Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Терінің маңызы



 Другие рефераты
Тұқым қуалаушылық Тіршілік эволюциясы Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу Түйнекті алқа

Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.

Терінің құрылысы.Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өліклеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.

 

 Терініңқұрылысы: 1 — жанасқы денешік, 2 — жүйкеніңбосұшы, 3 — тақташалы денешік, 4 — Tepiтүгі, 5 — терінің үстінгіқабаты, эпидермис, 6 — нағызтepiқабаты, 7 — май безі, 8 — түк ұясы, 9 — терідегітамырлар, 10 — дәнекер ұлпасы, 11 — тербезі, 12 — шелдегімай ұлпасы


Терініңiшкiқабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгіқабаттан әлдеқайда қалыңырақболады және тepiгeсерпімділікқасиет береді. Терініңбұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарыныңтаралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштыңтүбінде болады.

Тер бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде — адам салқынды сезеді. Бұл дененіысыпкетуден сақтайды. Терідегімай бездерімай бөледі. Tepiмайы шашты және терініңүстінмайлайды, теріге жұмсақтықжәне серпімділікқасиет береді.

Шаш және тырнақ-бұлар терініңмүйізделген құрамы. Шаш дененіжауып тұрады. Теріде шаштыңтүбiболады. Оныңтүбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарыныңұшы мен бұлшықет талшықтары ұштасып жатады. Шаштыңтүсіондағы бояғыш заттарға байланысты.Бояғышзаттардыңыдырауынан шаш ағарады.

Тырнақсаусақбасын закымданудан қорғайды.

Терініңастында май торлары бар. Ол — терініңеңтереңжатқан қабаты. Май торлары iшкiмүшелердіжауып тұрады және оларды әр түрлізақымданудан және организмдісалқындаудан сақтайды, сондай-ақэнергия қоры болып табылады.

Шаш және оныңгигиенасы.Адам денесініңалақан, саусақ, ерінжәне табаннан басқа жерлерінтүк басып тұрады. Денеге үш түрлітүк өседі:ұзын түк — шаш басты күннен және суықтан сақтайды, қайратты түк — мұрт, сақал және танауда, кұлақтыңсыртқы дыбыс өткізу жолында, "алжұмсак түктер дененіңқалған жерлерінде өседі. Шаштыңтүбітepiқабатындағы шаш ұясында болады. Адамныңбасында шамамен 100 мыңнан (сары адамда 80 мың) астам шаш түбі кездеседі.

Шаш — нәруызды заттан, кератиннен, күкірт және азоттан
кұралады. Шаштыңтүciоныңтүбіндегібояғыш кератинге
байланысты. Күніне 100 шашқа дейінтүсіп, оныңорнына 100
шаш өceдi. Бастағы шаш 2—4 жылда, кipпiк4—5 айда ауысып
отырады. Денсаулығы дұрыс адамныңшашы орта шамамен,
айына 1 см өседі. Шаштыңөcyi, сақталуы, оныңтүcyiорганизмнің
күшіне, зат алмасуға, жүйке жүйесімен iшкiсекреция бездерінің
қызметіне тікелей байланысты. Шаштыңжылтырлығы мен
майысқақтығы май безінен бөлінетінхимиялыққұрамға сәйкес
өзгереді.                    .                                 

Шаштың гигиеналық жағдайы организмнің жалпы күтіміне байланысты. Ол үшін еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырып, қуатты тамақтанып, дене шынықтырумен шұғылданудың маңызы өте зор. Шашты уақытында май және шаң-тозаңнан, қайызғақтан тазартып, жуып-күту қажет. Судың сапасы да шашқа көп әсер етеді. Оның кермектігінің (құрамындағы кальций, магний, тeмip тұздары) адам терісіне және шашына қолайсыз әсер етуден құрғап, қайызғақ түседі. Кермек су шашты жіңішкертіп, үзілгіш етеді.

    Сондықтан мұндай суды жұмсарту үшін оны бip сағат қайнатады немесе 5 л суға 2—3 шай қасық ас содасын қосады. Шашты орамалмен құрғатады. Су шашты желмен кептіруге болмайды. Ұзын шашты ұшынан бастап, ал қысқа шашты түбінен бастап сирек тісті тарақпен тарау керек. Шашты қатты тартып, бұрап өру оның қанайналымын нашарлатады, түсуіне, селдіреуіне әсер етеді. Сол сияқты үнемі тар және ауыр бас киім кию де зиян. Бас киімсіз ыстық күннің көзінде және суықта жүруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп, бұйралау да шаштың өсуін нашарлатады. Шашты күтпесе — кұрғап, өңі кетіп, қайызғак басады, ал майлы шаш — ұйыса береді.

Шашты аптасына бip рет жуып, тазартады. Адам өзінің тepiciнe қарай сабын мен сұйық сабынды таңдап қолдануы қажет. Ол үшін шаштың қандай (құрғақ, майлы) екенін білу керек. Шаштың өcyi үшін, бастың тepiciн уқалау пайдалы. Шашты дер кезінде шаштаразға алдырып немесе сәнді қиғызып жүру сыпайылықтың, мәдениеттіліктің белгісі болып саналады.

Шашты жаңбыр және қар суымен жууға болмайды, ceбeбi олардың құрамында ауаның ластануына байланысты шаң-тозаң, түрлі қышқылдар болады.

Тырнақты апта сайын немесе екі аптада бip рет алып отыру керек. Мұны моншаға түскеннен соң жасаған қолайлы. Өйткені тырнақ; жұмсарып, алуға ыңғайлы болады. Тырнақты кeмipyгe болмайды. Мұндай әдет зиянды, өйткені тырнақ дұрыс өспейді және организмге алуан түрлі микробтар ұялағыш болады.

Кейде тepi бетінде мең деп аталатын қара, қызыл түйінді өсінділер болады, сондай-ақ қол сыртында, бетте секпіл де кездеседі. Бұлардың біразы тұқым қуаласа, енді бipi зат алмасудың бұзылуынан болады. Кейбір адамдардың денесінде түсі өзгерген тepi бөлігі — қал және бөрткен тәрізді мең болады; сондай-ақ аяқ пен қолда мүйізденген өсінді — сүйел кездеседі.

Жылу реттеудегі терінің маңызы.Tepi — жылу реттейтін мүше. Адам денесінің қызуы бip қалыпты, тұрақты болады. Жылдың бар маусымында, адам тыныққанда немесе жұмыс істегенде дененің қызуы +37°С-тан аспайды. Адам организмінде жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері тepi арқылы және адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға бөлініп отырады. Организмде жылу өндірілуі   

 

    мен оның бөлінуі тепе-теңдікте болады. Егер мұндай тепе-теңдік                                                                                                              жойылса, онда организм ысып,жойған болар еді.                                        

Жылудың бөлінуі адамның тіршілік ету жағдайына байланысты.

Ауаның температурасы жоғарылағанда — қан тамырларының қабырғасы кеңейеді, соның нәтижесінде организмнің шеткі аймақ-тарына қанның ағымы көбейеді де, өзіндегі жылудың артық мөлшерін сыртқа бөледі. Егер ауаның ылғалдылығы жоғарыласа, онда жылудың бөлінуне кедергі туады. Мысалы, мұндай жағдай адамның ыстық, құрғақ климат жағдайынан ылғалдылығы жоғары (өне бойы нөсерлеп жаңбыр жауатын тропикалык аймақ) климат жағдайына барғанда байқалады. Бұл қанайналым, жүрек, тыныс мүшелеріне шамадан тыс ауыртпалық салады, денсаулыққа әсер етеді.

 Суық ауа райы күндері қан тамырлары тарылып, жылуды iшкі мүшелер  қызметіне сақтайды. Тер өте аз мөлшерде ғана бөлінеді.

Егер ыстық күндері дене еңбегімен шұғылданса, онда тер көп бөлінеді. Дененің үстінен су буланғанда оған организмнің артық жылуы жұмсалады да, температурасы тұрақты деңгейде сақталады. Өте ыстық климат жағдайында бip тәулікте организмнен 12 литрге дейін тер бөлінуі мүмкін. Көп терлегенде жүрек және қан тамырларына күш түседі. Сонымен бipгe тердің құрамымен организмдегі маңызды тұздар кеп бөлініп, оның қызметіне тepic әсерін тигізуі мүм

12
скачать работу


 Другие рефераты
БҰХАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1684 — 1782 жж.)
Административная школа менеджмента
Культура славянской древности
Ветроэнергетика


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ