Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұтынушылардың іс- әрекеті



 Другие рефераты
Тәуекел мен анықсыздық жағдайындағы таңдау Салыстырмалы статика және сұранысты талдау Сұраныс және Ұсыныс икемділігі Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

Дәрістің мақсаты: Пайдалылық ұғымына түсініктеме беру және талғамсыздық қисықтыры мен бюджет шектеулерін меңгеру.

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Тұтынушылардың іс- әрекеті ілімі
  2. Шекті пайдалылықтың кему принципі
  3. Кемімелі шекті пайдалылық және тұтыну таңдауы

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):

Игілік адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар (товарлар мен қызметтер). Тұтынылған товарлар мен қызметтер әр тұтынушы үшін субъективті болып табылатын «пайдалылық» әкеледі. Рыноктағы тұтынушының мақсаты шектелген кіріске максималды пайдалылық әкелетін товарлар мен қызметтер комбинциясын сатып алу немесе кірісті рационалды жұмсау. Экономикалық ғылымда пайдалылықпен байланысты жалпы пайдалылық және шекті пайдалылық түсініктері қолданылады.  Пайдалылықты өлшеу туралы дау экономистерді екіге бөлді: ординалистер мен кардиналистерге. Кардиналистер шекті пайдалылыққа абсолютті өлшемді іздеумен айналысты. Пайдалылықты көбінде ақшалай бағалауды пайдаланды. Ординалистер салыстырмалы, товарлар комбинациясын таңдауды ұсынды. Ол үшін талғаусыздық қисығын, талғаусыздық картасын, айырбастаудың шекті нормасын, бюджет сызығын пайдалануды ұсынды.

Жалпы пайдалылылық бірнеше товарлар порциясын пайдаланудан тұтынушы алатын пайдалылық сомасы. Шекті пайдалылық қосымша товар порциясын пайдаланудан жалпы пайдалылықтың өзгерісі. Шекті пайдалылықтың кему заңы тұтынылған товарлар саны өскен сайын шекті пайдалылық азаяды. Бұл Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Госсеннің екінші заңы бойынша жалпы пайдалылықты максимизациялау кезінде барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары біркелкі болуы керек.

Тұтынушының бюджет сызығы DI=PXx+PYy функциясымен өрнектелетін түзу сызық. Ол тұтынушының екі түрлі товарлар сатып алу мүмкіндігін көрсетеді. Талғаусыздық қисығы біркелкі пайдалылық әкелетін екі түрлі товарлар үйлесімін көрсетеді. Талғаусыздық қисығы мен бюджет қисықтарының жанасу нүктесі тұтынушының тепе теңдігін көрсетеді. Тұтынушының тепе теңдігін келесі функциямен өрнектеуге болады:

MU1/P1=MU2/P2=MU3/P3=……=MUn/Pn

      Айырбастаудың шекті нормасы (MRS) дегеніміз бір товардың қосымша бірлігін алу үшін екінші товардың қанша бірлігінен бас тару керек екенін көрсететін өлшем.

MRS=ΔB/ΔA

Тұтынушының қалауына байланысты талғаусыздық қисығы формада болуы мүмкін.

 Бақылау сұрақтары

  1. Кіріс және орынбасу әсерін түсіндіру
  2. Госсен заңы
  3. Талғаусыздық қисықтарының сипаттары
  4. Тұтынудың тепе-теңдігі

Әдебиеттер тізімі:

  1. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. — СПб.: Литера плюс, 1994
  2. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
  3. Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
  4. Құдайбергенова К.С. Микроэкономика
скачать работу


 Другие рефераты
Буржуазный прогресс в Европе в Новое время
Лекции по предмету Операционные системы
Тынысалу және фотосинтез
Генетикалық тіл


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ