Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Терең тамырлар

дастана “Алпамыш” атты авторефератына ұнамды пікір білдіріп, оң көзқарас айтқанын мақтанышпен еске алады. Қазақтың фольклоршы ғалымдары М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұ­малиев, Е.Ысмайылов, Р.Бердібаев, С. Қасқабасов, О.Нұрмағанбетова, Е.Тұр­сынов, Ш.Ыбыраев, Б.Әбілқасымов, Б.Әзі­баеваның еңбектерін жоғары бағалады. Көпшілігін көріп-кездескені, байланысы барын, еңбек-зерттеулерімен тиісінше та­ныс­тығын, ретті тұстарда пайдаланатынын да бүкпесіз білдірді. Әріптес-қаламдас досы академик С.Қасқа­басовқа “Эпос и ска­зитель” еңбегіне қолтаңба жазып, біз ар­қылы беріп жіберді.

 Біздіңше, Т.Мирзаевтің “Эпос и ска­зитель” атты еңбегі көп жылдық ізденіс, зерттеудің нәтижесі екені айқын аңғары­лады. Үш тараудан (“Искусство узбекских народ­-ных сказителей и особенности их эпического репертуара”, “Узбекские ва­рианты дастана” “Алпамыш”, “Статьи”) тұратын аталмыш дүниеде ізденіс пен ең­бек және көзқарастан өзге монографиялық бағыт айқын. Бұдан эпос пен оны айтушы­лардың табиғаты мен тарихы халық әде­биетінің үлгілері мен дәстүр сабақтастығы, дастан жанрының қалыптасуы мен дамуы, “Алпамыс” жырының нұсқалары, қысқасы өзбек халқының фольклоры, оның жина­луы мен жариялануы, бүгінгі бағыт-бағ­дарлары уақыт талаптары тұрғысынан қа­рас­тырылады. Алыс-жақын елдер әдебие­тіне, ондағы ортақ тақырыптар төңірегін­дегі көзқарасқа, мәдени-рухани байланыс­тарға да кең орын беріледі.

Енді Әбу Райхан Бируни атындағы Шы­ғыстану институты туралы айтайық. Ди­ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Сурайе Каримова деген ина­батты жан екен. Бұл ғылым ордасының да өзіндік бағыт-бағдарлары, берік ұста­нымдары бар. Атап айтқанда, алыс-жақын елдермен байланыс, қолжазбалармен жұ­мыс, оны зерттеу мен зерделеу, жәдігер­лердің табиғатын, мәтіндік сыр-сипаттарын айқындап, түпнұсқалық мәнін, уақытын белгілеу, маңызы жоғары қолжазбалардың мазмұнын, жанрлық жүйесін, тіл-стиль сипаттарын саралау, қолжазбалардың көшір­мелерін сақтау, микрофильмге түсіру. Қысқасы, қолжазба қорын жинау, жүйелеу, сақтау сынды мемлекеттік һәм елдік мұрат­тардан тұрса, Шығыстану институтында бұл мақсат-міндеттер абыроймен атқа­рылып келе жатқанын айрықша айтар едік.

Кездесу барысында институт директо­рынан өзі жетекшілік жасайтын саланың бағыт-бағдарын, арғы-бергі кезеңін, бүгінгі тыныс-тірлігін сұрадық. “Институт тари­хының бастау арналары тым тереңнен, көне кезеңдерді зерттеп-зерделеу істерінен көрініс береді, – деді білікті басшы. – Институт 1943 жылы Ә.Науаи атындағы мемлекеттік кітапхананың Шығыс бөлімі негізінде құрылды. Ал, 1950 жылдан кейін Шығыс қолжазбаларын зерттеу ұлттық-тарихи, һәм мәдени ғылыми бағыттары айқындалып, Шығыстану институты аталды”.

Институттың ғылыми бағыты мен бас­ты қызметі қолжазбалар қоры болып табылады. Бұл реттен келгенде, мұндағы қазына қорының ТМД шеңберінде ғана емес, әлемде де мән-маңызы жоғары деуге әбден болады. Оған сөз жоқ, ІX ғасырдағы Құранның тізім жылнамаларын жатқызар едік. Мұнда өзбек, араб, әзірбайжан, қазақ, қырғыз, татар, тәжік, түркімен, түрік, ұйғыр, тағы басқа Шығыс халықтарының тіліндегі еңбек, мұралар бар.

Қазіргі кезеңде қолжазбалар қоры 25.621 томды құрайды. Литогра­фияланған қор мен басыл­ған кітаптар – 29.300 том. Бұларда  Орта Азия тарихы, сонымен бірге, Арабия, Ауғанстан, Үндістан, Иран, Қытай, Пәкстан, Түркия сияқты алыс-жақын елдердің арғы-бергі кезеңдері, өмір-тұрмыс тіршіліктері туралы алуан дерек көздері, мол мағлұматтар көптеп кездеседі. Оларды сондай-ақ Бұхар, Қоқан хандықтарына қатысты деректер де толықтыра түседі.

Қолжазбалар қорындағы басты көрсеткіш – катологтық жүйе. Қазіргі кезде бұл жерде 10-нан ас­там тақы­рыптық каталогтар жүйесі дайын­далып, кең көлемде қолда­нысқа еніп­ті. Мысалы, “Өзбекстан Республикасы Шығыс қолжазба­ларының жинағы”, “Тарих”, “Жаратылыстану”, “Ме­ди­цина”, “Суфистік туындылар”, “Шы­ғыс­тық миниатюралар” және басқа­лары. Каталогтік жүйенің маңызды тұсы – тақырыпқа қатысты дерек-материалдардың баршасы қамтыла­ды. Бағыт мақсаттары айқындалып, негізгі және қосымша әдебиеттері көр­се­тіледі. Жалпы сипаттама, са­рап­та­малық мәліметтер де беріледі. Сон­дай-ақ әр жылдардағы баспа өнімдері, жекелеген тұлғалардың өмір-тағдыры, тағылымына қатысты дерек көздері, ел-жерге байланысты жазба-сызба материалдар да тақы­рып маз­мұ­ны­мен, мәтіндік мәнімен, түпнұсқалық һәм күтімдік сипат­тарымен назар аудартады.

Аталмыш институттың қолжаз­балар қоры 2000 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне еніпті. Қысқасы, Шығыс­тану институты бізге көне қолжаз­балар мен кітаптарға, әсіресе, түп­нұсқалық туындыларға аса бай болып көрінді. Оларды жинау мен жариялау, сақтау мен салыстыру, зерттеу мен зерделеу істерінен де жауапкершілік пен жүйелілік, ең­бек­қорлық пен табан­дылық көрініп тұр.

Шет жерде жүргенде жақын-жуық пен таныс-тамыр іздемеске лажың жоқ. Олардың бағыт-бағдар беріп, жөн-жобаны айтып көрсет­кенінің өзі неге тұрады?! Елшілік пен мәдени орталықты алдымен іздейтінің де содан болса керек-ті. БАҚ жүйесінің жан-жүрекке жа­қын­дығы да осы тұстан бой көрсе­тері хақ. Осы мақсатпен “Нұрлы жол” газеті редакциясында болып (басылым  1991 жылдың 10 қаңта­ры­нан шыға бастаған – Р.Т.), көр­ші халықтың қоғамдық-әлеуметтік, экономикалқ бағыттағы өріс-өре­лерінен, ел-жер жайынан, қандас­та­рымыздың өмір-тұрмыс тіршіліктері мен мәдени-рухани тыныстарынан хабардар болғанды жөн санадық.

Газет ұжымымен жылы жүзді жа­ғ­дайда кездестік. Бас редактордың орынбасары Рысбай Анарбеков бірсыпыра редакция қызметкерлерімен таныстырды. Олардың арасында әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің меңгерушісі Амангелді Сейдах­метов, жауапты хатшы Жұмагүл Әлім­бекова, қарт журналист Сүлеймен Бұ­қарбаев болды. Кездесу сұхбат пен сырласу сипатында өріс алды. Қазақ пен өзбек халықтарының ежел­ден көрші, байланыс-бірлігі мол, қарым-қатынасы кең өріс ал­ғандығы әр қырынан әңгімеге арқау болды. “Нұрлы жол” газетінің осы елдегі Мәжіліс пен Сенаттың және Министрлер Каби­нетінің басылымы екенін, басты ұстаным­дары “Бақыт – достықта, ырыс – ынтымақта!” деген аталы да баталы сөзді мақсат-мұрат ететіндерін айтты қандас­та­рымыз. Биылғы жылдың алғашқы жар­ты­сында елдегі әлеу­меттік-экономикалық өр­кендеу әр саладан байқалғаны, әсіресе макро­экономикалық тұрақтылыққа, реформаларды тереңдетуге, базар инфрақұрылымын жедел дамытуға, халықты азық-түлікпен тұрақты қамта­масыз етуге бет бұрылғаны халықтың табы­сы мен тұрмыс деңгейін арттыруға, қол­өнерді қолдап, көп көңіл бөлінгені сөз болды. Әңгіме арасында республика тәуелсіздігінің – 17, Ташкент қаласының – 2200, Ә.Науаидың – 567 және Ба­бырдың – 525, сондай-ақ Ұлықбек атын­дағы Өзбекстан ұлттық университетінің 90 жылдығына дайындық жұмыстарының басталғанын, ал 2008 жыл — Жастар жылы деп белгіленгенін естідік.

Бұдан кейін қазақ-өзбек әдебиеттерінің байланысы, әсіресе Абай мен Науаи туын­ды­ларындағы ағартушылық-гуманистік идеялардың үндес, сарындас болуы, С.Сей­фуллин мен Х.Ниязидің достығы және шығармашылық байланыстары, С.Мұқанов пен Ғ.Ғұламның жарасты қарым-қаты­настары да әңгіме арқауына айналды. Сон­дай-ақ өзбек ақын- жазушылары – А.Қа­дыри, А.Қаһар, Міртемір, А.Мұхтар, Зүлфия, Шолпан, Фитрат, қарақалпақ қалам­герлері – Бердақ, С.Нұрымбетова, әдебиет жан­аш­ырлары – Н.Фазылов, Қ.Сейданов есімдері ауызға алынып, елдің мәдени-рухани һәм шығарма­шылық бағыт­тардағы байланыстары, үлестері кеңінен сөз етілді. Ақын Сыр­бай Мәуленовше айтсақ: “Өзбек, қазақ, қарақалпақ қаны бір. Жүрегі бір, тілегі бір, жаны бір. Өлеңі бір, сазы менен әні бір”, – екендігі кеңінен көрініс тапты. Бұл бағыт-арналар тәуел­сіздік, демо­кратия тағылымдары негізінде жан-жақ­та тереңдетіліп, өмір-уақыт шын­дық­тарына сай кең өріс алып келеді деген тоқтамға келдік. Соңғы жылдары мұнда М.Әуезов: “Өзіміздің сары бала”, – деп атаған қазақ-өзбекке ортақ аудармашы қаламгер Насыр Фазыловтың жанашыр­лығымен “Тіршілік әуені” атты қазақ жа­зушыларының прозалық туындылары жарық көргені де әңгімеден тыс қалған жоқ. Ол жинаққа М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейі­сов, Б.Соқпақбаев, Ш.Мұртаза, Ә.Ке­кіл­баев, С.Мұратбеков, М.Мағауин, О.Бө­­кей, Б.Нұржекеев, Д.Исабеков кірген екен.

Әңгіме-сұхбат өзегі орта арнаулы, кәсіптік-техникалық білім орындары мен жоғары мектеп туралы өріс алған тұста бас редактордың орынбасары Р.Анарбе­ков Ташкент және басқа облыстардағы қазақ мектебі, ондағы оқушыларының құрамы хақында жаңа дерек берді. Ол мынадай: Ташкент облысы бойынша 3.179 қазақ мұғалімдері бар. Мұндағы 157 қазақ және 210 аралас мектепте 33 677 қазақ оқушылары оқиды. Қарақалпақ­станда 360 мың қандасымыз тұрады. Олар 62 қазақ мектебіне ие. Әндіжан облысы бойынша 600 қазақ бар. Мектеп жоқ. Бұхара облысында 21.800 қазақ тұрады. 9 қазақ мектебі, 1 аралас мектебі бар. Жизақ облысында 54.500 қазақ мекендейді. Олар 27 қазақ мектебі мен 12 аралас мектепте балаларын оқытады. Науаи облысы бойынша 65.300 қазақ бар. Бұлардың ұл-қызы үшін 82 қазақ, 8 аралас мектеп ашылған. Наманған облысы бойынша 800 қазақ бар. Мектеп жоқ. Самарқанд облысында 5.200 қазақ тұрады. Мектеп ашылмаған. Сырдария облысы бойынша 26.000 қазақ бар. Олар үшін 4 қазақ, 16 аралас ме

123
скачать работу

Терең тамырлар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ