Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

ұры­лымының индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту жағына қарай оңтай­ландыру (ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары құрылысы, агросервис және т.б.);

 

ІІІ. Өңірлік ала-құлалықты еңсеру және артта қалған аумақтар экономикасын көтеру

            Соңғы онжылдықтағы келеңсіз үде­рістердің бірі – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейінің ала-құлалығы одан әрі ұлғаюы мен аумақтар тобының артта қалуының күшейе түсуі болып табылады. Қазақстанның артта қалған өңірлеріне экономикасы ұзақ уақыттар бойы тоқырау жағдайында тұрған, өнеркәсіп құрылымы аз әртараптандырылумен сипатталатын, инфрақұрылымы (өндірістік, нарықтық), әлеуметтік саласы нашар дамыған, ахуалы қолайлы емес аумақтар жатады. Мұндай аумақтардың болуы мен бұл проблеманың шешілмеуі жалпы Қазақ­станның бүкіл экономикалық кеңісті­гінде тұрақты даму жолындағы басты тежеу болып табылады. Бұған себеп ша­руашылық құрылымдарының әртүрлі­лігінде, өндірістік әлеуеттің ерекшелігі мен аумақ ресурстарында ғана емес, халықтың менталитетінде, өңірлердің нарыққа бейімделу деңгейінде, сондай-ақ дамуды мемлекеттік реттеудің бәсең­деуінде жатыр (өңірлік экономикалық және әлеуметтік өтемақылардың көпші­лігінің алынып тасталуы).

            Өңірлердің экономикалық және әлеуметтік артта қалуын еңсеру мына төмендегідей шарттарды орындауды көздейді:

– түрлі өңірлердегі халықтың нақты табысы мен өмір сүру деңгейі бір-біріне қарайлас болуы керек;

– өңірлік бюджеттер кіріспен қамта­масыз етілуі жағынан қарайлас деңгейде және өз шығыстарын қаржыландыру мүмкіндіктері бірдей шамада болуымен сипатталуы тиіс. Бұл проблеманы шешу үшін шетелдердің тәжірибесіне сүйеніп, басқаруды орталықсыздандыру сала­сында реформа жүргізген жөн. Сөйтіп мемлекеттің функцияларын жоғары деңгейден одан төменірек – өңірлік және жергілікті деңгейге беру қажет. Бұл үшін алдымен өңірлік және жергілікті деңгейлерде институттық алғышарттар жасау, қаржылық базаны, ұйымдық, кадрлық және басқару әлеуетін нығайту керек. Елдің барлық аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін түрлі шараларды қамтитын үйлесімді аумақтық бағдарламаларды талдап жасау қажет. Оларда жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық және эколо­гиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жаңа жобалар жөніндегі бастамалар, даму басымдылықтарының өзгеруі, жергілікті органдар қызметінің жаңа түрлерін енгізу, аумақтар дамуының ресми және ресми емес жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көрініс табуы тиіс. Жалпы алғанда тұрақты дамудың аумақтық бағдарламалары мыналарды көздеуі қажет:

– еліміздің өңірлерінде өмір сүру деңгейінің сапасын сақтау мен көтеру жөніндегі шаралар жүргізу;

– аумақтардың әлеуметтік-экономи­калық дамуының шектен тыс ала-құла­лығын еңсеру;

– экологиялық апат өңірлерінде эко­логиялық дағдарыс жағдайын сауық­тыру жоспарларын іске асыру.

            Мұндай бағдарламалардың табысқа жетуінің кепілі – оларды талдап жасау мен жүзеге асыру үдерісіне жұртшы­лықты мейлінше көптеп тарту болып табылады.

123
скачать работу

Ұлттық экономиканың жаһандану жағдайындағы дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ