Топтағы жеке адам мәселесі
Другие рефераты
Жеке адамның топтағы алатын орны, коммуникативті қаситтері, әлеуметтік бағдары мен компетенттілігі жайлы мағлұматтар беру.
Жоспар:
1. Жеке адам және топ.
2. Жеке адамның қарым-қатынас стильдері.
3. Жеке адамның коммуникативті қасиеттері.
4. Әлеуметтік бағдар. Аттитюдтер және диспозициялар.
5. Жеке адамның әлеуметтік психологиялық компетенттілігі.
Әлеуметтік ортада өмір сүруінің екі жағы бар, ол - әлеуметтік тәжірибені меңгеру мен оны іске асыру проблемасы.
Енді бүгін біз осы айтылған екі жақты біріктіріп тұлғаның басқа адамдармен байланыс жүйесін, яғни топ ішіндегі дамуын қарастырамыз, себебі: тұлға тек бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынастарда ғана дамиды. (Петровский бойынша).
Әлеуметтік және топ психологиясында тұлғаны өзара әсерлесетін және қарым-қатынаста болатын субъект деп түсіну маңызды.
Әлеуметтену процесінде қалыптасқан әлеуметтік ұстанымдар ол - тұлғаның әртүрлі топтарда, әлеуметтік ортада әрекет жасау салдарынан үнемі бір орнында тұрмай өзгерістерге ұшырап отырады. Тұлғаның дамуына нақты топтың, әлеуметтік ортаның алатын маңызы өте зор.
Ломовтың тезисі бойынша: «қоғамдық қатынастар жүйесі - тұлғаның жалпы объективті негізін құрайды» деген.
Сондықтан, мәселені «тұлға мен топ» емес « топтағы тұлға» деп қарастырған жөн. Сонда ғана тұлғаның әлеуметтік бірдеңгейлі проблемасын жан-жақты талдауын қамтамасыз ететін қасиеттері қалыптасатын болғандықтан ол қандай топтарда, қандай адамдармен қарым-қатынаста болатындығы маңызды.
Барлығымызға белгілі принцип: «тұлға болып тумайды, тұлға қалыптасады», сондықтан тұлғаның қандай топта, қандай ортада қалыптасатыны өте маңызды.
Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы топтың қандай қасиеттеріне тәуелді, екіншіден, топтың психологиялық сипаты оны құрайтын адамдардың жеке қасиеттеріне қалай тәуелді екенін анықтау мәселесі туындайды.
Тұлғалық қасиеттерді әлеуметтік психологияда жүйе түрінде қарастырады. Жүйелік зерттеулермен А.Н. Леонтьев еңбектерінен таныспыз. Тұлғаны жүйелік қасиет деп қарастыра отырып, ол тұлғаны қолдауды ұсынады.
Петровский тұлғаның топқа қабылдану проблемасы қарастырыған.
Коломинский бойынша, әр топтың өзіндік ерекшелігі бейнесі (лицосы) бар деген ұйғарымда болған.
В.С. Мерлин бойынша, ұжымдағы өзара қарым-қатынас сипаты, тұлғаның осы ұжымға тән қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады, деген.
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста болатын тұлғалар үшін оның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін бірлескен іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс береді деп қарастырамыз.
В.С. Мерлиннің тұлғалық тұжырымдамасын қарастыратын болсақ, тұлғаның психикалық қасиеттерін адамның қоғамдық еңбектегі қызметімен байланысты – деп түсіндіреді яғни адамның мінезін сипаттау үшін оның қызметтегі объектіге деген көзқарасын сипаттау жеткілікті.
Сонымен В.С. Мерлин бойынша тұлғаның қасиеттерін келесідей сипаттайды:
- Тұлғаның қасиетін айқындайтын қатынас – олардың жеке жақтары емес – сезімнің бүтіндей қатынасы, мысалы, байқампаздық, сезімталдық, зейін – сананың жеке жақтарының қасиеттері.
- Тұлғаның қасиетін сипаттайтын қатынас. Тұлғаның санадан тыс жалпы объективті бір нәрсеге – еңбекке, адамдарға, ұжымға, затқа т.с.с. қатынас қасиеттері. Мысалы, бақылампаздық пен ойлану қатынасы адамның өзінің психологиялық әрекетіне жатады, яғни ойлану мен бақылау қажеттілігіне.
- Жоғарғы дәрежедегі қатынас - тұлғаның нақтылық жағдайдағы қоғамдық еңбек әрекетіне қатынасы деп атап өткен.
Тұлғаның қасиетіндегі ерекшелік — ол тұрақтылық пен беріктілік болады. Соның нәтижесінде тұлға қоршаған ортаға және оның әсеріне қарсы тұра алады да өзінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыра алады, деген.
Сонымен тұлғаның іс-әрекет жасайтын ортасы ол – топ. Онда тұлғаның жеке қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасалынады.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
-
Тұлға теориялары.
-
Әлеуметтік ұстанымға түсініктеме.
-
Тұлғалық қасиеттерінің топта алатын орыны.
-
Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений. – М.:МГУ, 1983
-
Андреева Г.М. Социальная психология. – М.:Наука, 1994
-
Андреева Г.М., Богомолова Н.Н., Петровская Л.А. Современная социальная психология на Западе. Теоретические ориентации. – М.: МГУ, 1978
-
Бодалев А.А. Личность и общение. – М.:Педагогика, 1983
-
Методы исследования межличностного восприятия /под ред. Г.М.Андреевой. – М.:МГУ, 1984
-
Обозов Н.Н. Межличностные отношения. –Л.:ЛГУ, 1979.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|