Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

болып табы­лады. Айта кету керек, жаһандық эконо­мика жағдайында тиімді және жедел дамуға ірі мегакорпорацияларға арқа сүйегенде ғана қол жетуі мүмкін, 60-шы жылдардағы Жапония (дзайбацу, согосося) немесе 80-ші жылдардағы Оңтүстік Корея (чеболдар) сияқты неғұрлым ойдағыдай дамып келе жатқан елдер де, қазіргі кезде рыноктың өз сегменттерінде үстемдікке ие болу мақса­тымен онсыз да ірі компаниялардың бірігу үрдісі жүріп жатқан дамыған елдердің тәжірибесі де осыны қуаттайды.

Қазақстандық капиталдың экспансиясы. Ұлттық экономиканың жаһандану жағда­йында тиімді дамуы неғұрлым ойдағыдай дамып келе жатқан елдер мен дамыған елдер басшылыққа алған қағидаттарды, соның ішінде отандық капиталдың шетелге экспансиясын жүзеге асыруды да пайда­лану негізінде мүмкін болмақ. Қазақстан­ның қазіргі заманғы жағдайларда осы қағидаттарға сүйеніп, постиндустриялық тұрпаттағы экономика, әлемнің түрлі елде­ріндегі анағұрлым табысты компанияларға қаржылай қатысуға негізделген экономика құруды бастауға мүмкіндіктері бар. Даму­дың мұндай сипатын “инновациялық тұрпаттағы инвестор ел тұжырымдамасы” деп атауға болады. Бұл тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторына сүйенеді, бұл оның қазіргі нақты алғандағы жай-күйіне сай келеді. Осымен қатар белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізат секторы жедел даму үшін базис қана болып табы­лады. Бұл дамуды тек дәстүрлі әртарап­тан­дыру жолымен ғана емес, шикізат салала­рынан, шетелдерден алынған қаржыны тиімді және жоғары табысты инвестиция­лау­дың жәрдемімен жүзеге асыру көзделеді. Мұндай инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесі, мейлі бүгінде қызмет істеп тұрған, немесе қыз­меті жаңғыртылған жаңалары болсын, іске асыруы керек. Яғни, қолайлы баға конъюн­к­турасынан алынған мемлекеттік қаржыны басқару, осы заманғы үлгідегі корпоратив­тік институттық инвесторлар қолданып жүргендей, бүкіл әлем бойынша және та­быс­ты әрі перспективалы болып табылатын салаларда аталған қағидаттар бойынша жүргізілуі керек. Мұндай көз­қарас “жаһан­дану экономикасының” бар­лық негізгі сипаты мен артықшылықтарын ескереді – біріншіден, бизнес жүргізу және әлемнің кез келген еліне инвестиция салу мүмкін­дігі; екіншіден, бұдан 20-30 жыл бұрын (экономиканы дамытудың дәстүрлі тұжы­рымдамалары талдап жасалған кездері) болмаған қазіргі заманғы жоғары дамыған қаржы рыноктарын пайдалану мүмкіндігі; және де, үшіншіден, әлемдік деңгейдегі қатаң бәсекелестік жағдайлары­на барабар жаһандық стратегиялық жоспарлаудың қажеттігі. Мыналар осындай капитал экс­пансиясының үш негізгі бағыты бола алады: бақылау орнату мақсатымен неғұр­лым перспективалы компанияларға тікелей инвестициялар салу, ағымдағы кезеңде неғұрлым пайдалы фирмаларға олардың капиталына қатысу арқылы табыс алу мақсатымен портфельді инвестициялау, және ақыр соңында, тұрақты табыс алу мақсатымен дүние жүзінің қаржы рынок­тарындағы операциялар.

 

 

 

ІІ. Кедейшілік проблемасын шешу

            Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдар­дың бірінші жартысы – бұл кезде халық­тың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.

            Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі ретінде “жаңа кедейлер” деп аталатындардың пайда болғанын айтуға болады. Бұған рефор­маларға дейінгі кезеңде болған әдеттегі кедейлерден бастап жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет салаларында жұмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес өкілдері, зейнет жасына тақаған адамдар, мектеп, жоғары оқу орындарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өңірле­рінде тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында қалып отыр.

            “Жаңа кедейшілік” ауқымы ауылдық жерлерде тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл халқының табысы қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (ҚР Статис­тика агенттігі 2004 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері бойын­ша) 24,8 %-ды, ал қалалық отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды.

            Қазіргі жағдайда өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардың үлесі жоғары өңірлер ара­сында Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды (бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3%, Қызылорда – 26,5%, Оңтүстік Қазақстан – 23,0%. Аталған облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,1%.

            Халықтың табыс деңгейі бойынша теңсіздігі еңбекке ақы төлеудегі айырма­шылық пен басқа да табыс көздерінің болуынан ғана емес, отбасында қанша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтін­дер санына, балалардың болуына қарай да қалыптасады. Асырау жүктемесі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отба­сылық бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты жоғары табысты өңірлерде отба­сындағы жандардың орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінің төмен болуына ықпал етеді және оңтүстік өңірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.

            Елде қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты ке­дейшілік деңгейін төмендету және қоғам­дағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет:

1) табыстар саласында ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, олардың бастапқы негізі маңызды өмірлік игіліктер мен қызметтердің әлеуметтік қажетті деңгейін көрсететін ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Рыноктың дамуымен табыстардың жаңа түрлері ғана пайда болып қойған жоқ, халықтың тұтынушылық шығындарының құрылым­дары өзгеруде. Азаматтардың төлемдерінің жаңа түрлері пайда болуда: жылжымайтын мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті сақтандырудың әртүрлі нышандары және т.б. Осының бәрі тұтыну бюджетін есеп­теудің жаңа құрылымына көшу қажеттігін алға тартады, оның үстіне байқалған экономикалық өсу жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі деңгейді есептеуге көшуі үшін ресурстық мүмкін­діктері ұлғаюда.

Республика Үкіметі мақұлдаған әлеу­меттік реформаларды тереңдету жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 2006 жылдан бастап жаңа ең төменгі күнкөріс деңгейі енгізілді, ең төменгі тұтыну себеті азық-түлік тағамдарының көбірек ассортиментін қамтиды (20-ның орнына 43 түрлі атаулы).

            Жаңадан ең төменгі күнкөріс деңгейін енгізу маңызды материалдық игіліктер мен қызметерді тұтынудың ең төменгі шекті деңгейін неғұрлым нақты айқындауға мүмкіндік береді. Одан төмен болуы адамның қалыпты өмір сүруін қамта­масыз етпейді. Бұл өз кезегінде неғұрлым күшті әлеуметтік диспро­порцияны анықтауға және халықтың неғұрлым әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау шараларын талдап жасауға мүмкіндік береді. Алайда, ұзақ уақыттар бойы тек қана ең төменгі күнкөріс деңгейіне бағдар ұстануға болмайды. Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен күн­көрістің ең төмен деңгейі базалық әлеу­меттік норматив ретінде адамның тірші­лік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді.

2) салааралық және салаішілік дең­гейде, мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сон­дай-ақ кә­сіп­­орын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына кел­тіру үшін бірдей жағдай­лар жасау (еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөл­шері рөлін күшейту, ең­бекке ақы төлеудің ең тө­менгі, орта және ең жо­ғары деңгей­лері арасын­дағы арақа­тынасты реттеу, салық салу жүйесін жетіл­діру және т.б.);

3) республикада орта тап­тың қалыптасуы жө­нін­дегі саясатты қалып­тастыру мен жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қол­дау, білім беру техноло­гияларын дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына кепілдікті күшейту және т.б. жөніндегі шаралар қажет;

4) ауылдағы еңбекпен қамтылу қ

123
скачать работу

Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ