Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



 Другие рефераты
5-6 СЫНЫПТАРДА БАТИКТІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ ОҚУШЫЛАРДЫ КӨРКЕМ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра

Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел болады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениеті мен төркіндестігінің айғағы.

Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан – жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай – ақ, Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті де әсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғырту үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде 19 – ғасырдың екінші жартысымен 20 – ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Міне осы жоғары өрлеуді қазіргі заман талабына сай, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін әрі қарай дамыта беруді, жастарды, келешек ұрпақты осы салада оқытуды тереңдету мақсатында мен болашақ ұлттық мектептің моделін жасадым. Оның себебі әрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан  — ұрпаққа жалғастыру.

Астананың барлық мектебінде болмасам да біразында болдым. Байқағаным мектептерде, оның ішінде ер балаларды қазақ халқының қолөнер бұйымдарын үйрету, оқыту процесстері нашар екен. Сол себепті мен осындай ұлттық мектептің моделін жасап, ғылым және білім министрлігіне ұсыныс жасауды жөн көрдім.

Менің жасаған моделімнің сыртқы пішіні кәдімгі ашық тұрған кітап, жанында тағы бір мектеп ғимараты орналасқан — ол жабық тұрған екі кітапша, олар бірінің үстінде бірі жатыр. Екі ғимарат бір – бірімен екінші қабат арқылы байланысқан, бөлмелері кең, ауасы таза, коридорлары да кең, терезелері үлкен – үлкен. Әр сыныпта төрт терезеден, ішінде телефон, телевизор, тақта. Мектептің ішінде асханасы, компьютер сыныптары, ойын залдары. Үшінші қабатта бокс залдары бар. Ал жеке орналасқан екі қабатты ғимаратта оқушыларға қазақ халқының қолөнер туындылармен айналысуына толық мүмкіндік бар. Онда арнайы шеберханалар мен  жеке сурет, дизайн, модельдеу архитектура бөлмелері бар.

Шеберхана ағаш және зергерлік бұйымдар жасау үшін арнайы жабдықталған. Шеберханада 10 – 15 оқушы бір мезгілде еңбекпен шұғылдана алады. Жалпы мектеп 400 – 450 балаға арналған. Оған оқушыларды конкурс арқылы қабылдайды. Оған талантты, қолынан іс келетін  балаларды тарту.

Қазақ қолөнерінде ою — өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою — өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Ою — өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән – мағынасын аша түседі.

Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың әрқайсысының қалай әшекейленіп, өрнектелгеніне жеті зер салған жөн.

Ою — өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет – ғұрып,  салт -  дәстүріне сай дамып, түрлендіріліп, жетілдіріліп отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою — өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Халық шеберлері ою — өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім – кешек, жиһаз, қару – жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т.б .тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Міне осы әдет – ғұрыпты әрі қарай сөндірмей жалғастыру біздің міндетіміз.

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар мен зәулім ғимараттар  -  көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын – шайтаннан қорғану   және өзін — өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нәтижесінде ою — өрнек пайда болды. Ою — өрнек латынның «оrnamentum» сөзімен мәндес. Оның аудармасы әшекей, өрнек, бедер деген мағынаны білдіреді.Көшпелі қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мән берген. Оған дәлел халықтың ежелгі қолданбалы өнерінің маңызды бөлігін ою -өрнектердің құруы. Ежелгі шеберлер үшін шабыт көзі табиғат өсімдіктер мен жануарлар әлемі болған. Олар ыдыс – аяқты, киім – кешекті, қару – жарақты, үйлер мен ғибратханаларды тамаша әшекейлеген. Тіпті ұлттық билердің де өзіндік ерекшеліктері болған. Бишінің түрлі өрнектер жасап қозғалуы үлкен шеберлікті талап еткен.

Дүниежүзілік бәсекеге түскен белсенді қоғамымыз ұрпағының енжар, самарқау болғанын көтермейді. Қазіргі кездегі мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғаны бар, адамгершілігі жоғары қабілетті, қарымтап алға басқан өмір ағымына ілесіп, өз мүддесі мен халық мүддесін қатар алға алып жүретін ойлы, ұғымтал, көреген, ынтымақшыл, жауапты, іскер жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі мұғалім жылына бір – екі рет өткізілер ашық панорамалық сабақтарды ғана емес, кез келген дәрісте оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етуі қажет. Қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана ісіміздің оңға басатынын ұмытпағанымыз жөн. Бала жүрегінің пернелерін дәл табу оңай емес. Бүгінгі мұғалім шәкірттерді қаталдықпен емес, мейірім шуағымен, ағыл – тегіл білімімен ғана баурап ала алады. Сабақ жүргізу барысында мұғалімнің барлық оқушыға бірдей талап қойып, олардың жеке қабілеттерін ескермеуі ұтымсыз екені айтылып келеді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін бұл талап тиімсіз екендігі өз алдына, біз олардың алдына балта шауып, өз қабілеттерін жарыққа шығаруына тосқауыл болуымыз кәдік.

Тәжірибе – қашан да тағылым көзі. Мұғалім түрлі жұмыстар атқарып, оны көпшілікке ұсынып, жалдатып, пікірін біліп отырса, сонда ізденіс болмақ. Осы орайда, шәкірт жүрегіне жол табар билікті, қадірлі ұстаз болу үшін мұғалімнің үнемі ізденіс үстінде болып тұру керектігін ескере келіп,оның шығармашылықпен, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен ұдайы айналысып отыруы, күнделікті сабақ жоспары секілді, оқытушыға аса қажет дүниенің бірі екендігі туралы айта кету орынды. Жақсы ұстаз өзі біліп қана, сол білгендерін шәкірттеріне үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, оқушы бойындағы қабілетті дәл тауып, оның сол талантының ашылуына ұйытқы бола біледі. Яғни,  «Бұлақ көрсең көзін аш».

Қазіргі таңда еліміздің білім беру саласында реформалау ісі жүріп жатқандығы белгілі, білім беру мазмұнына бұрынғыдан өзгеше көзқарас қалыптасуда, ұлттық менталитет дамуда. Педагогика ғылымы мен оқу тәрбие үрдісінде елеулі өзгерістер еңгізулуде.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінші сауатты, жан – жақты және білікті маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологиялар адамгершілік, рухани, азаматтық және көптеген адами қабілеттердің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінгі күнде ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологияларды меңгермейінші, оны ұлттық менталитетпен үйлесімді етіп ұйымдастыра білмейінші, болашақ үшін кәсіби құзырлы, шебер маман даярлау да мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік келбетінің қалыптасуына мол септігін тигізеді, әрі тұтас педагогикалық үрдісті үйлесімді ұйымдастыруға қол жеткізеді. Оқу орындары, әрбір мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге лайық қарым – қатынастар жасалуы керек. Оқушылардың ғылыми қоғамын құруда, оның мүшелерін таңдауда түрлі үйірме, қолөнер шеберлігіне таңдау жұмыстарына көңіл бөлуде көп мән бар.Әрбір жасты өзі қызығатын ісіне тарта білу – оның шығармашылық жұмыспен өз қалауымен, беріле айналысуына бастау болады. Мысалы біздің №37 орта мектепте авиаүйірмесі, қолөнер үйірмесі, өзім өткізетін «ескерткіш жазу» мрамор, гранит тастарына жазу, портрет салу сияқты сыныптан тыс сабақтар баршылық.

Жаңа педагогикалық технологияларда көрсетілген негізгі мәселелердің бірі оқушының оқуға ынтасын арттыру, ұжымға, ортаға қызығушылығын ояту. Оқушыға білімнің тыңбай оқу нәтижесінде келетінін ескертіп отыру керек. Өзі өзіне келіп құйған бұлақтарды қабылдай берсе ғана үлкейетіні, іздеген адам сирек те болса, табатыны, іздемеген ешуақытта таппайтындығы, құр оқып қана қоймай, сол оқыған нәрсені іске асыру, өмірде қолдана білу қажеттігі айтылып отыруы шарт. Сөз соңында, мұғалім үнемі оқып, ізденуді тоқтатқан күні мұғалім болудан да қалатындығы туралы даналық сөзді естен шығармайық дегім келеді.

Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба да сонда: біздердің алдымызда егемен  еліміздің болашағы отырғандығы әрдәйім жадымызда жүргей.

Абжапаров Қуаныш

№ 37 орта мектеп, Бейнелеу өнері, технология дизайнінің мұғалімі

скачать работу


 Другие рефераты
Н.О. Лосский. Интуитивизм. Чувственная, интеллектуальная и мистическая интуиция
Информационная служба фирмы
Леонардо да Винчи как философ
Карелия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ