы архитектуралық ескерткіш ретінде мемлекет қорғауында екен. Іші-сырты таза. Өрнек, нақыштар көп. Айналасы жап-жасыл. Су да же­терлік. Негізінен, кесене жақсы сақтал­ған. Күтім бар. Келім-кетім адамдар қа­расы да көңілді көтеріп, жүрекке жылы­лық ұялатады. Осы маңда ХVІ ғасырдағы “Шайх Хаванд Таһур” және бірнеше кесене орналасқан. Бәрі де мемлекет қорғауында екені ап-айқын жазылып тұр. Алайда, жақын тұста бірнеше қа­батты үйлер, сауда орындары көп. Ке­сене жолдан жырақ тұр. Арнайы барма­саң, бірден байқала бермейді. Жеке мемлекет, өзге ел екені есіңе түседі. Бар­ға қанағат деп, өзіңе өзің тоқтау айтасың. Ал Әйтеке бидің бейіті Науаи облысына қарасты Нұрата қаласындағы ежелгі қазақтар зиратында, Сейітқұл әулиемен қатар жатқаны айтылып та, жазылып та жүр. Кесене орнату ісі қолға алынуда екен. Бірақ, бұл сапарда ол жерге біздің жолымыз түспеді.

Ташкентте өткен ғасырда, 90 жыл­дардың басында болғаным бар-ды. Бір­сыпыра мәдени-ғылыми орындарында болып, ұлт зиялыларының өмірі мен қоғамдық қызметі, шығармашылық мұ­раларымен танысқан едім. Ол мате­риал­дар, дерек көздері әдеби-ғылыми, шы­ғармашылық жұмыстарда кең көлемде пайдаланылды. БАҚ саласында, білім-ғылым жүйесінде, әртүрлі басқосу, жиын­дарда жан-жақты көрініс тапты. Бұл жолы да көптеген сондай рухани орын­дарға жол түсті. Әсіресе, тәуелсіздік тұсында көрші елдегі арғы-бергі тарих, мәдени-рухани құндылықтардың қандай дәрежеде жиналып, бастырылғаны, өткен мен бүгіннің байланысы қалай жолға қойылғаны, оларға қатысты көз­қарас, зерттеу-зерделеу ісі қандай бағыт арналар бойынша жүйе құрағанына көп көңіл бөлінді. Содан келіп қазақ-өзбек халықтарының тыныс-тіршіліктеріне, тарих пен таным тоғысына жіті ден қойылды.

Әлішер Науаи атындағы ұлттық кі­тапха­на бірнеше қабаттан, көптеген бө­лім, анықтамалық-ақпараттық залдар мен кітап қорларынан тұрады. Бұл ме­кеме директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ирина Закирқызы Маминова елгезек те еңбекқор, көпшіл адам ретінде есімде қалды. Сөзі мен ісін­де алшақтық жоқ. Кітапхана ісін мақ­таныш көреді. Өмірі мен еңбегін осы ба­ғытқа батыл бұрған екен. Қысқа сұхбатта бірнеше сұрақтарымызға нақты білгірлік­пен жауап қайтарды. Қажетімізді табуға, жүзеге асуына оң бағыт берді.

Кітапхананың оқу залдарынан қазіргі кезеңнің мерзімді басылымдарымен жан-жақты таныссақ, сирек қолжазбалар бөлімінен көне жәдігерліктерге тез арада қол жеткіздік. Мұнда “Ақ жол”, “Бірлік туы”, “Жас қайрат”, “Кедей айнасы”, “Жаңа өріс”, “Жас алаш”, “Кедей еркі”, “Қа­зақ тілі”, “Еңбекшіл қазақ”, “Шол­пан”, “Сана” сияқты қазақ баспасөзінің ізашарлары мен Т.Рысқұлов, Н.Төре­құлов, М.Тынышбаев, С.Аспандияров, Ж.Ай­мауытұлы, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұ­рат­баев, Т.Жүргенов, Х.Болғанбаев, И.Тоқ­тыбаев секілді арыстарымыздың өмірі мен қызметі және шығармашылық мұ­ралары туралы мол материал, мағ­лұ­маттар көптеп кездеседі. Халық әдебие­тінің үлгілері, оқу құралдары мен қосым­ша еңбектер сирек те болса орын алға­нын аңғаруға болады. Олардың кейбірі төмендегідей: Алпамыс батыр //Киргиз­ская поэма. А.Диваев жинаған//. - Таш­кент, 1902; Алтынсарин Ы. Киргизская хрестоматия.- Оренбург, 1879; Бай­тұрсынов А. Оқу құралы.- Орын­бор, 1923; Лютшь Я. Киргизская хрес­томатия.- Ташкент,1883; Гордеков Н.И. Киргизы кара киргизы Сырдарьинской области.- Ташкент,1889; Фалев П.А. Введение в изучение тюркских литератур и наречий.- Ташкент, 1922; Зарифов Х.Т. Основные мотивы эпоса “Алпамыш”.- Ташкент, 1959.

 Аталмыш кітапхананың қолжазбалар бөлімінде қазақ баспасөзіне едәуір орын беріліп, ақпараттық-анықтамалық, кар­то­те­калық көрсеткіштер де жүйелі түзіліс құраған. Электрондық нұсқалары да қатар көрсетіліп тұр. Басылым аты, жылы мен беті де жазылған. Олардың кейбірі төмен­дегідей көрініс тапқан: “Шолпан” // “Чул­пон”// - саясат шаруашылық білім әдебиет туралы қырғыз-қазақ журналы. - Ташкент, Туркестанское Госиздат, 1922-1923 (элек­трондық нұсқасы бар); “Кедей айнасы” (журнал казахского студенчества С.А.К.У.). - Ташкент, Ср.Аз, Коммунистический университет им. В.И.Ленина.- 1926, 28-29 №3-1926;№4-5-1928-29; “Жас қайрат” (айына бір рет шығатын саяси, ғылым-білім, әдеби қазақ-қырғыз ешларының журналы). - Ташкент, Ср- Аз. Госиздат, 1924.- 94 бет (№5-1924); “Ауыл коммунисі” //Ауыльный коммунист”// Қазақстан өл­келік партия комитетінің партия көпшілік журналы.- Алма-Ата, Партгиздат, 1932; “Жизнь национальностей”. (Еженедельный орган). Наркомнаца).-М,1922, №10-18; “Ақ жол” - Ташкент, 1920 жылдың 7 желтоқсанынан шыға бастады 1921,1923, 1924 ж.ж. Қаңтар — ақпан, қараша –желтоқсан; “Еңбек туы” - Орынбор, 1920, №1, қыркүйек; “Еңбекші қазақ” - Орынбор, 1923, ақпан- мамыр; “Жаңа өріс” - Ташкент, 1920, №16-тамыз; “Жас алаш” - Ташкент, 1921, №4-мамыр; “Кедей еркі” // “Воля бедноты”// - Алма-Ата, 1921, №10; “Тілші” - Алма-Ата, 1924, маусым-шілде; “Өртең” - Орынбор, 1922, №1-2; 4-6; “Қазақ тілі” - Семипалатинск 1921, №136- тамыз.

Біздіңше, аталмыш басылымдармен та­нысып-зерделеуден өзге елге жеткізудің, элек­трондық нұсқасын жасау мен сақтау­дың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Бұлар “Мәдени мұра” бағдарламасы ая­сын­да атқарылатын іс-жұмыстар тізбесіне енсе, қанеки.

Өзбекстан Республикасы Ғылым акаде­миясының Әлішер Науаи атындағы Тіл-әдебиет және Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институттарында болғаны­мызда әдеби-ғылыми басылымдармен бірге сирек кітаптар мен қолжазбаларға да назар аудардық. Алдымен Тіл-әдебиет институ­тын айтайық. Директоры филология ғы­лымдарының докторы, профессор Тура Мирзаев деген кісі екен. Институттың 60 қызметкері бар. Олар бірнеше бөлімдерде еңбек етеді. Мұнда әдебиет саласы: фольк­лор, әдебиет тарихы, XX ғасырдағы әде­биет, қазіргі әдеби үдерістер, әдебиет тео­риясы мен сын деп жіктелсе, тіл саласы: өзбек тілінің тарихы, диалектология, тер­ми­нология, қазіргі өзбек тілі болып жүйе­ленген. Әдебиет пен тілдің бұл салалары өз­ара бірнеше бөлік пен кезеңдерден тұ­рады. Айталық, өзбек әдебиеті: халық әде­биеті мен тарихы, ұлттық ояну дәуіріндегі әдебиет, кеңес кезіндегі әдебиет, қазіргі әдебиет болып зерттеледі екен.

 Институт басшысы әдебиет пен тілдің байланысы, оны зерттеу мен арнайы ең­бек­тер жазудың қажеттілігі күн тәртібінен түспейтінін тілге тиек етті. Бұл бағытта, әсіресе ұлт мақтаныштары: Ә.Науаи -20 том, Айбек -20 том, Ғ.Ғұлам -12 том, Х.Алим­жан -10 том, Х.Ниязи -5том, Фитрат -4 том, Шолпан -2 том болып жоспарланып, жаңа уақыт талаптары тұр­ғы­сынан жіті зерделеніп, басылып шы­ғыпты. Өзбек тілінің тарихы мен теориясы, диалектология мәселелеріне қатысты да зерттеу еңбектері жарық көріп келеді екен. Анықтамалықтар мен сөздіктер де негізгі салалар бойынша басылатын болып шық­ты. Осы орайда, таяуда ғана “Фан” бас­пасынан жарық көрген “Узбекско-рус­ский” атты іргелі де көлемді еңбекті ай­рық­ша атап айтқымыз келеді. Авторы – Мак­суд Абдра­химов. Бұл сөздікке 20. 000 сөз енген. Онда өзбек-орыс тілінің мүмкін­діктері, кешегі қазіргі қолданыстары, өмір мен тұрмыста және кәсіпте жиі қолда­нылатын сөздер грамматикалық, стилисти­калық сондай-ақ фразеологиялық тіркестер мен сипаттар кең орын алған.

 Фольклоршы-ғалым Т.Мирзаев өзара әңгіме, сұхбатта еркін, жан-жақты адам көрінді. Әдебиет саласына сүйіспеншілігі жоғары екендігі айқын аңғарылады. Өзбек фольклорының негізін қалаушы, көрнекті ғалым Хади Зарифовты ұстаз тұтып, мақтан етеді. “ Эпос и сказитель” атты еңбегін ұстазына арнағанын айтады. Академик В.М.Жирмунскийдің кезінде өзінің “Узбек­ские варианты

123
скачать работу


 Другие рефераты
Самостоятельная работа учащихся на уроке
Контрольная по педагогике
Все об INTERNET
Великая Хартия вольностей 1215 г.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ