Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Томас Кун

берілген табиғи құбылысты осы заңдарға бағынатын корпускулярлық механизмге саюға тиіс. Универсумның корпускулярлық ұғымының ғалымдарға зерттеуге жататын мәселелер жиынтығына сілтеуі одан да маңызды. Мысалы, Бойль сияқты жаңа философияны қабылдаған химик заттың алмасулары ретінде қарастыруға болатындай реакцияларға ерекше назар аударады. Бұл реакциялар басқаларға қарағанда барлық химиялық алмасулардың негіздемесінде жатуға тиіс деген корпускулярлық қайта таратылым процесін айқынырақ көрсететін еді. Корпускуляризм әсерінің осыған ұқсас белгілерін механиканы, оптиканы және жылуды зерделегенде де байқауға болады.

Нұсқамалардың концептуалдық, инструменталдық және методологиялық осындай қатаң айқындалған торының бар болуы нормалдық ғылымды басқатырғыштарды шешуге ұқсастыратын метафора үшін негіздеме болады. Бұл тор кемелденген ғылым облысында зерттеушіге дүние мен оны зерделеуші ғылымның не екенін көрсететін ережелерді беретін болғандықтан, сол себепті ол тыныш қан осы ережелермен және бар біліммен анықталатын эзотерикалық мәселелерге өз күшін шоғырландыра алады. Жекелеген ғалымнан одан кейін шешілмей қалған басқатырғыштарды шешу ғана талап етіледі. Осы және де басқа қатынастарда да басқатырғыштарды және ережелерді талқылау нормалдық ғылыми практиканың табиғатына жарығын төгеді. Алайда, екінші жағынан, мұндай келістің адастыруы да мүмкін. Берілген уақытта кәсіпқой ғалымдардың бәрі ұстанатын ережелердің болуы ап-айқын, дегенмен де бұл ережелер өзді-өзінен нормалдық зерттеудің әрқилы түрлерінде бар болатын жалпылықтың бәрін қамти алмайды. Нормалдық ғылым – бұл жоғары дәрежеде детерминацияланған қызмет, бірақ оның түгелімен белгілі бір ережелермен детерминациялануында ешқандай да қажеттілік жоқ. Осы очерктің басында нормалдық зерттеу дәстүрлеріндегі үйлесімділіктің қайнар көзі ретінде жалпы қабылданған парадигма принципін, ал жалпы қабылданған ережелер, болжамдар және көзқарастарды емес, кіргізуге басымдылық бергенім міне осы себептен еді. Ережелер, менің топшылауымша, парадигмалардан туындайды, бірақ парадигмалардың өздері тіпті ережелер болмағанда да зерттеуді басқара алады.

1234
скачать работу

Томас Кун

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ