Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Другие рефераты
Дәрістің мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс негіздерін, мәнін анықтау.Сұраныс және ұсыныс қисығын меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
-
Сұраныс ұғымы, Сұраныс көлемі және сұраныстың өзгеруі
-
Ұсыныс туралы түсініктер, Ұсыныс көлемі және ұсыныстың өзгеруі
-
Нарықтағы тепе — теңдік
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Рыноктық сұраныс белгілі уақыт аралығында анықталған бағамен қандай да бір өнім санын тұтынушының қалауы және сатып алу мүмкіндігі.
Сұраныс заңы – товар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланыс.
Детерминант – сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар. Сұраныс детерминанттары сұраныс көлемін өзгертеді, график түрінде оңға жоғаы орын ауыстырса, сұраныс көлемінің өскенін; солға қарай төмен орын ауыстырса, кемігенін білдіреді. Негізгі сұраныс детерминанттары: мода және рекламаның әсерінен тұтынушының талғамының өзгеруі; тұтынушының саны; товардың бірін-бірі толықтыратын немесе алмастыратындығына байланысты. Егер товарлар бірін-бірі алмастыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты көбейтеді, ал егер товарлар бірін-бірі толықтыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты азайтады; тұтынушының кірісі жоғарлаған сайын сапалы, қымбат товарға сұраныс көбейеді; тұтынушының болашақтағы баға өзгерісі мен кіріс өзгерісінің күтуі.
Рыноктық ұсыныс белгілі уақыт аралығында, белгілі өнім санын, анықталған бағамен өндірушінің рынокқа шығаруы.
Ұсыныс заңы – товар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура байланыс.
Негізгі ұсыныс детерминанттары: ресурстардың бағасы; технология; салықтар мен дотациялар; басқа товарлардың бағасы.
Рыноктық тепе-теңдік QD=QS, бұнда тұтынушының жоспары мен өндірушінің рыноктағы ұсыныс көлемі бір-біріне сәйкес келеді.
Икемділік – тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.
Егер Ed>1 болса, баға бойынша сұраныс икемді деп аталады.
Егер Ed<1 болса, баға бойынша сұраныс икемсіз деп аталады.
Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік.
Егер Ed=0 болса, оны абсолютті икемсіз.
Егер Ed=∞ болса, оны абсолютті икемді.
Сатудан түскен ақша көмегімен Ed бағалауға болады:
Бақылау сұрақтары:
-
Сұраныс пен ұсыныс қызметінің нысандарын,сұраныс пен ұсыныс заңын, сұраныс пен ұсыныстың графикалық көрінісін,
-
Сұраныстың бағалық икемділігін, тауар бағасының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемін өлшеуде пайдалануын, сұраныс икемділігінің кірістегі мағынасын, сұраныстың қиылыстық икемділігн және оны есептеу әдісін,
-
Қысқа және ұзақ мерзімді өтпелі кезең бойынша ұсыныстың икемділік факторын талдау.
Әдебиеттер тізімі
-
Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. — СПб.: Литера плюс, 1994
-
Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
-
Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
-
Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело, 2001
-
Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
| | скачать работу |
Другие рефераты
|