Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы

алғандықтан кристалды ірге тасы 1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000 метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік шығыс блок  мезозойда көтерілгенімен Кайназойда Мантяға терең батқандықтан іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік батыс блокта жербедерінің үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте орналасқан./2/

      Кристаллды іргетасын түзетін тау жыныстары Сұлтан-Уаыс, Орталық Қызылқұм  мен Маңғыстау көтерілулерін қамтыған шектеулі аумақтағана жербетіне шығып жатыр.Олардын негізгі бөлігін орта және төменгі палеозойдың метаморфтанған тақта тастары,әктастары юра мен кремниленген диабаздар құрайды. /6/ Тұран плитасының кристалды ірге тасының бетін шөгінді жыныстардың жабуы таскөмір  дәуірінің басы мен соңындағы теңіз трансгрессисының нәтежиесінде басталды.

      Палеозой эрасының девон дәуіріндегі каледон қатпарлығының жүруіне байланысты Тұран ойпатына көршілес жатқан таулы аймақтарда тау түзілу үрдісі жүріп, құрлықтын ұлғаюына байланысты континентті климат басым болды. Таскөмір дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қозғалмалы тұрақсыз аймақтарқалыптасты кәзіргі Тұран ойпатының орынында геосиклинальды жағдай саұталып теңіздің орыны болды. Таскөмір дәуірінң климаты біршама жұмсақ ылғалдылығы мен ерекшеленеді. Таскөмір дәуірінң екінші жартысынан бастап құрылықтын көлемі ұлғайып теңіз біртіндеп тартылып құрғай бастады. Тұран ойпатынындағы теңіз табанына әктастар мен қабаттасқан ашық сұртүсті құмтастар, сазды жыныстардың қалын қабаты шөкті. Пермнің климаты ылғалдылығымен ерекшеленді Маңғыстау мен Үстіртте континентік жағдай сақталып қызыл түсті саздар түзілді. Мезозой эрасының триас дәуірінде тұран ойпатының аумағының іргетасының біртіндеп баяу мантяға батуына байланысты оңтүстігіндегі жерорта теңізі геосинклиналынан теңіз суы еніп ол Торғай бұғазы арқалы батыс сібір плитасымен жалғасып жатты. Триастың теңіздік шөгінділерінің қалындығы бірнеше мың метрге дейін жетті.Олар қазіргі кезде Маңғыстаудағы Қаратауда жер бетіне шығып жатыр. Олардың негізін әктастарымен қабаттасқан құм тастар конгомераттармен саздар құрайды.Триас дәуірінің соңында Тұранның сары-арқа, мұғалжар, Тянь-Шаньмен шектесетін бөліктерінде тектоникалық жарықтар пайда болып жер қыртысының баяу шөгуі оданәрі жалғасты. Триастын климаты құрғақ және ылғалды кезендер мен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Юра дәуірінің Тұран ойпатының басым бөлігін теңіз алып жатты климаттағы өзгерістерді саяз теңіздердін табаныңда кәзіргі кездегі Торғай, Жыланшық қоныр көмір алабының Торғай, Шу – Сарысу Маңғыстау Үстірт Қызылқұм мұнайлы газды алыптарының пайда болуына қолайлы әсер етті. Ылғалды және құрғақ климаттық жағдайының алмасуы өсімдіктердің кеңінен тарауына қолалй әсер етті. Бор дәуірінің басында жер қыртысының біртіндеп көтерілуінің әсерінен Тұран ойпатының аумағындағы теңіздер біртіндеп тартыла бастады. Бордың соны мен палеогеннің басында жер қыртысының матяға батуының нәтежиесінде теңіз трансгрессиясы жүріп көлемі ұлғайды. Сол кезенде теңіз суы Тұран ойпатымен Батыс Сібірді басып олардын аралығын Торғай бұғазы жалғап жатты. Бор дәуірінің сонында казір жазуға қолданылатын бор теңіз табанына шөгіп қалың қабат тұзеді. / 7/

      Бор дәуірінің климаты аридті және ылғалды климаттарының бірін – бірі ауыстырып отыруымен ерекшеленеді. Палеоген дәуірінде теңіз трангессиясы арал маңынан жаңжағына таралды ежелгі теңіз табанына батысында нуконитті саздар мен құмдар солтүстік бөлігіне кремнилі құмдар, оңтүстігінде және сазды жыныстары шөкті, ерте палеогеннің өзінде  ланшафтардың зоналық айырмашылықтары байқала батады. Тұран ойпаның оңтүстігінде құрғақ тропиктік климат жағдайында мәнгі жасыл ұсақ жапырақты ормандар өсті. Орталық бөлігінде су баспаған жерлерде ылғалды климат жағдайында мезофитті ормандар басым болды. Сол кезенде тұран мен батыс  қазақстанда секвойя, эфкалипт, емен, лаврлармен пальмадан тұратын ерекше полеобатаникалық полтава провинциясы басым болса, солтүстік бөлігінде шамшаттан тұратын жапырағын түсіретін ормандар басым болған. Торғай полеобатаникалық провинциясы тарады. Неогенде казіргі қара және Каспий теңіздерінің орындағы Сармат теңізінің трасгрессиясы жүріп ол казіргі Тұран Каспий маңы ойпатарын басты. Палеоген дәуірінң тартылған теңіздерінің орындарында кең көлемді аумақты алып жатқан құрлыққа айналды оңын бетіне біртіндеп тұран ойпатымен шектесетін Сарыарқа, Мұғалжар, Тянь-Шань тауларынан ысырылған көлдік, батпақтық және өзіндік аккумулиативттік жыныстар, біршама көтерінкі бөліктеріне магний, калций, гипс карбанатты тұздарға қаныққан қоныр, қызыл қоныр  түсті саздар шөге бастады. Қызыл қоңыр топырақ пен сол кезенге тән флорамен фауна миоценде тұран ойпатында аясыз жылы құрғақ су тропиктік климаттын басым болғаның айғақтайды. Палеонтологиялық қазба деректері қазіргі Тұран ойпатының солтүстігіндегі саванна, орталығымен оңтүстігінде субтропикттік шөл болғанын көрсетеді. Оны терең бұрғылау кезінде табылған гипсті  шөгінді қабаттар айғақтады. Сол кезенде каспий теңізі екі алапқа бөлініп оңтүстік каспий ойысы Палео-Амудария, Орта – Каспий ойысы Палео-Еділ өзенінің суымен коректенеді./8/

      Палеоценде аталған аумақты құрғақ субтропикттік шөлді климат сақталды. Қазіргі Балқаш пен Каспийдің солтүстік жағалауында, торғай өзенінің атырауында субтропиктік дала мен саванна плоценнің соңында Тянь-шань Памир тауларының көтерілуіне байланысты табиғат жағдайы күрт өзгеріп субтропиктік саванна Тұран ойпатының оңтүстігіне қара ығыстыырылып біртіндеп субтропиктік жағдай мүлдем жойылып қоңыржай белдеудің шөлдерімен шөлейттері қалыптаса бастады. 1,65 милион жылға созылған  сонғы төрттік дәуірінде   климаттағы  бірнеше өзгерістер болып Тұран ойпатының табиғатының казіргі жағдайы мен пішіні қалыптасты. Қорыта айтқанда неоген – төртік дәуірлердегі Тұран ойпатының казіргі жер бедерінің қалыптасуы тау түзілу үрдісімен теңіз регрессиясы, аридті климат жағдайында жүрді. Тұран ойпатының батыс блогында неоген – төрттік дуірлеріне дейін ұзақ уақыт бойы теңіздік режим сақталғандықтан терең теңіз түбінде түзілген әктасты- мергельді борлы карбонаты шөгінділер саяз сулы жағдайда тұзілген құмды – сазды шөгінді жыныстарымен кезектесіп отырады. /8/

      Оңтістік – шығыс блокта терең сулы теңіздік шөгінділердің үлес салмағы кеміп оның есесіне құрылықтық шөгінділермен кезектесіп келетін саяз сулы лагуналық әктасты, гипсті сұр түсті саздар басым болады. Кристаллды ірге тасы биік Сары арқамен шектесетін солтік – шығыс блоктағы шөгінді қабаттар біршама жұқа әрі қызыл түсті құрлықтын сазды, құмды, шөгінділер мен конгомераттар гипсті құм тастармен гипстер басым болады. Шөгінді жыныстардың қабаттардың литологиялық құрамы тек күшті трансгрессия кезінде ғана бұл аумақты теңіз суы аз уақыт басқанын көрсетеді. Плиоценде теңіздік жағдай тек қыйыр батыс бөліктегі шеткі иіндерде сақталып саяз сулы шөгінділер жинақтала бастады. Неоген мен төртік дәуірдегі неотектоникалық қозғалытардын нәтежиесінде Альпі қатпарлығына жататын Кавказ, Копетдаг, Памир тауларының түзілуіне байланысты кайназой эрасының екінші жартысында Тұран ойпатының аумағында ежелгі саяз теңіздер тартылып толығымен құрлыққа айналды. /7/

      Төртік дәуірінде жүрген мұз басулар кезеніңдегі Флювиальды климатпен мұз басу аралық кезендегі құрғақ ксеротермальды (ыстық әрі құрғақ) климатпен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Мұз басулар кезеніңде жабын және жартылай жабын мұздықтардың типі тау етектеріне дейін түсіп орасан зор су тасқыны жазықтарға ұсақ түйршікті тау жыныстарын шөктіріп кәзіргі кездегі орасан зор алқапты алып жатқан қара құм қызыл құм Арал маңы қарақұмы, үлкен және кіші Борсық құм, Мойынқұм сияқты кәзіргі құмды шөлдердін қалын қабаттары түзілді. Жоғары қысымды төменгі температуралы таулар мен жазықтардағы төменгі қысымды, жоғары температуралы аймақтық арасында қысым мен температура айырмасының әсерінен жел эрозиясы күшейіп тұран жазығының көршілес жатқан таулы аймақтан өте ұсақ тау жыныстарының түйіршіктері шөгінлесті сазды жыныстардың қалын қабаты түзілді.

 

1.3. Тұран ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.

       Жер бедерінің геомарфологиялық типтері.

 

1.3.1. Тұран ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.

  

          Оңтүстік Ембі үстірті арқылы Шығыс Европа платформасының Каспий маңы синиклизасының, солтүстігінде Арал алды шеткі иіні арқылы герцинк қатпарлығында түзілген Мұғалжар (Орал) тау жүйесімен шектеседі. Тұран ойпатының солтүстігіндегі батыс Сібір плитасынан торғай үстірті бөліп оларды   бір-бірімен Торғай Қолаты жалғап тұр.

Шығысында Тұран плитасын колендон қатпарлығына жататын Сарыарқа аласа таулы алқабы қоршап жатыр. Оңтүстік – Шығысы мен оңтістік шекарасы және оңтістік Тянь-Шань, Памир, Копедаг тауларының етегіндегі шеткі тектоникалық иіндер арқылы өтеді. Батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізінің шығыс жағалауы арқылы өтеді. /3/

         Геотектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне сай кристаллды ірге тасы әртүрлі терендікте орналасуына байланысы кең көлемді үстіртермен терең құрғақ ойыстар кезектесіп келуімен ерекшеленеді орталық бөлігін арал теңізіне қарай еңіс болып келетін тұран ойпаты алып жатыр. Каспий теңізіне ұласатын батыс бөлігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия (-132м) Қарныжарық (-70м) Қауынды (-57м) ойыстары бар. Тұран ойпанының оңтістігімен оңтүстік бөлігіндегі Тянь-шань, Памир, Копетдаг тауларына қарай біртіндеп көтерілетін үстірттерге ұласады . Солардың ішінде

12345След.
скачать работу

Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ