Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тоқтар Әубәкіров

н емес. Қазақтың бір баласы сынақшы-ұшқыш болса, несі жаман? Маған осындай мүмкіндік жасауға қол ұшын беріңіз”, деп үшбу хатты жолдап кеп жібереді. Арада алты ай өткенде әскери бөлімнің топалаңы шығады: ойбай, Саяси бюро мүшесіне арыз жазған кім? Бұл не ғып жүрген қазақ? Сонымен, мән-жай анықталады. Қонаев ол кезде Коммунистік партия Орталық комитетінің Саяси бюросының мүшесі. Брежневтің досы. Дәурені жүріп тұрған кез. СССР Қорғаныс министрі А.Гречконың тапсырмасы бойынша Тоқтар Әубәкіровті Авиация өнеркәсібі министрлігіне ауыстыру туралы жоғары жақтан пәрмен келіп түседі. Сөйтіп, Тоқтар Оңғарбайұлы Мәскеудегі МИГ авиация фирмасына тап болады. Сол жерде көптеген сынақшы-ұшқыштармен танысып, небір асау әуе тұлпарын ерттеп міне бастайды. МИГ-23-тен бастап МИГ-29 ұшағына дейін түгел сынақтан өткізеді. 1988 жылы бірқатар сынақ ұшуларын сәтті өткізгені үшін Совет Одағының Батыры атағы беріледі.

 

Қиыр Шығыста жүріп Дінмұхамед Қонаевқа хат жазу, онда да қазақтың бір баласының сынақшы-ұшқыш болса, несі айып, – деп мәселені төтесінен қою үшін де жүрек жұтқан батырлық керек. Егер сонда Тоқтар солай тәуекел етпесе, қатардағы көп ұшқыштың бірі болып қала берер ме еді? Өмір жолы мүлде басқаша қалыптасар ма еді, кім білсін?!.

 

Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ

 

 Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады.

 

Көзіңді ашып-жұмғанша... Мәселені сағаттар емес, минуттар емес, секундтар шешетін уақыт болады.

 

Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне ұшқыш болсам деген үкілі үмітті қондырғанда мұндай жағдайлар болады дегенді қаперіне әсте алмаған да шығар-ау! Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда, аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нәрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар.

 

Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпыр-ай, әлгі МИГ-29 ұшағын шторм уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Қара теңіз – теңіз біткеннің ішіндегі қанқұйлысы. Алапат теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер еді. Шторм кезінде жал-жал толқын пайда болады. Бұл, әрине, мұхит толқынынан шағындау болғанымен, зардабы зіл-батпан. Бірінің артынан бірі келіп ұрғанда корабльдің пәрша-пәршасын шығаруға шамасы жетер-ді.

 

Тоқтар Әубәкіров сондай сұрапыл теңіз дауылы ышқынып тұрған шақта дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты кеме үстіне қондырып үлгерген ғаламат ерлік жасаған. Әдеттегі сынақ ұшуы деп есептелгенімен осындай күрделі жағдайда ұшақты кеме үстіне қондыру таза жүрек жұтқандық қой!

 

Тоқтардың бұл ерлігі сол кезде еленбей қала бергенін қайтерсіз? Әскери шені  көтерілмеген. Жалақысына да жарытымды ештеңе қосылмаған. Марапаттау деген атымен жоқ. Судың жал-жал толқындарының салмағына ұшақтың салмағы келіп қосылғанда 80 мың тоннаға тең келерлік жойқын жүктен кеме шайқалғаны сондай: қауырсын секілді шырқ айнала жөнелген ғой. Тоқтардың бойына сонда да үрей ұя салып үлгермеген. Қорқыныш, үрейлену сезімі ұшақ қонған соң барып келсе керек. Япыр-ау, мен мұнда қалай тап болдым, бұған қонып нем бар? – деген ой ең соңынан келгенде қыр арқасын қара тер басқан...

 

Гиннесстің рекордтар кітабына кірген ерлігін де осы ұшақпен жасады. “Тбилиси” крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Совет ұшағы лып етіп көтеріле ала ма, жоқ, бұрқ етіп жоқ бола ма, деп бүкіл дүние жүзінің мамандары демін ішіне тартып, қарап тұрған еді. Тоқтар Әубәкіровке крейсердің қамзолдың етегіндей қып-қысқа ұшаңқайынан МИГ-29 ұшағын лып еткізіп көкке көтеру міндет болды. Жаңа әдістің ерекшелігі сонда: ұшақ құдды трамплиннен түскендей төмен лықсып келіп, дүр етіп ұша жөнелген кептердей тез көтеріліп кетуі керек. Барлық мәселені секундтар ғана шешеді. Ұшақтың моторына байланысты. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. А деп ауыз ашқанша құйрығы қайқаң етіп зеңгір көктен көрінетін дыбыстан жылдам ұшқыр ұшақты сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров сонда зыр-р еткізіп, көтеріп үлгерді. Асқан дәлдікпен аядай жерге ұшақты қайта қондыру да ғаламат ерлік болатын. Авиация тарихында бірінші рет мұндай әдіспен ұшуды жүзеге асырғаны үшін Тоқтардың бұл ерлігі Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл 1989 жылдың 1 қарашасында болған оқиға еді.

 

Совет Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов ағамыздың Тоқтар Әубәкіровтің ерлігіне тәнті болғанда айтқан сөзіне қосыла бас иземеске амал қайсы? “Мынау деген кез келген ғарышкер-ұшқышыңыз сынақшы-ұшқыш бола алмайды. Былай қарасаң, олардың дәрежелерінің бір-бірінен еш кемістігі, не артықшылығы жоқ. Тек, ғарышкерлер елдің алдында, халықтың алдында жүретін топ, ал сынақшылар құпия өмір сүреді. Сынақшы мен ұшқыштың ара-жігін ажыратып алу керек. Мәселе – олардың қызметінің сынақшылық құпиялылығында да емес, бар мәселе – олардың жүрегінде. Ең алдымен жүрек керек, жүрек!”

 

Жүрек жұтқан батыр ағасының жүрек жұтқан батыр інісі туралы айтқан сөзі бұл. Қазақ “жүрегінің түгі бар” деп осы Талғат пен Тоқтар сияқты кісілерді айтса керек.

 

Төртінші перне немесе Назарбаевтың қолқасы

 

Кім көрінген кесімді сөз айта алмайды. Адамның өз беті болады. Өз бетінше өмір сүру, өз бетінше шешім қабылдау ер мінез адамның ғана қолынан келетін шаруа. Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалыпты. Мұның алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендігі себептен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан-ақ жарияланып кетіп, қызық болған екен.

 

Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып, “Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жатыр”, дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды. Өмірбақи өз бетінше өмір сүріп келе жатқан батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон пішкенге күйіп-пісіп, “Менің жеке өміріме, тағдырыма қол сұққандары қалай?”, деп тұрғанда Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады.

 

Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:

 

– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен бауырына тартып сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін, бұл ұшу сен үшін, я болмаса мен үшін қажет емес, біздің қазақ халқы үшін керек. Білесің бе: Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар “Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?” деп армандаумен келеді. Өзіңді туған сол халықтың арманын орындаудан неге бас тартпақсың, а? Оның үстіне сен барлық жағынан дайын тұрсың... Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.

 

 

Аталы сөзге тоқтаған қазақ емеспіз бе: Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Бірақ батырдың аты – батыр ғой, Елбасына өзінің келісімін бере отырып, бірнеше шартын да қойып үлгереді. Онысы Қазақстанның ғарыштық ғылыми бағдарламасы болсын деген тілек еді.

 

Талғат Сүйінбайдың кітабында Елбасы мен Тоқтар Әубәкіровтің арасындағы әңгіме түйіні былай көрініс тапқан.

 

“Қалайда осы қазір ұшуға тиіссің!”, – деді Елбасы.

“Ұшамын!..” – дедім мен.

“Қазағың үшін басыңды қауіп-қатерге тігесің”, – деді ол.

“Тігемін!..” – дедім...

 

– Байқоңырдағы “Энергия” ғылыми-өндірістік бірлестігінде “Халқым үшін, қазағым үшін өліп кетуге дайынмын!..” деген таспаға жазылған сөздер бар. Қажет деп тапсаң, барып көруіңе болады...

 

Тоқтардың ғарышқа ұшу кезеңі қазақтың Азаттық туралы арманының орындалуға бет бұрған уақытпен тұспа-тұс келді. Елбасымыздың күш салуымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың ішінде бүткіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.

 

Советтер Одағы ыдырауға бет алып, буыны босап тұрғанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тоқтар Әубәкіровке жоғарыдағы әңгімені айтып, қолқа салғаны дұрыс болған тірлік екенін қазір бәріміз білеміз. Назарбаев ұлтының үмітін оятуға барын салған екен. Тоқтар, былай қарағанда, СССР-дің соңғы космонавты іспеттес. Бірақ бәрібір қазақтың тұңғыш ғарышкері! Дулат Исабековтің бір әңгі­месінде қазақтар капитализмнен социализмге жүн түтіп отырып өтіп кетеді... Қоғамдық формациялардың ауысар тұсында қазаққа аса көп ауыртпалықтың келмегені әуелі Алла-тағалаға деген халықтың ынтызар тілегінен туса керек.

 

Тоқтар Әубәкіров – Жаратушы мен Азаттық аңсаған халқының арасын жалғап жібергендей көрінеді де тұрады!..

 

Тоқтар ұшқан соң, арада небәрі бір жарым ай өткенде қазақ халқының қолы ғасырлар бойы аңсаған азаттығына жетті!

 

 Бесінші перне немесе “Шайтанкөл” хикаясы

 

2001 жылы “Жас Алаш” газетінің 80 жылдық мерейтойы болды. Біз осы бір айтулы датаны “Атамекен” атты экспедиция ұйымдастырып, әуелгі сапарды Қарағанды облысынан бастадық. Құрамында бірқатар белді-белді республикалық басылым­дардың жетекшілері бар арнаулы топ жүрген жерде қазақтың бірлігін, ұлттық тұтастығын насихаттау мақсатыме

1234
скачать работу

Тоқтар Әубәкіров

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ