Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері
Другие рефераты
Әрбір тұтынушының алдында мынадай үш сұрақ тұрады: 1) Не сатып алу керек?
2) Қанша тұрады?
3) Тауар сатып алуға ақша жете ме?
Бірінші сұраққа жауап беру үшін - игіліктің пайдалылығын білу қажет, екінші сұраққа жауап үшін – бағаны зерттеу қажет, ал үшінші сұраққа жауап беру үшін – тұтынушының табысын анықтау қажет. Осы үш проблема – пайдалылық, баға, табыс – тұтынушы тәртібі теориясының негізін құрайды.
Тұтынушы тауарды оның пайдалылығы үшін тұтынады, яғни тауардың қасиеті тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Пайдалылықты бағалау тұтыну процесінің бірқатар заңдылықтарымен байланысты.
Біріншіден, адамдардың қажеттіліктері біртіндеп қанағаттандырылады, яғни игіліктің қолданылу деңгейіне байланысты қанағаттандырылады. Жалпы пайдалылық бұл жерде өседі. Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы (total utility) – TU, (сур. 3.1а) – бұл тұтынылатын игіліктің барлық көлемінің жиынтық пайдалылығы.
Екіншіден, тұтыну мөлшеріне байланысты игілікті тұтынудың интенсивтілігі немесе мөлшерінің өсуі төмендей береді. Сәйкесінше, игіліктің әрбір қосымша пайдалылығы тұтынушы үшін төмендей береді. Мысалы, қатты шөлдеп тұрған адамға бірінші стакан судың пайдалылығы өте жоғары болады, содан кейін шөлді басу мөлшеріне байланысты әрбір қосымша стакан судың пайдалылығы алғашқыларына қарағанда біртіндеп төмендей береді. Тұтынылатын игіліктің әрбір қосымша бірлігінің пайдалылығы – шекті пайдалылық (marginal utility) – MU, (сур. 3.1б) деп аталады. Тұтынылатын игіліктің санының өсуіне байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу тенденциясын біз шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деп атаймыз.
Табыстар мен бағалар тұтынушының таңдауына тікелей әсер етуі оның сұранысын анықтайды, ал осыған сәйкес қажеттіліктердің қанағаттандырылу мүмкіндігі немесе сол игіліктің максималды пайдалылығы анықталады. Яғни, пайдалылық пен сұраныс арасында байланыс бар екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Шекті пайдалылықты ақша бірлігімен есептесек, онда біз тұтынылатын тауар мөлшері мен оның шекті пайдалылығы (тауардың бағасы) арасындағы кері байланыстың бар екенін байқаймыз. Осыған байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу заңы сұраныс заңына айнала алады, ал тұтынылатын тауардың көлемі мен шекті пайдалылығы туралы мәліметтер негізінде теріс көлбеулі сұраныс қисығын сызуға болады.
Сонымен, игіліктің пайдалылығы дегеніміз – бұл экономикалық игіліктің адамдардың бір немесе бірнеше қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігі. 19 ғасырда австриялық мектеп өкілдерінің зерттеулері нәтижесінде мынадай заңдылық пайда болды: тұтынылатын игіліктің мөлшеріне қарай тұтынушы үшін пайдалылығы төмендей беретіндігі анықталды. Тұтынылатын игіліктің мөлшері үздіксіз өскен сайын оның жалпы пайдалылығы да өседі, бірақ оның шекті пайдалылығы төмендей береді. Егер игіліктің әріқарай тұтынылуы тұтынушыға зиян әкелсе, онда сол игіліктің жалпы пайдалылығы төмендейді, яғни әрбір қосымша тұтынылған игіліктің саны өскен оның біз үшін пайдалылығы төмендей береді. Осыған орай, тұтынушы үшін игіліктің бағасы оның жалпы пайдалылығымен емес шекті пайдалылығымен - анықталады.
Шындығына келсек, пайдалылықтың төмендеу принципін алғаш рет неміс экономисі және математигі Герман Госсен 1854 жылы ашқан. Бірақ сол уақытта бұл теорияға ешкім көңіл аудармады. Содан кейін 1878 жылы ғана бұл ғалым өлгеннен кейін оның «Адамдық қарым-қатынас заңдарының дамуы» атты еңбегінің бір данасы табылып 1889 жылы және 1927 жылы қайта өңделіп жарыққа шығады. Г. Госсеннің бұл еңбегінің нәтижелері негізінде австриялық мектептің экономистері ғылымға Госсеннің бірінші және екінші заңдары деген ұғымдарды енгізді. Госсеннің бірінші заңы: игіліктің тұтыну мөлшерінің саны өскен сайын оның әрбір қосымша пайдалылығының төмендей беруі. Австриялық экономистер өз жұмыстарының нәтижесінде Госсеннің бірінші заңы шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деген атқа ие болды.
Пайдалылық функциясы.Австриялық мектептің өкілдері К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Ф. Визе белгілі бір игіліктің әр қосымша тұтынылу мөлшерінің пайдалылығы үшін төмендейтіні туралы заңдылықты айқындады (сур. 3.2).
Сурет 3.2 Игіліктің жалпы пайдалылығының және оның мөлшерінің байланысы
Пайдалылық функциясыдегеніміз тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынуға жұмсаған ақшалай табысының әрбір бірлігінің (доллар, марка, фунт и т.б.) шекті пайдалығы бірдей дәрежеде көрінуі.
Пайдалылық функциясы– игіліктің көлемінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының төмендеуін көрсететін функция:
MU = d(TU)/dQ (3.1)
Бірақ 18 ғасырда А. Смит су мен алмаздың арасындағы оғаштықтың (парадокс) бар екенін анықтады.
«Адамға ең қажетті игілік – судың құны неге арзан, ал адамға қажеті шамалы – алмаздың құны неге қымбат?»
Судың жалпы пайдалылығы жоғары, ал шекті пайдалылығы – төмен; ал алмаздікі – керісінше, оның жалпы пайдалылығы төмен, ал шекті пайдалылығы – жоғары. Ал бұл жерде осы игіліктердің бағалары жалпы пайдалылықпен анықталмайды, шекті пайдалылықпен анықталады.
Кардиналистік тұжырымдамаға сәйкес,тұтынушы таңдауының қазіргі заманғы теориясы мынадай тұжырымдарға негізделеді: 1) тұтынушының ақшалай табысы әрқашанда шектеулі; 2) бағалар тұтынылатын игіліктердің көлеміне байланысты емес; 3) барлық тұтынушылар өздері тұтынатын барлық өнімдерінің шекті пайдалылығын жақсы түсінеді; 4) тұтынушылар өздерінің жалпы пайдалылықтарын максималдауға ұмтылады.
Тұтынушы таңдауының теориясы келесі қағидаларға (постулаттар) сүйенеді:
-
Тұтыну түрлерінің алуан түрлілігі. Әрбір тұтынушы көптеген жекелеген игіліктердің түрлерін тұтынуды қалайды.
-
Тойымсыздық.Тұтынушы кез-келген тауар мен қызметтің үлкен көлемін тұтынуға ұмтылады. Барлық экономикалық игіліктердің шекті пайдалылығы әрқашанда оң мәнге ие.
-
Транзитивтілік.Тұтынушы таңдауының теориясы тұтынушы талғамдарының белгілі бір үйлесімділігіне негізделеді.
-
Субституция. Тұтынушы А игілігінің белгілі бір мөлшерін тұтынудан бас тартады, егер оған А игілігінің орнын басатын – субститут В игілігі көбірек ұсынылса.
5) Шекті пайдалылықтың төмендеу принципі. Кез-келген игіліктің шекті пайдалылығы оның тұтынылу мөлшеріне тікелей байланысты.
Тұтынушының тәртібін анықтау үшін жалпы және шекті пайдалылық принципін қалай қолдануға болады? Біз білеміз, тұтынушы тұтынылатын игіліктің жалпы пайдалылығын өсіруге тырысады. Бірақ ол бұл мақсатқа қалай жетеді, егер ол сол тұтынатын игіліктің мөлшерінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығы төмендей берсе?
Айталық, тұтынушы үш игілікті тұтынады: А, В, С. Бұл игіліктердің шекті пайдалылықтары теңгемен есептегенде мынадай:
MUa = 100; Mub = 80; Muc = 45.
Бұл жағдайда жиынтық шекті пайдалылық мынаған тең болады:
100 + 80 + 45 = 225.
Бұл игіліктердің бағасы мынадай:
РА = 10; РВ = 4; РС = 3.
Енді әрбір игіліктің орташа өлшенген шекті пайдалылығын анықтаймыз (яғни, бір теңгеге шаққандағы шекті пайдалылықты анықтаймыз, MU/Р) және осы мәліметтерді кестеге енгізейік.
Кестеден көріп отырғанымыздай, игіліктердің шекті пайдалылықтары бірдей емес. Бұл жерде ақшалай табыс тиімді түрде бөлінбеген, В игілігі пайдалылығы жоғары, ал А игілігінің пайдалылығы төмен болып тұр. Бұл жағдайда тұтынушы қандай тиімді шешім қабылдайды? Ол В игілігін тұтынуды арттырады және А игілігін тұтынуды қысқартады. А игілігін тұтынудың төмендеуінен 10 теңге үнемделеді. Осы сомаға В игілігінің 2,5 бірлігін тұтынуға болады, яғни В игілігінің пайдалылығы артады: 80 * 2,5 = 200 теңге. Осы сомадан 100 теңгені алып тастаймыз (А игілігінің бірлігін тұтынуды қысқартамыз), және біз жалпы пайдалылықтың 100 өскенін байқаймыз. (200 – 100 = 100). Нәтижесінде А игілігінің (Mua) шекті пайдалылығы өседі, ал В игілігінің (Mub) шекті пайдалылығы кемиді.
Тұтынушы өз табыстарын осылай әділетті бөле отырып, өзінің орташа алынған шекті пайдалылықтарын теңестіруге ұмтылады. Бұл жерде ол тепе-т
| | скачать работу |
Другие рефераты
|