Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тыныштықбек Әбдікәкімов

ған кезде Өзара Ортақ ісінде, Тәнің түгіл, жаның түсіп кетер басқа пішінге!” Таңмақшарда тайраңдайтын Тажалды бес күн тірлікте сайрандатып қойған жетесіздіктің тегін, төркінін, салдарын жан-жақты талдай-талғай алған ақын тоқтамдарына біреу қосылар, біреу қосылмас. Бірақ, тебіренбей, теңселмей, енжар қала алмайды. Тіршілікке қажет сыбаға емес үлес, енші емес меншік іздеген сімсік ындын сілікпесін шығарған бүгінгі адамзат бұл ібіліс ұғымдардың қыл тұзағын қалай шешіп шығудың жолын бақ пен таққа жабыла таласқандай, жабыла іздемесе, құлағын қылтитып тұрған Қиямет-қайымнан қашып құтыла алмайды. Ақын сол Қиямет-қайымның қаупі мен қияпатын көлкештемей, көлгірсімей, таусыла бейнелеп, тапсына сөйлейді. Өйткені, Ақынның Ақиқатқа қиянат жасауға хақысы жоқ. Бірақ, Ақынның Үміттің онсыз да әлсіз отына су шашуға да хақысы жоқ. “Мына Жалған Дүниеде бес Күндік, Өмір – күрес!” деген ұғым ескірді”, – деп түйіп, “бір шаңырақ – күн астындағы бар халықты” жарастыққа шақырады. “Тектен текке шаттанбаймын бұлай мен, О, Сор Тірлік, сынайсың ба, сынай бер! Бүкіл әлем оңға айналып, ұдайы, есін жиып – тілдеседі құдаймен! Оң мен солдан Биіктік пен Тереңнен Жаратылған Ой жайнайды Өремнен!.. Жұдырықтай жүрегіммен мықшия бас орынына күн көтеріп келем мен!..”

Бұның бәрі – құрғақ қиялдың желдірмесі емес, қиналған жан, төгілген ар, шамырыққан намыстың тебіренісі. Оның бір кезде Абай күңіреніп, Шәкәрім шәйіт болып, елу жыл зұлмат тоқпағы төмпештеген Шыңғыстау топырағы түлеткен жас ақынның жанын тербеп шығуы да тегін емес.

Юрий Тыняновтың айтуынша, ең мықты лириктің ар жағында өліп-өшіп сүйген бір әйелден көңілі мықтап қалған, өрттей өкінішті құпия махаббат жатады екен. Біздіңше, бұл кітаптың да ар жағында өліп-өшіп сүйген өмірден қаралай көңілі қалған өрттей улы өкінішті тылсым махаббат жатыр. Күл болған сенім, тұл болған мұрат жатыр. Алданған арман, адыра қалған шындық жатыр. Оны адамзаттың ең қатерлі қылмысы жасалып, ең зұлмат зорлығын кешкен аймақ пен халықтан шығып, соның қақ ортасында жүріп, бәрін көзімен көріп, қанына сіңірген ақын азамат айтпағанда, кім айтады?

Бұндай кітаптың дәл бүгіндері жарық көруі де заңды. Әдеттегідей дәуірге үн қосу, заманды жырлау дегенді әлеуметтік жалпақшешейлік пен желөкпелік деп емес, мойыныңа тарих салып отырған талқыға қаймықпай жауап іздеу деп түсінетін қайсар ұғым да көкірегімізге енді-енді қонақтай бастады. Бұл кітап сонда қай жанрға жатады? Алғашқы бетте көрсетілгендей, “өлеңдер, балладалар, толғаулар” ма? Жоқ, бұл – өлеңдер, балладалар, толғаулар арқылы айшықталған замана панорамасы. Қазақ болмысының әлі бастан кешіріп үлгеріп болмаған рухани одиссеяларының кең қарымды эпопеясы. Екі мыңжылдық тоғысында тағдырын тағы сынап көрмек ұлтының әрі трагедиялық, әрі қаһармандық сағасы. Шерлі баяны. Шерменде Баяны. Өлімшілесе де, өлтіре алмаған өркеуде Баяны. Үшінші мыңжылдыққа да үміт пен күдіктің арпалысы үстінде адым салып отырған қазақ рухының кескекті тағдыры мен кесек кескіні. Барша қазақ баласының рухани драмасы. Бұған дейін қазақ поэзиясында кеңінен таралмаған тосын үлгі мен тосын сарында жазылған, үздіге оқылар үздік туынды. Бір кезде Сұлтанмахмұттың ғұмыры жетпей, Мағжанға мүмкіндік бермей, айтылмай, аршылмай қалған, көмейімізде көп тұрып, көмескі тартты ма деп күмілжіп жүрген көкейкесті сырымыздың ойда жоқта өзінен өзі ақтарыла төгілген сел нөсері. Тосын құбылыс. Төтен құбылыс.

Иә, бұл – өзек өртеген наланың жыры. Тек кешегіге ғана емес, бүгінгіге де бағышталған нала мен наз. Әлі күнге орнығып болмаған қоғамға, оңғарылып болмаған заманға нала. Ең бастысы, әлі күнге адам болып кете алмай жүрген адамға нала. Бәрімізге айтылған наз. Бәрімізді теңселете күйзелтіп, тебіренте ойландыратын шығарма.

Иә, бұл біртүрлі кітап… Тынышбек Әбдікәкімов те біртүрлі ақын. Тек талантты ғана емес… Жә, ар жағын айтпай-ақ қоя тұралық. Әлі жас қой… Әлі жазар… Әлі жарқырар… Айтарымызды айтып үлгерерміз әлі…

Біртүрлі ақынның біртүрлі кітабы жайындағы пікірімізді осылай біртүрлі аяқтағанды жөн көрдік… Айтпақшы, бар болғаны бес жүз данамен басылып, көп оқырманның көзінен көлеңке қалған кітаптың едәуір бөлігіне “Таң – Шолпан” жуық санында өз бетінен орын бермек. Оқырманы, ең болмағанда, жиырма есе көбейеді ғой. Жақсылықтары алдарынан шықсын, Алладан қайтсын!

4 қыркүйек, 2001 жыл.

Әбіш Кекілбаев

1234
скачать работу

Тыныштықбек Әбдікәкімов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ