Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы

гі ең биігі аймақтың оңтүстік бөлігіндегі Бадхызбен Қарабел үстірттері (400-800м) Торғай Үстірті (150-400м) үстірт (100-350м). Амудариямен Сырдари өзендерінін аралығында Қызылқұм таулары, “Бұқантау” “Тамдытау” “Құлжықтау” сияқты қалдық атулы алқаптармен үстіртер бар “Қызылқұм тауларының абсалют биіктігі (922м) Шу – Іле тау сілемдерінікі (972м) Қарабел үстіртінікі (984м) жетеді.

Теңіз денгейінен ең биік және ең төмен орналасқан нүктелерінін биіктік айырмасы 1000 метрден  асады. Биіктік айырмасының ауытқуы әсіресе жазықтың солтүстік- батыс бөлігінде жоғары /3/.

         Тұран плитасының ірі орографиялық элеметтерінің таралуына кристалды іргетасының әркелкілігі әсер етеді ірге тасының көтерінкі бөлігіне көбінесе зангуз (орталық қарақұм көтерілулері) Торғай үстірті, Маңғыстау үстірттері жатады ойыстары іргетасы теренде жатқан тектоникалық құрылымдарға сай келеді олардын қатарына солтүстік арал маңы немесе оңтістік Торғай ойысы, оңтүстік-шығыс Қарақұм (мургаб иіні), Шу ойысы жатады кейде ірге тасы теренде жатқанымен үстірт сияқты қабатты тұғырлы үстіртті жазықтарда кездеседі. Оларда пайда болу жолдарына қарай төменде көрсетілген топқа бөледі.

         Тұран ойпатының жер бедерінің пайда болу жолдарына қарай топтастыру.

 

 

            Тұран ойпатының Арал маңы бөлігінің жер бедері геоморфологиялық – геологиялық тұрғыдан алғанда әркелкі. Мұнда денудациялық құрылымды қабатты жазықтар мен теңіздік, көлдік алювиальді – пролювиальді құрылымды қабатты жазықтармен көлдік, теңіздік көлдік алювиальді – пролювиальді және эолдық  жазықтар төртік дәуірге дейінгі аласа қалдық таулармен үстірттер мен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген. Морфо- Генетикалық тұрғыдан алғанда Қызылқұм, Қарақұм, солтүстік-шығыс және арал маңынын жер бедері ерекшеленеді. Арал маңынын солтүстік және шығыс бөлігіне бірнеше оңдаған метрден жүз метрге дейін тілімденген төбесі текшелі дөнесті көтерінкі жер бедері тән.

 Геоморфологиялық тұғыдан Арал маңының солтүстігінде Шағырай көлбеу жазығы, Ырғыз –Шалқар жазығы, Үлкен және Кіші Борсық құм, Арал маңы қарақұмы орналасқан. /2/

       Шағырай көлбеу үстірті қиыр солтүстігінде орналасқан үстіртің тікілей жалғасы болып табылады. Оңын абсолют биіктігі 150-200 метрден аспайды. Негізінен палеогеннің әктасты жыныстарынан тұрады. Оның бетіндегі жоғарғы және төменгі олигоценнің құмтастары әктастарды шайылудан қорғап тұрады. Жер бедері сыртқы күштердің бұзушы әрекетінен қатты тілімденген. Батысында Шағырай үстірті биіктігі 100-150 метрге жететін тік беткейлі кемерлермен шектеледі. Етегінде шағын өзеннің құрғақ арнасы бар. Солтүстігімен шығысында Торғай Үістіртімен шектеседі оның оңтүстігінде қатты тілімденген Ырғыз-Шалқар тұғырлы қабатты жағы орналасқан. Ол бор, палетген, неоген дәуірінің шөгінділерінен тұрады. Бойлық бағытта созылған жылдармен қалдық үстірттердін аралықтарын тередігі  бірнеше оңдаған метрден екіжүз метрге дейін жететін жыралар, терең сайлармен құрғап қалған ескі өзен арналарымен тілімденген Мұндай  жазықтардың солтүстік беткейі жатық оңтүстік беткейі терең тілімденген жыралы әрі тік  беткейлі болып келуімен ерекшеленеді. Қалдық үстірттердің ішіндегі ең биігі Жақсы Бұташ (343 м.) ол абсолют биіктігі 37 метрден аспайтын депрессиялық Арал, Сарықамыс (45м) ойыстарымен көршілес орналасқан. Қабатты қалдық жазықтардың жолдарының аралықтарын бөліп тұрған ойыстарды борпылдақ жыныстардың жоқ болуын белгілі ғалым И.П. Геросимов плиоцен-төрттік кезенде аритті климат жағдайында жел үрлеп әкетуінен казіргі үлкен және кіші борсыққұм алқаптары түзілген.Көне Шағрай үстірттерінің аралығырдағы ежелден анғарда орналасқан Үлкен Борсық құм алқаптын ұзындығы 200 метр, ені 10-30 шақырымға дейін жетеді.

         Арал маңы құмды денудациялық жазықтары.

         Арал маңында 2-60 шақырымға дейін артады. Кіші борсыққұм субмредианальды бағытта 100 шықырымға созылып жатыр ені 10-40 шақырым аралығында ауытқиды.Арал Каспий теңізіне қарай беткейрлері көлбеу болып келеді.Абсалют биіктігі солтүстігінде 160 метрден оңтүстігінде 80 метрге дейін ауытқиды. Жазықтын бетін жоғарғы плиоцен мен төменгі және орта төрттік жасындағы жыныстарды жел ұрлеуінің әсерінен түзілген құмдар жауып жатыр.Жел әрекетінен тілімденген құм жолдарының аралығындағы ойыстардың терендігі орталық бөлігінде 20, шетінде 5-10 метрге дейін жетеді. Үлкен және кіші Борсыққұм өсімдіктерімен бекіген. Белесті, белді, төбелі құмдардың қатарына жатады. Кейбір құмды төбелердің шыңының биіктігі150-170 метрге дейін жетеді. Адамның шаруашылық әрекетінен жалаңаштанған құм төбелердің сусып жылысу үрдісі артып келеді. Арал маңы құрылымды – денудациялық жазығының шығыс бөлігін арал маңы қарақұмы алып жатыр. Өзінің құрлысы жағынан ол өзінің құрылымы жағынан неоген – төрттік дәуірдін шөгінділерін желдің үрлеуінен түзілген белесті – жалды, төбелі – жалды құмдардын қатарына жатады. Соңғы жылдары аралдын тартылуына байланысты теңіз табанындағы құмнын үрлеуінің есебінен аумағы артуда. Жел ұшырған жалаңаштанған сусымалы құм жолдарының аудаңы кәзіргі кезде 2000 шаршы шақырымға жетті. /6/  Арал теңізімен солтүстік арал маңы құрылымды денудациялық жазығының оңтүстік шығысы мен шығысын Арал-Сырдария аккумулятивті жазығы орналасқан – оңтүстік батысымен батысында құзылқұммен шектеседі.

         Оңтүстік –шығысында Қазақстаннан  тысқары аймақта Тянь-шань мен шектеседі.Оңтүстік  шығысында биіктік айырмасы 332 метрден арал теңізі жағалауында 39 метрге дейін төмендейді. Сыртқы пішіні тегіс биіктік айырмасы, жасы, шығу тегі жағынан әркелкі болып келеді. Осыған орай көтерінікі төбелі құмды Қызылқұм шөлін, аккумулятивті сырдария өзені аңғарын қаратаудын оңтүстік-батыс бөлігінің тауалды көтерінкі төбелі жазықтарын бөліп көрсетуге болады.

         Қызылқұм құмды шөлі біршама биік гипсометриялық жағдайға ие болуымен ерекшеленеді. Ол жоғарғы плейстоценде көлдік алювиальді шөгінділермен оңтүстік шығысында Бор палеоген жасындағы жыныстарды желдін үрлеу есебінен түзілген. Эолдық құмдардың биіктігі 10-20 метрге ең биік жері 30 метрге дейін жетеді. Құмды жазықтын беткі төбесі текшелі аласа қалдық таулармен (абсалют биіктігі 764 метрге жететін Бұқан тау) соңымен қатар жаңа дария қуандария, ескі дария сияқты Сырдарияның ескі арналарымен күрделенген. Ескі өзен арналарының есебінен біршама аумақты алып жатқан сазды шөлдер түзілген. Қызылқұмда солтүстік шығысқа бағытталған біршама тілімденген жалды – төбелі, белді – белесті, сусымалы төбелі жалды жер бедері басым. Тектоникалық тұрақтану плиоценнің соңынан басталады /1/.

     Сырдария алювиальді жазығы Сырдария мен Шығыс Арал синиклизасының аралығында орналасқан. Сырдария өзенінің аңғары ірі жеке құрылымдарды кесіп өтеді. Сырдария жұқа шөгінді жыныстар жауыпжатқан атырауын түзді. Шардара су қоймасынан оңтүстікте өзен аңғарында айқын ажыратылатын екі жайылма үсті текшелері бар. Өзеннің жайылмасының ені 10 шақырымға дейін жетеді. Шиелі мен Жусалының маңында жайылмасы 20-40 шақырымға дейін артады. Жайылмасында қазіргі және ескі арналар ескі арналы көлдер бар. Қазіргі кезде бөгеттермен арық қазылғандықтан кейбір құрғақ тереңдетіліп каналдарға айналдырылған. Су басатын жайылма негізінен ірілігі орташа құмды, сазды алевритті шөгінділерден тұрса көтерінкі жайылма құмды алевритті, сазды және құмды сазды шөгінділердін қабаттарынан тұрады.

         Арал теңізінің жағалауын бойлап әр түрлі түйіршікті құмдардан тұратын жел әрекетінен өзгеретінн белесті – белді құм жолдарымен сортан кезектесіп келетін теңіздік жазықтар созылып жатыр. Сонғы жылдары аралдың тартылып деңгейінің төмендеуіне байланысты казіргі кезде ашыққұм жолдарымен сортандар басым болып келетін алғашқы теңіздін жазық пайда болды. Соңғы кездері құм беті тұздардың артыуана байланысты алғашқы теңіздін жазықтардың бетіне табиғи өсімдіктердін өсу үрдісі байқалуда.

     Қарату мен Сарыарқаның, Шу-Іле тауларында Жалайыр – Найман тектоникалық жарықтарымен шектелетін Шу – Сарысу ойысы орналасқан. Ойыс оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа 600 шақырымға созылып жатыр. Оңын орташа еңі 300 шақырымға дейін жетеді.

     Геологиялық тұрғыдан Шу-Сарысу ойысы салыстырмалы түрде тегіс синиклинальді алып жатыр. Кристалды ірге тасынын негізін төменгі палеозойдын күшті жіктелегн жыңыстары құрайды.Оның бетін жоғарғы палеозойдын сазды құмды, жыныстарының қалын қабатты, оның үстін палеозой, кайназой жасындағы қалың сазды құмды, құмды-сазды шөгінді қабаттар жауып жатыр. Орталық бөлігінің жер бедері талас тасты көтерулерімен жамбыл фрианов иінділерімен күрделінген. Ойыстын тектоникалық құрылысының ерекшеліктері жер бедерінде әсер еткен неоген – төртік дәуірінде іргетасынын матияға батуы 500 және 100 метрге дейінгі тереңдікті қамтыйды. /9/

  

 Шу - сарысу ойысы.

 

Шу – Сарысу ойысынын шөгінді көлдік, - алювиальді және эолдық аккуммуляцияның негізінде қалыптасқан, көлдік және көлдік – аккумулятивтік жазықтар негізінен аумақтың оңтүстігі мен Сарысу  өзенінің анғарында таралған. Олар негізінен әртүрлі түйіршікті құмдармен көл түбіне шөккен ұсақ түйіршікті қайрандардан тұратындықтан беті тегіс немесе сәл еңіс болып келеді, желдің үрлеуінен түзілген дефяциялық ойыстарды қазіргі кезде сорлармен сортандар алып жатыр. Шу өзенінің солжақ жағалауын эо

12345След.
скачать работу

Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ