Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі

ады.

Жастарға деген қамқорлық, жас ұрпақ тәрбиесі, кешегі бұратана халықтардың жастарын оқу-білімге тартып, көкірек көзін ашу, жаңа өмірдің жарқын істеріне араластыру, өндіріспен біте қайнастыру Тұрардың жатса-тұрса есінен шықпайтын, бойтұмардай қастерлі, жанына жақын борышы болғаны сөзсіз. Бірақ тек жалғыз сол ғана ма екен?..Біз оны халқымыздың қаһарман ұлдарының бірі деп білеміз, жиырмасыншы ғасырдың басындағы ұлы дүрбелеңде, ел басына күн туған шақта, Махамбетше айтқанда, атына – тұрман, жұртына – құрбан  болсам деп шағала жаны шарқ ұрған көш бастар көсемі ретінде танимыз. Соған қалтқысыз сеніп, ұйығанбыз. Ал енді соның сыры неде, мән-мағынасы қандай – ол жағын онша парықтап, ойланып жатпайтынымыз бар. Тіпті, оның аса көрнекті мемлекет қайраткері, елдің саяси басшыларының бірі болғанын білеміз де, дәл сондай дәрежедегі шаруашылық басшысы, ұтқыр ұйымдастырушы, зерделі ғалым-экономист, жалынды жаршы-насихатшы ретіндегі баға жеткісіз қызметінен көбіміз бейхабармыз. Шындап келгенде, сол тұстағы, одан әріректегі қоғам өмірінде болған әрі болып жатқан ұлылы-кішілі оқиғалардың бір де біреуі оның сергек көңілін селт еткізбей өткен емес, оның ұшқыр ойының, парасат-пайымының безбеніне түспей, сараланбай, салиқалы бағасын алмай қалған емес. Жақында, ғасырдың елең-алаңында болған айтулы оқиғалардың бірі – бұратана халықтардың патшалық Ресейге қарсы 1916 жылғы көтерілісіне 90 жыл толады. Көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, одан кейінгі тарихи дамуға тигізген ықпал-әсері жайындағы ғылыми топшылауларда кенделік жоқ, ол әлі де айтыла беретін болады. Ал бірақ соның ең алғашқы байыпты байламын, сындарлы ғылыми  тұжырымын Тұрар Рысқұлов айтқанын екінің бірі біле бермеуі де мүмкін. Әрине, қазақ-қырғыз азаматтарын тыл жұмысына әскерге алу көтерілістің сылтауы болғаны сөзсіз, ал бірақ оның түбірлі себебі әлдеқайда тереңде, Ресейдің отарлау саясатында жатқанын алғаш ашып айтқандардың бірі Т.Рысқұлов еді. “Көтерілістің негізгі себептері, – деп жазды ол, – царизмнің Қазақстан мен Қырғызстанды жүгенсіз отарлап қанауының салдарынан қалыптасқан экономикалық және саяси сипаттағы терең қайшылықтардың нақ өзі болды”.

Т.Рысқұловтың бүкіл өмірі мен қызметі Қазақстанның саяси, қоғамдық және экономикалық өміріндегі терең өзгерістерді жүзеге асырудың күрделі де күрмеулі жағдайында өтті. Түркістан Халкомкеңесінің төрағасы бола жүріп, ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, ірі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға, жұмыстылықты қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп, сол жолда өзі де жатпай-тұрмай еңбек етті, күш-жігерін аямай жұмсады. Тұрғылықты халықтың жаңа экономикалық саясатты іске асыруға  және тауар-ақша қатынастарын дамытуға белсене қатысуын қалап, соған үндеді. Ал бұл үшін экономиканы қатаң реттеуден бас тартып, өндірісшілерге экономикалық еркіндік беру керек деп пайымдады ол. Сондай-ақ оның өндіріс құрал-жабдықтарын шикізат көздеріне жақындату, ауыл шаруашылығын өнеркәсіп орталықтарына тіркеу мақсатында экономикалық аудандастыру шараларын жүргізу туралы ойлары, түптеп келгенде, ұлт мәселесін жаңа экономикалық саясатпен үйлестіре  шешуді көздеген сындарлы ұсыныс еді. Тарихтың аса күрделі әрі жауапты кезеңінде дәл осындай елім деген ерлердің арқасында республиканың экономикалық әлеуетінің негізі қаланып, көмір өнеркәсібі, түсті металлургия сияқты салалар өркен жая бастады. Т.Рысқұлов ірі өнеркәсіпті қа­лыптастырудың маңызын талай мәрте айта жүріп, елді индустрияландыру кезеңінде алып кәсіпорындардың бой көтеруіне байланысты мәселелерді шешуге тікелей араласты. Оның бастамашылығы мен белсенді түрде қолдау көрсетуінің нәтижесінде Қарағанды көмір бассейнін, Қоңырат мұнай кен орнын игеру басталды, Балқаш мыс қорыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Түркістан-Сібір темір жолының – атақты Түрксібтің құрылысы қолға алынды. 1926 жылғы қарашада КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті Төралқасының мәжілісінде сөйлеген сөзінде Түрксіб құрылысының экономикалық қисындылығы мен тиімділігін, Қазақстанның, Ресейдің, бүкіл Орталық Азияның  экономикасын дамытуға оның қаншалықты маңызы барын жан-жақты негіздеп берген нақ осы Т.Рысқұлов болатын. Түрксіб елдің өндіргіш күштерін дамытудың зор мүмкіндіктерін ашып берді, сөйтіп Қазақстанды қарқынды түрде индустрияландырудың бастамасы болды. Сондықтан БОАК мен РКФСР ХКК-ның 1930 жылғы 1 мамырдағы “Түркістан-Сібір (Түрксіб) темір жолын ашу туралы”  қаулысында “РКФСР Үкіметі жанындағы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов жолдас басқарған Түрксібке жәрдемдесу комитеті атқарған елеулі жұмысты” атап көрсетуі тегін емес.Т.Рысқұловтың қазақ ауылын жаңғырту жолдары туралы көзқарасы да аса мәнді әрі маңызды. Базбіреулер айтып жүргендей, Т.Рысқұлов партияның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жөніндегі бағытына қарсы шықты деу жаңсақтық болар еді. Ол ауылды көркейту қажеттігін бір кісідей-ақ түсінді, бірақ бұл үдеріс ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, қажетті алғышарттарды әзірлеу

арқылы өзіндік табиғи жолмен жүзеге асуы керек деп пайымдады. Патшалық Ресейдіңотаршылдық саясаты көшпелі елдің егіншілікке жарамды жерінің басым бөлігін тартып алып,оның өзін шөл және шөлейт түкпірлерге айдап салумен тәмамдалған болатын. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жерге орналастыру саясатын жүргізу әрекеті жасалды, оның мақсаты – байлардың есебінен, сондай-ақ орыс кулактарының жерлерінен кедейлерге  жер үлесін беріп, халықтың бетін отырықшылыққа бұру еді. “Қазақ интеллигенциясына” дейтін мақаласында қазақтың көзі ашық азаматтарын өз халқын отырықшылыққа үндеуге енжар деп айыптаған Г.Аграновскийге жауап бере келіп, өмір жолына жаңа шыққан жас талап Тұрар былай деп жазды: “Егер сол ескі режим кедейді байдан қорғаса, жақсы жерлердің бәрін басып алған байдың жерін тартып алып кедейге берген болса және оны құрал-жабдықпен қамтамасыз етсе, онда біз қазақтың әлдеқашан-ақ отырықшы болғанын көрер едік”. Халқының басым бөлігі көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс кешкен елді республиканың партия басшылығы қысқа мерзімде ұжымдастырып, отырықшылыққа көшірмекші болды.  1930-1933 жылдарда бұл 3 миллион адамды қамтуы тиіс еді. Жергілікті өкімет органдарының осындай солақайлығын алдын ала сезген Т.Рысқұлов 1930 жылы республикалық “Советская степь” газетіне “Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда мал өсіруге мән берілсін” дейтін мақала жазды.  Ол табиғи жайылымдарды пайдаланатын және өнеркәсіп үшін ірі шикізат көзі болып саналатын мал шаруашылығы саласын сақтап қалу қажеттілігін алға тартты. Бұл үшін халықты Аргентинаның, АҚШ-тың далалық аудандарының тәжірибесін пайдалануға үндеді, мал өсіруді және мал азығының базасын жасауды оңтайландыру қажеттігін негіздеді.Демек, Т.Рысқұлов көшпелі қазақтардың отырықшылыққа ауысуы ұзаққа созылатын әрі оңайшылықпен жүре қоймайтын үдеріс екенін негізге алған. Көшпелілердің жаппай отырықшылыққа ауысуына әлі жеткілікті жағдай  жоқ екенін ол жақсы түсінді.Бірақ жағдай басқаша қалыптасты. Елді жаппай отырықшылыққа көшіру, малды орталыққа алып, “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” дейтін зымиян саясатты тықпалау халықты титықтатты. Елде адам айтқысыз аштық басталды. Жұрт дүрк көтеріліп, Сібірге, Орта Азияға, Қытайға бет алды…Халқының ардагер азаматы ретінде Т.Рысқұлов көпке әйгілі Сталинге хаттарын жазып, ашыққан жұртқа араша сұрайтыны, өзі де күн-түн демей, жар құлағы жастыққа тимей жүріп, қалың елі – қазағына пәруана болатыны сол шақта. Оны баршамыз тарихтан да, ауызекі әңгімелерден де, көркем әдебиеттен де біршама тәуір білеміз. Бұл –  айта берсе таусылмайтын әңгіме. Тұрардың тұла бойына  жараса біткен қажыр-қайраты мен ақыл-парасатының жемісі таңдандырмай қоймайды: жаңа өмір құрылысындағы өзі араласа жүріп, көбінесе орталықпен (Мәскеумен) жағаласа жүріп атқарған сан салалы шаруашылық, ұйымдастырушылық жұмысы тау төбе болса, қуатты ойынан бастау алып шыққан кең арналы, келісімді творчестволық еңбектері – ғылыми және публицистикалық туындылары да сондайлық мол. Оның қаламынан туған  оннан аса кітаптар мен жүзден аса мақалаларда, мәселен: “Қазақстан”, “Қырғызстан”, “Революция және Түркістанның тұрғылықты халқы”, “Түрксіб – Қазақстанның, Орта Азияның, Сібірдің шаруашылық жағынан өркендеуінің жолы”, “Түрксіб”, “Қазақстан тарихын бұрмалаушылыққа қарсы”, “Коммуналдық шаруашылық жаңа кезеңде” дейтін еңбектерде тарихи және экономикалық тақы­рыптардың алуан қырлары мол қамтылып, терең талданды. Күні бүгінге дейін олардың мәні мен маңызы арта түспесе, ешбір кеміген жоқ. Олар әлі талай-талай зерделі зерттеулердің тақырыбына айналатынына, самайын қырау шалған ұстаз да, жас талап зерттеуші-студент те олардан бойына қуат, ойына нәр алатынына ешбір күмән  болмаса керек. Ол мирас еткен кәсіби кадрларды  қалыптастыру міндетін  бүгінгі күннің талап-тілектері биігінде жүзеге асыруға күш саламыз. Осы орайда бір заңды жалғастықты, тарихи үйлестікті айтпай кетуге болмас. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауындағы: “Білім  беру реформасы –

Қазақстанның бәсеке нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңыздықұралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет… Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай жасауымыз керек”, – дейтін тұжырымы мен Т.Рысқұловтың жоғарыда келтірілген, оқудағы қазақ жастарына арнап айтқан сөзінің іштей үндестігі қандай ғажап! Ол кезде оқу-білім республиканың тарихи кенжеліктен арылып, өзге елдердің қатарына тұруы, өркениет көшіне ілесуі үшін қажет болса, қазіргі білім мен ғылым Қазақстанды дүние жүзіндегі озық елдердің қатарына қосудың, оның абырой-беделін арттырудың ең маңызды факторларының бірі саналады. Бәсеке артықшылықтарының осы заманғы теор

12345След.
скачать работу

Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ