Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі

құзары. Тұрартұғыр – басшы бола білмектің, басқара білмектің, ел мен жерге, халыққа қызмет етпектің, зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесі. Тұрартұғыр – Тәуелсіздікті баянды етпек бағыттағы таланттар мен дарындардың бағдар етер биік мұнарасы. Тұрартұғырыңызды ешкіміңіз де еңкейте алмақ емес. Тұрартұғыр төмендемейді. Тарих өз бағасын әлдеқашан беріп қойған.

Әрине, түрлі-түрлі тосқауылдар шыға берер. Пікірталастар бола берер. Бірқатар себептерін жаңа айттық қой. Тау тұрпатты тұлғаларымыздың ешқайсысына да оңай болмағаны белгілі. Солардың ішінде Рысқұловқа өте-мөте ауыр болды. Оның қайшылықтары мен қателіктері кездеспеуі беймүмкінтұғын. Тоталитарлық билікте жүрген соң кейде айтқысы келмегенін айтуға, жазғысы келмегенін жазуға мәжбүрленді. Бірен-саран реттерде сөйтіп, сайып келгенде, бәрібір, Алаш арнасынан табылды. Әнебір алмағайыпта қателескенін айтып, кешірім сұрауға тиісті еді. Аждаһа-апаттың аузына түсіп кетпеу үшін. Орағытып өтіп, қазақтайын ұлтына, түркідейін жұртына, айналып келгенде, адал ниетті адамзатқа қызмет қылмақ үшін. Ондай кешірімді Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, Мұхтар Әуезовке дейінгі талай тарландарымыз, Алаштың айтулы ардақтылары сұраған. Түпкі мақсат үшін;түбегейлі тірлік үшін;т үптің-түбінде келетін Тәуелсіздік үшін. Әңгімемізді әу баста асылдың тұяғындай, алтынның сынығындай Сәуле Тұрарқызынан бастағанымызда гәп бар. Жақында республикалық басылымда сол кісінің “Проспект Рыскулова” деген мақаласы шыққан. Алматыдағы Рысқұлов даңғылынан сыр шертіп бастаған Сәуле әпкеміздің негізгі айтпағын, көңіл-күйіндегі күйзелісін түсінесіз. Сәуле Тұрарқызы өкпе-ренішін жасырмайды. Алайда, қаншама қанқұйлы, қанқасап заманның зарарын тартып, азабын арқаласа да ақ адал пейілінен айнымаған, парасаттылығынан танбаған. Зиялы-зияттылар қанынан жаратылғандықтан ғой, ішкі мәдениеті, этика-эстетикасы таңғажайып биік, қазақтың діліне берік бекзат қызы бірқатар елеулі ескертпелер жасапты. Рысқұловтың өмірі мен қызметіне, Тұрардың өз тұлғасына және отбасы мүшелеріне байланысты баспасөзде орын алып жүрген ағаттықтар мен көпе-көрнеу бұрмалаушылықтарды атап-атап көрсетіпті. Интернеттегі бірер бұра тартушылықтарға тоқтала келіп, онда әлі күнге дейін Т.Рысқұлов 1943 жылғы 19 сәуірде “жүрек талмасынан” қайтыс болды делініп тұрғанына таңырқайды. Шын мәнінде ондай мәлімет әдейі, тау тұрпатты тұлғаны төмендетпек үшін, қитұрқылықпен құрастырылғаны белгілі. Тұрардың 1938 жылғы 10 ақпанда атылғаны әлдеқашан дәлелденген. “Интернеттегі мәліметтерді түзету керек!” дейді Сәуле Рысқұлова. Әпкеміз, сондай-ақ “Мой город другим не заменить” атты кітаптың авторы да Т.Рысқұловтың өмірбаяны мен тағдырына байланысты бұрмалауға жол бергеніне, “Аргументы и факты-Казахстан” басылымындағы С.Оспанова айтты деген ағаттықтарға, тағы басқа да дәлсіздіктер мен дәйексіздіктерге реніш білдіріп, шынтуайтында қалай екенін, анасының, ағасының, әпкелерінің қалай тұтқындалғанын, тағдырлары қалай болғанын, әкесі мен шешесінің қайтіп, қандай жағдайда қосылғанын, қалай ғұмыр кешкенін, Тұрар Рысқұловтың халық шаруашылығы салаларын дамытудағы зор еңбегін, қайраткерлік қасиеттерін нақ-нақ баян етеді. Ештеңені де бұрмаламауды, ол үшін тарихи еңбектерді, қазір жол ашылған құжаттарды қарап, оқып-тоқуды, қателіктерді тездете түзетуді ұсынады.“Бозбала Тұрар жетімдіктің зардабын сезініп, өзгеше өткірлік, батылдық қасиеттерін ертерек шыңдады. Сондай шақтарында ол өзінің жасын екі жылға үлкейткен”, деп жазыпты. Ренжімеңіз, Сәуле Тұрарқызы, сіз қайта-қайта жазды екен деп, әлсін-әлсін айтты екен деп, тездете түзей қоймас түземекке тиістілер. Дегенмен, есіл ердің Түркістан республикасын 28 жасында емес, 26 жасында басқарғанын, 44 жасында емес, 42 жасында жазықсыз атылғанын жүрегіне жазып қойғандар баршылық.

…1938 жылғы 8 ақпанда құрамында – төрағалық етуші армиялық әскери заңгер Ульрих, мүшелері – бригадалық әскери заңгер Зарянов, бірінші дәрежелі әскери заңгер Кандыбин және хаттама жүргізуші Костюшко бар – КСРО Жоғарғы сотының алқасы Рысқұловты ату жазасына кеседі. “Құпия” деген белгі соғылған анықтамада: “Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлын ату туралы үкім Мәскеуде 1938 жылғы 10 ақпанда орындалды. Үкімнің орындалғаны туралы акті КСРО НКВД-сі Айрықша архивінің бірінші арнаулы бөлімінде сақтаулы. Томның нөмірі-3. Беттің нөмірі-61”, деп жазылған. Құжаттың соңына НКВД бірінші арнаулы бөлімі 12-бөлімінің бастығы, мемқауіпсіздік лейтенанты Шевелев шиырып тұрып қол қойған. Тұрартұғыр боп қалған Рысқұлов отыз сегіздің оныншы ақпанында атылғй, босатып жіберуге мәжбүр болды. Басқосуға жиналған ғалымдар мен саясаткерлер, қаржыгерлер “Қазақстан: бәсекелестік және жаңғыру” деген тақырыпта басталған конференция жұмысына белсене қатысты. Қазақстанның экономикалық және стратегиялық басымдықтары, жаһандану мен реформалар: саясат, құқық және қоғам, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ экономикалық білімнің жаңартылуы деген секциялар бойынша өз ойларын ортаға салды. Кезінде Т.Рысқұлов кеңестік Қазақстанның 15 жылдығы құрметіне бас қосқан қазақ жастарының жиынында “Сендер – болашақ экономистер, инженерлер, техниктер, агрономдар мен педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуына тиянақ болатын кадрларсыңдар” деген болатын. Бұл сөздер өзінің мәні мен маңызын әлі де жойған жоқ. Терең ойлы қайраткердің республика жұртшылығын халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету үшін өңдеуші салаларды дамытуға зор көңіл бөліп, ел экономикасын индустрияландырудың мәнін жоғары қойғаны да белгілі. Қайраткердің экономикалық мұрасын әлі де терең зерттей түсу қажеттігі жас ұрпаққа аманат. Т.Рысқұловтың экономикалық пайымы терең екенін дәлелдейтін бірқатар деректерді алға тартты. Оның ХХ ғасырдың басында Монғолия елінің ұлттық ақшасын белгілеу жөніндегі қызметінің өзі бір төбе. Рысқұлов оқуларының біздің өмірімізден өз орнын табатын тұстары көп. Себебі, қазіргі заман интеграциялық байланыстардың мағынасын бұрынғыдан да күшейтіп келеді. Қаржы рыногында тиімділікке қол жеткізу, банк қызметін ұтымды ұйымдастыру жөнінде осы конференцияға қатысушылар өздерінің бағалы ұсыныстарын әзірлеуге мүмкіндік алатынына сенім білдірді. Кезінде Румыния елі де дағдарысты кезеңдерді бастан өткерген. Қазір экономикалық бағыт-бағдары даму жолын көздейтін біздің еліміз тікелей инвестиция тартуда табыстарға қол жеткізіп, отандық өндірісін ұлғайту үстінде. Қазақстан да нарық жағдайында бірқатар қиындықтарды артқа тастады. Сіздердің елдеріңіздің дүние жүзінде бәсекелестікке лайықты 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатты алға қоюы – қарқынды дамудың нәтижесі. Қазақ экономикалық университетінде басталған ғалымдардың ой жиынтығы қоғамға қызмет ететініне сенемін”, деді. Қазіргі заманғы экономикалық ғылымның ең маңызды мәселелерін талқылап, Қазақстанның ең маңызды экономикалық проблемалары мен әлемнің басқа да елдерінің экономикалық құрылымдарына байланысты нәрлі және қажетті ой қорытуға пайдасы мол конференция әрдайым өміршең болады, деді. Болашағы бар ел өзінің өткен тарихының жарқын беттерін асыл мұра ретінде оқытады. Тұрар Рысқұлов сияқты терең білімдар саясаткер әрі публицист-экономистің, бір ұлтқа ғана емес, бүкіл түркі жұртына тұтқа болған азаматтың еңбектерінен өзекті мәселелерді туындатып, бүгінгімен сабақтастыра қарау кездейсоқтық емес.  “Тұрар Рысқұлов – Орталық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері: экономист, тарихшы, публицист” деген тақырыпта келелі сөз қозғап, тарихи тұлғаның сан қырын түйіндеп айтып берді. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Яхия Әубәкіров “Экономикалық теория – экономикалық білімнің өзегі” деген тақырыпта баяндама жасап, көп ойларды алға тартты. Біз экономика теориясы жөніндегі мамандарды көптеп тәрбиелеп шығаруымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл пән кейбір жоғары оқу орындарында тізімнен шығып қалған сияқты. Осының салдарынан енді біз қоғамның экономикалық байланыстары жөнінде терең білім алған мамандарға зәру болуымыз мүмкін. Қалай айтсаңыз да, ғылым теориясыз болмайды. Бұл мәселе орыс ғалымдары арасында да бірнеше мәрте талқыланды. Жаһандық әлеуметтік-экономикалық тақырып өткір күйінде сезілуде, ендеше біз осы саланың мамандарын даярлауға ерекше мән беруге тиіспіз, деді. Сонымен, “Бірінші Рысқұлов оқулары” Алматы қаласында әлемге аты әйгілі болған ғалымдардың басын біріктіріп отыр. Олар ең әуелі Қазақстанның бүгінгі өркениетті даму жолына түскенін сезінуі бір төбе, сонымен бірге Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлердің ұрпақтан ұрпаққа тарайтын асыл мұраларының өшпес ізін жарқырата көрсететіні сөзсіз. Форумға қатысушылар Т.Рысқұлов туралы көрме экспонаттарымен, ғылыми еңбектерімен және жоғары оқу орындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып т Қазақстандағы экономикалық білімнің ту ұстаушысы, күні кеше жұртшылыққа “әйгілі Нархоз” дейтін атпен белгілі болған Қазақ экономикалық университетінің алдында халқымыздың біртуар ұлы Тұрар Рысқұловтың ескерткіші тұр. Оның жанынан өткен сайын қай-қайсымыздың да кеудемізді ерекше бір мақтаныш кернеп, осынау ұлы адамның шапағатына бөленгендей мерейленетініміз бар. Енді ше, Тұрар аңсаған еркін дүниеде өмір сүріп, Тұрар мирастаған тұлғалы міндеттерді жүзеге асыру жолында Тұрардың өз атындағы Қазақ экономикалық университетінде еңбек етіп, еліміздің ертеңгі үміті мен сенімін – жас өркен кадрларын жасақтап жүрсең қалай мерейленбессің, қалай марқаймассың. Сондай сәтте мына тас тұғырдағы әз ағамыз орнынан тұра келіп, дәл сондағысындай, бұдан аттай 70 жыл бұрын Кеңестік Қазақстанның 15 жылдығы құрметіне бас қосқан жерлес студенттер ұйымының – қазақ жастарының жиынындағыдай жалындап: “Сендер – болашақ экономистер, инженерлер, техниктер, агрономдар мен педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуына тиянақ болатын кадрларсыңдар… Қазақстанға арнап кадрлар даярлауға айрықша мән берілуі керек”, – деп тұрғандай бол

12345След.
скачать работу

Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ