Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі



 Другие рефераты
Күлтегін ескерткіші - түркі халықтардың баға жетпес байлығы Қазақтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Қазақстандағы дүнгендердің тарихы Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы


К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елініңжүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттыңқойған талабы болды. Отандық тарихтыңөткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымыныңәр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымыныңбір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық саныныңдинамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерініңауқымына және олардыңжекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердіңғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердіңнегізгі желісін, оныңелеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердіңбірі – Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктіңжүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тыңжәне тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқыныңұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Көші-қон процестері бұрын да зерттеушілердіңназарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердіңдеректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымыныңбасты мақсаттарыныңбіріне айналды. Бұл көші-қон процестерініңтарихнамасын арнайы қарастырудыңөзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осыныңбәрі біздіңзерттеуіміздіңөзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.
Мғселенің зерттелу деңгейі. Кеңестік дғуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл жөнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сғдуақасов [1] сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардыңеңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А.Н. Донич пен Н.Д. Трублаевичтіңхалықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А.Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н.Д. Трублаевич республикадағы халықтыңтабиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды [2]. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мғселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 ж. халық санағыңқорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.
Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен еліміздіңғлеуметтік даму мғселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер ғлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, ғсіресе өнеркғсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы табы мғселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А.Н. Нүсіпбеков, М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмұхамедов, Б.Н. Ғбішева, шаруалар тарихын зерттеген А.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш.Ю. Тастанов, Х. Ғбжанов [3] сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процестерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.
1970-1980 жж. тарихи демография саласында арнайы еңбектер шыға бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі статистикалық мғліметтердің негізінде ғлеуметтік және ұлттық демографиялық факторларды өзара байланыспен, өзара шарттылықта қарастыру ғдістері негізделді.
Қазақстанда көші-қонның тарихи мғнін, оның халықтың ғлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген ғсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы зерттеушілер – Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, В.М. Кабузан мен Н.В. Алексеенко болды, ал Ф.Н. Базанованың монографиясында көші-қон қозғалысының республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуына ғсер еткен күрделі де көп салалы процесс екендігі көрсетілді [4]. Алайда, бұл еңбекте кеңес дғуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің маңызды беттері: репрессияланған халықтарды депортациялау, таптық белгісіне байланысты жер аудару тағы басқа мғселелері ашылған жоқ.
1980 жж. аяқ кезінен бастап қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси фактордың ғсерлері талдана бастады. Ғсіресе, М.Қ. Қозыбаевтың, Ж.Б. Абылхожиннің еңбектерінде Қазақстандағы 1920-1940 жж. тоталитарлық жүйенің экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы ғлеуметтік-демографиялық нғтижелері анықталды. Қазақстан жұмысшыларының саны, ұлттық, жасы мен жыныстық құрамы, білім деңгейі, мамандық түрлері мғселелерін қарастырған екі томнан тұратын еңбек жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жғне 1938-1960 жылдарды қамтыды. Ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуына, сананың өсуіне, ұлттық, жыныстық құрамына, даярлау жолдарына арналған Х.М. Ғбжановтың зерттеуі шықты [5].
Қазақстанның кеңестік дәуірдегі ғлеуметтік демографиялық дамуы М.Х. Асылбеков пен Ғ.Б. Ғалиевтің арнайы монографиясында біртұтас жғне сан-салалы процесс ретінде алғашқы рет жан-жақты қарастырылды, бұл процестің болашақтағы дамуына ғылыми тұжырымдамалық болжамдар жасалды [6].
1990 ж. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың жғне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде ұжымдастыру жылдарындағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың азаюы мен апатқа ұшырауы салдарын ашқан тұжырымдары жарияланды. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен ғлеуметтік құрамы жөнінде құнды мғліметтер берілді [7].
А.Н. Алексеенконың, Н.З. Тғкіжбаеваның ауыл халқының өсу қарқыны мен ұлттық құрамы, аймақтарға шоғырлануы, экономикалық аудандарға топтастырылуы қарастырылған докторлық диссертациялар қорғалды. Бірақ, бұл зерттеулер тек жарияланған санақ материалдарына ғана негізделген, мұнда 1939-1959 жж. аралығындағы туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының ішкі тенденциялық ерекшеліктеріне аз көңіл бөлінген [8].
С. Айымбетовтіңкандидаттық диссертациясында Қазақстан халқының1926-1939 жж. аралығындағы демографиялық жағдайы баяндалса, Л.Т. Қожекееваныңдиссертациясы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрамы және демографиялық өзгерістерін зерттеді.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің мғні мен оның Қазақстандағы демографиялық процестерге әсері М.Қ. Қозыбаев пен Қ.С. Алдажұманов еңбектерінде ашылды [9].
Тарихи демография саласында аймақтар бойынша да зерттеу жұмыстары жарық көрді. Батыс Қазақстан халқының екі ғасырлық тарихи дамуы М.Н. Сдықовтың монографиясында, Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматқа толы А.Н. Алексеенконың еңбегінде табиғи өсімге өлім-жітім көрсеткішінің әсері мен денсаулық сақтау мғселелері талданды. Орталық Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық дамуына В.В. Козинаның еңбектері арналды. Жетісу өлкесі бойынша докторлық диссертацияны М.К. Төлекова қорғаған еді. Тарихи демография саласында Қазақстанныңжекелеген аймақтары бойынша кандидаттық диссертациялар да қорғалды. Атап айтсақ, О.Д. Табылдиева – Маңғыстау, ал А.А. Какенова Солтүстік Қазақстан аймағы халқыныңдемографиялық дамуын зерттеді [10].
Кеңестік тоталитарлық кезеңде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, шетелдік зерттеулерде ғана қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада К.Л. Есмағамбетов, Г.М. Меңдіқұлова монографияларында зерттелді. Сонымен қатар, қазақ ириденттері тарихы А.В. Коновалованың[11] тағы басқа ғалымдардыңеңбектерінде талданды.
Қазақстанда 1939-1959 жылдардың аралығында болған халықтың ғлеуметтік жғне ұлттық құрамындағы өзгерістер саны, орналасуы, өсіп-өну ерекшеліктері және көші-қон процестерінің ұлттық құрамға тигізген ғсері А.И. Құдайбергенованыңкандидаттық диссертациясында талданды [12].
Тарихи демография саласындағы жетістіктерді тарихнамалық талдауға С.И. Ковальскаяның, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың еңбектері арналған. С.И. Ковальскаяның кандидаттық диссертациясында негізінен ХVІІІ жғне ХІХ ғасырдағы көші-қон мғселесі қамтылып, ХХ ғасыр мғселесі толық жазылмаған. Ал, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың монографиясында ХХ ғасырдағы демографиялық мғселерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон процестеріне де едәуір көңіл бөлген. Сондай-ақ, Б.Р. Найманбаевт

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Система национальных счетов
Биологические и географические особенности миграции наземных животных
Преемственность языческой и христианской культур у восточных славян
Города и поселения Казахстана в VI-XIII вв.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ