Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тоқтар Әубәкіров



 Другие рефераты
Түркістан аймағындағы Сығанақ қаласының тарихы Торғай көтерілісі Тарих сабақтарында тарихи-мәдени ескерткіштерді пайдалану Сырым Датұлы көтерілісі

Қыран қазақ

 Тоқтар Әубәкіров туралы мақала жазамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Биылғы Баспасөз күнін “Егемен Қазақстанның” ұжымы Қосшы ауылының іргесіндегі Нұра өзенінің жағасында қарсы алды. Сонда сөзден сөз шығып отырып, әңгіме қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров туралы да өрбіп кетті. Бір топ журналист Тоқтар туралы әлде аңыз, әлде ақиқатқа бергісіз біраз жайдың басын шалғанбыз.

Редакцияда Алаштың ардақтысына айналған, немесе есімі елдің есінде жүрген қазақ азаматтарының мерейтойына арнап, арнайы мақала жазуға тапсырыс беру талайдан келе жатқан үрдіс. “Жақында Тоқтар Әубәкіров алпысқа толады, әнеу­күнгі әңгімелердің негізінде сіз бір дүние жазыңыз. Шығатын сияқты”, деп басшымыз айтқанда, неге екенін қайдам, ойланбастан келісім берген екенмін. Әдетте мерейтойлық мақалалардың табиғаты біркелкі болып келеді: өмірбаян беттерінен деректер, азаматтың атқарған қызметі, жасаған жұмыстары мен шыққан еңбектері тәспіше тізбектеліп, баяндалады. Тоқтар туралы жазуым керектігі анықталып, алдағы “Етжеңді “Егеменнің” нөміріне материалды дайындау жайында Жанболат Аупбаев тағы бір шегелеп өткенде: “Құдайым-ау, мен атақты Тоқтар Әубәкіров туралы не жазамын, қалай жазамын?” деген ой басыма сарт ете қалды. Көмір, темір, анда-санда өмір туралы жазып жүрген жазған басым тылсым тақырыпқа келгенде еріксіз селт еткендей. Тура ғарышқа қазір ұшатын адамша бойымды әлдеқандай бір үрей биледі. Француздың атақты жазушысы, адамзаттың қиялына қанат бітірген Антуан де Сент-Экзюперидің ұшқыш болғаны белгілі. Оның: “Бар болғаны бойыңдағы үрейді жеңе білсең жетіп жатыр: бұл кәдімгі қатардағы кәсіптің біріне айналады да шығады. Он мың метр биіктікке көтеріліп ұштың не, жерде отырып, сәмбіталдан орындық өрдің не, бәрібір. Өйткені, сен бойыңдағы үрейді жеңдің”, – деген даналық сөзі санаға сәуле шашқанда ғана үрей жайына қалып, төмендегі әңгіменің тиегі ағытылды. Домбыраның құлақ күйін келтіргенде бірінші пернеге көп нәрсе байланысты. Қажетті дыбысты тап баса білсең, қалғаны сол заматта қалпына келеді. Біз үшін Антуан ағатайымыз айтқандай, жазу – кәсіп болған соң, бойды билеген үрейді қайтсек те жеңуге тырыстық. Сонымен...

 

 Бірінші перне немесе “Гауһартас”

 

Бұл әңгімені маған Сауытбек Абдрахманов айтып еді. “Қатты есімде қалыпты. Бір жеріне осыны келтірерсіз”, деген. Біздің газетке басшы болып бекітілердің алдында, “Қазақстан” телерадиокорпорациясында бірінші вице-президент қызме­тінде жүргенде “Отандастар” атты тікелей эфир хабарына Тоқтарды шақырған екен. Тоқаң эфирге бір сағаттай ерте келеді. Уақыт жеткенше кабинетте біраз әңгіме айтылады. Бір кезде: “Мені қайрап, түлетіп шығарған қазақтың әні ғой”, деп қалады Тоқаң. Бұл сөздің сыры былай екен. 

 

...Қиыр Шығыс. Қақаған қыс. Орман іші. Тоқтар жалғыз. Тұнжыраңқы. Туған жерден жырақ жүргені жанына батты ма, жоқ әлде жүрегіне жақын тұтқан сол бір жанның берген сертте тұрмағаны еңсесін түсірді ме, әйтеуір не керек, жас жауынгер тайга­ның бір шетінде, желдің өтінде тұрғанда өне-бойын өксік қысқан сәт туған... Көңіл күйі болыңқырамай, кілең ішуге келгенде алдарына жан салмайтын топтың ортасына түскенге қатты қамықты ма, кім білген? Талғат Сүйінбайдың Тоқтар туралы жазған “Тұңғыш қазақ ғарышкері” деп аталатын кітабында батырдың әпкесі Гүлсімнің қыздар туралы сыр шертетін тұсы бар. “Ойбай-ау, ондай жігіттің төресіне қыз ғашық болмаушы ма еді, өзің ойлап қарашы. Әрине, болды. Өткен өмір ғой, оны несіне жасырайын. ...Екі жас бір-бірін жақсы көрді. Тоқтар Армавирдегі әскери-ұшқыштың оқуын бітіріп, Қиыр Шығыстағы бөлімдердің біріне ұшқыш болып кетерде, үйленбек ойы да болған. Бірақ қыздың әке-шешесі “Ойбай-ай, жердің түбінде не бар, қайдағы бір ұшқышпен” деп, келісімін бермей қойды. Қысқасы, не керек, қыз да қанша жерден жылап-сықтағанмен әке-шешесінің айтқанынан шыға алмады. Әлі есімде, Тоқтар қатты булығып, екі-үш күн ешкіммен сөйлеспеді. Үн­демеген сол күйі өзі қызмет ететін Амур өзенінің жағалауындағы гарнизонға қайтып кетті. Бәріміз де қатты қапа болдық, бірақ қолдан келер шара бар ма?” – дейтін кезі болуы керек шамасы... Адамның мұндайда өмірден түңіліп те кететін уағы болады. Сондай бір дай-дай шақта Тоқтардың да қабағы қатуланып, сұры қашып, екі иығына ауыр жүк артылғандай әбіржіңкіреп кетеді. Сүйген қыз, сүйікті ел алыста. Бойды сағыныштан гөрі сарыуайым көбірек билеген шақ. Өмірдің мәні жоғалғандай, кең тайга қатар құлазығандай. Қапа көңілмен отырып Тоқтар әлгінде өзімен ала шыққан транзистордың құлағын бұрайды ғой баяғы. “Маяк” деген радиостанция болатын баяғыда. СССР халықтары әндерінен бір концерт бере қалыпты сол радио. Кенет… Әдемі бір сыбызғы әуен естіледі.

 

Ажарың ашық екен атқан таңдай,

Нұрлы екен екі-ай көзің жаққан шамдай.

Анаңнан сені тапқан айналайын,

Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай..,

 

– деп сиқырлы сазы жанды баурап, жас жауынгердің жүрегін елжірете жөнеледі. Әннің қайырмасына келгенде Тоқтар тіпті елітіп, айдалада, Қиыр Шығыстың бір қиыр шетінде қамығып жүргені мүлдем естен шығып, ерекше бір күйге бөленеді. Әсем әннің әуені жүрегіне майдай жағып, өмірдің бар қиындығы ұмыт қалғандай болады. Қазақтың бұлбұл үнді әншісі Бибігүл Төлегенованың орындауындағы “Гауһартас” осылайша өршіл жастың жүрегінде жатталып қалады. Қамыққан көңіл орнына түседі. Жас жігерін сонда Тоқтар былайша жаныған тәрізді: “Осындай керемет ән тудырған біздің қазақ қандай ғажап халық. Сол халықтың мен де бір баласымын. Қой, бүйтіп қамыға бергенім жарамас. Белді бекем буайын. Ата жолын қуайын. Қайратыма мінейін. Қапаланбай жүрейін. Елге қызмет етейін. Мақсатыма жетейін”.

 

Сөйтіп, қыран дүр сілкінеді. Қайта түлейді.

 

Араға біраз жыл түседі. Мәскеуде СССР Жоғарғы кеңесінің кезекті бір сессиясы өтіп жатады. Одақ парламентінің депутаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың қонақүйдегі нөмірінің есігін тықылдатады Тоқтар.

 

– Апай, мен сізді әуежайға дейін шығарып салайын, – деп Тоқаң балаша қиылады ғой.

 

– Рахмет, әуре болмай-ақ қой. Көлік бар. Рахмет, қарағым, – деп Бибігүл апамыз да Әубәкіровті әуре еткісі келмейді. Сонда Совет Одағының Батыры қоярда-қоймай отырып, Совет Одағының халық әртісін “Домодедово” әуежайына шығарып салады. Рульге өзі отырады. Жолда келе жатып:

 

– Апай, мен Сізге рахмет айтайын деп едім. Бір кезде басымнан осындай жағдай өтіп еді, сонда сіздің салған әніңізді тыңдап, өмірге қайта келгендей болып едім. Қайратыма – қайрат, айбатыма – айбат қосқан еді сіздің салған әніңіз. Осындай ән шығарған біздің халқымыз шынында да керемет ел емес пе?!. – деп алғысын айтып, сыр шертеді.

 

“Гауһартас” әнінің сиқырлы сазы талай жүректі тебіренткен, талай жүректі елжіреткен. Әлі де талайларды тебірентіп, елжіретіп жіберері анық. Шын асылға екінің бірінің қолы жетпейді. “Гауһартастың” ғаламаттығы да сонда: оны екінің бірі дәл Бибігүл Төлегенова сықылды елжіретіп сала алмайды. “Гауһартас” – ғұмырлы ән. Қазақпен қатар жасайтын ән. Сол әнге сонша елти алған азаматты айтсаңызшы?!

 

Екінші перне немесе Қонаевқа хат

 

Қазақ “Тәуекел ет те тас жұт” дейді. Ер адамның ең басты серігі сол тәуекел. Тәуекелге екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтіні тағы анық. Тоқтар Әубәкіровтің сегізінші сыныпты бітіре салып, Теміртаудағы құю-механикалық зауытта токарь болып істеуі үшін де сол тәуекелдің керек болғаны даусыз. Кешкі мектепті жұмыспен қатарластыра оқып шыққан соң, 1965 жылы әуе қорғанысына қарсы ұшқыштар даярлайтын Армавир жоғары әскери авиация училищесіне түсу үшін де үлкен тәуекел керек еді. Осы училищені 1969 жылы бітірген соң СССР әскери-қарулы күштерінде қызмет етуге бел байлайды. Былай қарағанда өмірбаян бетте­ріне тізбектелген осы жылдар оп-оңай өте шыққан сияқты. Бірақ ол кезде қазақ баласының ұшқыштар мектебіне түсуі, шынын айтқанда, талайлар үшін тек арман болатын. Тіпті Елбасымыздың өзі жас күнінде ұшқыш болуды армандағаны белгілі ғой. Өйткені, қаншама бауырлас елміз дегенімізбен Советтер Одағының былайғы халықтары үшін темір шымылдықты жерлері көп еді. Қазақтың арманы аэроклубтан ары аспайтын. Ары қарай тәуекел етуге екінің бірі бел байлай да бермейтін. Тұмсығы тасқа тірелетінін білген соң да солай болды ма?.. Біздің кейіпкеріміз сынақшы-ұшқыш болуға Совет Одағының Батыры А.Федотовпен кездескеннен кейін мықтап бел байлағанын айтқаны бар. МИГ фирмасының атақты сынақшы-ұшқышы жас жігіттің өміріне өмірлік өзгеріс енгізсе керек. Училищені бітірген соң Қиыр Шығыста, Амурдағы Комсомольск қаласында әскери қызметін жалғастыра береді. Сонда СУ-15 ұшағымен ұша бастайды. Төрт жылғы әскери қызметінде Тоқтар ерекше қабілетімен көзге түседі. Қиыр Шығыстағы ең үздік ұшқыш атанады. Сондағы авиация зауытына жиі барып, сынақшы-ұшқыштармен танысады. Олар әңгіме арасында егер сен  эскадрилия командирі болсаң, сынаққа мүлдем жібермей қояды деген сөзді айтады. Өзін сынақшы-ұшқыштар мектебіне ауыстыруды өтініп, қайта-қайта сұранады. Өтініші қанағаттандырылмай, арызы кейін қайтарыла берген соң “жығылсаң нардан жығыл” дегендей, Тоқтардың ойына керемет бір идея сап ете қалады. Ол дереу Қонаевқа хат жазу қажет деп шешеді. Отыра қалып, хат жаза бастайды. “Мен, Тоқтар Әубәкіров, аға лейтенантпын. Сынақшы-ұшқыш болғым келеді. Оған денсаулығым да, білімім де жетеді. Барлық сынақты ойдағыдай тапсырдым. Бірақ Қорғаныс министрлігі мені бұл жаққа жібереті

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Образ Сократа в комедии Аристофана Облака и в диалогах Платона Пир
Кристаллы
Грозненская школа живописи
Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ