Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Томас Кун

үзжылдықтың басында орын алған болатын (ал жаңадан қалыптасқан ғылымдар үшін тіпті кейініректе), ұқсас қызметті ғалымдардың әйгілі классикалық еңбектері орындаған: Аристотельдің «Физикасы», Птоломейдің «Альмагесті», Ньютонның «Бастамалары» мен «Оптикасы», Франклиннің «Электричествосы», Лавуазьенің «Химиясы», Лайельдің «Геологиясы» және көптеген басқалары. Ұзақ уақыт бойы олар келесі ұрпақтар үшін ғылымның әрбір саласында мәселелер мен әдістердің құқылығын астыртын түрде анықтап отырды. Осы еңбектердің екі мәнді ерекшеліктері арасында бұл мүмкін болатын. Ғылыми зерттеулердің бәсекелес бағыттарынан жақтастар тобын ұзақ уақытқа өзіне тартарлықтай, олардың жасалып шығуның өзі жеткілікті түрде бұрындары кездеспеген жайсаң жаңалық болатын. Ғалымдардың жаңа ұрпақтары өздеріне кез-келген түрдегі шешілмеген мәселелерді олардың шеңберінде таба алатындай, олар әрі жеткілікті түрде ашық болатын.

Осы екі сипаттарға ие жетістіктерді мен әрмен қарай «парадигмалар» деп атайтын боламын, ал бұл термин «нормалдық ғылым» ұғымымен тығыз байланысты. Ғылыми зерттеулердің фактілік практикасының кейбір жалпы қабылданған мысалдары, – ал олар өздерінде заңды, теорияны, олардың практикалық қолдануын және қажетті құрал-жабдықты кіргізеді, - барлығы жиыла келе, бізге ғылыми зерттеудің нақтылы дәстүрлері туындайтын модельдерді береді. Ғылым тарихшыларының «Птоломей (немесе Коперник) астрономиясы», «Аристотельдік (немесе Ньютондық) динамика», «корпускулярлық (немесе толқындық) оптика» және тағы сондай айдар тағып суреттейтін дәстүрлері сондайлық.

Парадигмаларды, соның ішінде мұнда мен безендіру мақсатында атап кеткендерден әлдеқайда арнайыланған парадигмаларды, зерделеу – студентті әйтеуір бір ғылыми қауымдастықтың мүшелігіне басты түрде дайындайтын міне сол. Осылайша ол өздерінің ғылыми саласының негіздерін дәл сол нақтылы мдельдерде зерделеген адамдарға қосылатындықтан, оның ғылыми зерттеудегі арғы практикасы фундаменталдық принциптермен соншалықты жиі айырмашылққа бара қоймайды. Ғылыми іс-әрекеті бірдей парадигмалар негізінде құрылатын ғалымдар ғылыми практиканың сол бірғана ережелері мен стандарттарына сүйенеді. Нұсқамалардың бұл жалпылығы және олар қамтамасыз ететін көзге ұрып тұрған үйлесімділік нормалдық ғылым үшін, яғни зертеудің әлде бір бағытының дәстүріндегі генезис пен сабақтастық үшін, алғышарттар болып табылады.

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы электрлік қбылыстарды зерттеу тарихы, өзінің алғашқы жалпы мойындалатын парадигмасын қалыптастырғанша, ғылымның қалай дамитынының нақтырақ және белгілірек мысалын береді. Осы кезең бойында электрліктің табиғатына қатынастылы, бұл салада қанша әйгілі экспериментаторлар, — Хауксби, Грей, Дезагюлье, Дюфе, Ноллет, Уотсон, Франклин және басқалары сияқтыларын қосқанда, – болса, электрліктің табиғаты туралы соншама дерлік пікірлері де болған. Электрліктің олар жасаған көптеген тұғырнамаларының бәрі ортақ әлденеге ие болатын – белгілі дәрежеде олар сол уақыттағы барлық ғылыми зертеулер басшылыққа алған корпускулярық-механикалық философияның қайсы бір нұсқасынан туындайтын. Одан бетер, олардың бәрі шын ғылыми теориялардың компоненттері болатын, – ал бұл теориялар, бір жағынан, эксперимент пен бақылаудан туындаса, екінші жағынан, олардың өздері зерттеуге жататын арғы мәселелердің таңдалуы мен интерпретациялануын анықтайтын еді. Барлық эксперименттердің электрлік құбылыстарды зерделеуге бағытталғанына және экспериментаторлардың көбі өз әріптестерінің жұмыстарымен таныс болғанына қарамастан, олардың теориялары бір-бірімен тым жалпы ұқсастыққа ғана ие болатын.

Ғылымның әлдебір саласын өңдейтін топтың құрылымында парадигманың пайда болуы қалайша әсер ететінін қысқаша болсын атап өту қажет. Жараылыстану ғылымының дамуында жеке ғалым не зерттеушілер тобы алғаш болып, зерттеушілердің келесі ұрпағының өкілдерін өзіне қарата алатын қабілеті бар синтетикалық теорияны жасаған кезде, бұрынғы мектептер біртіндеп құри бастайды. Бұл мектептердің құруы бір жағынан олардың мүшелерінің жаңа парадигмаға өтуіне байланысты. Бірақ әрқашан әлдебір ескірген көзқарасқа берілген ғалымдар қалатын болады. Олар өз кәсібінің өкілдерінің әрмен қарайғы бірлескен әрекеттерінен жайдан-жай сырт қалатын болады; осы уақыттан бастап бұлардың барлық қарекеттері көзге де ілінбей қалып отырады. Жаңа парадигма зерттеу саласының жаңа, айқынырақ анықталуын да топшылайды. Ал өз жұмысын жаңа парадигмаға бейімдей алмайтын не бейімдегісі келмейтіндер басқа топқа өтуі тиіс, әйтпесе олардың бөлектеніп қалуға қаупі бар.

Тарихи тұрғыдан алғанда, көбіне олар өз кезінде талай арнайы ғылымдарға өмір берген философияның шытырман жолында сол бұрынғыша қала беетін болған. Бұл пайымдаулар мынандай ойға жетелейді: бұрындары табиғатты зерделеумен жай ғана әуестіктен айналысқан топ, парадигманы қабылдау арқасында кәсіптік болып қалыптасады, ал оның ынтыққан нәрсесі ғылыми пәнге айналады. Ғылымда (рас, медицина, техникалық ғылымдар, юриспруденция сияқты принципиалдық raison d`etreci әлеуметтік қажеттілікпен қамтамасыз етілген салаларда емес) парадигманың алғаш қабылдануымен арнайы журналдардың ашылуы, ғылыми қоғамдардың ұйымдастырылуы, академиялық беруде арнайы курстың бөлінуі туралы талаптар байланысты. Ең кемінде соңғы бір жарым ғасыр бойы, ғылыми мамандандыру алғаш институционалдық формаға ене бастаған кезден мамандандыру дәрежесі ғалымдар үшін мәртебелік мәселеге айналған қазіргі уақытқа дейін де іс осылай болуда.

Қазіргі жаратылыстану ғылымдарында кітаптар не оқулықтарға, не ғылыми өмірдің әлдебір қыры туралы ретроспективтік ой кешулерге жатады. Кітап жазатын ғалымның кәсіптік мәртебесі оның тосқанынан шықпай, өсудің орнына қайта құлдырап кетуі мүмкін. Әдетте ғылымдардың ертеректегі, парадигмаға дейінгі сатыларында ғана кітап кәсіптік жетістіктерге, әлі де шығармашылықтың кейбір салаларында сақталып келе жатқан қатынасын беретін еді. Тек кітап мақалалармен қатар не оларсыз бұрынғыдай зерттеушілер арасындағы комуникацияның құралы болып қалатын салаларда ғана мамандандыру жолдары сипатталуының анық еместігі соншалық, ғалым-зерттеушілердің шынайы хабарламаларын оқи отырып, әуесқой өзіне-өзі прогресті бақылап отырмын деген үмітпен жарамсақтана алады. Математика мен астрономияда зерттеушілік хабарламалар антика заманында-ақ кең аудиторияға түсінікті болудан қалған еді. Динамикада зерттеу эзотерикалық типке орта ғасырлардың соңында жақындады және жұрттың бәріне де түсінікті-ау деген формасына, рас қысқа кезеңге ғана, ХVII ғасырдың басында, жаңа парадигма динамиканың орта ғасырлар дәуірінде қолданып келген парадигмасының орнынын басқан кезде, қайтадан иелік жасады. Электр құбылыстарын зерттеулер маман еместерге түсіндірілмеуді XVIII ғасыр соңында талап ете бастады, ал физика ғылымының басқа салаларының көбісі кең мағынасындағы оқырманға ХІХ ғасырда түсінікті болудан қалған-ды. Сол екі жүзжылдықтар бойы мұндай түрленулерді биологиялық ғылымдардың әртүрлі бөлімдерінде де бақылауға болатын. Әлеуметтік ғылымдарда бүгінде соларды кездестіруге болады. Кәсіптік ғылым мен оны басқа салалардағы әріптестерін барған сайын қаттырақ бөлетін олардың тереңдей түсуіне орай өкініштер әдетке және әбден орынды болуға айналып жатса-дағы, ордың осы тереңдеу процесі мен ғылым дамуының ішкі тетіктері арасындағы өзара байланысқа назар тым аз аударылады.

 

Қалыпты ғылымның табиғаты

Ғалымдар тобы бірыңғай парадигманы қабылдағаннан кейін мүмкін болатын кәсібиірек және эзотерикалырақ зерттеудің табиғаты қандай екен? Егер парадигма бірде және бәрі үшін тындырылған жұмыс болып табылса, онда ол бұл топқа әрі қарай шешуге қандай мәселелерді қалдырады екен? – деген сұрақ туындайды. Егер біз бұған дейін қолданған терминдеріміздің қай жағынан жаңсақтыққа соқтыратынын көрсетсек бұл сұрақтарды кейінггіге қалдыруға болмайтыны анықтала түсері сөзсіз. Өзінің қалыптасқан қолданылуында парадигма ұғымы қабылданған модель немесе үлгіні білдіреді; «парадигма» сөзі мәнінің дәл осы аспектісі одан артықтың болмағандығынан менің оны осында пайдалануыма жол ашады. Бірақ, жуыр арада айқындалатынындай, объектіге сәйкестікке меңзейтін «үлгі» және «үлгі» сөздерінің мағынасы парадигманың анықтамасын түгелімен жаба алмайды. Мысалы, грамматикада “amo, amas, amat” парадигма болады, себебі бұл модельді латынша етістіктердің көп саны жіктелетін үлгі ретінде пайдалануға болады: мысалы, осы жолмен “lando, landas, landaf” және тағы басқа формаларды құруға болады. Бұл стандарттық қолданысында парадигма әрқайсысы принципінде оны алмастыра алатын мысалдарды көшірмелеуге рұқсат есебінде қызмет жасайды. Ғылымда, екінші жағынан, парадигманың көшірме объектісі болуы сирек кездеседі. Мұның орнына соттың жалпы заң шеңберінде қабылдаған шешіміне ұқсап, ол жаңа не қиынырақ жағдайларда одан әрі жасақтандыру мен нақтыландырудың объектісі болып табылады.

Кемел ғылым арнасындағы зерттеушілердің санасына жатпайтындардың ішінен парадигма шеңберінде осы тектес күнделікті жұмыстың қаншама көп жасалатынын немесе мұндай жұмыстың қандай тартымды болатынын сезінетіндер көп емес. Ал мұны түсінген дұрыс болар еді. Ғалымдардың көбісі өз ғылыми іс-әрекетінің барысында дәл осы тәртіп орнықтырумен айналысады. Менің осында нормалдық ғылым деп атайтынымды міне осы құрайды. Бұл іс-әрекетті жақынырақтан қарастырғанда (тарихи контекстіде не қазіргі лабораторияда), табиғатты парадигмаға, алдын-ала жасалынған және недәуір тар сияқты қорапқа, «тыққыштауға» тырысып жатқандай әсер қалады. Қалыптық, яғни нормалдық ғылымның мақсаты құбылыстардың жаңа түрлерін болжауды ешқандай да талап етпейді: бұл қорапқа сиыспайтын құбылыстар көбіне, мәнісінде, көзден жалпы таса қалады. Нормалдық ғылымның арнасында ғалымдар алдарына жаңа теория жасауды мақсат қы

1234
скачать работу

Томас Кун

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ