Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Терең тамырлар

ктеп жұмыс істей­ді. Сурхандария облысында 2.500 қазақ мекендейді. Мектеп жоқ. Ферғана облысы бойынша 1000 қазақ бар. Мек­теп жоқ. Хорезми облысында 14.900 қа­зақ­тың балалары үшін 6 қазақ, 2 аралас мектеп ашылған. Қашқандария облы­сын­да 1.800 қазақ тұрады. Мектеп жоқ. Республика бойынша: 950.000 қазақ бар. 251 қазақ, 283 аралас мектеп жұмыс істейді.

Ташкентке барғанда көрсек, кездес­сек деген адамымыздың бірі Махамбет Жүсіпов еді. Ол өткен жылғы қарашада Астана қаласының әкімдігі ұйымдас­тырған “Алаш және М.Әуезов” атты халық­аралық конференцияда “Ташкент­те қызмет еткен Алаш зиялылары” деген тақырыпта баяндама жасаған-ды. Қыз­меті – Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетіндегі орыс тілі кафедра­сының меңгерушісі. Осы елдегі “Қазақ­стан” журналының бас редакторы. Ғы­лыми дәрежесі – филология ғылым­дарының докторы, профессор.

Махамбет бауырымыздың мекен-жайын “Нұрлы жол” газеті редакция­сында нақтылап алдық. Алдымен теле­фонмен тілдесіп, сосын кездестік. Де­нелі, толық, ширақ жүрісті жан. Басы­ның жартысын ұзын бұйра шашы алып тұр. Оның өзі тым өсіңкі. Өзіне жарасып тұрғандай көрінді. Асылы, ұстаз-ғалым М.Жүсіпов жан-жақты адам. Білім мен ғылым жүйесін, оқу үрдісін жақсы біледі. Ол оқытушының ашық, еркін, ізденісте болғанын қалайды. “Әлеуметтік стату­сым – ғалым!” – дегенді әлденеше рет айтты. Ізденуші шәкірттерінің көп еке­нін де жеткізді. Олардың арасында 5 докторлық, 25 кандидаттық диссертация қорғаған талант иелерін мақтанышпен атады.

Әңгіме арнасы Алаш мұрасына бұ­рылғанда кезінде осы Ташкентте тұрған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауыт­ұлы, М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлының ұстаздық-ғалымдық қырларын айрықша атады. Алаш оқымыстыларының тіл біліміндегі орнын, әліппе жасаудағы, жа­зу ісі мен сауаттылық жайындағы жан­кешті еңбектерін кеңінен сөз етті. Әсіресе, А.Байтұрсыновтың – ағартушы, ақын, қаламгер, ұстаз, ғалым, қысқасы әмбебеп тұлғалардың қатарында тұрға­нын мақтанышпен, сүйіспеншілікпен жеткізді. Оны өзі “Фонемография А. Байтұрсынова и фонология сингармо­низма” атты еңбегінде жан-жақты қа­растырғанын жүйелі жеткізді. “Азамат­тық құнды­лықтардың басында Отан, ел-жер тұрса, бұл тұсты білім, ғылым то­лық­тырып тұр. Ұлт мұраты кемел келе­шекпен өлшенсе, оның қос қанаты – білім мен ғылым. Осыны негізгі назарда ұстасақ ұтамыз!” – дегенді анық айтты.

Бұл – Алаш ақиқаты, бүгінгі күннің шындығы.

Ташкентте ақын, қайраткер, ғұлама Әлішер Науаи есімі мен еңбегіне қатыс­ты әдеби-мәдени һәм рухани орындар өте көп. Соның кино театры мен Әде­биет мұражайынан кейінгі жасыл желегі, көлеңке саясы мол тұсқа келіп аз-кем тыныс алдық. Сол сәтте ортадағы алаң­қай тұстағы тас тұғыр – еңселі ескерт­кіш назарды аудара берді. Бардық. Көр­дік. Бұл Әмір Темірдің монументі екен. Тарихи тұлға ат үстінде тұр. Бес қаруы бойында. Жалынды, жүректі, қаһарман бейнесінде көрінеді. Қол бастаған, елдік пен ерлікке үндеген баһадүрдің бедерлі бейнесі өр де асқақ. Ескерткіштің көр­некті тұсында: “Сила – в справед­ливости!” – деген жазу бар. Үш тілде: өзбек, орыс, ағылшынша. Әмірдің: “Күш – шын­дықта!” – деген айбарлы да айбынды үні кешегі ғана емес, бүгінге де арналғандай қалып танытады. Қалың көпті ақиқат ауылына бастап бара жатқандай әсерге бөлейді. Шындық жүзі тура қарағанда айқын көрінетінін сәт сайын еске салып тұрғандай да белгі береді. Құрмет көрсетіп, тағзым етуші­лердің қарасы тым көп. Алыс-жақыннан келген туристер де жетерлік. Мектеп жасындағы жас өскіндер де, жас отау құрғандар да осында. Тәу етушілер баршылық. Осыны көргенде ежелгі грек философы Платонның: “.....шындық қымбат!” – деген қағидалы қисыны көңілде қайта жаңғырды.

Ұлт мұратына адалдық, руханият ісі­не қамқорлық пен құрмет талап дең­ге­йінде екендігі сәт сайын сезіліп тұ­рады.

Басты мұрат та осы ғой.

123
скачать работу

Терең тамырлар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ