Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Топты зерттеудің әлеументтік психологиялық мәселелері



 Другие рефераты
Топтағы жеке адам мәселесі Топтағы қарым-қатынас Топ психологиясын зерттеудің методологиялық және әдістемелік мәселелері Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну

Мақсаты:   Топтың әлеуметтік психологиялық  мәселелерін, топ белсенділердің топ мүшелеріне әсерін,  қоғамдық қатынастар жүйесінде топтың алатын орнын студенттерің түсініп өз тәжірибесінде қолдану мақсатында жүргізіледі.

Жоспар:

  1.  Кіші топ, оның пайда болуы.
  2.  Топ белсенділігінің іс-әрекетпен байланысы теориясы. Лидер стилі түсінігі.
  3.  Топ аралық қатынастар психологиясы.
  4.  Қоғамдық қатынастар  жүйесіндегі тұрақты  әлеуметтік  топтар (класстар, әлеуметтік сатылар, ұлт, кәсіби топтар, маргиналды  құрылымдар).
  5.  Үлкен әлеуметтік топтардың  қоғамдық психологиялық құрылымы.

Тәрбиелеу объектісі ретінде  жеке тұлғадан  гөрі әртүрлі сипаттар бойынша  біріктірілген  адамдар топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі  қатынастарды  тікелей көрсететін  амалданған  көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы  мынада:  топ – белгілі  бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі  бір әрекет түрінің  субъектісі  болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың  жүйесіне енеді.

Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл  сөз ХУІІ ғасырдың аяғынан кейін  пайда болды.  Сонымен топты  төмендегідей сипаттағы  жеке адамдардың  жиналысы құрайды деп саналады:

1)    бір-бірімен жиі  арақатынас;

2)    өздерін бір топтың мүшесі ретінде санайтын;

3)    өздерінің қызығушылықтары бойынша  жалпы нормаларды бөлісетін;

4)    рөлдер  бөлісінің  бірдей жүйесіне қатынасатын;

5)    бірдей  объектілер мен  идеялармен  өзін теңестіретін;

6)    топты қанағаттанудың қайнар бұлағы  ретінде қабылдайтын;

7)    өзара байланыста болатын;

8)    өздерін біртұтас сезінетін;

9)    өздеріне қатысты іс-әрекетті  реттейтін.

Топқа  психологиялық анықтама беретін болсақ онда белгілі бір сипаттамалар негізінде  негізінде  әлеуметтік біртұтастылықтан  бөлініп шығатын  шамасы шектелген  жалпыламалық болып  табылады.

Топтарды өлшемі бойынша келесідей  бөлу кең таралған:

· үлкен және кіші топтар;

·  нақты және шартты.

Нақты топтар дегеніміз  — белгілі бір  бір іс-әрекетке түсетін  күрделі түрде  ұйымдасқан  адамдар тобы.

Шартты топтар дегеніміз – бір-бірімен тікелей немесе жанама  объективтік  арақатынас жасамайтын  субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және  психологиялық сипаттамалары  ортақ болады.

Үлкен шартты топтарды зерттеу  олардың  мүшелерінің  дамуын болжауға  және оларға қатысты  өзінің  стратегиясын  жасауға  мүмкіндік береді.

Кіші топтар  бұл -  ортақ мақсаттармен  немесе міндеттермен  біріктірілген, әрқашанда тікелей  қатынас жасайтын  жеке адамдар.

Ішкі құрылысының қарапайымдылығы  кіші топтың  ерекшелігі болып табылады.  Кіші топта әдетте,  беделді лидернемесе  беделді жетекші болады.

Топ  мүшелерінің арақатынасын реттеуші  реттеуші ұйымның  сипатына байланысты  топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың  құрылымының  сырттан берілетінін болжайды, ал  топтың ресми емес  ұйымын адамдардың  психологиялық арақатынасы  қалыптастыратын ішкі  құрылымдық ерекшеліктер  реттейді.

Бұл топтарды келесідер сипаттайды:  олардың арақатынасы топтық іс-әрекеттің  мазмұнына байланысты болмай симпатия – антипатияның  тікелей қатынастарына ғана  байланысты болады.

Мұндай бірлестіктер  әдетте ерікті  уақытша ғана болады, көзқарастырадың ұқсастығымен айқындалады.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Кіші топқа сипаттама.
  2. Топ белсенділері.
  3. Топ өлшемі.
  4. Топтағы жеке адам ұғымы.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Донцов А.И. Психология коллектива. –М.:МГУ, 1984
  2. Кричевская Р.Л., Дубовская Е.М. Психология малой гурппы. – М.:МГУ, 1991
  3. Майерс Д. Социальная психология. – СПб.: Питер Ком, 1999
  4. Методы исследования межличностного восприятия /под ред. Г.М.Андреевой. – М.:МГУ, 1984
  5. Обозов Н.Н. Межличностные отношения. –Л.:ЛГУ, 1979.

Робер М.А., Тильман Ф. Психология индивида и труппы. – М.:Прогресс, 1988

скачать работу


 Другие рефераты
Поиски альтернативных хладагентов
Получение серной кислоты путем гидратации оксида серы
Естественнонаучные модели происхождения и развития
Фтор


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ