Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тоқтар Әубәкіров

н Қарқаралы өңіріне қадам басты. Сонда студент күнімізден құлағымызға “Шайтанкөл” әні арқылы таныс болып қалған атақты “Шайтанкөлге” келдік. Етектен ентіге көтеріліп, биік төбенің басына шыға келгенде қарсы алдымыздан шап-шағын көл жарқ ете қалды.

 

– Ассалаумағалейкүм! – дедім дауысымды соза амандасып. Қасымызда жол бастап келе жатқан ұлттық қорықтың директоры менің бетіме жалт қарады. Бірдеңе айтқысы келгендей... Мен о кісіге барлай қарап едім, сәл күлімсірей түсті де, көлге беттеді.

 

– Суға түсуге бола ма? – дедім.

– Беті-қол шайса да жеткілікті ғой, –  деді де елағасы сөзінің соңын жұтты.

– Жаңа сіз “Ассалаумағалейкүм!” дегеніңізде менің есіме Тоқтар Әубәкіров түсіп кетті.., – деп сосын сөзін сабақтай түсті. – Қай жылы, Тоқтар ғарышқа ұшып, аман-есен елге оралған соң осында, туған жеріне келді. Қарқаралы халқы хан сықылды күтіп алды Тоқтарды. Содан осында “Шайтанкөлге” келдік. Ол мұнда келген бетте дереу шешінді де суға қойып кетті. Ай-хой, ой-хой деп ары-бері әбден жүзді. Туған жерін сағынған ғой деп біз де еміреніп жатырмыз. Содан не керек, оның арты қиын бір жағдайға ұласты. Ертесіне ғарышкердің денесінде адам көргісіз бір жаралар пайда болды. Дереу дәрігерлер қарай бастады. Жақпаған мазь жоқ. Кетер емес. Жағдайдан Алматы құлақтанса керек, апыл-ғұпыл Тоқтарды сонда алып кетті. Сізге өтірік, маған шын, жаңағы жара оңайлықпен жазыла қоймады. Бір күні Тоқтар түс көріпті. Түсінде аппақ киімді, аппақ сақалды бір ақсақал “Әй, Тоқтар! Сен менімен амандаспадың ғой!” десе керек. Содан Тоқтар Қарқаралыға дәрігерлердің қарсылығына қарамай салып-ұрып жетіп келеді ғой. Келе сала осы “Шайтанкөлге” беттейді. Жоғары көтеріліп, көлді көре сала “Ассалаумағалейкүм” деп амандасады. Бір түн түнейді. Түсінде манағы шал ырза кейіпте көрініп, Тоқтардың үсті-басын қолмен бір сипап өтеді. Қанша мықты дәрігер емін таба алмай, жаза алмай қойған әлгі жара демде, әп-сәтте жоқ боп кетеді. Тоқтар құлан-таза айығып шыға келеді. Ғарышкерлердің денсаулығын қарайтын дәрігерлер аң-таң деседі. Сіз әлгінде көлмен амандасып жатқаныңызда менің есіме осы оқиға түсіп еді, – деп ағасы әңгімесін бітірді.

 

“Бұл не деген керемет!” десіп бәріміз таң қалып жатырмыз.Тоқтар ағамыз өткен Парламент сайлауында Қызылорда қаласы бойынша депутаттыққа түсті. Көрші округ болған соң, бір жағы ұлтымыздың маңдайына басқан перзенті, оң сапар болсын деп арнайы сәлем бере бардым. Сайлау науқаны қызып, әлденеге көңілі алаңдап тұр екен. Шаршаулы секілді көрінді. Көңілін көтермекке “Шайтанкөл” хикаясын айтып едім, томағасын сыпырған қырандай жанары жалт етті. Артынша балаша мәз болып күлді. Сөйтті де мені қапсыра құшақтап, бауырына басты. Тоқаңның бойынан тараған жылы нұрды сол сәтте жан-тәніммен сезінгенім бар...

 

 Алтыншы перне немесе Тоқтардың туған жері

 

44-ші Қызылорда сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың арасында кімдер жоқ дейсіз: әкімдер де бар, бизнесмендер де жетерлік, нанталаппен жүргендер де табылады. Солардың арасында шоқтығы биік жандардың бірі де, бірегейі де Тоқтар Әубәкіров болды.

 

Кейде қазақ десек өзімізге тиетіні бар.

 

Тоқтардың басқа облыста дүниеге келгені үміткерлер арасында ең басты қарсы аргумент ретінде қарастырылды. Кездесулер кезінде, ел аралағанда қасақана сондай мұқату әрекеттері алдан шығып отырды. Сонда Тоқтар Әубәкіровтің айтқаны бар.

 

– Айналайын, халайық! Менің туған жерім, кіндік қаным тамған жер Қарағанды облысы екені рас. Бірақ мен ғарышқа осы жерден, мынау Байқоңырдан ұштым ғой. Менің жаңа паспортым бар! Менің мекенім – ғарыш, тұрағым – Қазақстан, туған жерім – Байқоңыр. Мен аспанға ұшып, аман-есен оралғанда табаным осы жерге тиді. Ана жаққа барып қайтқан адам жаңадан туған сәбидей емес пе?!. Сонда менің бұл жерге жаттығым қайсы? Біле білсек, қазаққа осы қазақтың жерінің бәрі – туған жер емес пе?!. – деп баяғы Қаз дауысты Қазыбек бабасы құсап таза қазақша сөз төгілткені бар.

 

Ұлттық тұтастық ұғымы әлі де болса талайдың санасынан сырт қалып жатыр ғой. Бүкіл түркі дүниесі ардақ тұтып отырған арда ұлға басқа өңірде тудың деп көзтүрткі жасауға ұмтылғандар ақыры жеңіліс тапты. Осындайда қазақтың намысы неге оянбай жатқанына қынжыласыз, еріксіз бас шайқайсыз.

 

Саяси бюроның кезекті бір мәжілісі өтіп жатқан уақытта партияның Бас хатшысы Михаил Горбачев бас конструктор Ростислав Беляковқа: – Сіз бен біз осы қазір орыс әуе флотының тарихын жазып жатыр емеспіз бе... Солай ма, жолдастар?! Ертең әлемдік авиацияда тұңғыш рет әскери кемеге ұшақ қондырып, ұшырайын деп жатырсыздар. Мен бұл әрекеттеріңізді өте құптаймын. Бірақ та, айтыңызшы, сол “МИГ” фирмасы сынақшыларының арасынан осынау аса жауапты міндетті орындайтын қалайша ғана бір орыс фамилия табылмады? – дейді. Сонда Беляков: – Құрметті Михаил Сергеевич! Қымбатты Саяси бюро мүшелері, егер, біз орыстың әуе флотының тарихы қанмен жазылмасын десек, бұл ұшақты крейсерге алдымен 1-сыныптағы сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров қондырып көруге тиіс. Менің бұған басқа алып-қосарым жоқ! – деп табандап тұрып алған екен. Жүз сексен миллион халықты мойындатқан тұлғаны тоғыз миллион халықтың арасында танығысы келмейтіндердің табылатынына не дерсіз!

 

...Сол сайлауда елдің патриоты болып жүрген әжептеуір бір кісінің Тоқтар Әубәкіровке қарсы уәжді пікір айта алмай:

 

– Тұңғыш космонавт деп әлдеқандай қыласыңдар, аспанға кім ұшпаған, әуелі ит те ұшып еді ғой, – деп тұқыртқысы келгені бар.

 

Қаншалықты биікке шыға алатынымызды дәлелдеген ел едік. Соншалықты төмен түсіп кетудің сыры неде екен, а?!.

 

 Жетінші перне немесе  Дөңгелек дүние дидары

 Кіршіксіз жан дүниесін неге кірлетеді екен, адамдар?!.

Қарқаралыда болғанымызда аудан әкімі Нихан Омархановтың Тоқтар туралы шешіле төгілдірген бір сыры тіл ұшына оралып отыр.

– Тоқтар келгелі қасынан қалмай жүрдім. Көп сөйлестік. Терең адам ғой. Бірталай әңгімесін бейнетаспаға жазып та алдық. Бірде, түнде жұлдыздар жыпырлап төбемізден төніп тұр еді. Тоқтар бір әңгіме айтып тұрды да кенет сөзін үзіп, көкке қарай басын көтеріп тесіліп қарап тұрып қалды. Қарап тұр. Қарап тұр. Біздің мойнымыз ауырып кетті. Бір кезде барып: – Қайтқым келеді! – деді үздігіп. – Мұнда не бар? Бәрі лас... Керемет ана жақта ғой! – деп аспанға тесіліп қайта қарайды. Сонда ол жақ шынымен ғаламат болғаны ғой, шамасы!.. – деп еді.

Мен осы әңгімені айтқанымда “Егемен Қазақстанның” бас редакторы Жанболат Аупбаев үнсіз тыңдап тұрған. Таяуда сол Жақаң айтады. – Сен сол әңгімені айтқанда менің есіме Антуан де Сент-Экзюпери түсіп кетті. Ол да керемет ұшқыш болған ғой. Аспанға көтерілген ұшақпен. Ары қарай ешкім білмейді. Қайда кетті? Не болды? Сірә, ауа қабатынан көтеріліп, кеңістікке шығып кетудің сырын білген болса керек!.. Ұшқыш жазушы өз құпиясын өзімен бірге ала кеткен. Солай!.. – деп Астана аспанына қарады.

Зеңгір көк аспан. Ар жағында не бар? Ол жағы әуелі бір Аллаға, сосын біздің ғарышкерлерге аян болар...

Антуан де Сент-Экзюпери де адамдардың арпалысынан қажыды ма екен?!. Кіршіксіз жаратылған дүние дидарының кірлемегені жақсы ғой!

Адамдардың ізгілікке құмартқаны, жақсылыққа жақын тұрғаны жақсы емес пе!?.

Адамсүйгіштік қасиет ана сүтімен бойға даритын болса керек. Тоқтар Оңғарбайұлы өз анасын  әрдайым ыстық ықыласпен еске алады. “Маған мақсатқа жетуді анам үйретті. Жоғары білімі болмаса да ішкі мәдениеті мен жан-дүниесі келіскен сондай асыл адамның маған қаншама ізгі қасиетті қалай дарытып үлгергеніне қайран қаламын. Айналаңдағы адамдарға жақсылық жаса, жасағаның өзіңе жақсылық боп қайтады. Саған қайтпаса, балаңа қайтады. Әйтеуір, жақсылық ізсіз кетпейді” – дейтін еді анашым деп толғанады Тоқтар батыр.

 

Бала демекші, Тоқтар ағамыздың үлкен ұлы Тимур да әкесінің жолын қуып, ұшқыштықты қалаған екен. Оған Америкадан “Боинг” фирмасында жұмыс істеуге ұсыныс түскен көрінеді. Сонда Тимур Тоқтарұлы: – Бәріміз жан-жаққа жамырап кете берсек, Қазақстанды кім көтереді? Елге тимеген жақсылықтан не пайда?!. – деп Қазақстанда қалыпты. Азаматтықтың жарқын үлгісі осындай-ақ болар.

 

Тоқтар Әубәкіровтің ой-толғамдарына құлақ түрсеңіз, бойыңызды елдік сезім керней бастайды.

 

– Бізге қуатты қорғаныс күші керек болса, одан қаржы аямайық. “Қай ел өз әскерінен қаражатын аяса, басқа елдің әскерін асырайды” деген Наполеон Бонапарттың сөзі бар. Сондықтан, әскерден ештеңе аяуға тиіс емеспіз...

 

– Біздің ата-бабаларымыз өзінің ұрпағына ес біліп, етек жапқан кезден бастап қолына садақ беріп, атуға үйретіп, найза мен қылышты серік еткен. Асау аттың жалына жармасып өскен қазақ баласының қай-қайсысы да Отанын қорғауға дайын болған. Қазір ше... баланың қолына бар болғаны қамшы береміз, домбыра ұстатамыз, еркелетсек “Сникерс” сыйлайтынымыз бар. Осы дұрыс па?

 

– Армиядағы өзгерістерді біз отбасынан, ошақ қасынан бастауымыз керек. Авиациясыз әскер – қауқарсыз әскер. Қанаты жоқ құспен тең. Кең-байтақ даласы бар Қазақстан үшін мұның сипаты мен сапасы айрықша...

 

– Қазақтың киіз үйіне не тең келеді? Кезінде Үштөбедегі киіз үй зауыты жыл сайын жиырма мың киіз үй шығаратын. Соны қайта қолға алып, көшсе

1234
скачать работу

Тоқтар Әубәкіров

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ