Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну



 Другие рефераты
Топты зерттеудің әлеументтік психологиялық мәселелері Топ психологиясын зерттеудің методологиялық және әдістемелік мәселелері Қарым-қатынас теориялары Жеке адамның қарым- қатынас жайлы түсінігі

Мақсаты: Топтың әлеуметтік салада алатын орнының маңыздылығымен қатар  топ психологиясын зерттеген ғалымдардың тұжырымдамаларымен, топ түрлерімен және қазіргі кездегі  топ психологиясын  зерттеу жолдарының бағыттарымен  таныстыру мақсатында жүргізіледі.

 Жоспар:

1. Алғашқы топ психологиясы  теориялары. – М. Лацарус пен Х.Штейнталь, В.Вундтың, Г.Тард, С.Сигеле мен Г.Лебон еңбектері, У. Макдауголлдың «Әлеуметтік  қылық инстинктері» теориясы.

2. Үлкен және кіші топтарды зерттеу.

3. Қазіргі топ психологиясын  когнитивистік және гуманистік тұрғыдан зерттеу.

 

Әлеуметтік психология мен психологияның  негізгі қарастыратыны – индивид, жеке тұлғаны зерттейтін  психологтар  индивидтердің  ішінара жеке даралық  механизмдері  мен олардың  бір-бірінен  ерекшеліктеріне  көңіл аударса, әлеуметтік психология  индивидтерден  тұратын  адамдар тобы  тұтастай алғанда  бір-бірін қалай бағалайды, бірне-бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Әлеуметтік психологияның  дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологі В. Макдугалдың «Әлеуметтік психологияға кіріспе»  еңбегі  Европада басылып шықса, Америкада социолог Э. Росстың «Әлеуметтік психология» деген  еңбегі де жарық көрді.  Дегенмен,  1897 жылы  Дж. Болдуиннің «Әлеуметтік психологиядан зерттеулер» атты  еңбегінде де осы мәселені қарастырады.

Өз дамуында  әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда  көптеген қиындықтарға кез болды.  Егер ХХ ғасырдың  бас кезінде  зерттеушілер  көбіне қоғамдық  көпшіліктік психологияны  зерттеуге көңіл бөлсе, ал ғасырдың  ортасында  шағын топтар,  адамдардың әлеуметтік  бағдары,  топтарға әсре ету тәсілдері мен әртүрлі  тұлғааралық қатынастарға  көңіл бөліне бастады.

Американ психологі  Д. Майерстің  анықтауынша: «әлеуметтік психология – адамдар бір-бірі туралы  қалай ойлайды, бір-біріне  қалай әсре етеді және  бір-біріне қалай  қарайтынын зерттейтін  ғылым».

Американ зерттеушісі  О. Клейнбергтің  айтуынша,  әлеуметтік психолгияның  көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.

Жаңа заман  философиясында  (ХУ-ХУІІ ғ.ғ.)  Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо,  Гегельдерді атап өту қажет.

ХІХ ғасырдың орта тұсында  қоғамдық процестерге қатысты  көптеген  ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде  Европада  капитализмнің  дамуына байланысты, әртүрлі елдер арасындағы  экономикалық қатынастар  көбейіп, халықтар миграциясы белсенді орын алды.

Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың,  басқа халықтың  психологиялық ерекшеліктерін  ескеру проблемалары туындады. Проблемаларды шешу тек  біл білімінің қолынан келмеді. Сондықтан психология мен  әлеуметтік психологияның дамуына жол ашылды.

Көптеген  алғашқы әлеуметтік  — психологиялық теориялар  арасынан  негізгі үш бағытты  бөліп алуға болады: халықтар психологиясы,  көпшілік психологиясы,  әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.

ХІХ ғасырдың  басында әлеуметтік психологияның  эксперименттік ғылымға  айналу кезеңі  деп саналады. Европада В. Мид, АҚШ ғалымы Ф. Олпорт ұсынған, әлеуметтік психологияны  эксперименттік психологияға  айналдыру  қажет деген ұсыныстар берді.

Зерттеу объектісі ретінде негізгі назар -  шағын топтарға бөліне бастады.

50-ші жылдардан бастап  негізгі төрт бағытқа көңіл аударылды: бихевиоризм,  психоанализ,  когнитивтік,  интеракционизм.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1.  Топ психологиясының  дербес ғылым ретінде пайда болуы.

2.  Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо,  Гегельдердің еңбектері.

3. Әлеуметтік  — психологиялық теориялардың негізгі бағыттары: халықтар психологиясы,  көпшілік психологиясы,  әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.

4. Үлкен және кіші топтар түсінігі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.:Наука, 1994
  2. Андреева Г.М., Богомолова Н.Н., Петровская Л.А. Современная социальная психология на Западе. Теоретические ориентации. – М.: МГУ, 1978
  3. Робер М.А., Тильман Ф. Психология индивида и труппы. – М.:Прогресс, 1988
скачать работу


 Другие рефераты
Георгий Федорович Ланг
Новороссийск: памятники древности
Современная научная космология
Жанровая специфика лирической песни


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ