Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері

еңдік (максималды пайдалылыққа жету) жағдайға жетеді. Мұндай жағдай Госсеннің екінші заңына сәйкес келеді, оның мәні мынада: барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген жиынтық игілікті тұтынудан максимум пайдалылықты алады. Игіліктерді сатып алуға кеткен шығындарды әділетті түрде қайта бөлу нәтижесінде төмендегі кестеге мынадай мәліметтер жазуға болады:

Тұтынушы тепе-теңдігінің жағдайы (кардиналистік теория бойынша)   кесте 4.2

Бұл жағдайда үш игілікті тұтыну кезінде олардың жиынтық шекті пайдалылығы MU мынадай болады: 150 + 60 + 45 = 255. Көріп отырғанымыздай, MU1 >MU. Экономистердің айтуынша, мынадай шарт орындалғанда ғана тұтынушы тепе-теңдік жағдайға жетеді:

MUА/PА = MUВ/PВ= MUС/PС … = MUn/Pn = λ,                        (3.2)

мұндағы λ– ақшаның шекті пайдалылығы                                      

 

Тұтынушы таңдауы– бұл шектеулі ресурстар (ақшалай табыс) жағдайында ұтымды тұтынушының максималды пайдалылықты таңдауы.

Пайдалылықты максималдау ережесібірнеше қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Егер,  

MU1/P1 = MU2/P2 = …= MUn/Pn , болса, онда                               

MU1/MU2 = P1/P2; …MU1/MUn = P1/Pn  және т.с.с.                       

Сәйкесінше, кез келген игіліктің шекті пайдалылығының арасындағы арақатынас оның бағаларының арақатынасына тең, яғни

MU1 : MU2 : …: MUn = P1 : P2 : … Pn .                                            (3.3)

өлшенген шекті пайдалылықты мына формуламен анықталады:

MU1/P1 = MU2/P2 = … = MUn/Pn = λ,                                             

мұндағы  λ– ақшаның шекті пайдалылығы.

 

Сонымен, ақша бірліктерінің шекті пайдалылықтары оларды қолданудың әртүрлі варианттарында тең болып келеді. Оның жалпы түрін былай көрсетуге болады:

MUi =Piλ.                                                                                           

 

Тұтыну сұранысының ерекшеліктері.Ұтымды тұтынушының таңдау принциптерімен қатар оның талғамы мен ұнамдылықтарымен анықталатын ерекшеліктері де бар.

Американдық экономист Х. Лейбенстайн тауарға деген сұраныстың екі түрін бөліп көрсетеді: функционалды және функционалды емес.                                   

Функционалды сұраныс- экономикалық игіліктің (тауардың немесе қызметтің) өзіне тән тұтыну қасиеттері бар факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі.

Функционалды емес сұраныс– экономикалық игілікке тән қасиеттерге байланысты емес факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі болып табылады. Х. Лейбестайн бұл сұраныстың түрін тағы да бірнеше түрге бөледі (сур. 3.4):

1) Көпшілікке ілесу әсері.Тұтынушы басқаларынан қалып қоймауға тырысып, солар сатып алған тауарды бұларда сатып алуға тырысады. Ол басқа тұтынушылардың ойы мен сөзіне байланысты болады.

Көпшілікке ілесу әсері– тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері, яғни «елдің бәрінде бар, менде де болу керек» деген ұғым сән талабына сәйкес болуға ұмтылу және басқадай әсерлер жекелеген тұтынушылардың сұраныс мөлшеріне әсер етеді. Көпшілікке ілесу әсерін ескеру ойыншықтар мен киім сататын фирмалардың маркетингтік қызметтері мен жарнамаларында маңызды рөл атқарады. Көпшілікке ілесу әсері нарықтық сұраныстың бағаға икемдірек болуын көрсетеді және ол фирмалардың баға белгілеу стратегиясына әсер етеді. Тауарды тұтынатын адамдардың саны өскен сайын оның пайдалылығы мен құндылығы әрбір тұтынушы өсе бастайды. Мысалы, электронды пошта, ұялы телефондар, интернет жүйесі сияқты ақпарат көздері бар жүйелер бір адамда ғана болса, олардың құндылығы төмен болар еді, ал егер осы ақпарат жүйелерін қолданатын адамдардың саны өссе, онда олардың пайдалылығы мен құндылығы әрбір тұтынушы үшін арта түседі.

2) Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері.Бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады. Кейбір адамдар өте ерекше, сирек кездесетін немесе эксклюзивті тауарларға құмар болады. Атақты суретшілердің жұмыстары, өте қымбат және арнайы тапсырыспен орындалған заттар, киімдер сноб тауарларына жатады. Осы тауарларды тұтынатын тұтынушылардың саны аз болған сайын олардың пайдалылықтары мен құндылықтары өседі де сұраныс мөлшері көбейеді және керісінше болады. Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері нарықтық сұранысты икемсіздеу жасайды және бағаны көтеруге мүмкіндік береді. Көптеген фирмалар арнайы жарнама мен маркетингтік зерттеулерді жүргізе отырып өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсерін туғызуға тырысады.

3)Веблен әсері  – тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері.

4) Спекулятивті сұранысқоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады. 

5) Тиімсіз (рационалды емес) сұраныс– бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі, яғни бұл сұраныстың түрі адамның ұтымды шешім қабылдау туралы алғышартын бұзады.

 

 

Субъективтік пайдалылықты абсолюттік шаманың көмегімен өлшеудің теориялық алғышарттары әрі қарай қарай дами алмады, сондықтан оның орнына бірқатар ғалымдар абсолюттік шаманы салыстырмалы шамаға ауыстыруды ұсынды және тұтынушының мінез-құлқын тауардың ұнамдылығын анықтау және саралау тұрғысынан сипаттауды алға қойды.

Экономистер субъективті пайдалылықты абсолюттік шаманың (кардиналистская теория) көмегімен емес салыстырмалы шаманың көмегімен өлшеуге болатынын ашты, яғни тұтынушылардың белгілі бір тауарға деген ұнамдылықтарын немесе тұтынылатын игіліктің пайдалылық дәрежесін өлшеуге тырысты (ординалистік, немесе сандық, пайдалылық теориясы).

Бұл жерде тұтынушыға тек тұтынылатын екі игіліктің жиынтығы арасында ғана таңдау жасаса болғаны. Тұтынушының ұнамдылығы барлық игіліктерге қатысты болу керек, бірақ бізге қарапайым болу үшін екі ғана қарастырамыз.

Ординалистік тұжырымдамаға сәйкес, пайдалылықты зерттеудің негізгі құралдары болып талғамсыздық қисықтары мен картасы және бюджет сызығы табылады. Тұтынушының тәртібін талдаудың негізінде оның тепе-теңдік шарты анықталады.

Талғамсыздық қисықтары – тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтықтығын көрсететін қисық. Мысалы, Х игілігі - сүт, алУ игілігі – нан болып табылады. Айталық, тұтынушыға бәрібір: 3 кесек нан жеп 1 стакан сүт ішеме (R11нүктесі), әлде і кесек нан жеп 3 стакан сүт іше ме(R12нүктесі) (сур. 3.5).

 

 

Ал екі экономикалық игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары – талғамсыздық қисықтарының картасыдеп аталады. Талғамсыздық қисықтарының картасы  тұтынушының ұнамдылықтарын көрсетеді және оның әртүрлі игіліктердің кез-келген екі комбинациясына қатынасын анықтауға мүмкіндік береді (сур. 3.6).

 

 

Талғамсыздық қисықтарының мынадай қасиеттері бар:

1. Тауарлар кеңістігіндегі кез-келген нүкте арқылы талғамсыздық қисығын жүргізуге болады.

2. Талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды, егер олар бір бірімен қиылысатын болса, онда сол нүктеде қиылысқан екі қисық бірдей пайдалылықты көрсетеді, сондықтанда бұл біздің анықтамамызға қайшы болып к

1234
скачать работу

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ