Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тыныштықбек Әбдікәкімов

неге келдім ес білмейтін балаша: Түскі асының уақыты – миллиард жыл, санасам!”

Бүйтіп бір Тәңірдің өзімен қаймықпастан бет ашысып алған бетпақ Сана бет алған мақсатына жетпей қоя ма? Бұған дейін ар жағына не тыққаны белгісіз Беймәлім Дүниенің бедірейгеніне қарамастан, ұңғыл-шұңғылының бәрін үңгіп ала жөнелсін. “Терезелер торланып, темірленген есіктер… “Ура!” – дейді бір бала, мұрт ширатып бесіктен. Түсіне алмай қойған ем… тістей қойдым тілді мен: бір көршіні бір көрші андып-бағып дүрбімен, таразыға тартуда ауыздардың икемін; борап жатыр көшеде қызыл нанның қиқымы… бір досымды іздеп ем арасынан халықтың, жолың болғыр, ақшадан көрпе тігіп алыпты.” Үстірт үңілсең – елес. Дұрыстап қарасаң – шындық. Сөйтсе, күні кешегі далиған дарқан дала деп жүргендері қараң қалған Қарау Дала екен! “Қасқыр да жоқ ол жақта, арқар да жоқ, құрыған; тек иттері мияулап, мысықтары ұлыған… Жер төсіне сол жақта Атом сына қаққан-ды. Мекендейтін халқы да – қара халық, ақ қанды. Жаратқанға сенгендей, өздері тым аңғал-ақ, мал баққан боп жүр әлі, маңдай тері сорғалап.” Келеңсіз дүниені кезе-кезе зорығасың. Көре-көре торығасың. “Зарлы көңіл – қайтқан қаздың көмейіндей сұп-суық, заһарлатып, күте берме, маңдайыңның жіпсуін. Пиғылыңа пысқырмайды, пысық елдің баласы; мақтауда олар – тым ескішіл, даттауда – тым жаңашыл!.. Үкілердің қанатындай үрей үні кеулеген, үміттерің ғана қалды; салар талай әуреге!” “Біздер кімбіз? Не тілейміз? Бағыт қалай? Құбыла? Иіріліп, жиырылып, өз ойыма тығылам.”

Сонда, жанды мұнша жадатқан не?

Ол кешегі есімізді шығарған Есерлік. “Қызыл тулы шұбырынды Ақтабан”. Төртінші бөлім сол қиямет-қайымға бүгін кеп қанығып, бүгін кеп қамығып отырған көңілдің гөй-гөйінен тұрады. “Имендік-ау шүлдірден! Именуіміз илену екенін кім білген! Мықтады ғой! Ұқпады ғой ұл тілді! Түйе болып, Кие болып құтылдық! Ойқоңыр ма? “Байқоңыр” ма бұл тірлік?… Басталды да!.. Аспанды да тілдірдік. Намыс таптап…. нан ұстап та, қол алдық, бүлінбей-ақ, білінбей-ақ тоналдық! Ақталдық та… мақталдық та… құп алдық… Жүз мың жылға жетерліктей сыналдық!” Бұны ойласаң, санаң сапырылып, миың жапырылып қоя бергендей. “Шала қазақ түсінікпен шалап ішіп сан дарын, Арманды Елдің Әліппесін Орманды елдің томдары жаншып жатса, Ар алдында жөн көргендей бұғуды, көкжол Ойлар үнсіз-түнсіз көкірекпен ұлуды әдет қылып, тірлік мәнін күнкөріспен өлшетті!.. Бөбектерге талмап өскен рәзеңке емшекті!.. Не боларын ойламайтын ертесін, Ел – есінен, меңдеп алған дерт Есін! Па десеңші! Қалай өзі ұлт Миын коммунизм Елесімен өртесу?!” Елің әлгіндей болғанда, кісің қандай? “Бес жалғанның құлысың сен, сәл тыншы; құдай берген ессіздік бар алтыншы: ысып-тоңып, естіп, көріп, иіскеп, татып… құшып-сүйіп!.. тындырып!.. жетісінші дәретіңді сындыру!.. Аспан-Ана күнде дұға оқиды. Үні қалай, естілмей ме Бақидың? Сенікі тек – құлшыну да құлшыну! Бақи саған айта қоймас шын Сырын. Неше кілті бар сендегі ырықтың? Ұлы Аспанның ұлы едің ғой. Ұмыттың? Ұмыттың…” Түсінгеннің түңілмеуі мүмкін емес. Қамыққан сайын қай-қайдағыға қанығып, қаныққан сайын қаныңды зәһар жайлап, ойың қажыңқы, тілің қыршаңқы тартатындай. “Қалалары – қояншық. Дала – сұлық. Өзен-көлдің суалып қарашығы, орман-тоғай орынында қара шілік; елін сүйген елдердің санасы ұлып, жаны біткен тобырдың тәні ашылып, жүрегіңе қадалып нала-сүлік, сорып алар болғанда бар асылын, тіл айналып жүрекке бір-ақ сәтте сыймай кетер ауызыңа ала сұрып!…”

“Ар не? Бар не? Түйсіктерді жоқ баулу. Түсінікке түкірдім, ал, таптаурын… Әні бітер Сезімдердің түбінде, наны бітер Төзімдердің түбінде былапыт Сөз және Қанжар сақтаулы…” Міне, біртүрлі ақындар мен біртүрлі кітаптар қайдан шығады? Таптаурын түсініктерге түңілгеннен шығады. Ал ол түңілдірер құбылыстардың түп төркініне үңілгеннен шығады?

Сонда адамды да, қоғамды да, тіпті заманды да осыншалық жын қақтырып жүрген жадының аты не?

Кітаптың аңғартуынша, “ындын” немесе нәпсі. Тойса күптілікке, тоймаса күпірлікке ұрындыратын нәпсі. Мұншама ыңғыршығы айналған ындынның жалқылық та, жалпылық та желігі егжей-тегжейлі жіліктеледі. Жалқылық арнасының өзі екі тарам боп жарыса өрбіп отырады. Бірі – автордың өзі немесе өзі тақылеттес бөріктілер басындағы аума-төкпе гәптер арқылы ашылса, екіншісі – автор қаяусыз сүйген жар, көңіліне күдік қашырған, кейде көңілін қалдырған ұрғашылардың айтуға жайсыз жағдаяттары арқылы байыпталады. Еркекті есерлікке, әйелді мекерлікке, әлеуметті әумесерлікке бастап жүрген бұл жадыны қашан жерге отырғызып кеткенше қай-қайсысы да аңғара алмайды. Ал, қашан жерге қарап қалғанын аңғарған соң, қайтадан ағарып-тазарып, ақ періште қалыптарына түскісі келіп құлшынып жатқан еркек те, әйел де, жалқы да, жалпы да көрінбейді. Тіпті күнәкар кешегісін аңсап, күні өтіп бара жатқан бүгінгісімен қоштасқысы келмейді. Ақынды бәрінен де сол көбірек қинайды.

Ойбай-ай, ұят-ай, Ындынның Жаны қайда, мен қайда?

Мүңки иірімденіп, суылдап өтіп жатқан алапат күнкөріс

Құрдымына күмп-п етіп түсіп кету дегеніңіз осы шығар?!..

Шынында да, солай екен!

Күмп-п ету, о күмп-п ету!..

Тірі шөпті көрмей өскен інжілтану үмбеті

Көңілдерін терезелерінен телміргендерге селт етпей,

Ермек үшін, ергежейлі ит асырап пәтерде,

Таң сәрісі күлгінденген бейғасырға өтерде,

Ежелгі елдің көшелердегі көлеңкелеріне де кіжініп…

Кешегі өткен империя мастығының қызылы

Тұмсықтарында ғана қалған дарындылар шүбәлі

Ертеңгі күн елестеріне де еріндерін шығарып,

Әулиелер әулетінен санағанда өздерін,

Іңірдегі тұрмыс түрі телесекс көзденіп,

Қылмыс қылы тиген сайын қытығына Пәктіктің,

Аязыңа пысқырмайтын

Радиоактивті

Масалардың ызыңынан да беймаза жұрт қозданып…

Айдаһары зауыттардың ми қыртысы газданып…

Даласына саусақ безеп тұрған қола Сұлбаны

Тәңір тұтқан Ұлы Түздің қара көзді ұлдары

Жат тілінде бұқаралық аят оқып, күні үшін…

Саясаттың қоза түскен ұрғашылық жынысы

Сақал-мұртын түземеген пролетар түрінде

Түске енетін

Халықаралық қорқыныштың түнінде.

Тәубеге елді түсіретін (күндердің бір күнінде)

Бір жасыл сөз барын білем Жапырақтар тілінде!..

Құбылмалы заңға емес-ау

Қанға ғана көнетін

Сол жасыл сөз

Мына Жалған Дүниеде көне тым

Бұзылмауын тілей жүріп әлеуметтік дәреттің

Сүттей таза бір жарықтық жер тапсамшы өлетін!

Бесінші бөлім санадан өшпек түгілі көз алдыңнан кетіп болмаған кешегінің кесапаттарын кескіндейді. Жамандықтың кетіп болмағаны, жақсылықтың келіп болмағаны зығырданды қайнатады. Кеткеннің қинағаны өткен, келгеннің алдағаны өткен келеңсіз кезеңде ештеңе өз қалпында көрініп, өз мағынасында ұғылмақ емес. “Баяғы бала кезгі ұлы бесін тәубесіз пенделердің бүріп Есін… маңырап босағамнан аппақ елік… бұлттардың күркірінен шөп көгеріп… бір жері Дүниенің тағы сыздап… Ой қалқып Сөздің қызыл соғысында… ажалмен арбасқан бір бақсыдағы иектің ең ақырғы қағысында күп-күрең ит бейнелі құс кісінеп… Заңынан көмекейдің тыс кісілер ертеңнің елесіне саусақ малып… аңырып ақиқаттан алшақ халық… ыңырсып қарсы алдымнан тұрмыс тағы, алмасып бір қайнағы, бір мұздағы… өзіме өзім кейіп… Қара түнде отырам қызылшақа жұлдыз бағып…”. Бұл – өлеңдегі сюреализм, бірақ көңілдегі реализм. Өйткені, көз әлі ештеңеге түбегейлі жеткен жоқ. Көңіл әлі ештеңеге түбегейлі біткен жоқ. Ендеше, ол қалай жайбарақат бола алады?! Қалай аунақшымайды?! Қалай төңбекшімейді?

Алтыншы бөлім сол аунақшып-төңбекшіген алаң көңілдің анатомиясын іреп-сояды.

Бесінші бөлімді: “Шексіздікте көшіп жүрген бүгін ғана бар мәңгі!” – деп аяқтаған ақындық пайым алтыншы бөлімді: “Бақи деген – қарапайым айналым: ойлануды сезіну мен сезінуді ойлану”, – деп бастайды. Ой мен сезім бірін-бірі ерткен бұзаулы сиыр сынды ноқталы ұғымдар. Бірақ, енесі – сезім, төлі – ой шығар. Өмір сезімді емізеді. Сезім көңілді емізеді. Көңіл ойды емізеді. Пікір солай туып, солай өрбиді. “Оу, Өлмес-ау, сезім – тәтті, ой – ашты? Түйсігіңді нендей үндер оятты? Күн астында құр күңсисің шараптан, Қырық Пышақ бар, қызаратын Ай асты! Мынау Дүние керіс пе, жоқ, кіріс пе? Жауабы оның – Жаннан нәзік, жіңішке. Жауға деп, сен сүт құйғанда алтынға, саған деп, жау у құяды күміске!” Бәрібір сол баяғы гәп: “Өмір – Күрес, Өлмес-ау, Күрес – Өмір, сайтан мінген пендеге ілесе біл. Өмір – Күрес! Әйтсе де, Дүние – Кезек: біресе жын әндетер, біресе құл… Байлық пенен мансаптан, дабырадан бас тартпаған пенде – адам, жемір – адам… Сайтан оған мінсе де, ол – сайтанға, өзгермейді ешқашан өмір одан!” Тіршіліктің трагедиясы да осында. Бәрі де өзгерер. Жау да өзгерер, дос та өзгерер. Бар да өзгерер, жоқ та өзгерер. Заң да өзгерер, заман да өзгерер. Бірақ, құлық өзгерер емес. Құлықты өзгертетін ындын өзгерер емес. Жұрттың бәрі де бақытты болғысы келеді. Кеше жоқтар барды талап жаппай бақытты болғысы келді. Бүгін жалқылар жалпының несібесін жабыла талап жаппай бақытты болғылары келеді. Аңсайтындары – әйтеуір, обал-сауапты ұмытқан озбырлықпен келетін бақыт. “Еруліге – қарулы!” – деп аталар бұл, шайқастың бітпейтіні мәңгілік, екеуі де ұққан емес, бірін-бірі мәңгіріп!.. Екеуі де, күндер де күн, қалар, бәлкім, моласыз?… Сегіз қиыр Шартараптық Таң пен Баққа таласып, тәубені ұмытып ал

1234
скачать работу

Тыныштықбек Әбдікәкімов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ