Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

ыстардың горизонталь жатқан қабаттарының шайылуымен бірге жүргендігімен түсіндіріледі. Торғай жазығы аумағындағы қатпарлы палеозой фундаменті төмен түскен алқапты Арал – Торғай ойысы алып жатыр.
Торғай жазығының оңтүстік бөлігінде бетегелі – жусанды шөлейт, ал солтүстігінде бозды – бетегелі алқап басым. Жазық, әрі тұзды болып келуінің салдарынан бүкіл территорияда галофиттер кең тараған. Оңтүстік бөлігінде жусан – ақ, қара және боз жусан өте көп. Бұл бөліктегі сортаңдар территорияның жартысына жуығын алып жатыр. Бұларда сораң шөптер – көкпек, бұйырғын және басқалар басым. Солтүстігінде Лессингтің бетегесі, сарептский, көптеп ақ жусан, бидайық кездеседі.
Маңғыстаудың аласа таулы шөлі
Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр.
Қаратау жотасының үсті ені 3-9км, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқындалып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Қаратаудың оңтүстік беткейіне параллель оңтүстік Ақтау – батыс пен солтүстікке қарай шұғыл бұрылыс жасайтын енсіз жота созылып жатыр; оны жыра – сайлар тіке кесіп өтеді.
Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр; Оңтүстік Ақтау сияқты мүның да кейбір жерлерін жыралар тіке кесіп өтеді. Жотаның үсті жон тәрізді, беткейлері тік; солтүстік беткейі жайпақтау келеді, оңтүстігіне қарағанда көбітек тілімделген. Оңтүстік беткейі тым тік, ұсақ жыралар ғана кесіп өтеді, ал солтүстік беткейі терең жыралар жал – жал етіп бөліп тастаған. Солтүстік Ақтаудың беткейлерінде желдің әсерінен пайда болған неше түрлі қызық пішіндер – бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі.
Маңғыстау түбегінің рельефі жыныстардың геологиялық құрылысы және петрографиялық құрамымен тығыз байланысты. Маңғыстау антиклиналының ядросында тік қатпарларға жиналған триастын шөгінділері жатыр. Осылардан орталық жота – Қаратау құрылған. Антиклинальдың қанаттары юра және бор жыныстарынан түзілген, онда да юра құмтасты – сазды жыныстар, ал бор қатты, тығыз ізбес тастар түрінде болған. Бор жасындағы ізбес тастар антиклинальдың қанаттарына ойысып, жоталар – Оңтүстік және Солтүстік Ақтауды құрады, ал оңай бұзылғыш құмтасты – сазды юра шөгінділері рельефтің ойыс формаларын – Ақтау мен Қаратау жоталары арасындағы «аңғарларды» құрайды.
Маңғыстауда құрылымы өте нашар, көбінесе түйіршігі ірі, сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында жусан басым, рельефтің ояңдарында сораңдар кездеседі. Маңғыстаудан солтүстікке қарай каспийлік төрттік шөгінділерінен құралған Бозашы түбегінің кең, аласа және тегіс алқабы орналасқан. Түбектің беті қыраңды, сәл толқындалған, солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын жазық болып келеді.
Үстірттің шөлді жотасы
Маңғыстаудың түбегі мен Қарабұғаз шығанағынан шығысқа қарай ауданы 200000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт үстірті созылып жатыр. Үстірт барлық жағы дерлік кемерлермен – шыңқылармен бөлінген, ал шығыс жары көп жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды. Жонның біркелкі жер беті кей тұста ендік немесе меридиан бағытында созылып жатқан толқынды көтерілулермен бұзылады. Бұл жалпақ көтерілімдер арасында ояңдар орналасқан. Мысалы, үстірттің солтүстігінде ендік бойымен Солтүстік Үстірт қырқасы солтүстік шыңқыны бойлай созылып жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 200-210м-ге жетеді. Оңтүстікке қарай бұл қырқа жазаңдалып аласарады. Қырқаның өркештері ояң учаскелермен салыстырғанда 25-40м биік болады. Қырқалардың оңтүстігінде Солтүстік Үстірт иіні орналасқан, ол солтүстік қырқаны орталық Үстірт көтерілімінен бөліп тұрады. Осы қазаншұңқырдың бойында Қосбұлақ, Асмантай, Матай, Сам және басқа да сорлар тізбегі бар.
Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр. Арал теңізінің оңтүстік – батысына қарай кең ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда.
Үстірт үстіртінің солтүстік шыңқысы Қайдақ сорынан басталып, оңтүстікке қарайй терең, көбінесе ұзын жыралармен тілімделген ирелеңді тік кемер жасап созылады. Кей жерлерде Үстірттен оқшау үстірттер бөліп шығады. Шығыста шыңқы Шеген өзенінің сағасына қарай созылып барады да, Үлкен Борсық құмдарына жетпей жоғалып кетеді.
Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне теңіздер мен көлдер басып жатқан ойыстармен қоршалған үштік таған тау болып есептеледі. Тік жыраларды – шыңқыларды – кей жерлерде үстірттің ежелгі жағалары деп те қарауға болады. Үстірттің шығыс шетінде террасалар табылды. Үстірттің кеңістігі тым құрғақ, жауын – шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден аздап қана артады. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа ауысатын топырақ болып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар – сортаңдау гипсті қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сеуілдер өте аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді.
Мойынқұм мен Сарыесік атырау шөл жазықтары
Тянь – Шань мен Жоңғар Алатауынан солтүстікке қарай, тау алдындағы жазықтан төмен үлкен құм алқаптары – Мойынқұм, Тайқұм және Сарыесік атырау орналасқан. Мойынқұм Қаратау мен Шу – Іле тауларының арасына жатыр, олар солтүстікте Шу өзенінің аңғарымен шектеседі. Тайқұм құмдары Шу – Іле таулары мен Іле өзені аңғары арасында, ал Сарыесік атырау шығысқа таман орналасқан және таулар мен Балқаш көлінің арасындағы өңірді алып жатыр. Бұл жазықтар шөл зонасының солтүстік аралық зонасын қамтиды.
Мойынқұм бірқатар текшелер жасай отырып, солтүстік бағытта ылдиланады. Шөл қырқалы – төбелі, ұсақ қырқалы және құм төбелі болып келеді. Мойынқұмның солтүстік шетімен Шу өзенінің аңғарына қарай сазды жазық жалғасады. Жазықтың бетін ендік бағытындағы толып жатқан ескі құрғақ арналар кесіп өтеді.
Мойынқұм Шу – талас ойысының аумағында орналасқан. Солтүстікке қарай платформаның қатпарлы палеозой фундаменті тұмсығының оңтүстік беткейінде үштік дәуірдің жыныстарынан құралған Бетпақдала жазығы орналасқан. Мойынқұмның шегінде қатпарлы палеозой фундаменті тағы да тереңдей түсті. Солтүстьік – батыс бөлігінде қатпарлы фундамент Шу өзенінің аңғарында жер бетіне шығады да, тас көмірлі ізбес тастар өзеннің арнасында сарқырамалар жасайды. Шу – Талас ойысы бордың саздақ қабатты және төрттік құмдарымен жабылған төменгі үштік жыныстарының қалың қабаттарымен толтырылған.
Мойынқұм құмдары бетін жел үріп, рельефтің эолдық формаларының комплексін жасаған ежелгі аллювийлік және флбвиогляциальдық шөгінді болып табылады. Құмның пайда болуы және жиналуы төрттік дәуіріндегі тауларды мұз басуымен байланысты. Сол кезеңде көптеген өзендер Тянь – Шаньның солтүстік жоталарынан ағып түсіп жатты. Олардың суы қазіргіге қарағанда өлшеусіз мол болды, әрі олар Талас пен Шу өзендеріне келіп құятын. Талас өзені Шу өзеніне құйды, Шу өзені Сарысу өзенімен қосылып, содан кейін Шу Сырдарияға барып құйды. Төрттік дәуірінен кейін өзендердің бұл жүйесі өзгерді де, өзендер торы біртіндеп қазіргі қалпына келді. Шу өзенінің қазіргі аңғары жақсы жасалған және беткейлерінде террасалар сериясы бар. Ағындарының азайып, өзендердің оңашалануына байланысты Шу – Талас ойысының толтырылуы жалғаса берді, оның үстіне өзендер шегіне келе, аңғардың ішінде бірқатар атыраулар қалдырып кетті. Балқаш маңындағы құмтасты шөлдер – Тайқұм, Сарыесік атырау мен Аяққұм – Мойынқұм секілді пайда болды. Балқаш маңындағы шөлдер ойысты – Балқаш – Аалакөл опырынды ойысын алып жатыр. Бұл ойыс Шу – Талас ойысынан Шу – Іле тауларын құрайтын қатпарлы палеозой фундаментінің біршама жіңішке мойнағы арқылы бөлінген. Балқаш – Алакөл опырынды ойысы да Шу – Талас ойысы сияқты және онымен бір кезеңде борпылдақ аллювий және флювиогляцаль жыныстарымен толтырылған.
Тянь – Шань және Жоңғар Алатауы жоталарының мұз басуы кезеңінде Балқаш көлі ерекше үлкен болған, Алакөл көлі соған қосылып жатқан. Мұз дәуірінен кейін көлдің көлемі күрт кішірейді, өйткені оның оңтүстік бөлігіндегі қазаншұңқыры шөгінділерге толып қалды, судың деңгейі төмендеп, көл бөліктерге – осы күнгі Балқаш көлі, Сасықкөл және Алакөлдерге бөлініп кетті.
Топырақ жамылғысында қоңыр топырақ мол. Олар өздерінің құрылысы мен құрамы жағынан сұр топыраққа жақын. Қоңыр топырақтың қара шірік қабаты қоңырқай реңді, әрі қуқыл түсті карбонат қабатымен алмасады. Қоңыр топырақтар жеңіл майда топырақты, минералды тұзға бай аналық жыныстарда түзіледі, бұл олардың құнарлылығын қамтамасыз етеді.
Өсімдік жамылғысы өте сирек, 50%-ке жетпейтін жерді жауып жатыр. Мұның өзі топырақтарды аласа өсімдіктердің – қынаның, балдырдың және мүктің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Өсімдіктердің құрамы рельеф пен грунтқа байланысты өзгеріп отырады. Интрозоналық өсімдіктер өзен аңғарларына тараған. Өзен жайылымдарын тоғайлар алып жатады.
Мойынқұм мен Балқаш маңы шөлдерінің жануарлар дүниесі құмтасты шөлдерге тән жануарлардан тұрады. Бұларда қарақұйрық, қарсақ, түлкі, қасқыр, көптеген кеміргіштер, бауырмен жорғалаушылар кездеседі.

3. Тұран жазығының табиғат зоналары мен провинциялары.

12345След.
скачать работу

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ