Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі

лмаса-дағы, біраз-біраз баршылық екенін айтып-ақ, келтіріп-ақ жатырмыз ғой. Солардың ішінде ізденімпаз ғалым, талантты тарихшы, тұрартанушы Ордалы Қоңыратбаевтың “Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі” атты кітабы ғылыми мәні, зерттеушілік зері, тарихи маңызы, танымдық мазмұны, құжаттық құндылықтары жағынан айрықшаланады. Ордалының орны бөлек осы еңбегінде талданғандай, тек 1920 жылғы мамыр айында ғана Тұрар тындырған тірліктерге назар аударыңызшы. 1920 жылғы 4 мамырда Өлкелік партия комитетінің кеңейтілген мәжілісінде Т.Рысқұлов “Түркістанның қазіргі кезеңдегі жағдайы туралы” өзі даярлаған тезистерді жариялап, баяндама жасады. Ұзаққа созылған пікірталастан соң, мәжіліс Ш.Элиаваның “бұл тезистердің ашық баспасөз бетінде жария болмауын қамтамасыз ету үшін оған “өте құпия” деген белгі қойып қабылдау керек” деген ұсынысыма құлданды. БарлықдаулымәселелердіМәскеуде, тікелей Лениннің алдында шешіп келу мақсатымен Түркістан республикасының өкілетті делегациясы тағайындалды. Түрікаткомның 5 мамырдағы мәжілісінде Мәскеуде жүрген Түркістан республикасының өкілдері осы делегацияға есеп беріп, тіркеуден өтетіні туралы бұйрық шығарылды. Т.Рысқұлов бастаған делегация келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге аттанып кеткеннен кейін, оның бар мақсатын қаралауға арналған арыздар, хаттар астанаға қарай ағылды. П.Н.Лепешинский дегеннің хатында жағдайдың мейлінше шиеленіскені, Рысқұловтың әрекеттері, Түріккомиссия жұмысының қиындағаны айтыла келе: “Алдымен мұсылмандардың бағытының сипаты туралы екі ауыз сөз. Олардың ішіндегі саяси көсемдердің арасынан ең ақылдысы, болашағынан мол үміт күттіретіні және өте өсіп келе жатқаны – Рысқұлов”, деп жазылған. Лепешинский Тұрарды жергілікті буржуазия мен ұлтшылдардың ықпалындағы адам ретінде сипаттайды. 1920 жылғы 17 мамырда Мәскеуге Түркістан республикасының өкілетті делегациясын басқарып барған Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық комитетінің хатшысы Н.Н.Крестинскийге өздерінің келгенін хабарлайды. Түріккомиссия мүшелерін қатыстыра отырып, делегацияның баяндамасын тыңдау және ұсынылған мәселелерді шешу үшін РК(б)П Орталық комитетінің мәжілісін шұғыл түрде шақыруды талап етеді. 1920 жылғы 25 мамырда Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық комитеті мен В.И.Ленинге “Түркістан республикасы жағдайының жоспары туралы” баяндамасын тапсырады. “Баяндамамен В.И.Ленин тікелей танысып шыққан, түпнұсқада қарындашпен салған белгілері бар”, дейді О.Қоңыратбаев. Тарихшы тоғыз беттен тұратын Тұрар баяндамасының барлық он тармағының таңғажайып мазмұнына талдау жасай отырып, мәтіндерін де толық келтірген. Рысқұловтың бүкіл болмыс-бітімі, мақсат-мұраты, түркішілдігі, ұлтжандылығы, көрегендігі, батырлығы – бар-баршасы осынау батыл баяндамасынан білініп тұр. “Т.Рысқұлов Түркістан республикасының шынайы саяси-мемлекеттік егемендігі жолындағы саясикүрескер болды. Республиканы түркі тілдес халықтардың “ұлттық мемлекеттігіне” айналдыру мақсатын қойып, осы бағытта социалистік революция жариялаған “ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын” өмірге демократиялық жолмен енгізу үшін қажырлы күрес жүргізді. Республика егемендігі – саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарын қамтитын”, дейді Ордалы мырза. “Тұрар Рысқұловтың Түрік республикасын құру идеясының дұрыстығын кеңестік Қазақстанның және кеңестік түркілердің кейінгі тағдыр-тарихы дәлелдеп берді. “Түркі тілдес түгел бол!” Бұл – аяулы арысымыз, бүкіл түркі тектес халқымыздың ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың ұраны, ұстанған бағыты. Мұраты, мияты. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырған ұлы өсиеті”, деп жазады танымал тарихшы Талас Омарбеков. “Тұрар Рысқұлов ғұмыр бойы империялық идеологиямен, империялық әлімжеттілікпен, империялық қулық-сұмдықпен алысып өтті. Арыстанша арпалысты. Аз ғұмырының айқасқа шықпаған күні, тартысқа түспеген сәті жоқ десек те болғандай”, дейді әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы, публицист Әмірхан Меңдеке. Сол Әмірхан бір мақаласында өзінің Ташкент мұрағатшысы Миразиз Мирсабировпен сөйлескенін жазады. “Білгенде қандай! – деген-ді Мирсабиров. – Әсіресе, мұндай қиянаттарды сіздердің Рысқұловтарыңыз жақсы білген. Тур ЦИК-ті басқарып тұрған кезінде Ресейдің отаршылдығын әшкере қылатын еңбектерді жариялаумен ден қоя айналысқан. Сол тұста біраз кітаптар да жарық көрген. Бұлардың ішіндегі ең құндысы, ең зоры – Григорий Сафаровтың Ташкенде 1922 жылы жарияланған “Түркістанның отарлануы” атты деректі кітабы. Отаршылдықтың жай-жапсарын ашып берген бұл еңбекті Г.Сафаровқа Рысқұлов жаздыртқан. Отаршылдық туралы өзімізден гөрі орыс зерттеушісінің сөйлегенін жөн көрген. Орыстың сөзі өтімді боларын білген. Кітапқа енген деректердің басым көпшілігін авторға Тұрар Рысқұлов берген”.

Бұл топтың сыны мазмұны жағынан кеңестік биліктегі Тұрар Рысқұлов пен Смағұл Садуақасов бастаған ұлттық элитаның, Еуропада эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқайдың пікірімен бір жерден шығып жатты”, дейді. Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұловтың мәңгілік мұраттары бір арнадан табылғанын, екеуінің екі түрлі жағдайда жүріп, ұлт қамы, түркі тағдыры жолындағы мақсаттары бір болғанын талай жыл Түркияда білім алған тарихшы, Мұстафадан мәністі докторлық диссертация қорғаған ғалым, жуырда ғана “Дарын” мемлекеттік сыйлығына ие болған Дархан Қыдырәли да өз еңбектерінде жан-жақты негіздеп, нақтылы дәлелдеп көрсетті. Қазақтың біртуар перзенті Нәзір Төреқұловты зерттеп жүрген зерделі ақын Сәрсенбек Сахабат та Тұрар мен Нәзір ой-пікірлерінің құнарлары қалайша қабысып, тілектерінің табысып жататынын жазып жүр. Тұрартанушы Молдияр Серікбаев сынды азаматқа баяғы Виктор Устиновтың өзі алғыс айтқан. Жүздеген журналистердің ұстазы, талапшыл тәлімгері Темірбек Қожакеев, тағы басқалар қалам тербеген. “Сарыбала деген атты таңдауымның да себебі бар. 1925 жылы Қызылордаға барғанымда Тұрар Рысқұловтың жақсылығын көп көрдім. Алғашқы жазған хабарларымды, болмашы өлең, фельетонымды осы кісі қарап, Бейімбетке жолдап отыратын. Тұрар мені Сарыбала деуші еді. Прототипіме ат іздегенде осы есім ойға түсті”, дейді тазалығынан танбаған сырбаз суреткеріңіз Ғабиден Мұстафин.

Тұрарды тарихи-деректілік тұрғыдан да, кәусар әлем – көркем әдебиетке тән келбеті жағынан да таныта білген, осы жолда ерлікпен еңбектенген, әрине, қазақтың қайраткер қаламгері, халқымыздың сүйікті жазушысы Шерхан Мұртаза екендігі аян. Шерағаңның “Қызыл жебе” роман-эпопеясының бірінші кітабы “Рысқұл” 1978 жылы, екінші кітабы “Тұрар” 1980 жылы, үшінші кітабы “Жұлдыз көпір” 1984 жылы, төртінші кітабы “Қыл көпір” 1991 жылы, бесінші кітабы “Тамұқ” 1994 жылы жарық көрді. Сыншы Сайлаубек Жұмабек өзінің “Жұлдызы нұрлы суреткер” атты монографиясында: “Қызыл жебе”, сөз жоқ, роман-эпопея! Суреткердің лирикалық-философиялық прозасы осы роман-эпопеяда барлық бітім-болмысымен мейлінше жарқырап көрінген демеске шараңыз жоқ. Қазақ халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың теңдессіз трагедияға толы өмір жолы әрқашан халық трагедиясымен бірлікте қарастырылады. Қырық жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының басынан кешкен зобалаңдары, аштық қырғыны, репрессия зардаптары талай-талай романдарға, роман-эпопеяларға жетіп-артылатыны белгілі… Сонымен, қырық жылға жуық шығармашылық бейнетінің нәтижесінде дүниеге “Қызыл жебе” роман-эпопеясы келді”, дейді. Кемеңгер суреткеріміз Мұхтар Әуезовтің “Қараш-Қараш оқиғасындағы” әуез-әуенді қайталамай, Рысқұлдың әуелгі қасіретін өзінше өрнектеген шебер прозашы Шерхан Мұртаза алғашқы екі кітапта әкелі-балалы қос мұңлықтың тағдырына оқырманды ортақтастыра тартып, баурап әкете барады. Үшінші кітап “Жұлдыз көпірде” автор тереңдігі мен Тұрар тереңдігі үйлесе, ұнаса, жараса кіріккен. Түрік республикасын құру идеясы да көрінісін тапқан. “Қыл көпірде” ұлттар мәселесіне байланысты мұраттары жан-жақты ашыла түседі. “Дегенмен, “Қыл көпір” романында ең басты назар Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған екі хатының әлеуметтік тарихына аударылады”, дейді сыншы С.Жұмабек. Бесінші кітап “Тамұқтың” тарауларына ой көзін жіберіп көріңізші. “Соңғы сәуле”, “Тұтқын”, “Тергеу”, “Ескендір”, “Өмірзая”, “Әзиза”, “Тұрар”, тағы да “Өмірзая”, тағы да “Тұрар”… “1937 жылдың мамыры мен 1938 жылдың ақпаны аралығында озбырлықтың, өктемдіктің қанды шеңгеліне түскен қазақ халқының ұлы перзенті, біртуар тарихи тұлғасы, аса көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың, яғни тоталитарлық режимнің ноқтасына сыймаған ғажайып қайсар, ғажайып өр, ғажайып адал, ғажайып көреген күрескердің ғаламат тұлғасына шексіз сүйсінеміз! Шексіз тағзым етеміз! Шексіз аяймыз!” депті сыншы Сайлаубек. Бәрібір, жоғарыдағы біз атаған, айтқан-жазғандарын аз-аздап қана келтірген, там-тұмдап қана тоқталған тарихшылардың, публицистердің, сұңғыла суреткерлеріміздің дүниелерін, Тұрар Рысқұловтың өз туындыларын байыптап байқап шыққанның өзінде Тұрартұғыр дейтұғын текті түсінік, ұлағатты ұғым пайда болады. Тұрартұғыр! Тұрартұғыр. Ол – Рысқұлов феноменінің тау тұлғалы тұрпаты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдарында Тәңіртаудың шоғыр-шоғыр шыңдарындай асқақтап шыққан Алаштың ардақтылары аз емес-ті. Солардың бірі һәм бірегейі – Тұрартұғыр дейтұғын дара ұғым тудыратын Тұрар Рысқұлов. Тұрартұғыр – түркі ұлттарының түгел тағдырын тым-тым тереңнен ойластыра алған, қазағының қамын қайраткерлікпен қарастыра білген, ұлтын аштықтың алапатынан алып қалған, тоталитарлық тәртіп билігінің биіктерінде жүріп-ақ, қаскөй қызметтестерінің аңдуында отырып-ақ Алаш арнасындағы азаматтық парызын адал атқарған ардақтымыздың бейнесі. Тұтас таудың қымбат

12345След.
скачать работу

Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ