Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тыныштықбек Әбдікәкімов

Мәңгі Өмірді сүйетін

ғұмыр бойғы эволюциялық-революциялық Ниетім –

топырақтан жаратылған өсімдіктің реті

түрден түрге көшіп жүрер Құбымалы Жүйе-тін.

Демек, әлгі Жусаниялық Құштарлығымның Обалы –

Жалмаңдаған Жануарияның тұмсығында жоғалу?!

Тағы да бас шайқарыңыз күмәнсіз. Бірақ, бұл жолы тек таңырқап қана емес, таңғалып бас шайқадыңыз. Бағанадан бергі мағынасыз сандырақтай көрініп тұрған сөз түтегінің ар жағынан әлде бір мән қылтиғандай болды.

Яғни,

“боққа айналу”

деген сөз бар, боқ тілде!

Кие де жоқ!

Аруақ та жоқ!

Періште де жоқ мүлде!

Тым құрмаса, Түлен де жоқ, түртіп ойнар көңілді!…

Тфу-у!..

Өйткен жанталасы құрып кетсін өмірдің!

Олай болса,

Тозбай, сынбай, ыдырамай, буланбай,

He шірімей, не болмаса жанып кетпей тұрғанда,

Жұлдызданған Аспанды да (барлығынан жоғары)

жұмыр баспен дар-р еткізіп жыртып шығам мен әлі!!

Қалай екен?! Өлең бе? Өлең ғой… Ақын ба? Ақын ғой…

Бірақ, біртүрлі ақын. Біртүрлі өлең. “Материя”. Оған не жатпайды? Автордың манағыдан бері әр қырынан алып тізбелеп отырған қоқыстарының бәрі де жатады. Сол қоқысқа көміліп қалуға да, тіпті өліп қалуға да болады. “Ақымақтау жусан болып,”, “қайта қылтиып өсуге” де болады. Ақырында “жалмаңдаған” “Жануарияның тұмсығында жоғалуға” да, қайтадан қоқысқа айналуға да болады. Бірақ, ақын рухы тіршіліктің бұл заңына көнгісі келмейді. Түрден түрге көшіп жүрер Мәңгі Өмірдің эволюциялық-революциялық құбылмалы жүйесін “жұмыр баспен дар-р еткізіп жыртып” шыққысы келеді.

Қырық құбылған қоқыс материяның қырқылжың хикматтарына мәңгі бақи өз қалпында тұрғысы келетін Адамдық Рух атой салып қарсы шығады.

Бүкіл кітап – осыны көксеп осқырынған асау жанның ауыр азабының шежіресі.

Аты да қызық – “Ырауан…” Түнекті серпіп, жарықтың жолын ашатын таң алдының шырайлы нұры еске түседі. Бірақ, бұл ақынның айтып отырғаны – әрі сол, әрі ол емес көрінеді. Кітаптың соңындағы авторлық түсініктемеге үңіліңізші: “Ырауан – ырушы, тілуші, жазушы; өткір: острый, резкий; проходящий, пронизывающий, протекающий; өткір яғни Жүз: лезвие; Лик; ағын; өзен; қараңғылықты тіреуші, ыраушы Жарық; күннің ғаламдық Кемпірқосағы (кем бір қосақ); Таң Жарығы; Күн; Күн Нұры”.

 

Не де болса, бұл – атар таңға тамсанған Рахат кітабы емес, батар күнге кәрленген Қаһар кітабы.

Өзі алты бөлімнен және авторлық түсініктемеден тұрады. Әр бөлімге айдар тағылмаған. Бірінші бөлім: “Құйрық жалы төгілген кіл қысырақ күндер өтті ойнақтап… күйкі сынақ! Мұң аңқыған сезімнің шатқалынан маңырайды таутеке ұйқысырап…”, – деген, екінші бөлім: “Сені сүю – әлемге маңдайдан нұр тарату…”, – деген, үшінші бөлім: “Омыртқасының өзегін күн кернеген ашқарақ – көкірегімізде құбылады қас-қабақ”, – деген, төртінші бөлім: “Ой мен сезім отқа толы қып-қызыл, неде екенін біле алмайсың түпкі сыр. Өзін өзі танымайтын Санаға Өзге дүниені мүмкін бе еді ұққызу? Қара тәнге қалатыны – бүк түсу. Ал, былайша, бәрі – заңды, түп-түзу: қарын қамы, жемір топырақ, күпті су!.. Естілерден есалаңдық жұққызу! Қайғы ойламау мықтылықтың мықтысы?”.. Ой мен сезім отқа толы қып-қызыл!”, – деген, бесінші бөлім: “Ой атаулы төбе шаштай тік тұрып, берсе бәрін бір-ақ сәтте ұқтырып! Уһ-һ, күптілік!…”, – деген, алтыншы бөлім: “Бұл дүние – жасанды. Ресми. Жүрек – жылқы, тулайды… Иесі – ми”, – деген емеурін жолдармен, “Түйіні”: “Қараңғылықтың көгіне өрмелеп шығып күн болам”, – деген Сұлтанмахмұт сөздерімен басталады. Кітаптың құрылымдық жүйелілігі концептуалдық салауаттылық пен бүтіндікті аңғартады. Бұл – әр жылдары жазылған өлеңдердің әншейін бір көгенде бас қоса қалған кездейсоқ жиынтығы емес, музыкада симфонияны, архитектурада келісті ғимаратты еске түсіретін сом шығарма, біртұтас ансамбль.

Алғашқы бөлімде – ауыл, туған өлке, таныс табиғат, бақташы өмір. Бәз-баяғы орта мен байырғы ахуал. “Ауылым болушы еді күнде боран… Өзгеріп кетті қазір мүлде балаң. Қаздардың қаңқылынан қаймақ жалап, түнде сәл Ай сәулесін тыңдап алам. Мендегі сөз – құлынды, көз – боталы, бұл дәурен қайталанса жазда тағы!.. Мамырдың майын бұлттар бүркіп өтіп, топырақ жапырағын маздатады. Бір білсе, жер қадірін, тау қадірін, білер ме жусан емген марқа түлік… Қыз-Көктем көл басына асығады, бұрымы бұлт ішінде тарқатылып. “Сезімнің сынықтарын құрсар күйді сен маған осы қазір қисаң қидың!” – деп түнгі құрбым отыр, омырауынан бүр жарған жұлдыздардың иісі аңқиды…” Ыстаған сабаның жомарт пұшпағынан құйылған қысырақтың қымызындай өн бойыңды балқытып қоя берер қайран қазақы өлең!

“Май сағымды маңғаз Тау үріп ішкен, өлең аға жөнелер тіліңізден!.. Қаз дауысы аңқыған қоңыр желге қазанақтың, қайыңның бүрі піскен. Дәрменің жоқ ойыңнан жаңылмасқа, тау тыңдаған саз басқа, сарын басқа, шегірткенің інжулі шырылынан моншақ теріп алар ма еді қарындасқа!..” Пай-пай, таңдайыңды жұлар тәтті сөз-ай! Елігіп үңіле түсесің, елітіп сіміре түсесің.

Кенет – тіліңнің ұшын қышқыл шымшыды ма қалай?.. “Сөз сүйегін өлшеме, мұңды өлшегін; ой – көп, қобыз ділімнің түртер ішегін. Сары дала дөңбекшіп Күн астында, сайтан – сағым сорады бұлт емшегін. Айнала – кіл күйік тау, ісік төбе, айғай жолға көрдім сан түсіп те мен. Құла дүздің кіндігін құйын бұрап…. қарағандар ғана тек күшіктеген. Сор тағдырға Даламның көнген түрі: шала-жансар болса да, ермен тірі. Тобылғының гүлі жоқ!.. Гүл орынына көрінеді қызарып шеңгел тілі”.

Кенет жүрегің шаншып қоя береді. “Мұңсыз да аман болғанмен, құнсыз да аман, көбелектер бітті өліп жұлдызтабан; қаталаған – шөлдеген шерлі Түздің шекесінде күлтілдеп Күн сыздаған! Ақылды жұрт ішкізсін бүгін уын, ашырқанар мендегі ыңыл-уіл. Жел қып-қызыл! Тау ессіз!.. Ессіздіктің езуінің сағымы шұбыруын!..” Жайма-шуақ идилия кенет жұмсақ элегияға, ол – аяқастынан апшыған ызаға айналып бара жатқандай. Манадан бері пейіштеніп тұрған көкжиектен көлгір сағым арылып, тамұқ табы біліне бастағандай.

Сезімтал жүрек өлі төңіректен секем алып, тірі төңірегін тінткілей бастағандай. Екінші бөлім – пәк махаббат, періште көңіл жырлары. Сартап сағыныштың зары. Жандәрмен жалғыздықтың шері. Баяғы Ләйлінің еркетотай назы. Баяғы Мәжнүннің естен танған есірік халі.

Басқаша Махаббат болушы ма еді?! Ол басқаша жырланушы ма еді?! Бірақ, бүгінгі Ләйлі, бүгінгі Мәжнүн ахуалы: “Міне, міне, қоңырау шалып тұрсың! (Көкейіңде пенделік қалып тұр зіл?) Парық-тылсым… Дауысың талықтырсын; айта берші, қайдасың?.. ал, ұқтыршы!.. Күлкі менен күдік те жүре ме бір? Өмір бақи көңілде түнемегір!.. Қалай, қалай?.. ағаң ба?.. жұмысында!.. Дейді бізге: “Тезірек ұғысыңдар!”. Алло-ау, алло-ау!.. Алло-ау, жауап бер, жалындырма, жаным менің тұр қазір сым ұшында!..” Телефон құлағына асылып өліп қалардай бүгінгі Мәжнүннің жан дауысы шыққан жалбарыншы.

Жаны сым ұшындағы сезімталдық. Жаны тырнақ ұшындағы жанкештілік. “Бәрі осылай – тез өтіп, тез бітеді, шырқалып ән, айтылып сөз бітеді. Жамандықтан жанымыз күйер әлі, сол күйіктің орынына көз бітеді; болды деген сәтінде жігер үстем, есік қағып тұрар-ау реніш те. Досың барда – қасың бар, күреңітіп күн тұтылған бір әлем жүрер іште”.

Үшінші бөлім – сол күн тұтылған әлем. Жапандағы жалғыз үй. Жарық әлемнен тек жақсылық дәметкен жадағай қыр тіршілігі. “Бастап келмей әркімді, аңғал соқпақ, жалғыз үйді кесірлі жаннан сақта!” Қапияда жапа шектірмесе, жалғыз үйлі тіршілік болар ма?! “… Біреу келді, Күн оты жана-жана, Қазан-Аспан астында сөнген шақта”. “Екі көзі – қос қанжар, қос қанжардың қылшылдаған жүзіне қан жұғыпты”. “Қалың қабақ қалқалап ішкі райды, қарасұрға қара мұрт сұс құрайды. Көлденеңнен түсіп ап көздерімен келіншектің мықынын ысқылайды”. Бейсауат келген бейтаныс қонақ. Бейтаныс мейманның бейәдеп көздері. Сұс шашқан сұғанақ жанар. Төріңнен төнген оспадар үрей. Бұл жапандағы жалғыз үйді шошытқан жан алар адам ба? Әлде жапандағы жалғыз үйдей жалтақ-жұлтақ күн кешкен қорғансыз қауымның желкесінен төнген жексұрын заман ба?!

Одан әрмен оқи түссең, бұның жауабын өзің табасың. Дымы ішінде далбаса қарекет. Шыны ішінде даңғаза тіршілік. Түнектен өрбіген түн баласы. Қылышқа басын тосқан қылша мойын. Үрейден үсік шалған үркек көңіл. “Миымды бүре-бүре бұлты ажалдың, жұртқа еріп, мың ластандым, мың тазардым; міне, енді… Қала – қара, Ай – сап-сары, сарғайып жалғыз тісі тұр Тажалдың… Тірлік-ай, тәттісі бар, жұмсағы бар, санама қайдан енді мұнша күмән? Өмір не? Қараңғылық ішіндегі бір түннің жаралу ма құрсағынан?.. Азабым – айналамды түсінбегім, арманым – өңімдегім, түсімдегім. Мен кіммін қыбырлаған, қабат-қабат қап-қара құрсақтардың ішіндегі?!…”

Мұндай тіміскі сана қандай түнекке қамап қойсаң да, төңірегін тінткілемей тұра ма? Өзінің кім екенін, қайда жүріп, қайда тұрғанын білмей тына ма? “Осы жайды Жаратқаннан сұрамаққа дұрыстап, бір күдікті тоқтаттым мен қараңғылау бұрышта… Келіп жеттік. Қирап жатыр Хақ-тағала Храмы!… Қайта құру нәтижесі болса керек, сірә бұл?.. Құдай қайда?… Сайтан білсін… Мүсіні тұр көсемнің. Тұрса тұрсын, мен Тәңірді іздеп жүрген есермін. Іздей-іздей, көп есікті ашып-жаптым… Қысқасы… Жолдас Құдай жаңа ғана ішуде екен түскі асын. Әй, Құдай-ай,

1234
скачать работу

Тыныштықбек Әбдікәкімов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ