Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран және көне түркілер

тарын білмеген”46. Б.д.д. 2197 жылы Қытайды Хаба әулеті билеп тұрған кезде оның солтүстігін ту-кю, яғни түркілер мекендеген 131.

Көшпенді тайпалардың қытайға енуі б.д.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында болды. Сол кезден бастап қытайлықтар түркілердің салт атпен жүргенде киетін сыртқы киімдері мен ер-тоқымдарын өздеріне бейімдеп алды133.

Қытайдың көне ескерткіштерін зерттеген И.С.Лисевичтің деректеріне сүйенген Ю.В.Мизун мен Ю.Г.Мизун “Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы Цзи жұлдызын ұлы найзағайдың жарығы орағанын опоясало” б.д.д. III мыңжылдықта Солтүстік Қытайдағы Хуанхэ өзені бойында көргенін айтады. Сол кезде “аспанның ұлы” Хуанди Жерге Арыстан шоқжұлдызындағы Регул жұлдызынан ұшып келді. Оның ізбасары Шаохао да осылай келді. Ол келердің алдында “жұлдыз кемпірқосақ сияқты жерге қарай ұшты”. Ол туралы басқа деректерде “үлкен жұлдыз Гүлдеген аралға ковш күрек сияқты келіп қонды”. Шаоходан кейінгі ізбасар Жерге келер алдында “жарығы өте күшті жұлдыз айдың дискісін кемпірқосақ сияқты айналып өтті”. “Аспанның ұлы” Хуанди жерде жүз жылдай билік жүргізген. Әртүрлі деректерде ол билікті б.д.д. 2598 немесе 2450 жылдарға дейін жүргізген. Оның көмекшілері тұрақты түрде астрономиялық бақылаулар жүргізді. Мысалы, Си Хэ “Күннің көлеңкесінің түрленуіне негіздеп болашақты болжады”, тағы бір көмекшісі Чан И “Туған және батқан айдың ширегі мен жартысына қарап болашақты анықтаса”, Да Нао “соңынан қытай күнтізбесінің негізі болған цикличностьпен айналысты”. Барлық деректерді бір жерге жинап талдау жасаған Жун Чэн жердің күнтізбесін жасады. Сонымен қатар Хуандидің көмекшілері “ту” немесе жердің картасын жасады.

Хуандидің көмекшілері айтқан бізге белгісіз металдан жасаған үлкен айна және сиымдылығы 100 литрдей қазан мен оны орнықтыратын биіктігі 3-4 метрдей үш тіреуіш туралы деректер көп кездеседі. Сол кездегі қытайлықтардың ұғымы бойынша “қазанның ішін жүздеген рухтар аруақтар, жануарлар және перілер толтырған”. Оның үш аяғы “Ұлы бірліктің бейнесі” іспеттес. Ол жердегі Дао Әлемінің жасырын қозғағышы (двигателі). “Аспан ұлдары” ойлы–шұңқырлы жерлермен кедергісіз жүретін шынжыр табанды дөңгелек ойлап тапты. Ертедегі жазуларда олардың ешқандай көлікке жегілмей өздігінен жүретін арба екені жазылған.

Көне жазба деректерде басқа ғаламшардан “айдаһарға” мініп келген Хуанди және оның көмекшілері Қытайдың солтүстік-батысындағы Гоби шөліне қонған. Соңынан Хуанди өзімен бірге келген жетпіс шамалы көмекшісімен қайта ұшып кеткенде Жерде қалған оның серіктері қатты қайғырады. Олар Хуандидің заттарын қорғандарда жерлеп, оны жоқтап, қайғырады. Көне жазбалар бойынша, олар 17 жұлдыздан тұратын Сюаньюань шоқжұлдызына ұшып кетті. Ол Темірқазық жұлдызы жағындағы эклиптиканың бойында, яғни Күн жүйесіндегі ғаламшарлар орналасқан жазықтықта орын тепкен. Осы шоқжұлдыздағы ең жарық жұлдыз Регул немесе Сюаньюань, ол Арыстан шоқжұлдызындағы Альфа.

Осыдан екі мың жыл бұрын “қытайдың Геродоты” Сыма Цянь: “Мен құрметті ақсақалдардың Хуанди жайлы айтқан әңгімелерін тыңдадым... Әрине, олардың сенім - ұғымдары әртүрлі болғанымен, айтқан әңгімелері көне жазбалардағы деректерден алыс емес және шындыққа жақын. Мен Чуньцю мен Гоюйді оқыдым, оларда Хуанди және оның қасындағы бес әміршінің қайырымды істері мен шежіресі жақсы жазылған. Мен оны терең зерттемесем де, ондағы айтылғандар мен көрсетілгендер құр ойдан шыққан емес” деп жазды111.

“Басқа ғаламшардан келгендер” жайындағы қытайдың көне жазбалары мен сол кездегі тарихында кеңінен тараған деректерді келесі бір қырынан қарасақ, ол солтүстік-батыстағы Гоби шөлінен “Аспан аттарына мінген Аспанның ұлдары” немесе Тәңір (Тянь-Шань) мен Алтай тауларынан салт атты (батыста оларды кентаврлар деп атаған) және арбамен келген көшпенділер ойға түседі. Олар көне түркі тайпалары еді. Бұл ежелгі тарихтан белгілі нәрсе. ТәңірдіңTien –Тәңір немесе Аспанның ұлдары деп отырғаны да түркілер. Ертедегі үйсін мемлекетінің жылқыларын қытайлықтар “Аспан аттары” деп атаған. Атты арбасымен салған Алтайдағы көне дәуір петроглифтері атты арбаға жегуге алғаш рет осы аймақта үйреткенінің дәлелі. Түркінің Тәңір тауын қытайлар Тянь-Шань дейді, яғни олар осы таудың қасиетті жаратқан Тәңірді (немесе Аспан) көне түркілерден алдымен құдай ретінде қабылдап, соңынан императордан бастап мемлекетті басқарудың барлық жүйесіне енгізген.

Ертеде қытайдың алфавитін жасап, олардың сауатын ашқан және ғасырлар бойы сол елдегі зиялы қауым қызметін атқарғандар көне түркінің қаңлы тайпасы екенін қытай ғалымдары дәлелдеді. Қытайға дөңгелекті әкелген де қаңлылар не кидариттер деген деректер бар*.

 Көне дәуірде Хуанхэ (Ақсу) өзені мен Пекиннің солтүстігін ұзақ уақыт бойы түркі тайпалары билеп тұрғанымен қытайлықтар олардың вассалы болғанын тарихтан білеміз.

100 литрлік қазан мен оның үш тағаны деп жүргені түркілер жорыққа өздерімен бірге алып жүретін қасиетті Тайқазан. Түркілердің ұғымы бойынша, Тайқазаннан бір мезгілде тамақ ішкен мыңдаған адамның рухы, жаны және істері бір болады. Яғни, Тайқазан мыңдаған адамды немесе әскерді біріктіретін және аспандағы Тәңірмен байланыстыратын құдіретті құрал. Оның үш тағаны жердегі адамдарды аспандағы Тәңірмен байланыстырады деп түсінген.

Хуанди ұшып кететін Темірқазық және Альфа жұлдыздары Тәңір жүйесінде адамның бұл өмірдегі ісіне қарай, өлген соң не жұмаққа не тозаққа апаратын баспалдақ. “Хуандидің заттарын қорғанда жерледі” дегені көшпенділердің көсемдерді қорғандарда жерлеу салты. Хуанди сияқты әулиенің өліміне сенгісі келмеген сол кездегі адамдар оны аспанға ұшып кетті деп сенген-ау сірә. Көне замандағы “Аспан аттарына мінген Аспан ұлдары” мен сол кездегі қытайдың жергілікті жабайы тайпалары арасындағы қарым-қатынасты осылай түсіндіруге болады.

_______________

*Кердері: қазақ ру-тайпаларының тарихы. III том. Алматы, 2006. 136-137- беттер.

Қазіргі ғылыми деректер бойынша, ертедегі дала цивилизацияларының еуразиялық бағыты Ұлы даланың солтүстігі арқылы жүрген. Осы жолмен Иркутскінің жанындағы Мальтадан табылған палеолит дәуіріндегі Ауригнасиан Венерасы және француз ғалымы Тьер де Шарден көрсеткендей Солтүстік Қытайдың Ганьсу мен Шеньсидің солтүстік ауданындағы Ауригнасиан типтес мәдениет ошақтарының табылуы осы мәдениеттің Сібір арқылы жүргенінің айғағы 197.

Осындай жолмен Магдалениан мәдениеті Сібірдегі Енисейдің жоғары жағында Манжуриядағы Толунге, Маньчоулиге, Хайларғда және Хоппеге тараған. Пекиннің жанындағы Чоукоутиен ойпатынан табылған адам қаңқасында сүйек инелер, құлақ жарғағындағы тесіктер, жануарлардың сойдақ тістері, қажалған алқалар, маржан тастардың бөлшектері сияқты әшекейлер кездеседі191, 228 .

Б.д.д. үшмыңжылдықтың ортасында Орталық Ресей жерінде пайда болып Азиядағы Сібірге, одан Ганьсудегі проқытай Чи-жиа-пинь керамикасына әсер

еткен ирек сызықты “соmbed” әшекейленген құмыралардың тарауы неолит дәуірінің соңғы кезінде сібірдегі көшпенді жол арқылы жүрген.

Одан кейінгі кезеңде б.д.д. II мыңжылдықтың басында Бессарабия, Молдавия және Киев маңында пайда болып, Украинадан Қытайға дейін тарап, б.д.д. 1700 жылдар шамасында Хонандағы Ян-шао-тзунде дамып, сонан соң Ганьсудегі Паншанда дамыған керамика, спираль тәрізді өрнектелген әшекейлер Сібір арқылы тараған болу керек. А.М.Таллгреннің дәлелдеуі бойынша б.д.д. 1500 жылдары басталған Батыс Сібірдегі қола дәуірі сол кездегі Дунайдың қола өркениетімен байланысты. Орталық Сібірдегі Минусинскіде қола дәуірі одан үш жүз жыл кейін, яғни 1200 жылдары басталды. Қытайдың үлгілеріне ұқсас Батыс Сібірдегі балталар мен найза ұштарының негізінде М.Лоер Қытайдағы қола техникасы б.д.д. 1400 жылдары Сібірден келді деп қорытындылайды186, 190. Бұл жерде біз Қытай өркениеті пайда болуы мен дамуының негізін көшпенді түркі тайпаларынан алатынын көреміз.

Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Осы өнердің бұйымдары Сары өзен (Желтая река) мен Шеньсидің солтүстік аймағынан көптеп табылғандықтан, сол аймақты б.д.д. VI ғасырда мекендеген монғолдың Ордосс тайпасының атымен ордосс өнері деп аталды. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған. Швед археологы Т.Ж.Арне Лванпиня мен Сюянвадағы ордосс қоласын б.д.д. IV ғасырдікі десе187, жапон археологы Суеджу Умехара мен швед синологы Карлгрен б.д.д. VII-V ғасырларда ордосс қоласы қытайдың архаикалық Орташа Чоу стилі әшекейлерінің “Соғысушы мемлекет“ Воюющие государства стиліне өтуіне тікелей әсер еткенін дәлелдеді209, 212, 231.  Осы мысалдардың өзінен көне түркі мәдениеті қытай өнері мен өркениетінің негізін салуға және дамуына тікелей әсер еткенін  көреміз. Сол заманда қалыптасып келе жатқан қытай мемлекетінің белгісі болып енген Айдаһар алғашында аңшылық дәуір кезіндегі көне түркілердің аналық бөрі образындағы жер-су және жер өнімділігінің тәңірі болған еді 69. Сонымен қатар, қытайлар түркілерден Жаратылыс тану жүйесін (Тәңір) алдымен аспан, жер және тіршілікті жаратқан құдай ретінде қабылдап, соның негізінде тұран жүйесіндегі конфуцианство мен даосизм діндері пайда болды. Одан кейін Тәңір жүйесі қытай мемлекетін басқарудың барлық саласына енді.

Қазіргі Қытайда және Тынық мұхиты аймағында кеңінен қолданылып жүрген он екі жылдық күнтізбе – мүшел де алдымен көне түркілерде пайда болып, соңынан осы ай

12345След.
скачать работу

Тұран және көне түркілер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ