Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы



 Другие рефераты
Жер экономиканың аграрлық секторында өндірістік негізгі құрал ретінде Қаржы валюта нарығы Қазақстан Республикасындағы инфляция Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

Инновациялық экономиканы қалып­тастыру. Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасыр­дағы дамуының баламасыз нұсқасы бо­лып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осы­ны талап етеді, әлемдік дамудың не­гізгі үдерістері осыны қуаттайды. Соңғы кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар қа­был­дауда. Алайда, мойындау керек, ин­новация біздің экономикамыз үшін нө­мірі бірінші басымдыққа айналды десек те, оның іске асырылуы уақыт талап ет­кен деңгейге көтеріле қойған жоқ.  Ал шын мәнінде елдің технологиялық инно­ва­цияларға қабілеті осы заманғы қоғам­ның базалық сипаты болып табылады. Мұндай қабілеттілік ақыр соңында жаңа өнім дүниеге келетін зерттеулер мен талдамаларға ғана келіп саймауы керек. Ол осы заманғы өндіріспен, маркетинг­пен, сатып өткізумен, сондай-ақ тұты­нумен байланысты нәрселердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл тұрғыда Елбасы “Жаңа кезең – жаңа экономика” атты еңбегінде жан-жақты айтқан болатын.

            Белсенді қалыпта болатын иннова­ция­­ларға ұлттық қабілеттілікті қалып­тастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлт­тық басымдық ретінде қарастыратын идея­лар мен құндылықтарды жете ұғы­нуы қажет. Күрделі сипатқа ие және көп­теген факторлар мен қоғамдық институт­тарға тәуелді инновациялардың табиға­тын тек қана мамандар тобы емес, тұ­тастай алғанда қоғам да терең сезінуі ке­рек. Инновациялық проблемалар ғалым­дар, менеджерлер, бизнесмендер, саясат­керлер, заң шығарушылар белсенді түрде қатысатын тұрақты жалпыұлттық диалог­тың тақырыбы болуы тиіс. Қоғамда инновациялық бағдарды қалыптастыру үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдары­ның рөлі артуы керек.

Орта мектеп пен жоғары оқу орында­рын­дағы білім беру үдерісі өзгеруі тиіс, мұны оларды шығармашылық жеке тұл­ға­лармен жұмыс істеуге бейімдеу арқылы іске асыруға болады. Елдің инженерлік жүйесі ерекше назар аударуды талап ете­ді, өйткені инновациялар қаншалықты ғылыми қызмет болса, соншалықты ин­женерлік қызмет те. 

            Бір сөзбен айтқанда, іс-қимылымызда инновациялық үлгіні бағдар ету Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс, Жапонияда – 1960-шы жылдары, ал АҚШ-та – 1980-1990-шы жылдары солай жасалынған.

Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту. Жаһандану үдерісімен және ішкі-сыртқы рыноктарда бәсекелестіктің күрт күшеюі себепті экономикалық даму қағидатта­рының өзгеруі жағдайында экономика­лық үдерістерге мемлекеттік ықпал ету әдістерін қайта қараған орынды болмақ. Мемлекеттік кәсіпкерлік элементтерін, тұжырымдамасын енгізу қажет. Бұл ретте мемлекет экономиканы реттеуші рөлімен шектеліп қалмайды, оның ең басты салаларында белсенді қатысушыға айналады. Қазақстандағы қазіргі жағдай осындай тұжырымдаманың болуы маңызын күшейтеді. Өйткені әлемдік шикізат рыноктарындағы қолайлы конъюнктурадан алынатын мемлекеттік активтердің ұлттық экономиканы дамы­туға анағұрлым белсенді қатысуы үшін алғышарттар бар. Қазіргі кезеңде мем­лекеттік кәсіпкерліктің негізгі бағыттары мыналар бола алады:

* мемлекеттің мемлекеттік даму инс­ти­туттары арқылы жүргізетін инвести­циялық қызметі;

* отандық бизнестің мүдделерін ілгері бастыру, озық технологияларға қол жет­кізу және ұлттық экономиканы теңдесті­ру мақсатымен қазақстандық капиталдың шетелдерге экспансиясын жүзеге асыру;

* аса маңызды компаниялардың ка­пи­талдандырылуын ұлғайту және оларды дамудың жаңа деңгейіне шығарудың ар­қасында мемлекеттік капиталдың қазақ­стандық трансұлттық корпорацияларды қалыптастыруға тікелей қатысуы.

            Холдинг үлгісіндегі ірі мемлекеттік құрылымдар құру мемлекеттің кәсіп­керлік саясатын жүзеге асырудың бір мысалы бола алады. Бүгінгі таңда елі­міз­дің экономикалық дамуының ағымдағы кезе­ңі­­нің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларда әлдебір “қамқоршы” құрылымдар құруға айтарлықтай алғы­шарттар бар. Бұл кезеңнің бір ерекшелігі – елде технологиялық жаңғырту мақса­тында пайдалануға болатын елеулі қаржы ресурстары бар (зейнетақы қорларының, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының және басқалардың қаржысы). Алайда олар қолданыстағы нормативтік шектеулер жағдайында бұл үдеріске тікелей қатыса алмайды, мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорларының нақты фирмаларды тікелей қаржыландыруына болмайды. Заңнама еліміздің қаржы инс­титуттарының инвестиция салу бағыттарын сенімділік пен өтімділік өлшемдеріне сай келетін белгілі бір құралдардың шағын тобымен орынды шектеп отыр.

            Нақ осы жағдай, отандық қаржы жүйе­сінде “артық өтімділік” болып отырған кезде нақты сектор үшін, соның ішінде оның әсіресе технологиялық бөлігінде қаржы тапшылығы орын алуы қаржы институттарының қаражаты мен оларды тұтынушылар арасында делдал бола алатын технологиялық компаниялар ыңғайында мемлекеттің қатысуымен ірі компаниялар құрған жөн екендігін көрсетеді. Капитал­дандырылуы жоғары мұндай құрылымдар несие ресурстарын “көтерме” қарыз алу­шылар немесе сенімді және өтімді бағалы қағаздар эмитенті ретінде әрекет етіп, қар­жыны шоғырландырып және оны “аздаған маржамен” республика экономикасының технологиялық дамуы өлшемдеріне жауап беретін кәсіпорындар мен фирмалардың қажетіне қарай қайта бөле алар еді. Сонда жоғары технологиялық компаниялардың дамуын ынталандыру, осы мемлекеттік құ­рылымдардың кәсіпкерлік қызметі есебінен бюджетті толықтыру сияқты функцияларды іске асыру мүмкін болады, сондай-ақ қазір инвестициялық қызметте пайдалы бағыт­тар­дың жетімсіздігін өткір сезініп отырған институттық инвесторлардың қаржы ре­сурс­тарын жоғары тиімділікпен орналас­тыру міндетін де шешуге болады.

            Қор рыногын (бағалы қағаздар рыногын) дамыту. Нарықтық сипаттағы қазіргі за­манғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның бар­лық компоненттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысын ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыно­гының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасал­ғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ау­қымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалып­тастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі міндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамта­масыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді. Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады:

1) жекешелендірілген кәсіпорындар­дың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;

2) ұлттық және мемлекеттік компания­ларды акционерлендіру және олардың акцияларын биржалық айналысқа шығару. Мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін осы компаниялардың жарғылық қоры мөлшерін алдымен олардың активтерінің құнын және рыноктағы жағдайын тура көрсететіндей көлемге дейін ұлғайту қажет, ал бұл қайта бағалауға танымал шетелдік аудиторлық компанияларды тарту керек;

3) еліміздегі орта және шағын компа­ни­ялардың қор рыногына шығуын ынта­ландыратын жағдайлар жасау.

            Қазақстандық эмитенттердің акцияла­ры­на төлем қабілетті сұранысты қамта­масыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мына­лар болуы керек: а) институттық инвес­торлар топтарын, ең бірінше кезекте – өзара қорлар қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; ә) Қазақстан рыногына шетелдік портфельді инвесторлар тарту; б) қор ры­но­гына жеке инвесторлардың қаржысын тарту.

            Қазақстандық трансұлттық компания­лар­ды қалыптастыру. Әлемдік ірі компа­ниялар арасындағы бәсекелестік аса жоға­ры деңгейімен сипатталатын жаһандану жағдайында Қазақстанда осындай бәсекеге төтеп бере алатын өз компанияларымызды құру мәселесі зор маңызға ие болады. Өз ірі компанияларына арқа сүйеу дамушы елдердің ұлттық экономикаларында дамы­ған елдердің трансұлттық компаниялары жетекші позицияларда болатын “жаһандану әлеміне” тән жағдайға балама болып табылады. Қазіргі уақыттағы басты міндет республикада шетелдік компаниялардың үстем болуына жол бермеу, ал олар елдің шикізаттық бағдарына және қосылған құн өндірісінің төмен деңгейде сақталуына мүдделі екендігі белгілі. Мұндай жағдай Қазақстан мен жаһандық экономиканың тең емес тауар айналымына алғышарт жасайды, ол ақыр соңында тұрақты дамуға шығуға мүмкіндік бермейді. Өйткені шикі­зат экспорты неғұрлым көбірек рөл атқар­ған сайын, республика экономикасы әлем­дік тауар рыноктарының конъюнктурасына солғұрлым тәуелді болады. Демек, Қазақ­стан үшін қазіргі кезеңдегі ең басты міндет – қуатты отандық компанияларды қалып­тастыру мен дамыту, олардың негізгі сала­ларда бірте-бірте шетелдік операторларды ығыстырып шығаруы, одан әрі әлемдік деңгейге көтерілуі және басқа елдерге ұлт­тық капиталдың экспансиясы

123
скачать работу


 Другие рефераты
Японо-Советско-Германские отношения перед 2 мировой войной
Космогонические модели ионйцев
Облигации внутреннего государственного займа
баға және бағалау лекциялар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ