Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері

еледі.

3. Талғамсыздық қисықтарында орналасқан тауар жиынтықтары неғұрлым координат басынан жоғары орналасса, онда ол соғұрлым көп ұнамдылық әкеледі.

4. Талғамсыздық қисықтары теріс бағытты болып келеді. Бұл қисықтарының бойымен жылжи отырып біз бір игіліктің мөлшерінен оны екіншісіне ауыстыра отырып бас тартамыз, олардың жалпы пайдалылықтары өзгермейді.

5.  Талғамсыздық қисықтары дөңес болып келеді.

Кардиналистік бағыт талғамсыздық қисықтарының формасын шекті пайдалылықтың төмендеуімен түсіндіреді, ординалистік бағыт – алмастырудың шекті нормасымен түсіндіреді. 

Алмастыру зонасы (субституциялар) – бір игілікті екінші бір игілікпен тиімді түрде алмастыруға болатын таоғамсыздық қисықтарының участогі (сур. 3.7).                      

Алмастырудың шекті нормасы(marginal rate of substitution - MRS)–

MRSxy  = - Δy/Δx ,                                                                                  (3.4)

немесе

MRSxy = - dy/dx,                                                                      (3.5)

мұндағы  MRSxy – Х тауарын У тауарына алмастырудың шекті нормасы. Егер абсцисса осіне Х игілігінің мөлшерін орналастырсақ, ал ордината осіне У игілігінің мөлшерін орналастырамыз, онда ΔУ/ΔХ немесе dy/dx қатынасы Х игілігін У игілігіне ауыстырудың шекті нормасын (немесе субституциясын) сипаттайды (сур. 4.8).

                                   Y

 

    Талғамсыздық қисықтары тұтынушының ұнамдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жерде екі маңызды ұғым: тауарлардың бағасы мен тұтынушылардың табыстары есепке алынбайды.

    Талғамсыздық қисықтары тек бір игіліктің екіншісіне алмастырылу мүмкіндіктерін ғана көрсетеді. Бірақ бұл қисықтар тұтынушының қандай нақты тауарлар жиынтығы аса тиімді деп санайтынын көрсетпейді. Бұл ақпаратты бізге бюджет шектеулілігі (бағалар мен шығындар сызығы) анықтайды.      

Бюджет шектеулілігіқолда бар нақты ақшаға қазіргі уақытта қанша тұтыну тауарларын сатып алуға болатындығын көрсетеді.

Егер  I – тұтынушының табысы, Px- X тауарының бағасы, Py – У тауарының бағасы болса, онда X және Y тауарлары сатып алынған игіліктер санын құрайды, онда бюджет шектеулілігінің теңдеуін мынадай формуламен жазуға болады:

I = Px X + PY Y                                                                                        

          немесе,

Y = I/Py – Px /Py ×X                                                                       (3.6)

 

мұндағы – Px/Py – бюджет сызығының бұрыштық коэффициенті, бұл сызықтың абсцисса осіне көлбеулігін өлшейді.

X = 0 болғанда, У = I/Py , яғни тұтынушының барлық табысы У игілігіне жұмсалады. Оның мөлшерін табысты осы игіліктің бағасына бөлу арқылы есептейміз. Y = 0 болғанда, X = I/Px, яғни біз тұтынушы сатып алатын Х игілігінің мөлшерінің анықтаймыз (сурет 4.9).

 

               

 

Талғамсыздық қисықтарының бюджет сызығымен жанасу нүктесін біз тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (оптимумы)деп атаймыз. Бұл нүктеде тұтынушы өзінің қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Сурет 3.10-да көрсетілгендей, бірнеше талғамсыздық қисықтары - U1, U2, U3 берілген. U1 қисығы бюджет сызығымен қиылысады, сондықтан бұл тұтынушы үшін тиімсіз. Ал Uқисығы бюджет сызығын D нүктесінде жанап өтеді. Бұл нүкте тұтынушының тепе-теңдік жағдайын көрсетеді.

 

Қорытынды.

  1. Тұтынушы – соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес жанұя (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.
  2. Тұтынушы тәртібінің теориясы тұтынушы таңдауының (мінез-құлқының) негізгі принциптерін зерттейді, оның негізінде игіліктің пайдалылығы, оның бағасы, тұтынушының табысы сияқты түсініктер қарастырылады.
  3. Пайдалылық – белгілі бір игілікті тұтынуда одан оның ерекше бір қасиеттерін сезіну мен ләззат алу мүмкіндігі. Ал аса қатаң мағынада (маржиналистік тұжырымдамада), пайдалылық – бұл тұтынушының игілік туралы қалыптасқан ой-пікірі немесе сол қажет игілікті саралауы және бағалауы.
  4. Экономистер игіліктің пайдалылығын (мысалы, судың немесе алмаздың пайдалылығын) емес, сол игіліктің белгілі бір мөлшерінің пайдалылығын қарастырады. Сондықтан тұтынушы игіліктің өзін қажетсінбейді, ол сол игіліктің белгілі бір көлемін тұтынуды қажет етеді, яғни тұтынушының қажеттілігі қажеттіліктердің қанағаттанушылық заңыарқылы қанағаттандырылады.
  5. Госсеннің бірінші заңы (шекті пайдалылықтың төмендеу заңы) – белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бірлігін тұтыну барысында оның пайдалылығының төмендеуі.
  6. Пайдалылық функциясы – тұтынушының сатып алатын тауарларының немесе қызметтерінің саны мен сол тауарды тұтынудан көрген қанағаттану деңгейі арасындағы арақатынасты көрсететін функция. Бұл функция игіліктің тұтыну көлемінің өсуіне байланысты оның пайдалылығының төмендеуін көрсетеді. Бұл функция формула түрінде былай берілуі мүмкін:

U= f(Qi)

    мұндағы U– игіліктің пайдалылығы;

                    Qi  - игіліктің қосымша бірліктері.

  1. Игіліктің бағасы оның жалпы пайдалылығымен емес, оның шекті пайдалылығымен анықталады.
  2. Игіліктің шекті пайдалылығы оның тұтынылу мөлшеріне сәйкес төмендегендіктен тұтынушы өзінің сатып алу көлемін (сұраныс көлемін) тек баға төмендегенде ғана арттырады. Мұндай жағдайды  сұраныс қисығының төмендеу сипаты деп түсіндіруге болады.
  3. Тұтынушы берілген игіліктер жиынтығын тұтынудан көретін ең жоғары қанағаттанушылықты барлық тұтынылатын игіліктің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда ғана ала алады. Бұл қағиданы алғаш рет Г. Госсен ашқандықтан біз оны Госсеннің екінші заңы деп атаймыз. Тұтынушының ақшалай табысы игілікті тұтынудағы әкелетін шекті пайдалылығы бірдей болатындай етіп бөлінсе ғана ол ең жоғарғы пайдалылыққа жете алады:

MU1/P1 = MU2/P2 = …= MUn/Pn.

  1. Тұтынушының тәртібін модельдеу үшін, яғни жеке тұтынушының сұранысын модельдеу үшін талғамсыздық қисықтары және бюджет сызығы сияқты құралдар қолданылады.
  2. Талғамсыздық қисықтары – бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі тауардан тұратын жиынтық нүктелер (тұтынушы осы жиынтықтардың қайсысын таңдайды, оған бәрібір) – олар бірдей пайдалылыққа ие.

 

  1. Екі экономикалық игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары – талғамсыздық қисықтарының картасы деп аталады. Талғамсыздық қисықтарының картасы  тұтынушының ұнамдылықтарын көрсетеді және оның әртүрлі игіліктердің кез-келген екі комбинациясына қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
  2. Тұтынушының мүмкін болатын және кол жеткізе алатын тауарлар жиынтықтарын сипаттау үшін бюджет сызығы (бағалар сызығы немесе шығындар сызығы) қолданылады. Бюджет шектеулілігін былай көрсетуге болады:

I= PxX+ PYY

    мұнда, І – тұтынушының табысы;

     

1234
скачать работу

Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ